Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Дамуында кемшілігі бар баланы тәрбиелейтін отбасының



Pdf көрінісі
бет196/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Дамуында кемшілігі бар баланы тәрбиелейтін отбасының 
күйзелісімен байланысты кезеңдер (Торнбалл бойынша) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Отбасымен қарым-қатынастың қазіргі жағдайы 
Отбасымен  байланыста  бола  отырып,  инклюзивті  білім  беру  кабинеті  үйде  оқыту 
жағдайын толықтыруға немесе қайта қарауға тырысады. Ерекше көмекті қажет ететін балалар 
қоғамдағы келеңсіз жағдайларға қарсы тұра алмайтындықтан, отбасы мен мүмкіндігі шектеулі 
балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің өзара қарым-қатынасы аса маңызды. Екі 
жақты белсенді байланыс қана мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүруінің «толыққанды 
еместігін»  қайта  құруға,  балалардың  жаңа  жағдайға  бейімделуін  жақсартуға,  қоршаған 
ортамен байланысын реттеуге көмектеседі. 
Келесі  мәселе  –  көптеген  мамандардың  пікірінше,  агрессияның  дамуына  әкелетін 
балалардың  тәртібінде  жас  шамасының  жоғалуы.Отбасы  мен  мектепке  дейінгі 
мекемелердегі жағдайлар бір-бірінен ерекшеленбеу керек. Үйде, мектепке дейінгі мекемеде 
баланы  күштемей,  әсіресе  тәрбиелік-педагогикалық  жағынан  әрқашан  түсіністікпен  және 
қамқорлықпен қарап, еңбекке тәрбиелеу қажет. 
Үшінші  мәселе  –  балалардың  қоршаған  ортаға  деген  қызығушылықтарын  арттыру. 
Сондықтан  баламен  және  олардың  ата-аналарымен  сенімді  әңгіме  жүргізуге  көңіл  бөлу 
маңызды.  Өкінішке  орай,  әр  отбасынан  мұндай  жағдайды  кездестіре  бермейсің.  Бұл 
аспектіде психологтар мен педагогтардың міндеті ата-аналарды балалармен дұрыс қарым-
қатынас орнатуға үйрету, олардың балаға деген нәзік сезімдерін ояту болып табылады Тағы 
бір  мәселе  –  балаларды  бір-бірімен  тіл  табысуға,  бірін-бірі  ренжітпеуге  үйрету,  жан 
ашырлық, шыдамдалық тудыру және де бұл отбасының белсенді қатысуынсыз мүмкін емес.  
 

Баланың дүниеге 
          келуі 
Нақты диагнозды алу, эмоциялы 
түрде дағдылану, отбасының 
басқа мүшелеріне хабарлау 
 2 
     Мектептік жас 
Оқытудың формасын таңдау, 
ұйымдастыру, құрдастарының 
реакциясын уайымдау, келешекті 
жоспарлау 
 3 
Жасөспірімдік шақ 
Жыныстық қатынас мәселесі, 
құрдастарынан оқшаулануын 
уайымдау, келешекті жоспарлау 
 5 
Кәмелеттік жас 
кезеңі 
Отбасындағы қатынасты қайта 
құру, баланың тұрғылықты орны 
бойынша мамандардың өзара іс-
әрекеті 
«Бітіру» кезеңі 
Отбасы жауапкершідігіне 
дағдылану, тұрғылықты орын 
таңдау, әлеуметтену 
мүмкіндігінің тапшылығын  
уайымдау 
 4 


283 
 
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық әдістерінің ерекшеліктеріне 
қарамастан,  олардың  барлық  әрекеттері  бір  мақсатқа  бірігеді  –  еркін,  дамыған, 
жауапкершілікті,  қоғамдық,  әлеуметтік  өмірге  дайын  адамды  тәрбиелеу.  Отбасының 
қоғамдағы  рөлін,  өзінің  күші  бойынша  ешқандай  әлеуметтік  институтпен  салыстыра 
алмайсың.  Отбасында  баланың  жеке  тұлғасы  қалыптасып  дамитындықтан,  қоғам  өміріне 
бейімделуіне  қажетті  әлеуметік  рөлді  игеру  жүретіндіктен,  отбасында  адамның 
адамгершілік  негіздері  басталады,  тәрбие  нормалары  қалыптасады,  ішкі  дүниесі  мен 
тұлғаның жеке сапалары ашылады.Әлеуметтік ықпалдың маңызды факторының бірі ретінде 
отбасы  баланың  физикалық,  психикалық  және  әлеуметтік  дамуына  әсерін  тигізеді. 
Отбасының рөлі баланы қоғам өміріне біртіндеп енгізуден құралады. 
Қазіргі  уақытта,  отбасының,  әлеуметтік  педагогтың  алдында  тұрған  барлық 
мәселелердің ішінен, отбасын қоғам өміріне бейімдеу әлдеқайда маңызды болып отыр.Ата-
аналарды  жеткілікті  түрде  ақпараттандыру  жұмысы  нәтижелі  болуы  үшін  отбасының 
әлеуметтік мәртебесін ескеру қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет