мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни
адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру
жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-
үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және
даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы
және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте
мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп
табылады.
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім
беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму
мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және
интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті
оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог
мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы
топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала
бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Даму
мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниетанымын кеңейтуді, олардың сезіне білу тәжірибесін
байыта түсуді, балалардың сөйлеу және ақыл – ойының дамуын, танып білу әрекетіне дайын
болуын қамтамасыз етеді. [3].
Даму деңгейі шектеулі балалардың ойлау, сөйлеу, таным, физиологиялық дамуына
математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, география және дене шынықтыру сабақтарында
күнделікті сабақ кестесімен өткізілуі маңызды орын алады. Қазақ тілі сабағында оқушымен
мынадай кеспе түрлерін пайдалана отырып, оқушының өз бетінше жұмыс жасауына ықпал
етемін.
№1 Сөйлемді толықтыр асты сөзылған сөздедің жалғауын анықта.
Сен зияткерлік ойындарды----------. өйткені---------
Біздің мемлекетіміз көп ұлтты, сондықтан--------------
Менің отбасым шағын, бірақ---------
Мен өте бақыттымын, әрі--------
№ 2 Сөз тіркестерін аудар.
Жас жігіт, жас ет, жас дәрігер; ыстық шай, ыстық нан, ыстық тағам; ұзын күн, ұзын
көйлек.
№ 3. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойыңдар.
.. көз, .....нан, ......ет, .........көйлек, ..........сүт, ..............т.амақ, ..............сорпа, ......айран,
............бауырсақ,
Керекті сөздер: жұмсақ, жасыл, ақ, әдемі, жылы, дәмді, сұйық, тәтті,
230
№4 Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.
Ол .........келе жатыр. Журналист ......сөйлеп тұр. .............кітап алып тұрсың. .........нан
әкеле жатырсың. ........ сүт әкел. Мен .......... қалаға көшіп жүрмін. Алдымен .....мектепке
баруым керек.
№5 Сөйлемді дұрыс аудар.
Дети возвращаются из школы. Мы делаем домик из дерева. Моя бабушка едет из аула.
Папа Марата делает кольцо из серебра. Мой брат писатель.Твой дядя – летчик. Их профессия
– повар. Мой родители – инженеры. Я сама – врач.
№ 6. Етістіктің шақтарын анықта.
Жазамын, айтыпотыр, сөйледі, ашады, көшіпжүрміз, ойнады, үйренеді, жазыпжатырсың,
оқыпжатырсыз, істедік, ұйықтады.
№ 7 Етістіктерді аударып жаз.
Мен үйге хат (написал). Сен мынаүйде (живешь). Асылан молоко (принес). Сендер
диктант (пишете). Олмектепке (пришел). Кеше олар (разговаривали). Кешкетеледидар
(смотрели).
№8 Көпнүктенің орнына тиісті сөйлемдерді қой. Асты сызылған сөздердің септігін
анықта.
Тамақ... уақыты мен ішу керек, әрі .....
Киім... жабысқан сағызды үтікпен үтіктеу қажет, себебі,........
Тамақішерде қолыңды сабын........жу, өйткені............
Терезе... бітеу үшін шүберекті сүт кесалып жапсырады, немесе.........
Арықтау үшін тамақты жиі ішу керек, бірақ...............
№8. Берілген сөздердің септігін анықтап, сөйлем құрастыр
Қазақстанның, елімді, халықпен, отбасында, ағамда, туыстар, отбасынан, әпкеме, ата-
ананың, үйімізге.
№ 9. Берілген сөздерге жіктік жалғауын жалғап, сөйлем құрастыр.
«Әкім1, қыз2, ана3, студент2, дәптер2, достар1»
№ 10. Сөйлемді толықтыр.
Сыныпта оның...........Үстелде менің.............. Мына бөлмеде сенің .......... Мынау
сендердің ........ Менің ата- анам.............
№ 11 Сөйлемдерді дұрыс жаз.
Мені (на день рождение) шақырды. Арман (на праздник) келді. (На юбилее) көп қонақтар
болды. (В гости) барғанда сен қандай тағам жедің?
(Праздник школы) жақсыөтті. (На столе) дәмді тағамдар бар.
№12 Көпнүктенің орнына тиісті сөздерді қой.
1.....ата- анаңызбен тұрасыз ба? 2..........ұшақпен ұштың ба? 3 Марат .........әңгімені ..........
айтты. 4........көйлекті .........сатып алдың. 5. .......-колледжде оқимын. 6. Дүкеннен
.............алғанжоқпын. 7. .......тағамдар дәмді екен. 8........сұра, ...........жауап беремін. 9.
.........адамдар пойызбен жүруді ұнатпайды.
№ 13 Қазақ тіліне аудар.
Это мой дом, а тот – его дом. Мы сделаем это сами. Вся молодежь гуляет на улице. Никто
их не видел. Это твое место? Ты это знаешь сам. Возьми это платье, оно тебе идет.
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу
және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық
статусына қарамай, балаларды айыратын барьерлерді жоюға; отбастарын белсенді қатыстыру,
баланың түзетім-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың
емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни,
жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивтік оқытудың базалық құқықтың құжаты дамуында жетіспеушілік бар
балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа
даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының
231
мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді
қолдау» заңы болып отыр.[2].
Ақыл және дене дамуының кемшілігінің байқалу дәрежесіне байланысты әр балаға өз
екпінінде даму құқығы берілуі керек. Ерекше қажеттіліктегі балалар жалпы білім
мектептерінің бағдарламасын толық немесе толық емес ауқымды алулары керек. Жалпы білім
беретін мектептер мүмкіндіктері шектелген балалар үшін «өмірлік орнын толтырудың» тәрбие
институты болуы керек. Оны оқуға, жазуға, есепке, еңбектенуге оқыта отырып, бірлестік
қарым-қатынасын, мәдени тәртіп ережелерін үйренуін, әртүрлі әрекетте икемдерін
қалыптастыру маңызды болып табылады.Баламен және оның ата-аналарымен бірлестік, білім
алу орталарын ұйымдастыруда психологиялық жайлылыққа жағдай жасау инклюзивтік
оқытудың ең басты шарты. Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім мазмұны
дидактикалық талаптардан белгілі бостандық алулары, яғни, оқыту дифференциональды,
балаға түсінікті, психологиялық-педагогикалық құралдар қолданылған және баланың жеке
дамуының әлеуметтік-мәдениетін ерте дамытатын болуы керек.
Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына
және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы
дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім
дағдысын тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды
оқытатын мұғалімдердің алдына үш түрлі міндет қойылады:
1. Баланың мектепке дайындығын анықтау
2. Тәрбиесіндегі кемістігін жою.
3. Сабақты жүйелі жоспарлау.
Дәстүрлі мектептерде болашақ (перспективалық) жоспар (оқу жылына) және күнтізбелік
жоспарлармен қатар ата-аналармен әдістемелік жұмыс жасау жоспары кездеседі.
Сыпыптағытәрбиежұмысыныңжоспары
№
Тәрбие жұмысының
мақсат-міндеттері
Негізгі
шаралар
Өткізу
мерзімі
Жауап
беруші
Орындау
белгісі
Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын
олардың қабілеті бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындық байқау керек. Белгілі
психологтар Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, Р.С.Немов зерттеулері бойынша баланы жүйелі
оқыту үшін психологиялық дайындығына ерекше назар аудару керек дегенді атап айтады.
Қазір мектептерде коррекциялық сабақтар жүргізіле бастады. Коррекция дегеннің өзі «түзету»
деген мағына береді. Бұның басты мақсаты – бала бойындағы, тәртібіндегі кемшіліктерді
түзету. Ол баланың өзіне 1) сенім; 2) көз жеткізу; 3) кеңес беру; 4) психоанализ; 5)
логотерапия; 6) аутотренинг сияқты методикаларды қабылдау арқылы жүзеге асырады.
Ерекше қабілеті бар балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін
анықтайтын тесттер арқылы ойынның, қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек.
Ол үшін «Дөңгелек қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көруәдісі», «Естуәдісі» тәрізді тесттерді
қолданып, баланың шама-шарқын анықтап біледі.
Қазақ халқы санамақ, жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы баланың сөйлеуге деген ынтасын
ашып, қабілетін арттырып отырған. Баланың байланыстырып сөйлеуіне жануарлар, олардың
төлдері туралы өлең, тақпақ ертегілерді көп қолданған.
Жоғарыда айтылған ойларымды қорыта келе,инклюзивті білім беру жүйесін қолдаймын.
Себебі, мүмкіндігі шектеулі балаларда дене кемсітігіне немесе ақыл-ойының баяу дамуына
қарамастан,оларда қандай да бір өнерге деген табиғи дарындылық, бейімділік болатыны заңды
құбылыс. Сондықтан да инклюзивті оқыту арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде
байқауға, ақыл-ойын дамыта отырып, дарындылығын ұштауға болады. Бұндай мүмкіндікке
қол жеткізе білсек, бала болашағына жол ашқанымыз деп білемін.
Әр оқушым ен жеке жұмыстану осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын,
мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық-педагогикалық
232
орталықтарды көптеп ашса, ерекше қабілеті бар балаларды зор қуанышқа бөлер еді. Бүгінде
денсаулықты нығайту және мүгедектікке әкеп соғатын патологияларды азайту мәселесінде, ең
алдымен балалардың бойындағы ауытқушылықтарды, олардың сәби кезінде уақтылы анықтау
бойынша жұмыс күшейтілді. “Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі”деп тегін
айтылмаған ғой, осы өзгерістер арқылы – мүгедек балалардың ата-аналары
балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз баласы ешкімнен кем
еместігін, қоғам бұған бей-жай қарамайтынын түсінеді. Бала-адамның бауыр еті, бала десе
еміренбейтін жүрек, сыздамайтын балтыр бар ма? Қай ата-ана өз баласының өзгелерден оқшау
оқып, білім алғанын қалар дейсің...
Достарыңызбен бөлісу: |