332
жүйелікті сақтай отырып, балалар мынадай суреттер салды. Ал осы суреттерді пайдалана
отырып, өз ойларын айтуда балалардың тілдік қорларының дамуы мен сөйлеу қабілеттерін
ескердім.
Естімейтін балалардың сөйлеу тілінің әрі қарай дамуы олардың қоршаған орта туралы
терең білімдеріне байланысты. Осы орайда пән аралық байланыс та саңырау балалардың
сөйлеу тілін дамытудың бір жолы болып табылмақ.
Естімейтін балалардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыратын сөздік әдістер: а)әңгіме, б)
түсіндіру, в) сұхбат болып табылады. Осы мезеттердегі сурдопелагогтың сөзі саңырау балалар
үшін білімнің көзі.Әңгімелеу барысының құндылығы азғантай уақыт ішінде үлкен көлемді
мәлімдеме жасау.Әңгімелеу барысында педагог оқулықтағы бар мәліметтерді дәл нұсқасында
жеткізіп қана қоймай, ол саңырау баланың сөздік қорын дамытатын жаңа сөздермен
толықтырулары керек. Әңгімелеу барысы қалыпты артикуляциямен айтылып, бала
педагогтың бетін толық көріп, сөзі анық, мәнерлі, ырғақты, барлық орфоэпиялық нормалары
сақталған болу керек. Мұғалімнің сөйлеу темпі сөздік материалға және жас ерекшеліктеріне
байланысты болады. Бастауыш кластар мұғалімінің әңгімелеуі барысында педагогтың сөзі
қалыпты жәй, нақты, бірақ табиғи артикуляциямен болады. Кейін оқушылардың көру-есту
қабылдауларының дамуына сай мұғалім сөзі қалыпты әңгіме ырғағына ауысады. Педагог
өзінің сөзін барлық оқушылардың жақсы түсінуін ескереді, яғни, әр балалардың есту және
көрі-есту арқылы қабылдау дәрежесін толық білуі керек.
Педагогтың саңырау балалармен жүргізілетін қай жұмысы болса да, ол мазмұнды, нақты
құрастырылған, көлемі бойынша қысқа болуы керек. Естімейтін балаларға сай қалыптасқан
ерекшелік олар сұрақтарға қалыптасқан жүйелікте жауап беруге дағдыланған. Сондықтан
сұрақтардың бірнеше нұсқаларын, олардың тәртіп жүйелерін өзгертіп отыру керек. Педагог
үй тапсырмасын сұрау барысында немесе өтілген материалдарды пысықтау барысында
балаларға таныс емес материалдарды алмауы тиіс. Саңырау балаларды бір сұраққа толық та,
қысқа да жауап беруге үйрету, олардың мектептен тыс өзге ересектермен,құрбыларымен
қарым-қатынасқа еркін түсулеріне негіз бола алады.
Естімейтін у балалардың сөздерінің мәнерлі, анық болулары ол сабақта және сабақтан
тыс барлық жұмысы барысындағы педагог пен тәрбиешінің сөзінің саңырау балаға үлгісінің
бірден-бір нәтижесі. Бұл жұмыс жүйелілік пен саңырау баламен жұмыс барысында үлкен
жауапкешілікті қамтиды. Әрине саңырау балалармен жұмыс барысында кез-келген жұмыс
түрі түзету жұмысымен ұштастырылмаған жағдайда өз нәтижесін де, мағынасын да жояды.
Достарыңызбен бөлісу: