Сәкен ӘБІлхалЫҚОВ,
«Орал өңірі»
АлҚАлЫ жиЫНЫ
–
Ж
иынға жергілікті атқа-
рушы құрылым өкіл-
дері, сала басшылары
мен облыс көлеміндегі жеке кә-
сіпкерлер қатысты. Форум бары-
сында қатысушылар «Мемлекет-
тік-жеке меншік әріптестік тура-
лы» ҚР жаңа заңының ережеле-
рімен танысты. Сондай-ақ форум
аясында ресурстарды жұмылды-
ру жолымен қоғамның игілігін,
көрсетілер қызметтердің сапасы
мен қолжетімділігін арттыру үшін,
мемлекет пен жеке сектор ара-
сындағы ұзақ мерзімді ынтымақ-
тастықты қалыптастыру және ны-
ғайтуды көздейтін «Мемлекет
тік-жеке меншік әріптестік тура-
лы» заңының негізгі талаптарын
талқылады.
Мемлекеттік-жеке меншік әріп-
тестік (одан әрі – МЖӘ) негізінде
өңірлердің дамуына тың серпін бе-
ру Елбасының тапсырмасы. Өңір-
дің инвестициялық тартымдылы-
ғын арттыру шаралары дағдарыс-
қа қарсы іс-шаралар жоспарында
қамтылған. Облыстың білім сала
сында төрт жобаны жүзеге асыру
көзделіп отыр. Орал қаласында
екі жеке балабақша ашу жоспар
ланса, тағы екі бөбекжай аудан-
дарда салынбақ. МЖӘ аясындағы
жобаларды жүзеге асыру облыс-
тық комиссия арқылы жүзеге асы
рылады.
– Жаңа заңға сәйкес «Мемле
кеттік-жеке меншік әріптестік» ме-
ханизмі – мемлекет пен бизнес
арасындағы өзара әрекеттесудің
жаңа үлгілерін енгізуге, инвести-
цияны тартуға, сонымен бірге елі-
міздің тұрақты әлеуметтік-эконо-
микалық дамуын қамтамасыз ету-
дің бірден-бір жолы. Бүгінгі өткі-
зіліп отырған форумның басты
мақсаты – МЖӘ туралы заңға ен-
гізілген өзгерістер мен жаңа мүм-
кіндіктерді халық пен жеке кәсіп-
керлер арасында кеңінен наси-
хаттау. Осы бағытта наурыз-сәуір
айларында арнайы оқыту ұйым-
дастыру да жоспарымызда бар, –
деді «Орал» ӘКК» ұлттық компа
ниясы» АҚ-ның басқарма басшы-
сы Ержан Балтаев.
Форумға қатысушылар аталған
мәселе төңірегіндегі сауалдары
на сала мамандары тарапынан тұ-
шымды жауаптар алды.
нұрбек ОраЗаеВ,
«Орал өңірі»
Өңір кәсіпкерлерінің форумы
Кеше облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексовтың
төрағалығымен өңіріміздегі мемлекеттік-жеке меншік
әріптестікті дамыту және кәсіпкерлікке мемлекет тарапы-
нан қолдау көрсету тақырыбына арналған форум өтті.
«Мәңгілік ел»
пойызы
Наурыздың 4-і күні
Қазақстан Азаматтық
альянсының бастамасы-
мен Қазақстан Респуб-
ликасы Тәуелсіздігінің
25 жылдығына арналған
«Мәңгілік ел» пойызы-
ның» Орал қаласына ке-
луі жоспарланып отыр.
Бағдарламаға сәйкес Қазақ-
стан халқы Ассамблеясының қо-
ғамдық қабылдауы, әділет де-
партаменті мамандарының қол-
даныстағы заңдарды түсіндіруі,
азаматтық қоғамды дамыту бо-
йынша, ҚР Денсаулық сақтау жә-
не әлеуметтік даму министрлігі-
нің республикалық профильдік
орталықтары мамандарының ме-
дициналық сұрақтар бойынша
консультациялық кеңестер бе-
руі жоспарланған. Сонымен қа-
тар акция шеңберінде «Мәңгі-
лік ел» идеясын іске асыру бо-
йынша бірнеше мәдени-көпші-
лік іс-шаралар, дөңгелек үстел-
дер мен кездесулер, ақпараттық-
түсіндіру шаралары ұйымдасты-
рылатын болмақ.
Бір-бірімізден
үйренеріміз бар екен
4
oral_oniri@inbox.ru
Сенбі, 27 ақпан 2016 жыл
әлеумеТ
– Құрметті спортшылар, бүгін-
гі басқосуымыздың басты мақса-
ты – еліміздің, қала берді өңірі-
міздің намысын қорғап, бәсі биік
додалардан жеңіспен оралған жас
спортшыларымызға құрмет көр-
сету. Сонымен қатар бейресми жағ-
дайда өздеріңмен жүздесіп, жақы-
нырақ танысып, ой-пікірлеріңді
білу мақсатында кездесіп отыр-
мыз. Алдағы жазда өтетін жазғы
олимпиадаға біздің өңірдің ат
леттері үш жолдаманы иеленді.
Алдағы уақытта сіздердей спорт-
шыларымыздың арқасында бұдан
да көп жолдамаға қол жеткізе-
міз деген ойдамын, - деді Азамат
Бауыржанұлы.
Бұдан соң басқарма басшысы
жақында ғана Лиллехаммер қала-
сында өткен жасөспірімдер ара-
сындағы қысқы олимпиада ойын-
дарының қола жүлдегері Анита
Нагайға алғысхат, естелік сыйлық
және 300 мың теңгенің сертифика-
тын табыстады. Сонымен қатар жас
спортшының ата-анасына да ал-
ғысхат табыс етті. Сондай-ақ ма-
рапатталғандар қатарында шорт-
тректен ҚР чемпионатының жүлде-
герлері Нұржанар Жұмағалиева,
Айбек Қадыров, Сұлтан Кереев,
Әділ Қырымгереев, ҚР чемпиона-
тында үстел теннисінен бірінші
Енді Анитадан
алтын күтеміз
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының
басшысы Азамат Бекет осы жылғы халықаралық және
республикалық жарыстарда өңір намысын қорғап, жеңіс
тұғырына көтерілген бір топ жас спортшылармен кездесу
өткізді.
орын алған Алсу Сапарова, Аида
Ысқақ, Санжар Жұбан бар. Респуб-
ликалық және халықаралық жа
рыстарда жеңімпаз атанған спорт
шылардан дзюдо күресінен Ерлан
Оңалов, грек-рим күресінен Дәулет
Ларионов, әйелдер күресінен Яна
Яковлева, велотректен Антон Ноз
дрин, бокстан Азамат Сайфуллин,
гір спортынан Бейімбет Жұмабай,
қазақ күресінен Лаура Есенжа-
нова мен Нұрдәулет Жәрдемов те
марапатсыз қалмады.
– Биыл мен үшін табысты бастал-
ды. Жыл басында өткен ашық Еуро-
па чемпионатында күміс жүлдеге,
Лиллехаммер қаласында (Норве-
гия) өткен жасөспірімдердің олим-
пиадасында қола жүлдеге ие бол-
дым. Енді 15 наурызда Астана қа-
ласында өтетін ел чемпионаты-
нан жеңіспен, яғни алтын ме-
дальмен оралсам деймін. Менің
жеңістеріме қуанып, құрмет көр-
сетіп жүрген өңір және сала бас-
шылығына айтар алғысым зор.
Алдағы уақытта да жерлестерім-
нің сенімін ақтап, талай биіктерді
бағындырамын деп ойлаймын, –
дейді қазақшаға судай, кәріс ұлты-
ның қызы Анита Нагай.
нұрбек ЗӘКӘрИяұлЫ,
«Орал өңірі»
Волейбол ойнап, мұзда сырғанады
Өткен аптада Орал қаласындағы №30 ЖОББМ спорт
залында тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған облыс
жастары арасында волейболдан турнир, «Жастар» ста
-
дионында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тәрбиеле
-
нушілерінің қатысуымен мұзда сырғанау мәдени-
спорттық іс-шарасы өтті.
талықтары ұжымы мен жастар
қоғамдық бірлестіктерінің мүше-
лері қатысты. Сайыс нәтижесінде
«Жасыл ел» командасы бірінші
орынды жеңіп алса, екінші орын
ды «ЖРО-2» командасы қанағат
тұтты. Ал үшінші орын «ЖРО-1»
командасына бұйырды. Жарысқа
қатысушылар мен жеңімпаздарға
естелік фотосурет пен ынталан-
дыру сыйлықтары табысталды.
«Шаңырақ» жасөспірімдер үйі
тәрбиеленушілерінің қатысуымен
салауатты өмір салтын қалыптас-
тыру мақсатында ұйымдастырыл-
ған шараға облыстық жастар ре-
сурстық орталығы мен «Жұлдыз»
аула клубы мұрындық болды.
Аталмыш балалар үйінің тәр-
биеленушілері аяқтарына коньки
киіп, мұзда сырғанады.
– Шараны ұйымдастырушылар-
ға алғысымыз шексіз. Біздің бола-
шағымыз балалар болғандықтан,
ең әуелі олардың денсаулықтары
мықты болуы қажет. Қазір жастар
ресурстық орталықтарымен ты-
ғыз байланыста түрлі шараларды
қолға алып, бірге атқарып келе-
міз, - дейді «Шаңырақ» жасөспі-
рімдер үйінің коменданты Қарлы-
ға Жармұханбетова.
Шара концерттік бағдарламаға
ұласып, викториналық сұрақтар-
ға жауап берген қатысушыларға
сыйлықтар үлестірілді.
Темірболат ӘнУарұлЫ
Кеше Орал қаласындағы
№1 жалпы орта
білім беретін мектеп-
те Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық
университетінің бастама-
сымен «Ы. Алтынсарин
– 2016» республикалық
пәндік олимпиадасы өтті.
Аталмыш олимпиада универ-
ситет ректоры Динар Нөкетаева-
ның бастамасымен республика-
лық деңгейде еліміздің мектеп
бітірушілері арасында қабілетті,
дарынды оқушыларды қолдау
мақсатында екінші жыл ұйымдас-
тырылып отыр. Оған облысымыз-
дың аудан, қала мектептерінен
110 оқушы қатысты. Олимпиада
мектеп бітіруші қыздар үшін ҰБТ-
ның 8 пәні бойынша өткізілді.
Негізгі мақсаты – білімді оқушы-
лардың шығармашылық қабілетін
дамытып, мамандық таңдауға кө-
мектесу, дарынды талапкер қыз-
дарды Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетіне бі-
лім алуға шақыру. Олимпиаданың
алғашқы айналымы Алматы, Жам
был, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс
Қазақстан, Батыс Қазақстан, Аты
рау, Қарағанды облыстарында
бір мезгілде, бір күнде ұйымдас-
тырылды.
Олимпиада жұмысын орында-
ғаны үшін ең жоғарғы балл – 100
болып есептеледі. Қатысушылар-
дың аты-жөні шифрланып, орын-
даған жұмысы аты-жөнсіз тек-
серіліп, әдістемелік комиссияға
өткізіледі. Комиссия анықтаған
жеңімпаз-жүлдегерлер
наурыз
айында олимпиаданың салтанат-
ты жабылу рәсіміне қатысатын
болады.
ҚазМемҚызПУ-ға оқуға тапсы-
ру барысында олимпиаданың әр
пәнінен 1, 2, 3-орынды иеленген
оқушы таңдаған пәні маманды-
ғына сай келген және ҰБТ-ға қа-
жетті өту балын алған жағдайда
жатақханамен, үш мезгіл ыстық
тамаққа қоса (шәкіртақысыз) уни
верситет ректорының грантын
иеленетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен
оқу жылында Орал қаласының 4
оқушысы олимпиада жеңімпазы
болып танылған еді.
ләззат шаҒаТай,
«Орал өңірі»
Суретті түсірген
Темірболат ТОҚмамБеТОВ
«Ы. Алтынсарин-2016»
олимпиадасы басталды
Сырым аудандық ІІБ басшысы-
ның орынбасары, жергілікті по-
лиция қызметінің басшысы Тал-
ғат Кенжеахметовтің айтуынша,
қазір жоғарыда аталған қылмыс-
қа қатысты жедел тергеу-іздес-
тіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Бір таңғаларлығы – ұрлықтың ау-
дандық ішкі істер бөлімі ғимараты-
ның түбінен орын алуы. Қас қыл-
ғандай, осы аралықта орталық кө-
шедегі бақылау бейнекамералары
да ауа райының аса ылғалды бо-
луына байланысты істен шыққан.
Бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғасы
күн ұзамай, іргедегі Өлеңті ауылы-
нан тіркелді. Бұл жолғы қылмыс
сәл «қазақилау». С. деген азамат
ауылдасының үйіне «ұрын» кіріп,
соғым етін ұрлаған. Қожайындар-
дың жедел дабыл көтеруі арқа-
сында жергілікті учаскелік поли
ция инспекторы қылмыскердің
құтылуына мүмкіндік бермей, құ-
рықтап үлгерді. Ұрланған ет тәр-
кіленді.
Жыл басынан бері Сырым ау-
дандық ішкі істер бөлімі ұрлық-
тың 27 фактісін тіркеген. Мақала
даярланып жатқанда, Қособа
ауылдық округінен 74 бас жыл-
қының жоғалғандығы жөніндегі
хабар жетті. Жоғалған жылқылар
ығып кетті ме, жоқ әлде барым-
ташылардың бәлесіне ұшырады
ма, ол әзірге белгісіз.
Бауыржан шИрмеДИнұлЫ,
Сырым ауданы
Сейфті көтеріп кеткен
Таяуда аудан орталығының орталық көшесіндегі
«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының
ғимаратына ұры түсті. Қылмыскер ғимаратқа плас-
тикалық терезені бұзып кіріп, осы ғимаратта орналасқан
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ жергілікті кеңсесіндегі сейфті
түп-басымен алып кеткен. Кейінірек сейфтің ішінде
110 000 теңге көлемінде қаражат болғаны анықталды.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары
БҚО штабының кубогы үшін волей
болдан өткен турнирге облыстық,
аудандық жастар ресурстық ор-
5
oral_oniri@inbox.ru
Сенбі, 27 ақпан 2016 жыл
оТАНдАСТАР
Бейсенбі күні орталық
коммуникациялар
қызметінің облыстық
филиалында «Алғыс айту
күніне байланысты өңірдегі
атқарылар іс-шаралар
жоспары» тақырыбында
баспасөз мәслихаты өтті.
Оған облыстық ішкі саясат бас-
қармасы басшысының орынбаса-
ры Нұрлыбек Даумов, облыс әкімі
аппараты жанындағы «Қоғамдық
келісім» мекемесінің директоры
Александр Әжіғалиев, облыстық
мәдениет, мұрағаттар және құжат-
тама басқармасы басшысының
міндетін атқарушы Гүлмира Қаула-
нова қатысып, тақырыпқа байла
нысты мәлімдеме жасады.
- Еліміз биыл тұңғыш рет Алғыс
айту күнін атап өткелі отыр. Мұ-
ны Қазақстандағы тыныштық пен
қоғамдық келісім, Президентіміз-
дің бейбітшіл саясатының салта-
нат құруы деп ұғамыз. Бұл күн тағ-
дырдың жазуымен қазақ жеріне
қоныс аударған түрлі ұлттардың
миллиондаған өкілдерінің құтты
мекеніне айналған қасиетті жер
ге, қонақжай қазақ халқына деген
ерекше тағзымның белгісі бол-
мақ, - деді облыстық ішкі саясат
басқармасы басшысының орынба-
сары.
«Қоғамдық келісім» мекемесі-
нің директоры Александр Әжіға-
лиев алдын ала белгіленген іс-
шаралар кестесіне орай 1 наурыз
– Алғыс айту күнінде облысымыз-
дағы ұлттық-мәдени орталық өкіл-
дері кәсіпкерлердің қолдауымен
мұқтаж жандарға материалдық
көмек көрсететінін айтты. Ол сон
дай-ақ дәл осы күні дүниеге пер
зент әкелген аналарды мереке
құрметіне арнайы сыйлық күтіп
тұрғанын мәлімдеді.
Облыстық мәдениет, мұрағат-
тар және құжаттама басқармасы
басшысының міндетін атқарушы
Гүлмира Қауланова аталмыш бас-
қармаға қарасты мекемелердің
мерекеге орай жасақтаған іс-ша-
ралар тізіміне тоқталып өтті. Оның
мәлімдеуінше, Жұбан Молдаға-
лиев атындағы облыстық әмбе-
бап-ғылыми кітапханасында «Де-
портация тарихы», «Ұлттық ке-
лісім – саяси тұрақтылықтың не-
гізі», «Қазақ еліне тағзым» атты
бөлімдерден тұратын «Бір шаңы-
рақ астында» атты кең көлемді
кітап көрмесі жасақталып, ұлттық-
мәдени орталықтар өкілдерінің
Айгүл АХМЕТОВА,
«Жайық Пресс» ақпарат орталығының қызметкері:
- Алғыс айту күніне байланысты шараларды өткізуге облыс бюд-
жетінен қанша қаржы қарастырылды?
Александр ӘЖІҒАЛИЕВ,
облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім»
мекемесінің директоры:
- Ешқандай қаржы бөлінген жоқ. Мереке өзінің атына сай адамдар-
дың шынайы ықылас-пейілімен, одан қалды кәсіпкерлердің ерікті
қолдау-көмегімен атап өтілмек.
Нұрлыбек РАХМАНОВ,
«Жайық Пресс» ақпарат орталығының жетекшісі:
- Мерекелік акциялардың ауқымдылығын арттыру, халықты кө-
бірек тарту бағытында қандай шаралар атқарылуда? Бұл шара
туралы әлеуметтік желілерде қаншалықты жариялануда? Екінші
сұрақ: Ассамблеяның жастар қанаты осындай мейрамдарда қандай
жұмыстар атқарады?
Нұрлыбек ДАУМОВ,
облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының
орынбасары:
- Мектеп, колледж және ЖОО-дағы тәрбие бағытындағы сағаттар-
да бұл мерекенің мән-маңызы туралы айтылуда. Осы тақырыпта жас-
тар арасында шығармашылық конкурстар, әлеуметтік желілерде
посттар конкурсы ұйымдастырылуда. Ассамблеяның жастар қанаты
құрамындағы белсенділер бұл күні қарттар үйі, балалар үйі секілді
бірқатар әлеуметтік мекемелерде болып, мерекелік концерт, өзге де
қайырымдылық шараларының өтуіне ұйытқы болады.
«Қазақстан – Орал» телеарнасының қызметкері:
- Мерекеге арналған көптеген шаралардың жалпы тізімі айтылды.
Солардың ішіндегі ең қызықтыларына тоқталсаңыз.
Александр ӘЖІҒАЛИЕВ,
облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім»
мекемесінің директоры:
- Менің ойымша, осындай мерекенің алғаш рет тойлануының өзі –
тамаша дүние. Бірінші наурыз күні «Алғыс-бата ал» іс-шарасы аясын
да татар ұлттық-мәдени орталығы жетекшісінің жеке шаштаразында
әйел адамдар үшін шаш қидыру мен сәндеу қызметі тегін атқарылмақ.
«Такси Сити» зейнеткерлер, соғыс ардагерлері, әлеуметтік қолдауға
ділгер отбасы мүшелері, ата-анасыз қалған балалар үшін тегін қызмет
көрсетпек. Аталмыш іс-шара аясында өзге де көптеген қайырымдылық
шаралары қолға алынады.
қатысуымен «Қазақстан – барша-
мыздың ортақ Отанымыз» атты
тарихи-танымдық кеш өткізілмек.
Сонымен қатар осы күні Хамза
Есенжанов атындағы облыстық
балалар және жасөспірімдер кі-
тапханасында «Ризашылық пен
мейірімділік» марафоны жүзеге
асырылады. Облыстық зағип жә-
не нашар көретін азаматтарға ар-
налған арнаулы кітапханада «Қа-
зақстан – біздің ортақ үйіміз»
атты тақырыптық кеш өткізіліп,
«Бір шаңырақ астында» циклі бо-
йынша дайындалған кітаптарға
шолу жасалады. Облыстық драма
театрларда Б. Федотовтың, Н. Му-
саеваның балаларға арналған ер-
тегілері қойылады. Қадыр Мырза
Әлі атындағы мәдениет және өнер
орталығында студенттер және
этномәдени орталық өкілдерінің
қатысуымен «Мың алғыс» атты
әдеби-музыкалық кеш өтпек. Об-
лыстық жастар шығармашылығы
орталығында «Шын жүректен» ат-
ты мерекелік концерт, облыстық
қарттар үйінде «Қарттар – асыл қа-
зынам» мерекелік бағдарламасы
өтеді. «Көшім» балалар неврология-
лық диспансерінде «Жылы жүрек»
атты концерт ұйымдастырылады.
Ғарифолла Құрманғалиев атын-
дағы облыстық филармония қыз-
меткерлері әлеуметтік мекемелер-
де қайырымдылық концерттерін
өткізеді. Аталмыш мереке күні
облыстық тарихи-өлкетану музе-
йінде және оның барлық филиал-
дарында ашық есік күні ұйымдас-
тырылмақ. Сондай-ақ дәл осы
күні сағат 11.00-де қаламыздағы
Сырым Датов атындағы алаңда
мерекелік мәдени-көпшілік шара
өтпек. Онда тәуелсіз қазақ елінің
ұлттық құндылықтарын, түрлі ұлт
өкілдерінің тату-тәтті тірлігін паш
ететін, алты жүзге жуық адам қа-
тысатын театрландырылған көрі-
ністер қойылады. Әр түрлі ұлт өкіл-
дерінің қатысуымен «Қазақ еліне
мың алғыс!» атты флешмоб ұйым-
дастырылады.
нұртас наБИОллаұлЫ,
«Орал өңірі
«Алғыс-бата ал»
Мынау ел мен ел егесіп, жер
шарының әр түкпірінде бейкүнә
жандардың қаны төгіліп, үлкен
мен кішінің арасы алшақтап,
адамдар ділі мен дінінен безіп,
қаймана жұртқа барып жан бе-
ріп, ана іштен шыққан шарана
сынан жерініп жатқан қатыгез
кезеңде Елбасымыздың осы бас-
тамасы бір сауапты істің бастауы
болды-ау деген ойға қалдық.
Көрнекті академик-жазушы
Зейнолла Қабдолов айтқандай,
бұл да бірыңғай той тойлауға ай
налып кетпей, ой толғауға түрткі
болғай да дейміз.
Ең әуелі алғысымызды әлемді
жаратқан Алла Тағалаға айталық.
Одан кейін дүниеге шыр етіп кел
генде, ақ сүтімен қоректендіріп,
аялы алақанымен мәпелеп өсір-
ген анаға, қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шұқытпай жетілдір
ген әкеге айталық алғысымызды.
Тай-құлындай тебіскен, сағы-
нысып көріскен достарымыз шет
қалмасын алғыстан, асыл ана-
мыздың ақ сүтін құмарлана бө-
ліскен, арман менен мақсатын ақ-
тарыла төгіскен бауырларымыз
ұмыт қалмасын қашан да.
Өміріңе серік, отбасыңа кө-
рік болған адал жар, иісіменен
емірентіп, жүрегіңді тебірентіп
өсірген ұрпақтарың да қағыс қал-
масын алғыстан.
Көл сағасыз, ат тағасыз, тон
жағасыз, ел ағасыз болмайды,
ағайын.
Ең үлкен алғысымызды еліміз-
дің іргесін сөкпей, жұртымыздың
ырысын төкпей, халқының қабыр-
ғасын қақыратпай, дүниенің төрт
бұрышына жамыратпай, шекара-
шебімізді бекемдеп, қайткенде
ұлы елдердің қасына жетемін
деп, көк Туымызды көкке көтеріп
келе жатқан ұлы даланың ұлы
көшінің басшысы Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
айталық, ағайын!
Достарыңызбен бөлісу: |