О19 Обручев Владимир



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата29.01.2017
өлшемі6,9 Mb.
#2981
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

ТҮЛЕГЕН ҚҰСТАРДЫ АУЛАУ
Шілденің басында көлдердің жас құсы қанаттанып, қаз-
үйректің түлейтін шағы туады. Түлеген құстар ұша алмай,
қамыс  арасында  жасырынып  жата  береді.  Терістіктің
тұрғылықты  халқы  жаппай  құс  аулауға  тап  осы  кезеңді
пайдаланып қалады, онкилондар да солардың бірі. Мұндағы
әр тұқымның дербес пайдаланатын екі-үш көлі бар. Алдын
ала  жағада  айдау  жол  жасалып,  оны  арасынан  үйрек
өтпейтіндей етіп шыбық шаншып қоршайды, қоршаудың екі
қабырғасы ара қашықтығы жүз қадам шамасы, әуелі судан
басталады,  сосын  олар  бірте-бірте  қусырыла  келіп,  жан-
жағына тор ұстаған алаңға кеп тіреледі.
Белгіленген күні емшектегі сәбилер мен жас балалардан
басқа рудың күллі мүшесі тайлы-таяғына дейін қолына таяқ
ап алақарақтан көлді айнала қоршады да, айғай-сүрен салып
құрақ  арасын  паналап жатқан  құстарды  шошытып қуалай
бастады.
– Ей, қаздар мен үйректер! – деп айғайлайды бірі. –
Шықсаңдаршы, шомылар уақыт болды!
–  Жалқаулар,  шық  жаныңның  барында,  бақа-шаян,
балықтар күтіп жүр, – деп дігірлейді енді бірі.
–  Бастарыңнан  сипар  таяғымыз  тағы  сай,  –  деп
сұңқылдайды үшіншісі.
Бұл күн өміріндегі өрелі оқиға болған балалардың тасыр-
тұсыр,  айғай-шуы құлақ  тұндырды. Олар  ит құсап құрақ
арасына кіріп кетіп таяқты онды-солды сермеп жүр. Зәресі
ұшып шошыған құс жан-жақтан суға топырлады, ал алдында
ши мен шыбық шайқалып, бәрі кеп кіріп кетіп жатыр. Кейбіреуі
ұшуға  қомданып  қанатын  сабалай  түсіп  қайта  қонады.
Үйректердің қырқылдағаны, қаздардың қанқылдағаны жан-
жағындағы қуғыншылардың айғай-сүренімен ұласып, айналаны
азан-қазан  қылды.  Бұрын  түлеген  жылқышы,  тауқұдірет,
қызғыш,  шіңкілдек,  тәрізді  су  құстары  бытырай  ұшып,

205
тобымен қосылып көл үстінде шымылдықтанып тұрған торғын
тұманды қанатымен желпіп қиқулап су айналып, алаңқайды
басына көтеріп жүрді де қойды. Қуғыншылар суға жеткенше
көл беті қаз бен үйректен көрінбей кетті. Жағаның екі қоршау
арасындағы тұсы ғана адамдардан ада. Көл жағасының кей
жері қорысты болғандықтан қуғыншылар аяғына қыста киетін
жүні  сыртына  қаратылып  шыбыққа  керілген  аң  терісінен
жасалған  жалпақ  шаңғы  байлап  алған,  бұл  олардың
мибатпақпен жүруін жеңілдетіп, құрақ арасында бұғып қалған
құстарды үркітіп шығаруына мүмкіндік туғызыпты.
Онкилондар  көлді  айнала  қоршап  алып,  оның  қашаға
қарама-қарсы  шетінен  алдын  ала  әзірлеп  қойған  қайың
қабығынан тігілген төрт қайық алып шығып, әрқайсысына
бірінің қолында тоқпақ пен қайыс белдік, бірінің қолында
ескек  бар  екі  адамнан  отырды.  Қішкентай  қайықтар  бір-
бірінен  лезде-ақ  бөлініп,  арасына  қайыс  белдіктерін  құра
қойды. Қайықтың ортасындағы адам тынымсыз ескек есіп,
тұмсығында  отырғаны  қолындағы  белдікпен  суды  қайта-
қайта  шалпылдатып,  жүзіп  жүрген  құстарды  шошытып,
қырқылдатып,  қаңқылдатып  бейшараларды  қашаға  қарай
тықсырды.  Жағада  қуғыншылардың  айғай-қиқуы  үдеп,
тоқпағы тоқылдап, суда қайықшылардың қиқуымен ұласып
толқын жалы түріліп келеді. Құстар алас ұрды: кейбірі белдік
қайыстың суға батқан тұсын аңдып тұрып кейін жүзіп, кейбірі
жағаға жанталасып еді, жақындап барғанда қуғыншылардың
оғына тап болды, оқ тиіп, су сабалап, апыр-топыр көбейді
де кетті.
Осылай біртіндеп жүздеген құс көлдін шетіне тықсырылды.
Қайықтардың жылжуына орай қуғыншылар да жағада қаптай
бастады, алдыңғылары қоршауға қарай өтіп, дымын шығармай
үнсіз ғана құрақ арасына жасырынды. Көл шетіне тақалғанда
қайықшылар  да жан  салып  ентелей  түсті,  себебі  құс  енді
шағын  бір  алаңға  ғана  топырлап,  оларды  уыстан  қайтып
шығармау  солардың  ғана  қимыл-ебіне  байланысты  болып

206
қалған.  Сондықтан  қайыс  белдікпен  суды  үсті-үстіне
шалпылдатып, тыным таппау керек, әйтпесе қалың құс нөпірі
кейін лықсып сытылып кетіп, бәрін де басынан қайта бастауға
тура келеді.
Міне, құстардың алғашқы легі жағаға дейін жүзіп кеп,
ілгері ұмтылып шөптесінге шыға бастады, олардың ізімен
кейінгі қалың нөпір кимелеп, қырқылдап, қаңқылдаған үйрек-
қаз тасқыны қашаның өн бойына қойып кетті. Құстың соңғы
легі судан шығуы мұң екен, қайықшылар да жағаға бір-ақ
атты, оларға тақау тұрған қағушылар қосылып, тоқпақ ұрып,
қиқу салып, қаз-үйректі ілгері қуа жөнелді. Ақыр аяғында
күллі  құс  қоршауы  берік,  шөбі  тапталған  тұйыққа  кеп
топырлады. Сол-ақ екен, шарбақты қоршап тұрған, құстардың
ізімен ішке кірген қағушылар сойылды сілтеді дейсің. Жан-
жақтан ондаған таяқ тасырлап, қанатты сорлылардың басына
тарс-тұрс тиіп жатты, екіленген кісілердің қиқуы, қанаттардың
сытыры, таяқтардың түсірі, ышқына шыққан қырқыл мен
қаңқыл  астасып,  әлем-тапырық  даңғазаға  ұласты.  Қан
сорғалаған  таяқтар  әуеде  жарқ-жұрқ  етіп,  сеспей  қатқан,
жантәсілім тыпырлап жатқан құстар тау-төбе болып үйіліп
қалды. Ілуде бір құс қана қағушылардың бұтының арасынан
я  шарбақтан  далбасалап  өтіп  кетіп,  көлге,  далаға  қашып
құтылды.
Құс біткеннің бәрі жайрап, тұйық тау-төбе болып қалғанда
шу да сап тыйылды. Жұрт шарбақты лақтырып тастап, олжаны
жинай бастады: екі-екіден аяғын қайыспен байлап, жаңағы
қару болған таяғын зембіл қып, екі адам екі иығына отыз-
қырықтан қаз-үйрек теңделген таяқты салып, қосына қарай
тартты,  балалар  да  өз  бойына  шақтап  жүк  арқалап,
үлкендермен бірге жөнелді.
Тұраққа  келген  соң  олжаның  бәрі  бір  жерге  үйіліп,
жұмыстың  жаңа түрі  басталды:  құстардың жүнін жұлып,
мамығын тері қапшыққа тығып, етін астауға тастап жатыр.
От алаулап, тастар қыздырылып, ағаш ыдыстар әзір тұр –

207
демек,  бүгін  құс  сорпасына  жұрт  тегіс  тояды.  Бәріне  де
қолғабыс беріп, бәріне де бөгет болып жүрген балалардың
айқай-ұйқайы, сықылықтаған күлкісі, шықылықтаған даусы
әуені  жаңғыртып  тұр.  Міне,  бір-бір  құшақ  құс  алып
қайықшылар  да  келді,  олар  көлден  қағушылардың  атып
түсірген олжасын жиып әкепті.
Жүнін аршып болғасын кешке құс етін ыстау қолға алынды,
тұз және ыдыс болмағандықтан оны басқаша сақтаудың жолы
жоқ  еді.  Сондықтан  ағаш  талынан  күрке  жасап,  оның
шаңырағы астына сырғауыл тартып, аршылған құсты іліп,
астынан түтін қойды, бұл бірнеше күн осылай тұруы керек.
Жұмыс та, ауқат жасау да көз байлана әрең бітті, ертеңіне
осы  қарекетті  басқа  көлде  қайта  қайталау  шарт,  бүрсігүні
үшінші  көл  күтіп  тұр.  Кешіктіруге  еш  болмайды,  себебі
қауырсыны өсіп кетеді де, құстар сәл де болса ұшуға жарап
қалады. Онда қаша да, қоршау да түк бітіре алмайды.
Жиһангездер  ешқандай  ләззат  алмаса  да  құс  қағуға
қатысты,  өйткені  оларға  да  қысқа  азық  керек  еді,  ал
келіншектері болса, бұл шаруаға жанығып кетті. Осы кәсіптің
үш күні жатжерліктерге жаман жиіркенішті әсер етті: ырду-
дырду, айғай-шу, қорғансыз қанаттыларды аяусыз қырып-
жою,  тау-төбе  өлген  құс,  алаулаған  от,  жұрттың  жаппай
шеңбірек ата ет жеуі, тойымсыздығы, мейірімсіздігі – бәрі-
бәрі жүрек айнытып, құс аулау біткенде олар қатты қуанды.
Құс аулаудың қызығына түсіп, олар кездесіп қалған ірі
аңға онша көңіл қоймады, өйткені оның күні алда екен. Әр
көлдің қамысында азын-аулақ қабан болатын; қағушылардан
ығысып басы ызалы қабанның өзі болып бір араға ұйлыққан
ұя ақыр аяғында қоршауды баса-жаншып ілгері ұмтылды.
Оларға қақ жарылып жол берді, тек артта қалған не жүгіріп
шетке  шығып  кеткен  бірді-екілі  торайлар  ғана  сойылға
жығылып, найзаға ілікті. Қабанды олар күзде әбден семірген
кезінде ғана аулайтын, сонда доңыздар қамыс қурап, құлап,
қорыс  қатып  пана  болмай,  орман  барқынына  жайылуға

208
шығатын. Оларды торуылдан аңдып жүріп садақ атып, найза
жұмсайды. Суықта етін сақтау да оңай, қатырып бұтаққа іл
де таста. Алғашқы қар түскенде алаңқайлар мен ормандарда
өріп жүретін қояндарға да тұзақ құрылады.
ҚАУІП-ҚАТЕР ДАБЫЛЫ
Шілденің аяғынан-ақ күн ойпаттың терістік жотасына ғана
емес,  көкжиектің  өзіне ерте  жасырынып,  түн  қараңғы  әрі
ұзақ болуға айналды. Күздің алғашқы белгілері біліне бастады:
жартастардың жақтауына ұя салатын сұр қарлығаштар ұбап-
шұбап  топ  құрып,  жастарын  ұшуға  баулып,  алыс  сапарға
қамданды. Аман қалған қаз-үйректер де топ құрап, бір көлден
екіншіге ұшып-қонып жүрді. Түнгі тұман қалыңдап, ертеңгілік
ойпаттың үстінде іркіліп көп тұрып алатын болды.
Жиһангездер Санников жерінде қыстап шығамыз деген
оймен аңға шығып, қысқа сақтық қор жасады, әкелген еттерін
келіншектері қақтап, ыстап, майын қорытып қарынға құйып
қойды. Алайда тамыздың алғашқы аптасының аяғында кейінгі
кезеңге көп қырсығы тиген оқиға болды. 8-іне қараған түні
жиһангездер  күшті  жер  дүмпуінен  оянды,  әуелі  олардың
ұйқылы көзіне дүбірлетіп біреу жертөленің есігінен баса-көктей
кіріп келе жатқандай көрінді, сосын өтіп бара жатқан ауыр
пойыз бардай қатты гуіл естілді.
– Тағы да жер сілкінді! – деді Ордин.
Жертөле іші сөнген оттың шоғымен қаракөлеңке болып
тұрған-ды, төсегінен көтерілген ерлер мен әйелдердің үрейлі
жүзі көзге бірден шалынды.
Міне,  дүмпу  қайта  жаңғырды.  Ашалар  мен  үргілер
сықырлап, төбеден топырақ құйылды. От жыпылықтап, ашаға
ілген заттар шайқалып, жер астынан шыжылдаған бір жат үн
естілді.
– Біздің жертөле басқалардікінен берік болғанымен де
далаға шығу керек, – деді киімдерін қолына ұстап Горюнов.

209
Әйелдер қолы қалтырап белдемшелерін таға сап, киімдерін
құшақтап есіктен тұра атты. Жүре киініп жігіттер де олардың
соңынан шықты.
Тұманды айдап кеткен терістік желінің ықпалымен түн
әдеттегіден едәуір жылы. Ойпаттың батыс жағына ілінген
ай  сәулесімен  алаңқай  жарық  боп  тұр.  Жақын  орманның
желмен  сыбдырлаған  жапырағының  шуылына  қарамастан
құздан  құлаған  жартастардың  гүрсілі  жан-жақтан  анық
естіледі.
Көсемнің  жертөлесінен  әйелдердің  айғайы,  балалардың
жылауы, еркектердің даусы естіліп тұр. Оның тұрғындарының
бір  бөлегі далаға  шығып киіне  бастаған. Әлгіндей  болмай
қалғандары да тысқа шығып, есікке тақау топырлап, өзара
пікір  алмасып,  үрейлене  аспанға  қарайды.  Амнундак
жиһангездердің жанына келді, қатты қорыққан сыңайы бар.
–  Жер  қайта  сілкініп  жатыр,  ақ  адамдар!  –  деді  ол
кінәлаған үнмен.
– Ақ адамдар келісімен-ақ онкилондарға бақытсыздық
басталады деп ұлы бақсы біліп айтқан. Сендер келгеннен
бері жер екі рет сілкініп, вампулар шапты бізді.
– Сіздермен вампулар бұрын да талай соғысқан ғой және
жердің де сілкінуі бір бұл емес, – деп қарсылық білдірді
Горюнов.
–  Жоқ,  жер  бұрын-соңды  ешқашан  дәл  бұлай  қатты
дүмпіген емес.  Әне, айды қарашы қандай, қып-қызыл! Бұл
– болашақ үлкен бақытсыздықтың белгісі, – деп Амнундак
сөзін нығырлай түсті.
Жаңа  бір  дүмпуден  ол  теңселіп  кетті  де,  біраз  адам
жығылып  қалды.  Әйелдердің  шыңғырған,  балалардың
жылаған даусы шықты. Бәрінің көз алдында Амнундак үйінің
бұрышы құлап түсіп, қою шаң шаншылып аспанға көтерілді.
Ағаштар шайқалып тұр.
– Үйден бәрі шығып па еді? – деп дауыстады көсем.
– Бәрі, бәрі шыққан, – деп жауап қатты бір дауыс.

210
– Жоқ, бәрі емес, менің анам Мату қалды, – деген бір
әйел даусы шықты. – Ауырып жатыр еді, енді қайда өлсем
де – бәрібір деп орнынан тұрмай қалған.
– Онда өлгені ғой! – деді бір еркек үні. – Қалқа тұп-
тура үстіне құлады.
–  Бөрене  мен  шымын  лақтырып,  жедел  құтқарыңдар
әйелді! – деп әмір етті Амнундак. – Отын, от әкеліңдер де
дереу от жағыңдар.
Алайда онкилондар үйге кіруге қорықты, құлаған қалқаның
шымын  әрең  аршып,  құлап  кетпес  пе  екен  деп  келесі
бөренелерге жалтақтап қарай берді. Аннуир тайсалмастан өз
жертөлесіне кірді де, тақтайға сап бірнеше қызыл шоқ алып
шықты. Ұзамай лаулаған от жұртты аздап тыншытты, шым
аршып жатқан жауынгерлерден басқа ру жанының бәрі от
басына жиналды. Дүмпу басылған жоқ, жер солқ ете қалған
сайын жұрт төбесіне құлар ештеңе болмаса да кері қашады.
Жер ұдайы гуілдеп, ағаштар теңселіп тұр, аяғынан тік тұру
мүмкін болмаған соң жұрттың бәрі отырды. Құлаған тастардың
гүрсілі тынар емес.
–  Онкилондарға  алапат  төнді!..  –  деп  міңгірледі
Амнундак дүмпіген сайын дір ете қалған отқа қарап.
Жиһангездер  өздеріне  ұнатпай алая  қараған  жауынгер-
лердің,  әсіресе  әйелдердің  жанарын  әлденеше  рет  байқап
қалды.
 Ординнің жанында отырған Аннуэн дүмпу аралығында
орнынан тұрып, оттың екінші жағында отырған әйелдерге
барып  қосылды,  одан  Горюнов  пен  Костяковтың,
қалаулылары  да  қалысқан  жоқ,  орнынан  қозғалмаған  тек
Аннуир мен Раку болды.
– Біз осы оқшау қалып бара жатқан тәріздіміз, – деді
сыбырлап жолдастарына Горюнов.
–  Оқасы  жоқ,  күн  шығады  да  көңіл  орнығады,  түнгі
қорқыныш  ұмытылады!  –  деп  жайбарақат  жауап  берді
Костяков.

211
– Ай тіпті қызарып кетті, – деді Ордин. – Шамасы,
құлаған жерден тозаң күшті көтерілсе керек.
Әсіресе, бір тегеурінді дүмпу қатты гуілдеп аңғарды бойлап
өткендей  болды.  Үрейлі  үн  қайта  жаңғырып,  жүресінен
отырған кейбір кісілер жалпасынан түсті. Иттер ұлып қоя
берді. Көсемнің жертөлесі түгел құлап, шудаланған шаңның
арасында шошайып төрт ашасы ғана қалды. Жұмыс істеп
жүрген жауынгерлер құлап түсіп, атып тұрып айдалаға қашты.
– Жер ойылғалы тұр, біз опат боламыз, тайпамыздың
құритын  күні  туды!  –  деп  аһ  ұрды  ерлер  мен  әйелдер.
Әйелдер балаларын бауырына қысып алған, үрей кеулеп бәрінің
көзі бажырайып кеткен.
Құлаған тау-тастың гүрсілі басылған тұста төңірек құлаққа
ұрған танадай бола қалды, осы сәтті күткендей жел де сап
тынды.  Бәрі  елеңдеп  бірдеңеге  құлақ  түрді.  Тыныштық
қаймағын алыстан дүңгірлеген бақсының даңғыра үні бұзды,
дәл осы сәтте ол онкилондарға кереметтей әсер етті.
– Бақсымыз тірі екен! Жарықтық жер рухына басу айтып
жатыр! – деген қуанышты үндер шықты.
Әлгі қатты дүмпу шынында да ақырғысы болды, онан
кейінгі ақырын солқылды ешкім де елеген жоқ. От басында
жұрт қалғи бастады. Оларды таяу тұрақтан ұзақ ұрып, келте
қайырылып дүңгірлеген әскери барабан үні оятып жіберді,
оған басқа да алыс мекендерден қағылған дабыл қосылды
– бәрі де тымырсық түнде ап-айқын естіліп тұрды. Барлығы
елең  қағып,  тапжылмай  тыңдай  қалды.  Осы  бір  беймаза
музыка  әуені  басылғанда  Амнундак  Горюновқа  кінә  қоя
сөйледі.
– Бұл түні біздің көп үйіміз құлады. Бірнеше ана мен
бала опат болды, біразы мертігіп, қыруар үй жиһазы қирады.
Бізге апат айырықша келді, ақ адамдар! Алайда сендер оны
болдырмау амалын қарастырмадыңдар. Қарашы, сендердің
үйің дін аман, ал менікінің шаңырағы ортасына түсті.

212
– Себебі сендер үйді өте осал саласыңдар! – деп шамдана
жауап берді оған Горюнов. – Енді үйді берігірек салсаңдар,
олар құламайды да, ешкімді басып қалмайды.
–  Біздің  үйлерде  сан  ұрпақ  өсіп-өнген,  бірақ  оның
құлағанын ешкім көрген жоқ, – деп қарсы дау айтты көсем.
– Ал арнап келген апатқа ешбір дауа жоқ. Және біз сиқыршы
да емеспіз ғой.
Ол «сендер сияқты» деп айтып салғысы келді де, іркіліп
қалды. Жиһангездер оны айтпай-ақ ұқты.
Осы  кезде  құлаған  қалқаның  ағашы  мен  шымын
аударыстырып  жатқан  жауынгерлер  Мату  кемпірді  алып
шықты, әриие, ол бұл дүниемен бағана-ақ хош айтысқан екен.
Оның қызы мен және екі әйел аулағырақ бөлек от жағып,
мәйітті соның басына қойып, салт-сана бойынша оның көзі
тірісіндегі жақсылығын айтып жоқтауға кірісті. Қалғандары
от басында тағы да қалғып кетті. Көсемнің үйі құлап, бір
әйел қайтыс болғанын Амнундактың әмірімен барабан барлық
мекенге хабарлады.
Таң рауандап келе жатты, ұйқы қысып жиһангездердің
кірпігі кірпігіне жабыса береді. Жер сілкіну тоқтаған тәрізді
баяу солқыл да бірте-бірте сиреді. Жертөлелері жер сілкінуіне
төтеп берді, енді оған оралуға кәміл болады. Осыған келісіп
үйіне  беттей  берген  жиһангездерді  кейбір  оянып  үлгерген
онкилондардың  өшпенді,  қызғанышты  көзі сырттай атты.
Амнундак бетін тізесіне қойып қалғып отыр. Ақ адамдарға
Аннуир мен Раку ғана ерді, қалғандары орнынан да тырп
еткен жоқ, ал Аннуэн болса, жоқтау айтып жылаушыларға
бағана қосылған, Горюков пен Костяков әйелі тастап кеткен
еркек кебін киді де шықты.
Қатерлі түннен кейін қатты ұйықтап бәрі кеш тұрды, есік
саңылауынан күн сәулесі сығалап қалған. От лаулап жанып
жатыр,  ермей  қалған  үш  келіншек  түк  көрмегендей-ақ  ас
қамдап жүр. Ертеңгі ас үстінде олар ермеу себебін баяндады.
Жер қатты дүмпіген кезде әне-міне жер жарылып, өздерін

213
ақ адамдар жерасты патшалығына ертіп әкетеді екен деп
қорыққанын  мойындады  олар.  Сондықтан  да  өздерінің
жағына шығып кеткен көрінеді. Аңқаулық болғанымен де
бұл  қылығы  ақылға  сыярлық,  сондықтан  Горюновтың
келіншектерге ақ адамдар сиқыршы да, жерасты рухы да
емес екенін тағы да қайталап түсіндіруге тура келді. Бірақ үн
қатқан келіншектің жүзінен бұл сөзге сенбей отырғаны білініп-
ақ тұр.
Келіншектер таңертең ерте Амнундакқа бақсының келгенін,
жолда оның жердің жарылғанын көргенін, одан әрең аттап
өткенін айтыпты. Қайырымды рухтар өз құлын жебеп-желеп,
соның арқасында бақсының үйі құламай аман қалыпты-мыс.
Осынау хабар жиһангездерді төңіректі  тағы бір шолып
шығуға  құлшындырды,  жауынгерлердің  бәрі  жер  қазып,
көсемнің баспанасын қалпына келтірумен шұғылданып жатыр,
мезі  еткен  күзетсіз-ақ  жүріп  қайтуға  болар,  әсіресе  түнгі
оқиғадан кейін оларды ертіп жүрудің өзі ыңғайсыз. Гороховты
көз ғып жертөленің жанында қалдырып, қалған үшеуі мылтық
асынып бақсы үйіне барар жолға түсіп тарта беріп еді, ұзамай
батыстан  шығысқа  тартылған  ені  екі  метрдей  жердің
жарығына  тап  болды,  оның  түбінен  құлаған  қыртыс,
тамырымен  түскен  бұталар  мен  тұтас  ағаштар  көрінеді.
Астынан жер жарылған аса жуан ағаштар түбірінен бастап
орта тұсына  дейін қақ айырылып, бір  жағы жыраның  бір
қабағында, екіншісі келесі жиегінде тұр, бейнебір екі аяғын
керіп, сай басында тұрған адам тақылетті. Жердің жарығына
жақын жердегі топырақта жарылғанда шыққан қап-қара құм
шашырап жатыр.
Ешкім жоқта  көріп алу  үшін осы  арадан олар  қасиетті
көлге  бұрылды.  Жолда  олар  ені  әр  алуан  отызға  тарта
жарықшақ  ұшыратты,  бірінен  адымдап  өтсе,  екіншісінен
жүгіріп келіп секіріп кетуге тура келді. Бірі таяз болса, енді
бірінің түбіне көз жетпеді – бәрінің де түп жағы қусырылып,
тас  тастағанда  су  жатқаны  анықталды.  Ойпат  кемерінің

214
етегіндегі  тастақты  шәмбіл  төбені  түнде  құлаған  жартас
сынықтары  басып,  бір  жерінен  таутекенің  жансыз  денесі
табылды,  жануарды  жақпар  тастан  жер  сілкінгенде  атып
жіберсе  керек.  Әрине,  мұны  ала  жүрген  жөн,  түбі  бұл
жауынгер ертпей кеттіңдер деп көсем кінәлай қалса, ақталуға
жақсы.
Қасиетті көлдің жағасына жете беріп, таң-тамаша болған
жиһангездер тоқтай қалды – көл ұшты-күйді жоқ. Орнында
түбіне  қара  лаваның  жылбысқы  бірдеңе  жапқан  ірілі-уақ
сынықтары шашылған, жалпақ та көлбеу ойыққа ұқсас үлкен
шұңқыр  ғана  жатыр;  тас  сынықтары  арасымен  қатты
сарқылған өзен салаларының суы сылдырайды. Тайғақ тақта
тастарды абайлап басып зерттеушілер құздың етегіне тақау
терең, көмей-қуысқа да жетті, диаметрі екі-үш метр ол күрт
қиғаш  тартып,  жардың  астына  терең  бойлап  кеткен,  оған
жартастардың арасынан жылап ағып су құйылып жатыр.
– Ал бұған не айтасыз? – деп сұрады Костяков үшеуі
келіп тылсым тереңге тартқан үңірейген үлкен қара көмейдің
ернеуіне кеп тоқтағанда.
– Меніңше, түндегі дүмпу жерасты каналына көмей-қуыс
арқылы  мезгіл-мезгіл  құйылатын етіп  суды  бөгеп  жіберіп
тұратын иін сияқты бір тетікті үгіп жіберген, – деп жауап
берді Ордин.
– Көлдің жоғалып кетуінің басты себебі келіп құяр су
көзінің бітеліп қалуында емес пе екен? – деп сұрады Горюнов.
– Естеріңізге түсіріңіздерші, бұған ойпаттың бар суы келіп
құйылуы  керек  те.  Өткен  жолы  орманнан  шыққан  тұтас
өзеннің тас үйіндісінің астына келіп сіңіп кеткенін көріп едік
қой.
– Бәлкім, ойпат қыртысындағы жарықтар бұрын осында
кеп құйып тұратын суды жұтып алған шығар, – деп жауап
берді Ордин.

215
–  Егер  әлгі  жарықтар  түпсіз  болмаса,  суға  толып,
жылғалар қайта зырылдап, көл қалпына келер ме екен? –
деп сұрады Горюнов.
– Өйтуі де ықтимал.
– Олай болғаны, әрине, дұрыс, тезірек толса тіпті жақсы,
әйтпесе онкилондар қасиетті көлінің құрып кеткенін білсе,
бұрынғыдан бетер қорқып, бұл апатты да ақ сиқыршыларға
жабады ғой.
– Біз оларға бұл жайында, әрине, ештеңе демейміз.
–  Ауыздарыңа  ие  бол,  әйелдерге  қайда  болғанымыз
жайында ләм-мим демейік.
– Түсінікті. Тіпті Гороховқа да ештеңе айтпаймыз. Аңға
шықтық, таутеке атып алдық, жердің жарылғанын көрдік –
осы жетіп жатыр емес пе.
Көлден кері қайтып келе жатып олар біраз уақыт ойпат
аңғарын бойлай жүрді. Бір жерде олардың көзіне жардың
етегінде жатқан аппақ қойтас пен оның жарқыншақтары түсті.
Қасына  келсе,  ол  мұз  екен,  бұдан  жоғары  жақта  биік
шыңдарда  аз  да  болса  мұзарттар  бары  білінді.  Бәрінен
таңданарлығы, құздың тап етегіндегі екі жаққа бірдей созылған
жарық болды, бірде кеңейіп, бірде қусырылып көз ұшына
дейін кеткен сол жырада да бес-алты метр тереңдікте су
жатты.
Одан арғы жолда да олар құз-қабырғаға екі-үш мәрте
әдейі кеп қарап, әлгіндей жарық көрді, зайыры, ойпат табаны
ең  кемі  он  шақырым  шамасында  батыс  кемерден  бөлініп
қалуға айналған.
Үйге олар түс ауа келді, соның өзінде мекен тұрғындары
бұлардың  жоқ  екенін  біліп  қалыпты.  Бірақ  таутеке
онкилондардың  күдік-күмәнін  тез  сейілтіп,  Амнундак
жұмыстан жырып, бірнеше жауынгерді жателдіктерді іздеуге
бекер  жібергеніне  өкінді.  Жертөленің  орны  аршылып,
онкилондар сол бөренеден аша орната бастады. Түскі асын
ішіп болып қолына балта ұстаған жиһангездер жер сілкінген

216
сайын тұрғындарының төбесіне құламас үшін аша мен үргіні
қалай ұстастыру керек екенін көрсеткелі келді. Алайда оларды
қайран  қалдырып,  онкилондар  жателдіктер  көмегінен  бас
тартты.
– Бабаларымыз бізге өзге болмаса да үй салуды үйреткен,
– деді Амнундак, – сол баспаналарда талай ұрпақ өсіп-өніп
келеді.  Біз  бұдан  басқаша  салмаймыз  үйді.  Онан  да,  ақ
адамдар, жер қайтып сілкінбестей етіп беріңдер, сонда біздің
үйлеріміз де құламайды.
Ешқандай ақыл-кеңес өтпеді, жиһангездер үйінің беріктігі
де әсер етпеді оларға.
– Егер біздің үйлерде онкилондар емес, ақ сиқыршылар
тұрса, құламаған болар еді, – деп жателдіктерді алқа-қотан
қоршап әңгімесін тыңдап тұрған құрылысшылардың бірі.
– Солай, солай! Дұрыс айтасын! – деп қалғандары да
бас щұлғып, дабырласып кетті. Өз жертөлелеріне қайта оралуға
тура келді, алайда мұнда болған жағдайды талқылап жатар
мүмкіндік тағы жоқ, себебі әйелдер орысша едәуір түсініп
қалған, олардың көзінше еркін сөйлесе, бәрі онкилондарға
жетіп қалуы кәдік.
Сонда да екі дайда қалаулыларының қай жаққа шығатынын
байқау үшін жиһангездер онкилондарға жасаған ұсынысы,
оның қабылданбауының себеп-салдары хақында сөз қозғады.
– Амнундактың шешімі дұрыс! – деп дік етті Аннуэн.
 Оның пікірін қалғандары да қостады. Тек Аннуир ғана
жиһангездердің жағына шығып, осы жертөленің құрылысын
алға тартып дәлелдей кеп, есті адамдардың көмегінен бас
тарту есуастық деді!
– Бұлар сені мен бізден ақылды емес, тек сиқыры ғана
күшті! – деді ыза буған Аннуэн. – Бұлар біздің жерге қадам
басқанға дейін үйіміз де құламаушы еді, жеріміз де бұлай
шайқалмаушы еді. Бұлар болғызбаймыз десе, жер де қайтып
сілкінбейді.

217
Бірге тұра бастағаннан бері әйелдердің дау-тартысы тұңғыш
рет мынандай қиян-кескі сипат алып, надан, көңілі соқыр
күндестерінің Аннуирді жерден алып, жерге салғаны сондай,
ерлер енді әңгімені бастап бергеніне өкінді.
Ашулы әйелдерді сабасына түсіру үшін Ордин Аннуирді
жидек теріп келуге орманға шақырды. Табан аузында қалған
төртеуі қысқа сақтайтын жидекті теріп кептіретін кез болды
деп  қабықтан  жасалған  қақпағы,  тұтқасы  бар  топатайды
қарына іліп орманға тартты, бірақ олар басқа жаққа жөнелді.
Үш жиһангез жағдайды пайдаланып еркін әңгімелесу үшін
жеке қалды.
– Мұнда қыстап қалудың реті жоқ сияқты көрінеді де
тұрады маған, – деді Горюнов. – Онкилондардың бізге
қарым-қатынасы қазір достыққа қиғаш.
– Иә, – деп қостады оны Костяков, – тағы бір қолайсыз
бірдеңе туа қалса, мәселен, жер сілкініп не дауыл тұрып,
болмаса  тұтқиылдан  вампулар  шабуыл  жасай  қалса, бізге
білдірмей тайып тұрудан басқа лаж жоқ.
– Оқа емес, бәрі де орын-орнына келеді, жолдастар! –
деді Горохов. – Құдайдың құтты күні жер сілкінбес! Қыстап
шығамыз!
– Никитаға бұл ара ұнап қалған, – деп мырс етті Костяков.
– Әрине, ұнайды. Ұнамайтын  несі бар, айтшы. Тамақ
тоқ, күн жылы. Жақында некелесіп, үйленеміз, әйелдеріміз
және жақсы.
– Міне, мәселе қайда! – деп даусын соза түсті де, Горюнов
үнсіз қалды.
Жазатайым қақтығыс бола қалса, Гороховтың онкилондар
жағына шығатыны немесе бейтарап қалатыны айқын болды.
Жертөлені  тым-тырыс  үнсіздік  басты.  Ұзамай  Горохов
орнынан тұрып, үйден шығып кетті.
– Мен қорқайын дедім, – деді Горюнов, – бұл арадан
асығыс-үсігіс  жасырын  қашпақ  болсақ,  Никитаның  бізбен

218
бірге кетпеуі кәдік, тіпті біздің ойымызды оларға білдіріп
қоюы да мүмкін:
–  Қой,  бұ  не  дегеніңіз?  Бұндай  ой  басыңызға  қайдан
келіп жүр? – деп таң қалды Костяков. – Ол да біз сияқты
сиқыршы емес пе, бізге бұл жерде қалу қатерлі болса, оған
да қауіпті.
– Олай емес. Онкилондардың оны бізден бөле қарайтынын
байқап жүрмін. Ол қараторы, түр-тұрпаты соларға келеді,
тілін де біледі. Оны ақ деуге болмайды ғой, солай емес пе?!
– Әлбетте! Сонда да ол бізбен бірге келді, бізбен бірге
тұрады,  оның  да  жасыны  мен  нажағайы  және  басқа
таңғажайып заттары бар.
– Солай болғанымен де оның жағдайы едәуір өзгешелеу.
Бұған  менің  назарымды  алғаш  аударған  Ордин,  ал  оған
Аннуир айтыпты. Әйтеуір біз Никитамен ұдайы ашық-жарқын
бола бермейік те.
– Оныңыз дұрыс! Ал, меңінше, бүгінгі әйелдердің ұрысы
Аннуирдің біздің одақтасымыз екенін байқатты.
– Рас, ол Ординді ессіз сүйеді, онкилондардың жоспарын
сол арқылы да білуге болады. Мұның өзі аса пайдалы болса
керек.
– Бір қызығы, біздің қашуымызға тура келсе, ол бізбен
бірге кетер ме еді, кетпес пе еді. Бірде ол бармаймын деген.
Есіңде ме, ана жолы жотаға шығып теңіз жақты шолғанымыз.
– Е, ол алғашқы бет қой. Ал қазір ол Ординмен жердің
түбіне дейін баруға бейіл.
Гороховтың қайтып оралуы әңгімені кілт үзді. Горюнов
пен  Костяков құрылыстың  қалай  жүріп  жатқанын  көргелі
есіктің сыртына шықты.
Жертөленің қабырғасы қаланып, әйелдер шым жайып та
жатыр,  оның  жартысын  жаңадан  ойып,  жартысын  құлап
жатқанынан алған. Түнге қарай рудың жаңа қонысқа кірер
түрі бар.

219
Кешке  топатайларын  жабайы  малина  мен  қарақатқа
толтырып төрт әйел келді.
Олардан кейін Ордин мен Аннуир де көп ұзаған жоқ,
бірақ келіншектің терген жидегі аз да көзі бұлаудай екен.
Оның  аз  тергенін  көрген  өзге  келіншектер  сықылықтап,
орманда не бітірдің деп сұрай бастады.
– Мен оған Аннуэнмен сөзге келгені үшін ұрыстым! –
деді Ордин.
Аннуир оған таңырқай көз тастап қызарып кетті. Аннуэн
разы болып қалса керек, жертөледе келісім қайта орнады.
Ымыртта барлық әйел бұғы саууға кеткенде Ордин күндізгі
әңгіме жайын айтайын деп еді, Горюнов сыбыр етіп, төсегінде
отырған Гороховты көзімен нұсқап тыйып тастады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет