Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет90/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.  2007 ж. 
2.  Еркебаева Г.Ғ.  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  білім беру  жүйесінің міндеттеру, 
бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 
2011. – Б.6-9. 
3.  Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006. 
4.  Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989. 
5.  Халықова 
К.З., 
Абдулкәрімова 
Г.А. 
Педагогикалық 
информатика 
/білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007. 
 
 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ  ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНЕ  БАЙЛАНЫСТЫ  
БІЛІМ МАЗМҰНЫН БЕЙІМДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Жакупова Гулзейне Алимжановна, 
Қандыағаш  қалалық №4  жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі 
 
«Еліміздің болашақта қандай болатыны болашағымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені 
сіңіретінімізге тікелей байланысты» -деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бала тәрбиесі 
қоғам  дамуының  қандай  сатысы  болмасын  мәнін  жоймайтын,  әрдайым  ізденіс  пен 
жауапкершілікті  қажетсінетін  мәңгілік  мәселе.Қазіргі  кезеңде  еліміздегі  мүмкіншілігі 
шектеулі  балалар  санының  көбеюі,  денсаулық  сақтау,білім  және  әлеуметтік  қорғау 
салаларының  осы  мәселеге  көңіл  бөлуін  талап  етіп  отыр.Жыл  санап  мүмкіншілігі  шектеулі 
балалар деген қоғамның көзқарасы өзгеріп,оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет 
бұрды.  ҚР-дағы  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларға  арнайы  білім  берудің  өзіндік  тарихы  бар. 
Тарихи  деректер  біздің  елімізде  арнайы  білім  беру  жүйесі  қалыптасып,  дамуын  нақты 
көрсеткіштермен  сипаттайды.  Қазіргі  арнайы  білім  берудің  дамуы  ерекше  белгілер  мен 
тенденциясының анықталуын, әртүрлі уақыт кезеңдерінің карама-кайшы жақтарын аныктау 
және  дамуында  ауыткуы  бар  балаларға  дәстүрлі  емес  формада  көмек  көрсету,  қоғамдық 
тәрбиелеуге  сәйкес  құруды  қамтиды.  ҚР-да  арнайы  білім  берудің  теориясы  мен 
практикасының  дамуы  аныкталған  тарихи  кезенде  көрініс  тапты.  Қазақ  халқының 
педагогикалық-психологиялық  ой-пікірлері  туралы  зерттеулері  мен  көзқарастары  тарихтың 
XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың  басында  жиі  кездеседі.  Ы.Алтынсарин,  Абай 
Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Көбеев, А.Байтұрсынов және т.б. болды. Осы біртуар жандар 


142 
 
педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, тәлім-тәрбиелік 
ғылымның ұлттық терминінің калыптасуына бағасыз үлес қосқан. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  білім  беру  қызметтерін  Қазақстан 
Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында белгіленген тәртіппен 
арнаулы 
ұйымдар 
психологиялық 
педагогикалық 
түзеу 
кабинеттері 
қызмет 
көрсетеді Мұғалім-дефектолог  –  бұл  өзінің  кәсіби  еңбек  ету  әрекетіндегі  атқарған 
жұмыстарының  қорытындысын  шығара  білетін,  мейірімді,  бастамшыл,  шығармашылық 
қабілетке бай, жауапкершілігі мол тұлға. Олар үшін қазіргі әлемдегі адамның ролі, адамның 
құндылығы  мен  қажеттілігі,  соның  ішінде  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаның  өмір  сүру  әрекеті 
маңызды. Мұғалім-дефектологтың кәсіби көзқарасы ерекше білімді қажет ететін тұлғалардың 
орны  мен  олардың  қоғамдағы  ролін  белгілеуге  бағытталады.  Маман  иесінің  оптимистік 
көзқарасы  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  қоғамдағы  белсенділігін  айрықшалауда  нақты 
байқалады.  Мұғалім-дефектологтың  кәсіби-тәжірибесі  түрлі  ұжымдағы  оқушылар, 
тәрбиеленушілер,  олардың  ата-аналары,  студенттер,  жастар  тобы,  конфессионалдық  және 
қоғамдық  ұйымдардағы  кәсіби  біліктілікпен  ұйымдастырылған  әрекетті  қамтамасыз 
етеді.Мұғалім-дефектологтың  кәсіби,  іскерлік  құзіреттілігін  айқындаушы  қызмет  түрлері 
мыналар: дамудағы кемшілікті алдын алу жұмыстары, педагогикалық диагностика мен кеңес 
беру, арнайы педагогикалық ағарту жұмыстары, психологиялық және психотерапиялық көмек 
көрсету жұмыстарына қатысу, білім беру және әлеуметтік-педагогикалық әрекет, жоғары оқу 
орнында немесе орта арнаулы педагогикалық білім беру мекемелерінде қызмет ету, арнайы 
педагогика  ғылымының  шеңберінде  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру  болып 
табылады.  Мұғалім-дефектолог  өзінің  міндетті  қызмет  түрімен  шектелмейді,  себебі  оның 
кәсіби әрекеті әлеуметтік қайырымдылық акцияларын ұйымдастырудың инициаторы болуды, 
мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  құқығы  мен  өмірін  қорғауды  қажет  етеді.  Мұғалім-
дефектолог өмір бойы оқумен, үйренумен шыңдалады. Тәжірибе барысында кәсіби шыңдалу 
әрекетін  ұйымдастыру  кезінде  өзінің  әріптестерімен,  ата-аналармен,  ұжым  мүшелерімен 
өзінің  жеке  кәсіптік  тәжірибесі  туралы  бөлісіп,  өзінің  шығармашылық  қабілеті  мен  кәсіби 
мүмкіндіктерін  арттырып  отырады.  Мұғалім-дефектологтың  кәсіби  әрекеті  адамның 
денсаулығы  мен  жалпы  жағдайына  тікелей  жағымсыз  әсер  ететін  жақтарын  да  анықтайды. 
Соған  байланысты  мамандық  таңдауда  денсаулығында  қандай  да  бір  жағымсыз  жағдайлар 
болса,  яғни  жүрек-қан  тамырлары  жүйесіндегі  түрлі  аурулар,  есту,  көру,  сөйлеу 
органдарындағы кемшіліктер, иммундық жүйедегі аурулар адамның кәсіби әркетін шыңдауға 
кедергі  болатыны  анықталған.  Арнаулы  мамандар,  соның  ішінде  логопедтер  анық,  таза, 
мәнерлі сөйлеулері тиіс. Мұғалім-дефектолог үшін ең қажетті кәсіби мінездер – мейірімділік, 
жауапкершілік,  оптимизм,  шыдамдылық,  эмпатия,  шапшаңдық,  өзінің  жұмысына  деген 
қызығушылықтың  жоғарылығы,  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  өмір  сүруге 
деген қызығушылықтарын  арттыра  білу,  оқушылар  мен  тәрбиеленушілерге  жылы  жүрегін 
ұсына білу, кәсіби шындықты қалайтын сыйластық қажет. 
Данышпан  А.Құнанбаев  айтқандай,  «Адам  мінезін  түзетуге  болмайды  дегеннің  тілін 
кесер  едім»,  дегендей  бала  тәрбиесіне  атүсті  қарамауға  шақырады.Сондықтан  әр  оқушыны 
жеке тұлға етіп қалыптастыру біздің басты міндетіміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет