Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет157/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Список литературы: 
1.  Реан А.А., Бордовская Н.В., Розум С.И. Психология и педагогика. – СПб.: Питер. – 2001. 
– 432 с.  
2.  Теплов  Б.  М.  Способности  и  одаренность.  //  Хрестоматия  по  возрастной  психологии: 
учебное пособие для студентов/ Л.М.Семенюк: под ред. Д.И. Фельдштейна: издание 2-е, 
дополненное. – Москва: Институт практической психологии. – 1996. – 304 с. 
 
 


225 
 
ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ 
БАР БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ 
 
Макашева Д.М., 
«№26 орта мектебі» КММ, Ақтөбе қаласы 
 
Білім  берудің  озық  технологияларын  меңгеру  қазіргі  заманның  басты  талабы.  Үнемі  
шығармашылықпен  жұмыс  істеу,  үздіксіз  іздену  арқылы  мұғалім  өз  шеберлігін  арттырып 
отыруы  қажет.  Білім  беруде  оқытудың  әр  түрлі  тәсілдерін  пайдаланып,  оқушылардың 
тақырыпты  терең  де  жан  жақты  түсінуіне  жағдай  жасап,  өз  бетімен  жұмыс  істеуін 
қалыптастыра  білу  мұғалім  міндеті.  Мұның  барлығы  білім  беру  мен  тәрбиелеудің  сапасын 
көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. 
Оқытуда  жаңа    әдіс-тәсілдерді,  сыни  тұрғыдан  ойлауды,  бағалау  түрлерін  пайдалана 
отырып  оқыту  қажет.  Сабақтың  басында  оқушылардың  сабақ  алдындағы  көңіл-күйлерін 
анықтап  алып,  тренингтер  арқылы  көңілдерін  көтерулеріне  мүмкіндік  жасау  –  сабаққа 
дайындық  кезеңі.  Оқушылар  бір-біріне  күлімдеп  қарай  отырып,  күлкі  арқылы  өзінің  де, 
өзгенің де көңілін көтеруге болатынын байқайды.  
Ынтымақтастық  қағидаты  оқушылардың  мұғалім  берген  білімге  сенім  арту  орнына 
жауапкершілік  сезімін,  өзара  қолдау  көрсету  сынды  қасиеттерді  дамытуға  арналған  өз 
қызығушылықтарына сай әр түрлі шараларды өздері таңдай алуына негізделген. 
Оқушылар әр тапсырма сайын өзін де, өзгені бағалауға үйренеді. Бір-бірінің дәптерлерін 
тексеріп,  бағдаршамға  топқа  бөлінген  түстер  арқылы  бағалайды.  Осы  бағалауда  жекелеген 
оқушылар  өздерінің  алған  бағасына  көңілдері  толмады.  Оларға  неліктен  ондай  баға 
қойылғаны туралы түсініктеме берілді. 
Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің 3 түрін анықтады, олар: 
  пікірталастық  әңгіме,  оқушылар  бәсекеге  қабілетті,  басқа  адамдардың  көзқарасын 
қабылдауды қаламайды; 
  кумулятивтік  әңгіме,  мұнда  оқушылар  бір-бірінің  үлесін  сынамайды  және 
сындарлылыққа негізделеді; 
  зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып,  дау айтылып, негізделген дәлел 
мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады (Мерсер,2000). 
Әңгімелесудің  аталған  түрлері  бойынша  тапсырмаларды  орындау  арқылы  сөздік  қоры 
молаяды,  әсіресе,  өз  ойын  дәлелдеуге  дағдыланып,  қазақша  сөйлеу  тілі  дамиды.  Топ  өзара 
«жақтаушылар»,  «даттаушылар» деп екіге бөліне отырып жұмыстану кезінде әр жағдайдың 
жағымды – жағымсыз жақтарының болатынын байқап, мәселені тереңнен шешуге талпынады. 
Олардың ой-пікірлерінде үлкен алшақтық болады  
Суреттер  арқылы  топтастырып,    салыстыра  отырып,  талдауды  үйренеді.  Кумулятивтік 
әңгімеде  оқушылар  бір-бірінің  ойларын  әрі  қарай  жалғастырады,  қайталанған  жауаптар 
болады.  Топтағы  оқушылардың  барлығы  да  өз  әлінше  араласып,  өз  ойларын  айтып  қалып 
отырады.  
Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс 
істейді.  Оларда  ортақ  проблема  болады,  бұл  мәселе  бойынша  бірлескен  түсінік 
қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; 
ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. 
Зерттеушілік әңгімеге тартылғанда талқылау кезінде бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдап, 
бір-біріне сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдеу арқылы тақырыптың маңызын анықтайды.  
Осы стратегияны қолданғанда байқағаным: бір тақырыпты мағынасын ескере отырып,  
бірнеше  бөліктерге  бөліп,  әр  топта  талдату  арқылы  уақытты  үнемдеуге  болады.  Әр  топтың 
міндеті  әр  түрлі  болғандықтан  тапсырма  оқушылардың  қызығушылығын  тудырады.  Басым 
көпшілігі белсенді болып, өздерінің пікірлерін ұсынып, сұрақтарға жауап беруге тырысады. 
Жұптық жұмыс - өзіне сенімі аздау балаларға жұмысқа қатысуға септігін тигізеді. Бұл 
стратегия  балаларға  әр  түрлі  жағдайда  пікірталас  кезінде,    әңгімеде  өздерінің  пікірлерін 


226 
 
жеткізуге  көмектесті.  Әр  топқа  бөлініп  берілген  проблемалар,  оларды  шешу  үдерісі 
оқушылардың белсенділігін тудырумен қатар, уақытпен есептесу қажеттігін ұғындырып, өзін-
өзі реттеуге әсер етті. 
Әдеттегі  жұптық  талқылаусыз  бақылаумен  салыстырғанда, 
жауаптардың  түрлерінде,  деңгейлерінде  үлкен  айырмашылық  болады.  Бір-бірінің  пікірін, 
ойын  толықтыру  арқылы  оқушыларға  бір-бірін  оқытуға  мүмкіндік  туады.  Соның  негізінде 
балаларға  басқа  оқушылардың  жауаптарын  тыңдау  өздерінің  ойларын  қалыптастыруына 
көмектеседі.  
Қойылған  міндеттерді  орындау,  қорларды  қолдану  және  күтілетін  нәтижені  болжауды 
мұғалім  атқаратын  оқыту  түрімен  салыстырғанда,  ынтымақтастық  қағидатына  негізделген 
оқыту  түрі  педагогикалық  үдерістің  әр  қатысушысы  ортақ  іске  өз  үлесін  қосу  есебінен 
оқушылардың жұмыс түрінің сан алуан түріне қол жеткізетінін білдіреді. Үнемі сабаққа селқос 
қарайтын оқушының өзі тобына жаны ашып, жұмысты тез аяқтауға ат салысып, қиын сөздерді 
сөздік  арқылы  тауып  беріп  отырды.  Тапсырма  біткеннен  кейін  топ  белсенділері  бағалау 
парағындағы критерийлерін толтырды. Осындай түрлі жұмыстардың негізінде оқушылардың 
өз-өзіне деген сенімділігі артты. 
Барлық  шешімдердің  барлығын  оқушылар  бірлесіп  қабылдайды,  мұғалім  тек  қажетті 
ақпарат беріп отырады. Аталған қағидатты жүзеге асыруда диалог аса маңызды рөл атқарады. 
Өзара  диалог,  мұғалімдермен  және  басқа  да  адамдармен  диалог  орнату  арқылы  оқушылар 
сөйлеу және ойлау қабілетін дамыта алады. 
Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауға жұмылдыру үшін «Абай кім?» 
деген  сұрақ  бойынша  күн  шұғыласын  толтыру  арқылы  ассоциация  жасады.  Берілген 
сөйлемдердегі  сөздердің  неліктен  қарамен  жазылғанын  анықтау  мақсатында  «Сен  қалай 
ойлайсың?» деп өткен тақырыпты естеріне түсіруге тырыстым.  
«Абай және оның 17 қара сөзі» тақырыбындағы сабақта 3 топқа әңгімелесудің аталған 
түрлері  бойынша  тапсырмаларды  бөліп  бердім,  мақсатын  түсіндірдім.  1-топ  «Ақын  бұл 
шығарма арқылы не айтқысы келген? » деген сұрақтың төңірегінде әңгіме-дебатқа, 2-топ «17 
қарасөз не туралы?   тақырыбында топтық әңгімеге, 3-топ  «Қарасөздегі  негізгі кейіпкерлер 
кімдер? » сұрағына жауап табу үшін зерттеушілік әңгімеге азат жолдар бойынша дайындалды. 
1-топ  өзара  «жақтаушылар»,  «даттаушылар»  деп  екіге  бөлінген  болатын.Олардың  ой-
пікірлерінде үлкен алшақтық болды. Жақтаушылар «Бәрін ақыл мен қайратқа жеңгізу керек» 
десе, «даттаушылар» тобы  «Жоқ тек жүректің әмірімен жүру керек» деген жауаптары арқылы 
қабілеттіліктерін көрсете алды. 
2-топ мүшелері берілген   суреттер арқылы топтастырып,  салыстыра отырып, талдады. 
Кумулятивтік  әңгімеде  оқушылар  бір-бірінің  ойларын  әрі  қарай  жалғастырды,  қайталанған 
жауаптар болды.  
Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс 
істейді.  Оларда  ортақ  проблема  болады,  бұл  мәселе  бойынша  бірлескен  түсінік 
қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып,бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; 
ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда,  оқушылар бірге ойланады 
(Мұғалімге арналған нұсқаулық,40-бет). 
3-топ мүшелері зерттеушілік әңгімеге тартылғанда талқылау кезінде бір-бірін тыңдап, өз 
жауаптарын талдады, бір-біріне сұрақ қойды және айтқандарын дәлелдеу арқылы өнімдерінің 
маңызын  анықтады.  Яғни,  олар  ақын  шығармасындағы  кейіпкерлерді  жан-жақты  зерттеуге 
кірісті. Тіпті, сөздікті пайдалана отырып, мінездеме де бере кетті. 
Осы стратегияны қолданғанда байқағаным: бір тақырыпты мағынасын ескере отырып, 
азат жолдар бойынша бірнеше бөліктерге бөліп, әр топта талдату арқылы уақытты үнемдеуге 
болады. Әр топтың міндеті әр түрлі болғандықтан тапсырма оқушылардың қызығушылығын 
тудырды.  Басым  көпшілігі  белсенді  болып,  өздерінің  пікірлерін  ұсынып,сұрақтарға  жауап 
беруге қатысты. 
«Шығарманың идеясын ашу» кезеңінде топқа ортақ сұрақ бердім: «Адамға негізгі керегі 
не?  Ақыл  ма?  Жүрек  пе?  Қайрат  па?».  Топтағы  өз  жұбында  пікірлермен  бөлісіп,  қойған 
сұраққа  жауап  берулерін  сұрадым.  Бірінші  жұптасып  талқылаудан  кейінгі  жауаптардың 


227 
 
деңгейі әр түрлі болды: толық, жеткілікті деңгейде, толық емес және  бір жұп қана маңызын 
толық қамтыған. Барлық жауаптар тыңдалды және балаларға басқа оқушылардың жауаптарын 
қарастыруды ұсындым. Олардың не қосқылары келетіндерін шешу үшін тағы да жұп болып 
талқылауды  ұсындым.  Екінші  жұптасып  талқылаудан  кейінгі  жауаптардың  деңгейі,  әрине, 
алғашқысымен  салыстырғанда  жоғары  болды.  Оқушылар  тізімге  барлық  қосымша 
жауаптарды  қосқан.  Құрбы-құрдастарының  да  уәждерін  ескере  отырып,  өз  жауаптарын 
толықтырды.  Сондай-ақ,  балалар  сыни  тұрғыда  ойлайтындарын  көрсетті:  «адам  баласы 
ақылды,  қайратты  болуымен  қатар,  сезімтал  да  болуы  тиіс»десе,  екіншілері,  «мейірімділік, 
адамгершілік  ақылды,  қайратты  адамның  белгісі»  деген  жауаптар  болды.  Өздерінің 
жауаптарына негіздеме бере алды.  
Жұптық жұмыс өзіне сенімі аздау балаларға жұмысқа қатысуға септігін тигізді. 
Бұл стратегия балаларға әр түрлі жағдайда пікірталас кезінде, топтық әңгімеде өздерінің 
пікірлерін  жеткізуге  көмектесті.  Кейбір  оқушылардың  айтқандары  мені  таңғалдырады.  Әр 
топқа  бөлініп  берілген  проблемалар,  оларды  шешу  үдерісі  оқушылардың  белсенділігін 
тудырумен  қатар,  уақытпен  есептесу  қажеттігін  ұғындырып,  өзін-өзі  реттеуге  әсер  етті. 
Жекелеген  оқушылар  қазақ  тілінде  жеткізе  алмаған  жерін  орысша    айтып  қалып,    өз  ойын 
жеткізуге  тырысты.  Олар  сөз  арасында  шығарманың  өміршеңдігі  туралы  да  сөз  қозғады. 
Жекелеген оқушылар шығарма авторының идеясымен толықтай келісетінін де жеткізіп жатты 
Әдеттегі  жұптық  талқылаусыз  бақылаумен  салыстырғанда,  жауаптардың  түрлерінде, 
деңгейлерінде  үлкен  айырмашылық  болды.  Бір-бірінің  пікірін,  ойын  толықтыру  арқылы 
оқушыларға  бір-бірін  оқытуға  мүмкіндік  берілді.  Соның  негізінде  балаларға  басқа 
оқушылардың  жауаптарын  тыңдау  өздерінің  ойларын  қалыптастыруына  көмектесті.       
Топтық жұмыс кезінде әр топ берілген тапсырма бойынша сұрақтар құрастырды. «Атыспақ» 
әдісімен оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап алды. 
Сынақтан  өткізуге  арналған  сұрақтар  оқушыларға  анағұрлым  толық  жауап  беруге,өз 
ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-
ақ  «Сіз мысал келтіре  аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында 
оқушыға бағдар беріп отырады(1,41-бет) 
«Мақта қыз бен мысық» ертегісін өткенде алдымен видео ролик көрсетіп, «Бұл не?» деп 
сұрадым. Оқушылар ертегіні білетіндіктерін көрсетіп, мазмұнын қазақша жеткізуге талпынды.  
Оқушылар өз постерлерін қорғаған кезде  «Ол қандай әрекет етті?» немесе  «Содан кейін не 
болды?» деп жетекші сұрақтар арқылы оқушыларға ой салып отырдым.  
Сабақта оқушыларға «Бұл шығарма не туралы?», «Шығарма бізге қандай тәрбие береді?» 
секілді жетекші сұрақтар бере отырып, күн шұғыласы арқылы ассоциация жасауға ой түрткі 
жасадым. Сабақты қорыту мақсатында осы тақырыпта «Иә», «жоқ» деп жауап берілетін блиц-
сұрақтар  дайындадым.  Егер  оқушы  дұрыс  жауап  бере  алмаған  жағдайда  «Шын  мәнінде  де 
солай  ма?»деп  ой  түрткі  жасап  отырдым.  Сабақ  барысында  «Басқаша  қалай  аталады?»  деп 
ойына ой салуға тырыстым 
Оқытуды  диалогтік  тәсілмен  дамытудағы  сұрақтардың  маңызын  қарастыратын 
болсақ,сұрақ қою арқылы мұғалім: 
  Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады; 
  Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды; 
  Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады; 
  Оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі; 
  Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді; 
  Оқушылардың  бір-бірінен  үйренуіне,басқа  оқушылардың  идеяларын  құрметтеуіне 
және бағалауына ықпал етеді; 
  Әңгімелесу  және  ой  елегінен  өткізу  көмегімен  ойын  жинақтауға  көмек  береді,іс-
әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады; 
  Оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды (1, 41-42 бет). 


228 
 
Мағынаны  тануда:оқушыларға  «Қалай  ойлайсың?»,  «Өзің  қалай  істер  едің?»,    деген 
сұрақтар  оқушыларға  білу  және  түсіну  үшін  қойылды.  Бұл  сұрақтарға  жауап  бергенде 
оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алатындықтарын көрсетті. Олар оқылған мәтіннің, әңгіменің 
негізгі ойы мен идеясын ажырата алады. Негізгі мағынаны ашу олар үшін мен ойлағаннан да 
жеңілірек  екенін  байқадым.    Оқушыны  жауабының  негізінде  оны  бағалай  алдым,  себебі 
айтылған, талданған ақпаратты меңгермей, жауап беру мүмкін емес.  
Мұғалімдер  бастапқыда  қоятын  сұрақтар  ғана  емес,  оқушылардың  жауаптарымен 
мұқият  танысқаннан  кейін  туындайтын  сұрақтардың  да  маңызы  зор.  Диалогтік  әңгімеде 
мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары 
маңызды.  Мәселен,  тақырыпты  талдаған  кезде  оқушыларда  өзіндік  ой-пікір  қалыптасады. 
Ойларының тереңдігі мен ұшқырлығына тәнті боласың.  
Мен  оқушыны  өзім  қойған  сұрақтарға  берген  жауаптарының  негізінде  бағалаймын.   
Оқушылар жауап ретінде тірек сызба құрып, соның негізінде анықталған сабақ тақырыбын 
дәптерге  жазып,  сабақтың  мақсат-міндеттерін  атай  алады.  Мәтінмен  жұмыс  жасау  кезінде 
«Қандай  жаңа  ұғымдар  кездесті?»  сұрағы  арқылы  оқушылардың  маңызды  мәселеге  назар 
аударуына бағыт беріп, оқушылар анықтаған жаңа ұғымдармен сөздік жұмыс жүргізу тиімді. 
Оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз 
ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдалану керек. 
Мысалы,  сабақта  кері  байланыс  парағынан  «Нені  түсінбедім?»  бағаны  бойынша  оқушылар 
тарапынан  да  жауаптар  түседі.  Келесі  сабақта  бұл  сұраққа  сынып  оқушылары  бірге  жауап 
береді. Оқушылардың  тақырыпты түсінуіне қол жеткізу  үшін төмен дәрежелі  және жоғары 
дәрежелі  сұрақтарды  да  қолдандым.  Неғұрлым  жоғары  дәрежелі  сұрақтар  қойылғанда, 
оқушылар  ақпаратты  белгілі  бір  жолдармен  қолдануға,  қайта  құруға,  кеңейтуге,  бағалауға 
және талдауға ұмтылады. 
Оқушылардың түсіну дәрежесін бағалау, білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін 
жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет