12
кеРуеН САРАй
Сенбі, 27 ақпан 2016 жыл
oral_oniri@inbox.ru
«Тәуелсіздік – туым менің ұстаған»
Ә
деби-поэзиялық кештің шы-
мылдығы ақынның «Орда»
өлеңімен ашылды. Одан әр-
мен жастарға ақынның түрлі жылдар
да жарық көрген «Маңдай», «Аман
бол, атамекенім», «Нарынның нар ұл-
дары», «Ай-арудың алқасы» атты кі
таптары таныстырылып, өлеңдері
оқылды. Өз кезегінде сөз алған ақын
кештің ұйымдастырушылары мен
оқырмандарына алғыс білдірді. Со-
нымен қатар соңғы кезде жазылған
жаңа өлеңдерін оқып, оқырмандар-
Батысқазақстандық
спортшылар Теміртау
қаласында ересектер мен
жастар арасында жабық
ғимаратта садақ атудан
өткен ел чемпионатынан
табысты оралды.
БҚО дене шынықтыру және
спорт басқармасынан түскен мә-
ліметке қарағанда, республика
өңірлерінен 164 спортшы қатыс-
қан жарыста батысқазақстандық
Артем Костин М-4 (18+18 метр)
жаттығуынан күміс жүлдені иелен
ді. Ал осы жаттығудан командалық
сында құрамында Владимир Кари
мов, Артем Костин, Роман Смир
нов, Манас Қуанышқалиев бар БҚО
жастар құрамасы чемпион атанды.
Сол секілді М-3 (25+25 метр)
жаттығуынан Анастасия Баннова
бірінші, Константин Солодовни
ков пен А. Костин үшінші орынды
еншіледі. Олимпиадалық айналым
жаттығуында жастар арасында
А. Костин жеңіс тұғырына көтеріл-
се, Артур Нұрмаханбет қола жүл-
дені қанағат тұтты.
Ересектер арасында команда-
лық сында батысқазақстандықтар
(Игорь Ковалев, Сағадат Нұғман,
Ғалимат Қуанышқали, Артур Нұр-
маханбет) және М-3 жаттығуынан
(25+25 метр) жастар арасындағы
командалық сында В. Каримов,
А. Костин, Р. Смирнов, М. Қуаныш-
қалиев екінші орынды иеленді.
Садақ атудың басқа түрлерінен де
батысқазақстандықтар
жүлдеге
ілікті.
Ғалым аян
Садақшылар
табыспен оралды
Бөрлі ауданындағы Приурал мек-
теп-балабақша кешенінде қазақ тілі
мен әдебиетінің пән апталығы өтті.
Апталықтың соңында мектебімізде ақын
Дариға Нұрашевамен «Оңтүстіктің нұр
шуағын Батысқа төккен ақын қыз» атты
шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.
Бұл кешті ұйымдастыруға ақынның былтыр
жарық көрген «Ақ қайың» өлеңдер жинағы себеп
болған еді. Осы жүздесу барысында оқушылар
Дариға ақынның өлең-жырымен жақынырақ та
нысты. Ақынның балалық шағынан, студенттік
кезінен сыр шерткен естелік әңгімелері үлкен-
кішіге әдемі әсер сыйлады. Ақын өзінің жайда-
ры мінезімен, әсерлі әңгімелерімен, көрермен-
дерді баурап алды. Жас мұғалімдер Мейрам Бай-
нияз бен Данияр Қаженов ақынның өлеңдерін
оқыды. Көрермендер ақынның қолтаңбасын
алып, естелікке суретке түсті.
м. ҚаБЫшеВа,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Приурал мектеп-балабақша кешені,
Бөрлі ауданы
Дариға ақынмен
сырласу
Осы аптаның бейсенбісінде Қадыр
Мырза Әлі атындағы өнер және мәдениет
орталығында ақын, Төлеген Айбергенов
атындағы сыйлықтың лауреаты,
Қазақстан Жазушылар және Журна-
листер одақтарының мүшесі Ғайсағали
Сейтақтың шығармашылығына арналған
«Тәуелсіздік – туым менің ұстаған» атты
әдеби-сазды жыр кеші өтті.
Жаппай тексеріске
жол жоқ
Жақында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті БҚО бойынша басқармасында жеке
кәсіпкерлердің құқығын қорғау және бақылаушы
мекемелер тарапынан заңсыз тексеріс тағайындап,
өткізу фактілері бойынша жиын өтті.
Жиынды аталмыш басқарма басшысының орынбасары
Асқар Капулов жүргізіп отырды. Күні бүгін барлық мемле-
кеттік құрылымдар актілерді электронды тіркеуге көшкен.
Нәтижесінде осы үрдістің кәсіпкерлер үшін ашықтығы
қамтамасыз етілді. Бірнеше жыл бұрын жасақталған «Биз-
нес тірегі» сервисі арқылы кәсіпкерлер өздеріне қажетті
барлық мағлұматты алуда. Тағы бір айта кетерлік жайт –
2015 жылдан бастап жоспарлы тексерістерден бас тарты
лып, олардың орнын тек әлеуетті бұзушыларға қатысты
және тәуекелдерді бағалау негізіндегі тексерістер басты.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті өз
кезегінде тексеріс субъектілер мен объектілерінің бірың-
ғай тізілімін (ТСОБТ) жасақтады.
Басқосу барысында қадағалаушы мемлекеттік құры-
лымдардың өкілдері түсінік берді.
Тоқтар ҒаБДІрешұлЫ
дың қойған сауалдарына жауап бер-
ді. Ақынның кітап көрмесі мен «Түр-
ленбеген тағдырыма тәнтімін» атты
мультимедиалық-библиографиялық
бейнекөрсетілім кештің ажарын ай-
шықтай түсті.
- Айналайын жастар! Осындай кеш-
тер сендердің танымдарың кеңейсін
деп ұйымдастырылып отыр. Нарында
туған үлкен ағаларыңның өзі де, сөзі
де салмақты. Туған жерінің құмын
сүйіп өскен, анасын сағынған ақын-
ның шығармашылығымен тереңірек
танысып алыңдар. Тәуелсіздігімізге
биыл 25 жыл толса, Желтоқсан оқи-
ғасына 30 жыл. Арқаны кеңге салып,
осындай отырыстарда жиналуымыз
үшін осыдан 30 жыл бұрын өздерің-
дей ұл-қыздар қақаған аязда итке та-
ланып, қорлық көрді. Сондықтан қол-
да бар қасиетті бағалай біліңдер, оқу-
дан жалықпай, әрдайым ізденумен
болыңдар, - деді айтулы ақын, «Алаш»
халықаралық әдеби сыйлығының ие
гері Ақұштап Бақтыгереева.
Қала әкімінің орынбасары Марс
Сатыбалдиев ақынды шығармашылық
кешінің өтуімен құттықтап, қалалық
әкімдік атынан естелік сыйлық табыс
етті. Ақын «Өнерсіз халық жоқ, өлеңсіз
өмір тұл!» деген өлеңін оқыған соң
шығармашылық кеш шымылдығын
жапты.
айымгүл ТӨлеУҒалИ,
«Орал өңірі»