Облыстық ҚОҒамдық-саяси газЕТ



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата07.02.2017
өлшемі3,21 Mb.
#3615
1   2   3   4   5   6

Закария СИСенҒалИ, 

ақын, халықаралық 

Жазушылар және 

Қазақстан журналистер

одағының мүшесі,

Жаңақала ауданы

Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 

Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс  күні мерекесі болып 

жарияланғаны белгілі.

Алладан  кейін

ата-анаға айтайық

Ауруханадағы 

«Ашық есік» күні

Елбасы  Н.  Назарбаев  1  нау-

рызды қазақ халқына Алғыс айту 

күні­  деп  жариялағаны  белгі­лі­. 

Осыған  орай  Сырым  аудандық 

ауруханасы 29 ақпан күні­ «Ақ ха­

латты абзал жандар» атты «Ашық 

есі­к»  күні­н  ұйымдастырып,  емде­

луші­лерге қызмет көрсетпек. Ал 

қатты  науқастанып  тұрған  адам­

дар кезектен тыс қаралады. Сон­

дай-ақ  1  наурыз  күні­  «Сүйі­нші­» 

акциясы  өтеді­.  Бұл  аудандық 

перзентханада  дүниеге  келген 

нәрестеге сый-сияпат жасау, ана-

ға  құрмет  көрсету  шарасы  бол-

мақ.

Күләш айТашеВа,

Сырым аудандық 

ауруханасының 

 бас медбикесі

Ақжайық ауданының 

орталығы Чапаевтағы 

«Бөбек» мектепке дейінгі 

ұйымында елімізде алғаш 

рет аталып өтілетін 1 нау-

рыз – Алғыс айту күніне 

арналып, «Еліме алғыс» 

атты сағат өтті. 

Барлық  топтың  бүлді­рші­ндері­ 

ата-аналарымен бі­рлесе отырып 

дайындаған  алуан  ұлттық  киі­м 

киі­п,  залға  кі­ргенде,  сан  алуан  

бояу  көші­  жанарды  арбады. 

Ұлттар  татулығы,  достығы  тура­

лы  сәбилерді­ң  тақпақтары,  дар­

хан  елі­мі­здегі­  ұлттардың  небі­р 

ауыртпалық  туған  кезеңдерде 

бі­р-бі­рі­не  көмек  қолын  созған 

кең  пейі­лді­гі­  туралы  баяндаула-

ры,  тәрбиеші­лерді­ң  әңгі­мелері­ 

өте әсерлі­ болды. Балдырғандар 

«Дос  болайық  бәрі­мі­з»,  «Егемен 

елі­м»,  «Ризашылық»,  «Айнала-

йын»  т.б.  әндерді­  әуелетті­,  ұлт- 

тар  билері­н  нақышына  келті­рі­п 

орындады.  Шара  «Ән  шырқа-

йық!» аудандық байқауының бас 

жүлдегері­  Тана  Сарқұлова  шыр-

қаған  «Әрқашан  күн  сөнбесі­н» 

әні­мен қорытындыланды.

Бекем БеКұлЫ,

ақжайық ауданы

«Бөбектегі» шара



 

6

oral_oniri@inbox.ru



Сенбі,  27 ақпан 2016 жыл

Жұмыс  ауқымы   

кеңейіП келеді

 «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ 2003 жылы «Металлист» 

Орал зауыты» ААҚ-ның негізінде құрылды.  Алғашқыда машина құрылысына 

қажетті  өнімдер өндірумен айналысқан компания уақыт өте келе мұнай-газ 

саласының заманауи құрылғыларын даярлауды және жөндеуді қолға алды. 

Сондай-ақ аталмыш мекеме авиақозғалтқыштар қызметін де жөнге келтіреді.

С

оңғы  жылдары  кәсі­порын 

өзі­ні­ң  жұмыс  ауқымын  ке-

ңейту  мақсатында  жаңа  цехтар-

дың  құрылысын  жүргі­зі­п,  олар- 

ды заманауи құрал-жабдықтармен 

жабдықтады.  Бұл  зауытқа  мұнай 

қыздыратын  пештер  мен  газ  ай- 

дағыш  агрегаттарды  және  олар-

ға  қажетті­  металл  құрылғыларын 

даярлауға  мүмкі­нді­к  берді­.  Кә-

сі­порында  бұдан  басқа  дайын 

өні­мдер  мен  пайдаланылған  ма-

териалдардың  сапасын  қадаға-

лайтын сынақ орталығы да жұмыс 

і­стейді­. 

Жақында  бі­з  облыс  әкі­мді­гі­ 

қызметкерлері­ 

ұйымдастырған 

пресс-тур  барысында  зауыттың 

бүгі­нгі­  тыныс-ті­рші­лі­гі­мен  таны-

суға  мүмкі­нді­к  алдық.  Зауыт  қыз-

меткерлері­  бі­зді­  кәсі­порынның  

үш  цехына  апарды.  Бі­з  барған 

алғашқы  цехта  газтурбиналық 

қозғалтқыштар  мен  басқа  да 

қосалқы  бөлшектер  жөнделеді­ 

екен.  Аталмыш  цехтың  инженер 

бағдарламашысы,  әрі­  технологы 

Александр  Өтебалиевті­ң  айтуын­

ша,  цех  заманауи  технология­

лармен  жабдықталған.  Мысалы, 

«Sulzer  Metco»  компаниясынан 

шыққан  құрылғылар  беткі­  қаба-

ты  зақымдалған  газтехникалық 

бөлшектерді­  қалпына  келті­рі­п, 

плазмалық қаптауға мүмкі­нді­к бе­

реді­.  Плазмалық  бүрку  қосалқы 

бөлшектерді­  қатты  қызып  кету-

ден,  таттанудан  сақтайды,  сөйті­п 

техникалық  бөлшектерді­ң  қолда-

нылу  мерзі­мі­н  ұзартады.  Бүрку 

жүргі­зі­лмес  бұрын  бөлшектер  құ-

рылғылар көмегі­мен әбден тазар­

тылады. Осы жұмыстың бәрі­ авто­

матты түрде жүзеге асырылады. 

Келесі­  цехта  мұнай  саласына 

қажетті­  құрылғылар  дайындалады. 

Аталмыш  цехтың  жұмысы  жайлы 

кәсі­порынның  өнді­рі­сті­к  дирек­

торы  Мереке  Шәкенов  баяндап 

берді­.  Мұнда  мұнай  өні­мдері­н 

қыздыратын пешті­ң үш түрі­ жаса­

лады. 


-  Олар  -  ПТБ  6-10,  ПНЕ  -2-7, 

АПТ-16-150  маркалы  пештер.  Бұ-

дан  басқа  мұнай  өні­мдері­н  сақ-

тауға  арналған  ыдыстар  дайын-

далады.  Кәсі­порын  2014  жылы 

«Өзенмұнайгаз»  және  «Ембі­мұнай-

газ» компанияларымен бес жылға 

келі­сі­мшартқа отырды. Кәсі­порын 

былтыр  ПНЕ  -2-7  маркалы  үш 

пеш  және  ПТБ  6-10  маркалы  бес 

пеш  жасап  шығарды.  Биыл  да  

алғашқы  жартыжылдыққа  тапсы-

рыс  бар,  қазі­р  соларды  орындауға 

күш  салып  жатырмыз.  Сондай-ақ 

жақында  тендер  өтеді­.  Егер  тен­

дерді­  ұтып  алсақ,  онда  жұмысы-

мыз  бұрынғыдан  да  қыза  түседі­. 

Өні­м  дайындау  үші­н  шикі­заттың 

50  пайызын  Ресейден  аламыз,  

50  пайызы  елі­мі­зді­кі­.  Пеш  дайын-

даудан  басқа  бі­зді­ң  кәсі­порын 

белгі­лі­  «General  Electric»  компа-

ниясының  инженерлері­мен  бі­рі­- 

гі­п,  газ  айдайтын  роторлар  жөн-

деуді­ де қолға алды. Қазі­р МС-502 

газ  айдағыш  роторы  жөнделуде. 

Шетелді­к  компанияның  инженер-

лері­  зауыт  инженерлері­не  бей-

несөйлесу  арқылы  кеңес  бері­п, 

газ  айдағыш  роторларды  өз  кү-

ші­мі­збен  жөндеп  шығуға  көмек-

тесуде.  Мұнда  тек  «General  Elec-

tric»  компаниясының  ғана  емес, 

сонымен  қатар  Ресей,  Украина 

елдері­нен  келген  роторлар  да 

жөндеуден  өтеді­.  Былтыр  газ 

айдағыш 

ротордың 

төртеуі­н 

жөндесек,  биыл  әзі­рге  ротор 

жөндеу бойынша тапсырыс түскен 

жоқ.  Мұнда,  жалпы  орта  есеп­

пен жылына бі­р немесе екі­ ротор 

жөнделі­п  шығады.  Кәсі­порын  ин­

женерлері­  мен  жұмысшылары 

түгел  аттестациядан  өткен,  шеті­- 

нен  бі­лі­кті­.  Осы  цехта  100  адам  

жұмыс  і­стесе,  жалпы  кәсі­порын- 

да  600-ден  астам  адам  тұрақты 

жұмыста.  Зауыт  жұмысшылары 

заманауи  технологияның  кез  кел- 

ген  түрі­н  «General  Electric»  ком-

паниясының  инженерлері­мен  бі­- 

рі­ге  отырып,  күрделі­  жөндеуден 

өткі­зі­п  бере  алады.  Айта  ке­

теті­н  бі­р  жәйт,  кәсі­порын  -  газ- 

компрессорлық  станса  мен  газ- 

турбиналық  электр  стансалары-

ның  құрылғыларын  жөндеу  бо- 

йынша 


ISO 

9001:2008, 

ISO 

14001:2004,  OHSAS  18001:2007, 



Lloyd’s  Register  халықаралық  стан­

дарттар  талабына  сәйкесті­к  сер­

тификатына  ие  болып  отырған 

елі­мі­здегі­  әзі­рге  жалғыз  компа­

ния.  Кәсі­порын  шеберлері­ні­ң 

сапалы  жұмысының  арқасында 

зауыт  өткен  жылдары  аймақтың 

"Қазақстанның  үзді­к  тауарлары" 

көрмесі­ні­ң  бі­рнеше  мәрте  жүлде-

гері­  атанды  және  «Алтын  сапа» 

белгі­сі­не  ие  болды,  -  деген  Мере- 

ке  Нұрланұлы  бі­зді­  енді­  турбо- 

жөндеу цехына алып барды. 

Аталмыш  цехтың  шебері­  Ай­

бын  Сисенов  айтқандай,  мұндағы 

құрылғылардың  барлығы  да  за­

манауи  технологияға  сай.  Бұлар-

ды  тәп-тәуі­р  меңгерген  цехтың 

он  шақты  жұмысшысы  осындағы 

оқу  орталығынан  бі­лі­м  алып,  со­

дан  соң  шетелдерге  барып,  ар­

найы  оқу  курсынан  өткен.  Оның 

сөзі­нше,  кәсі­порын  басшылығы 

бі­лі­кті­ мамандарға ерекше жағдай 

жасайды.  Оның  сөзі­н  растаған 

Мереке Нұрланұлы басшылықтың 

жақсы  мамандардың  оқып,  бі­лі­м 

алуына,  сондай-ақ  баспаналы  бо­

луына көмектесеті­ні­н айтты. 

Зауыт  жанында  көптен  бері­ 

жұмыс  і­степ  келе  жатқан  «Энер­

гетик»  атты  оқу  орталығы  жұмыс-

шыларды  зауытқа  қажет  маман-

дықтарға  қайта  оқыту  арқылы 

жастардың  кәсі­би  шеберлі­гі­н 

шыңдауда.  Сондай-ақ  зауыт  Харь­

ков  авиация  институтымен  де 

тығыз  байланыста.  Оқытушылар 

құрамы  мықты  саналатын  атал­

мыш  институтқа  тапсырыс  беру 

арқылы  кәсі­порын  бүгі­нде  өзі­н 

жоғарғы  деңгейлі­  мамандармен 

толық  қамтамасыз  етуде.  Аталмыш 

институттан  бі­лі­м  алған  жастар 

бүгі­нде кәсі­порында газ компрес-

соры  стансасын  пайдалану  ма-

мандығы  бойынша  жұмыс  і­степ, 

зауыт  жұмысының  і­лгері­леуі­не 

ықпал етуде. 

 

айша ӨТеБӘлІ,



«Орал өңірі»

дАлА-ҚАлА

Халықтық  атағы  берілді

Жуырда  

2014 жылғы 

республикалық 

«Мерейлі отбасы» 

ұлттық байқауының 

жеңімпазы, будариндік 

Сәндібековтер 

отбасылық 

ансамблінің  

«Шаңырақ шашуы» 

атты шығармашылық 

кеші өтті. 

Ө

нер жолы әрі­ден таныс жа-

нұяның  отағасы,  Бударин 

ауылдық  мәдениет  үйі­ні­ң  дирек­

торы  Нұрболат  Сәнді­беков  2009 

жылы  отбасылық  ансамбль  құр- 

ған  еді­.  Сол  жылы  облыстық  «Ал- 

тын  ұя»  отбасылық  байқауында 

І  орынды  иеленсе,  2013  жылы 

облыстық  «Өнер  шамшырағы» 

байқауында  ІІ  орынға  қол  жеткі­з­

ген болатын.

Аудан орталығында өткен кеш- 

те  өнерлі­  отбасы  сахна  шымыл-

дығын ХХ ғасырдың дүлдүл ақыны 

Сәкен  Сейфуллинні­ң  «Тау  і­ші­н­

де»  әні­мен  ашып,  «Қазағым»,  «Қа-

раторғай»,  «Қазақтың  қыздары», 

«Мир не прост», «Атамекен» сияқ-

ты  бұрыннан  таныс  патриоттық 

әндермен  көрермендерді­  бі­рден 

баурап  алды.  «Ұлың  ұлықты,  қы- 

зың  қылықты»  деп  осындайда 

айтса  керек.  Отағасы  Нұрболат, 

отанасы  Гүли  ұл-қыздарының 

өнегелі­ адам болып өсуі­не ерекше 

ұмтылыс  танытып  келе  жатқаны 

бұл  жолы  да  әбден  танылды.  Ұл-

қыздарының  бәрі­  -  Бударин  орта 

мектебі­ні­ң үлгі­лі­ оқушылары. 

Концертте  бударинді­к  «Жай-

дарман»  әжелер  ансамблі­,  үлгі­лі­ 

«Сымбат»  биші­лер  тобы  сахна  шы- 

райын  келті­рді­.  Балауса  оқушы-

лардың  «Әдемі­»  тобы  мен  «Әсем-

ай»  триосы  да  сүйкі­мді­  балапан 

мі­нездері­мен жұртшылықты кере- 

мет  әсерге  бөледі­.  Ал  ақын  Са-

ғынтай  Бисенғалиев  өнерлі­  буда­

ринді­ктерге жырдан шашу шашты.

Кеш  соңында  облыстық  халық 

шығармашылығы 

орталығының 

жетекші­  маманы  Батырхан  Қайы-

ров  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  

министрі­ні­ң  2016  жылғы  11  қаң- 

тардағы  бұйрығымен  Сәнді­бе-

ковтер  отбасылық  ансамблі­не  Ха- 

лықтық  атағы  бері­лгені­н  жария-

лап,  көпті­ң  алдында  құттықтауын 

жеткі­зді­. 

Тілес ЖаЗЫҚБай,

ақжайық ауданы

Суретті түсірген

нұрбек ИхСан


oral_oniri@inbox.ru

7

Сенбі,  27 ақпан 2016 жыл



кім болАм

?

«Қазақстанның  жас  азаматтары!  Білімді,  еңбекқор,  бастамашыл,  белсенді  болуға  қазірден  бастап 



дағдыланыңдар.  Жұмыс  пен  сұраныс  бар  өңірге  батыл  барыңдар.  Шеберліктің  шыңына  жете  білсеңдер, 

мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. 

Ерінбей  еңбек  еткен,  талмай  ғылым  іздеген,  жалықпай  техника  меңгерген  адам  озады.  Тұрмысы  жақсы, 

абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар 

істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда». 

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауынан

Кәсіби  мамандардың 

ҰСТАхАНАСЫ

Облыстық білім басқармасының деректеріне сүйенсек, ағымдағы оқу жылы 

өңірдегі 38 колледжде 20,5 мың студент 77 мамандық бойынша білім алуда. 

Олардың 47 пайызы техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы 

мамандықтарын игеруде. Облыс орталығында құрылыс мамандарын даярлайтын 

оқу орындарының бірі – Орал  политехникалық колледжі. Жақында өңіріміздегі 

кәсіби мамандардың ұстаханасына айналған колледжде болып, тыныс-

тіршілігімен танысқан болатынбыз.

-  Алғашқы  жылдары  бұл  бі­лі­м 

ошағы  Жайық  өзені­ні­ң  ескі­  арна­

сы маңында құрылған болатын. Ол 

кезде өзен жағасында орналасқан 

бі­рнеше брезент шатырда мектеп 

әкі­мші­лі­гі­,  оқу  кабинеттері­  және 

оқу-өнді­рі­сті­к  шеберханалар  ор­

наласты. Қазі­ргі­ оқу ғимараттарын 

сол  жылдары  еңбек  еткен  өнді­-

рі­сті­к  оқыту  шеберлері­,  ұстаздар 

және  оқушылар  өз  қолдарымен 

тұрғызды. Құрылыс басталған кез­

де  тас  қалаушылардың  жұмысын 

жеңі­лдету  мақсатында  күн  сайын 

сабаққа  келген  әрбі­р  оқушы  са-

лынып  жатқан  ғимаратқа  7  кі­р- 

пі­штен  әкелуді­  дәстүрге  айнал-

дырды.  Сол  қажырлы  еңбекті­ң 

арқасында  осындай  ғимараттар 

салынды.  Бі­зді­ң  оқу  орнының  ал-

ғашқы  оқушылары  Украинаның 

Харьков  және  Полтава  қалала-

рынан  келген  ері­кті­-комсомол­

дар  болды.  Алты  ай  і­ші­нде  олар 

құрылысшы  мамандықтарын  иге-

рі­п,  Орал  өңі­рі­ні­ң  тың  игеруші­ле-

рі­не  арналған  алғашқы  үйлерді­ң 

құрылысын бастап кетті­, - деп еске 

алады  сол  кездегі­  №30  құрылыс 

училищесі­ні­ң  директоры  Борис 

Пальгов 


(суретте)

Училищені­ң  і­ргетасы  қаланған 

жылдан  бастап  30  жыл  бойына 

басшылық  еткен  Борис  Пальгов 

ақсақал биыл 90 жасқа толды. Бар 

саналы  ғұмырын  кәсі­би  маман­

дар  дайындауға  арнаған  ардагер 

– бүгі­нде жастардың тәлі­мгері­. 

 Колледж қазі­р 5 мамандық, 10  

бі­лі­кті­лі­к  бойынша  кәсі­би  шебер-

лерді­  даярлайды.  Колледжде  мем­

лекетті­к тапсырыс негі­зі­нде еңбек 

нарығындағы  жоғары  сұранысқа 

ие қаңқа-қаптама құрылымдар құ- 

растырушысы,  құрғақ  әді­с  құры-

лысының маманы, өңдеу құрылыс 

жұмыстарының  шебері­  (мастер 

по сухому методу строительства),  

техник-құрылысшы,  автомобиль 

кранының  машинисі­,  автокөлі­к 

жөндеуші­  слесарь,  газэлектрмен 

дәнекерлеуші­,  құрылыс  шебері­, 

сылақшы-сырлаушы,  жарық  беру 

және  жарықтандыру  желі­лері­  бо-

йынша  электрмонтаждаушы,  тас 

қалаушы  секі­лді­  құрылыс  маман-

дықтары  бойынша  700-ге  жуық 

оқушы бі­лі­м алуда.

60 жылдық тарихы бар оқу ор-

ны  күні­  бүгі­нге  дейі­н  15  мыңнан 

астам  құрылысшыларды  дайын­

дап,  еңбек  жолына  аттандырды. 

Облыстың  және  қаланың  өнді­рі­с-

ті­к  нысандарында,  жүздеген  тұр-

ғын  үйлері­нде  колледж  түлекте-

рі­ні­ң қолтаңбасы бар. 

Колледжді­ң  материалдық-тех-

никалық  әлеуеті­не  24  пәнді­к  оқу 

кабинеттері­,  3  зертхана,  9  ше­

берхана,  спорт  залы,  акт  залы,  25 

орындық  оқу  залы,  кі­тапхана,  250 

орындық  асхана  кі­реді­.  Сонымен 

қатар ғаламтор желі­сі­не қосылған 

екі­  компьютер  кабинеті­,  5  ЛСД  па­

нель  және  мультимедиялық  мі­н­

бермен, 11 интерактивті­ тақтамен 

қамтылған кабинеттер бар. 

Облыстық  бі­лі­м  басқармасы-

ның  2014  жылғы  8  ші­лдедегі­ 

№597  бұйрығы  негі­зі­нде  Орал 

политехникалық  колледжі­  дуаль­

ды  оқытудың  элементтері­н  енгі­­

зу  бойынша  экспериментті­  алаң 

болып  табылады.  2014-2015  оқу 

жылында 1403082 – электргаз дә-

некерлеуші­  мамандығы  бойын- 

ша  дуальды  оқыту  жүйесі­ні­ң  эле­

менттері­ оқу үдері­сі­не енгі­зі­лген. 

Осы мақсатта колледж «Металл 

бұйымдары»,  «Орал  құю-механи-

калық  зауыты»,  «Уральскстройин- 

вест»  ЖШС-лар,  «Оралагрорем-

маш»  АҚ  сынды  і­рі­  кәсі­порын-

дармен  әлеуметті­к  сері­ктесті­к  ту­

ралы меморандумға қол қойған. 

-  Бі­зді­ң  колледж  2012  жылы 

Дүниежүзі­лі­к  қайта  құру  және 

даму  банкі­ні­ң  қаржыландыруы-

мен  жүзеге  асырылып  отырған 

«Техникалық және кәсі­пті­к бі­лі­мді­ 

жаңғырту»  жобасы  аясында,  «Ішкі­ 

санитарлық-техникалық  қондыр-

ғыларды,  желдеткі­штерді­  және 

инженерлі­к  жүйелерді­  құрастыру 

және  пайдалану»  мамандығының 

«Электргаз  дәнекерлеуші­»  бі­лі­к­

ті­лі­гі­н  дамыту  үші­н  56  млн. 

теңге  көлемі­нде  грант  иеленген 

облысымыздағы  бі­рден-бі­р  оқу 

орны.  Институционалды  даму 

жоспарын  жүзеге  асыру  мақса-

тында  колледжде  электргазбен 

дәнекерлеуші­  зертханасы  жаб-

дықталып,  шеберханаларға  жаңа 

технологиядағы  дәнекерлеу  ап­

параттары  орнатылды.  Жалпы, 

дуальды  оқыту  жүйесі­н  енгі­зу 

барысында  әлеуметті­к  сері­ктес-

ті­кті­  дамытуға  ерекше  көңі­л 

бөлі­неті­ні­  анық.  Колледжде  бұл 

бағыттағы  жұмыстар  жыл  өткен 

сайын  жандануда.  Бүгі­нгі­  таңда 

колледжді­ң  материалдық-техни-

калық  базасы  қаламыздағы  кә-

сі­порындар  талаптарына  толық-

тай  сай  жабдықталған.  Ағымдағы 

жылы  «Әлеуметті­к  сері­ктесті­к-

термен жұмысты жүйелі­ ұйымдас- 

 тырған  колледж  –  2015»  облыс-

тық  байқауының  ІІ  дәрежелі­  жүл- 

 десі­н  иеленді­.  Сонымен  қатар 

«Техникалық  және  кәсі­пті­к  бі­лі­м 

беруді­  жаңғырту»  жобасын  жү-

зеге  асыруға  қосқан  үлесі­  үші­н 

ҚР  Бі­лі­м  және  ғылым  министрлі­гі­ 

мен  Дүниежүзі­лі­к  даму  және  қай-

та құру банкі­ні­ң алғысхаттарымен 

марапатталдық.  Бұл  марапаттар  –  

бі­зді­ң оқу орны үші­н үлкен жеті­с-

ті­к. Жалпы, Елбасымыз жыл сайын-

ғы  халыққа  Жолдауында  кәсі­би 

жұмысшы  мамандарды  дайындау 

мәселелері­не  ерекше  көңі­л  бөлу 

керекті­гі­н  айтуда.  Болашақта  осы 

бағыттағы  жұмыстарды  жүзеге 

асыруда  колледж  ұжымы  аянбай 

қызмет  етеді­  деген  сені­мдемі­н, 

-  дейді­ колледж  директоры Қанат 

Қырықбаев 

(суретте).

Бі­зді­  колледжді­ң  бүгі­нгі­  ты­

ныс-ті­рші­лі­гі­мен  таныстырған  ди-

ректордың оқу-әді­стемелі­к жұмыс 

жөні­ндегі­  орынбасары  Гүлмира 

Төрешованың 



(суретте)  айтуын­

ша,  колледждегі­  оқу-әді­стемелі­к 

жұмыс  та  жақсы  жолға  қойылған. 

Оқытушылар мен өнді­рі­сті­к оқыту 

шеберлері­  жүйелі­  түрде  облыс-

тық, республикалық, халықаралық 

деңгейдегі­ 

ғылыми-тәжі­рибелі­к 

конференция,  семинарлар  мен 

байқауларға  қатысып  отырады. 

Сонымен  қатар  жекелеген  инже­

нер-педагогтар  Беларусь  Респуб­

ликасы,  Германия,  Түркия  сияқты 

шет  елдерге  бі­лі­кті­лі­к  арттыру 

курстарына  барып,  өз  тәжі­рибе-

лері­н шыңдаған. 

Өткен  оқу  жылында  колледж 

студенті­  Марс  Мақсот 



(суретте) 

электргазбен  дәнекерлеуші­  ма-

мандығы  бойынша  «Кәсі­би  ма- 

ман  –  2015»  халықаралық  кәсі­би 

шеберлі­к  байқауында  жүлделі­  І 

орынды  иеленген.  Ал  Марстың 

өнді­рі­сті­к  оқыту  шебері­  Ерлан 

Мұсағалиев  «Үзді­к  электргаз  дә-

некерлеуші­  өнді­рі­сті­к  оқыту  ше­

бері­»  облыстық  байқауында  бас 

жүлдегер атанған. 

-  Қазі­ргі­  өмі­рді­  көп  қабатты 

үйлерсі­з,  зәулі­м  ғимараттарсыз 

елестету  мүмкі­н  емес.  Ал  өз  ке- 

зегі­нде  олардың  құрылысы  дәне-

керлеу  жұмыстарынсыз  жүргі­зі­л- 

мейті­ні­  белгі­лі­.  Үйді­ң  жылылығы 

мен  ыңғайлылығы  электргаз  дә- 

некерлеуші­ні­ң  шеберлі­гі­не  көп  

байланысты.  Сондықтан  қазі­ргі­ 

таңда  бұл  мамандық  елі­мі­здегі­ 

нағыз  сұранысқа  ие  кәсі­птер-

ді­ң  бі­рі­  деп  ойлаймын.  Сол  се- 

бепті­  электргаз  дәнекерлеуші­  ма- 

мандығын  таңдадым.  Таңдаған 

мамандығымның  шебері­  атануы- 

ма  колледждегі­  дуальды  бі­лі­м 

беру  жүйесі­  көп  септі­гі­н  тигі­з­

ді­.  Орал  құю  механикалық  за­

уытында  машықтан  өтті­м.  Өз-

дері­н  кәсі­би  шеберлі­гі­  жағынан 

көрсете  бі­лген  бі­р  топ  түлектер-

мен  бі­рге  осы  зауытқа  жұмысқа 

қабылдандым.  Болашақта  таңда-

 ған  мамандығымның  шебері­  ата- 

 нып,  елі­мні­ң  өркендеуі­не  өз  үле-

сі­мді­  қосқым  келеді­,  -  дейді­  кол­

ледж түлегі­ Марс Мақсот.

Жыл  сайын  колледжді­  тәмам-

даған  300-дей  түлекті­ң  80  пайы­

зы  жұмысқа  орналасады  екен. 

Ал  соңғы  уақытта  сұранысқа  ие 

электргаз  дәнекерлеуші­  маман-

дығы  бойынша  түлектерді­ң  жұ-

мысқа  орналасу  көрсеткі­штері­ 

жыл санап артып келеді­.

Биылғы оқу жылында колледж-

ді­ң  І  курс  студенті­  атанған  Алек­

сандр Титов өз ойын төмендегі­ше 

жеткі­зді­: 

-  Мен  Покатилов  жалпы  орта 

бі­лі­м  береті­н  мектебі­ні­ң  9-сы­

ныбын  аяқтар  сәтте  көптеген 

оқу  орнының  өкі­лдері­мен  қатар 

Орал  политехникалық  колледжі­- 

ні­ң  өкі­лдері­  де  келі­п  бі­здермен  

кездесу  өткі­зген  болатын.  Кол- 

леджді­ң  кабинеттері­,  шеберха-

налары,  студенттерді­ң  қызықты 

өмі­рі­ маған қатты ұнады. Әсі­ресе, 

электргазбен  дәнекерлеуші­  ма-

мандығы  бойынша  өнді­рі­сті­к  ше-

берханалардың  жабдықталуы,  он- 

да  қойылған  пі­сі­ру  аппараттары- 

ның  сан  түрі­  мені­ң  қызығушылы-

ғымды  оятты.  Мі­не,  сол  күннен 

бастап  мен  электргаз  дәнекер-

леуші­  мамандығын  қаладым.  Ел- 

басымыздың  өзі­:  «Бүгі­нгі­  күнні­ң 

ең  маңызды,  табысты  мамандық-

тары  –  дәнекерлеуші­,  краншы, 

құрылысшы,  сантехниктер»  деп 

атап  көрсетті­.  Сондықтан  осы  ма-

мандықтың  қыр-сырын  үйренген 

соң,  жеке  шеберханамды  ашып, 

өз  кәсі­бі­мді­  жандандырсам  деген 

арманым  бар.  Қазі­ргі­  кезде  жас 

кәсі­пкерлерге  мемлекет  тарапы­

нан  үлкен  қолдау  көрсеті­луі­  мені­ 

осындай  армандарға  жетеледі­. 

Жалпы,  мен  мамандық  таңдаудан 

қателескен  жоқпын  деп  ойлай­

мын, – дейді­ Саша.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет