Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Қолданған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет197/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Қолданған әдебиеттер тізімі: 
1.  Ж.Жаназарова «Социальная работа с семьей» Алматы 2003ж.  
2.  Ж.Н.Сарсенов «Әлеуметтік жұмыс» Алматы 2005ж. 
3.  М.Т.Баймұқанова  «Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс» Астана 2005ж.  
4.  С.Габассов «Балалар педагогикасының негіздері» Алматы 1995ж 
 
 
ПСИХИКАЛЫҚ ТЕЖЕУІ БАР БАЛАЛАРДЫ  
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА АНЫҚТАУ 
 
Сматова А.К., 
АОБСТ «Шағала» шипажайы жанындағы орта мектеп мұғалімі Ақтөбе қаласы 
 
Психикалық  дамуы  тежелген  балаларды  жан  –  жақты  зерттеу  1960  жылдардан 
басталады: осы жылдары енгізілген міндетті орта білім беру жүйесіндегі  өзгерістер, жалпы 
білім  беретін  мектептердің  бағдарламаларының  күрделенуі  көптеген  балалардың  сабақ 
үлгерімін  төмендетеді.  Тіптен  кейбіреулері  бағдарламаны  игере  алмады,  білім  сапасы 
төмендей  бастады.  Осы  кезеңде  шет  елдерде  оқу  үлгерімінің  сапасы,білім  деңгейін  көтеру 
бағытында ғылыми – зерттеулер қалыптаса бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған 
мемлекеттерде  сабақ  үлгерімі  төмен,  оқуға  ынтасы  аз  балаларды  ғылыми  психологиялық, 
педагогикалық  тәсілдермен  зерттеу  арқылы  «оқуға  қабілеті  төмен»,  «оқытуда  қиындықтар 
кездесетін»,  «педагогикалық  дұрыс  тәрбие  алмаған»,  «тәртібі  бұзылған»,  «бейімделмеген», 
«миында  болмашы  зақымданулары  бар»  балалар  деген  топтар  айқындала  бастады.  Мектеп 
жасындағы  бұл  балалардың  бәріне  тән  кемістік  –  үлгермеушілік.  Ал  оның  басты  себебі: 
бастауыш сыныптарда анық байқалатын психикалық әрекеттердің кейбір түрлерінің тежелуі 
немесе  уақытша  қалыптаспауы.  Бұл  ауытқу  көбінесе  5-6  жастан  11-12  жас  аралығында 
кездеседі. Оларды кемақылдылықтың жеңіл түрлері кездесетін балалардан ажырату үшін, Г.Е. 
Сухарева  «психикалық  дамуы  тежелген  балалар  (ПДТ)»  деген  терминді  енгізді.Бұл  термин 
осы  уақытқа  дейін  қолданылады.  Бұл  балалардың  интеллектуалды  дамуының  зақымдану 
дәрежесі – олигофрения мен интеллектісі қалыпты дамыған балалардың арасындағы аралық 
орын алады (яғни, интеллектісі кемақылдылықтан жоғары, ал қалыпты дамыған интеллектіден 
көп төмен).Психикалық дамудың тежелуі уақытша болуы да мүмкін.  
Психикалық  дамуы  тежелген  балалар  дегеніміз  -  оқу  бағдарламасын  меңгеруде 
қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай  – ақ бұл балалардың эмоциональдық 
ерік – жігер саласының жетілмеуі органикалық инфантилизммен түсіндіріледі. Органикалық 
инфантилизм термині алғаш рет француз психиатрлары Лоран мен Лассегтің енгізуімен ХІХ 
ғ. аяғында пайда болды. Бұл терминмен түрлі жұқпалы аурулар мен уланулардың нәтижесінде 


284 
 
пайда болған психикалық  және дене бітімдік тежелулер аталды. Осылайша, инфантилизмді 
психикалық және дене бітімдік жетілмеу белгілерінің тұтас құрылымы яғни, баланың жасына 
сай жетілмеуі, «балалықтан» арылмауы деп қарастырған дұрыс. 
Психикалық дамуы тежелген балаларға, айқын даму ауытқулары жоқ (сөйлеудің ауыр 
бұзылуы, жеке анализаторлар кемістігі) балалар жатады. Бұл категориядағы балаларда, түрлі 
биоәлеуметтік себептер (ОЖЖ-ң жеңіл зақымдануының қалдықтары, соматикалық әлсіздік, 
цереброастеникалық  күйлер,  педагогикалық  қараусыздық,  гармониялық  инфантилизм  т.б) 
салдарынан, бейімделу қиындығы кездеседі. Жоғарыда аталған кемшіліктер бұл балалардың 
жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруіне кедергі жасамайды, бірақ олардың психикалық 
және  дене  бітімдік  ерекшеліктеріне  бейімделуін  қажет  етеді.  Дер  кезінде  жүргізілген 
коррекциялық – педагогикалық көмек жүйесі кейбір жағдайдағы медициналық көмек аталған, 
даму ауытқуын толық немесе жартылай жоя алады. 
К.С.Лебединская,  В.И.Лубовской,  т.б  дефектологтар  зерттеулерінде  балалардың  жас 
мөлшері  бірдей  болғанымен,  психикалық  дамуы  әртүрлі,  яғни  интеллектуалды  қабілетінің 
жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген. 
Психикалық дамуы тежелген балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда 20-
30%  төмен  деңгейде.  Сондықтан  зерттеу  нәтижелері  бойынша  ойлау,  сөйлеу  тілінде  және 
шығарманың мазмұнын айтуда қиындықтар кездесетіні, сонымен қатар есте сақтау қабілетінің 
артта  қалғаны  да  анықталды.  Осы  себептерден  баланың  тапсырманы  орындауында  көп 
қиындықтар кездеседі . 
Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында психикалық дамуы 
тежелген (ПДТ) балалар кездеседі.  
Мұндай  балалар  білімі  мен  дағдыларына,  тұлғалық  жетімділігіне  мінез-құлқына 
байланысты  мектепте  оқуды  бастауға  дайын  емес.  Олар  оқуда  көп  қиыншылықтар  көреді: 
мектепте  орнатылған  тәртіп  нормаларын  сақтау  оларға  аса  қиын.  Оқудағы  қиыншылықтар 
олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен тереңдей түседі –жүйкесі тозып, соның салдарынан олар 
тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды.Бұл балалардың 
оқу  үлгерімі  ерекшеліктеріне  келетін  болсақ,  бұл  балалардың  оқуға  үлгермеушілігі  1-
сыныптан  бастап  көріне  бастайды.  Бірақ  анық  белгілері  2-3  сыныпта  белгілі  болады.  Оқу 
процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктер: 
  сабақ процесіне жай қосылады; 
  оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды; 
  берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; 
  оқу мен жазуы жай; 
  оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды; 
  есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді
  тез шаршағыш; 
  сыныптастарымен аз араласады; 
  өз ойын анық айта алмайды. 
«1966  ж.  М.С.Певзнер  ПДТ–ң  клиникалық  нұсқауларына  сүйеніп  жасаған  өз 
классификациясын ұсынды: 
1.  Қалыпты интеллект пен эмоционалды – ерікті саласының жетілмеуі, яғни асқынбаған 
гармониялық инфантилизм. 
2.  Танымдық әрекеттің жетілмеуі. 
3.  Танымдық  әрекеттің  жетілмеуі,  нейродинамикалық  бұзылулармен  асқынған, 
психофизикалық инфантилизм. 
4.  Танымдық 
әрекеттің  жетілмеуі,  сөйлеу  қызметінің  кемістігімен  асқынған 
психофизикалық инфантилизм. 
Кейінірек,  1980  жылы  К.  С.  Лебединская  ПДТ  классификациясының  жаңа  нұсқасын 
ұсынды. Этиопатогенетикалық қағида негізінде, ПДТ–ң негізгі 4 клиникалық типі анықталды. 


285 
 
Бұлардың әрқайсысы, өзінің клиникалық–психологиялық құрылымымен, соматикалық, 
энцефалопатиялық, неврологиялық асқыну сияқты науқас белгілерімен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет