5
взаимодействия, стремясь направить тренера к саморазвитию и самосовершенствованию,
нацеливая на изменения практики с учетом стандартов и критериев, так как задача эксперта
– помочь раскрыть профессиональный и личностный потенциал тренера. Формативное
оценивание посредством наставничества [5] позволяет это осуществить.
Из предложенной «формулы обратной связи» в книге Т. Рассела «Навыки эффективной
обратной связи» [4] можно для себя взять следующие рекомендации при работе с тренером:
1. Дать возможность тренеру увидеть, что он сделал
2. Дать возможность ему увидеть последствия своего деяния
3. Согласовать возможные его изменения
Обратная связь предполагает предоставление экспертом информации об успешности
преподавания и обучения на курсах повышения педагогов и рекомендаций по улучшению,
позволяет задать другое течение учебному процессу, делая акцент на положительные стороны,
а не на недостатки. Отмечая сильные направления работы тренера, эксперт мотивирует его
на дальнейшее сотрудничество и заинтересованность во взаимодействиях. Важным условием
обеспечения эффективности обратной связи является создание атмосферы взаимоуважения
и доброжелательности, предоставление времени для того, чтобы тренер мог задуматься и
сменить направление мышления и деятельности.
Обратная связь - это цикличный процесс [7], который рассмотрен на таблице №1:
Таблица №1. Алгоритм цикличности обратной связи
Номер шага
Наименование
1
Цели: внутренние и внешние
2
Источники: учителя, эксперт по оцениванию,
рефлексия, внешняя информация
3
Методы: анкеты, профессиональные беседы,
коучинги (индивидуальный и групповой)
4
Анализ: выявление приоритетов развития тренера
5
Внесение изменений в практику
6
Возврат к шагу №1
Для построения конструктивных взаимодействий эксперта и тренера в своей практической
деятельности следует использовать следующие этические [6] и психологические аспекты:
• Обращаться к тренеру по имени, разговор вести только в доброжелательном тоне.
• Критику начинать с похвалы, тогда у тренера будет надежда на то, что он сможет
исправить ситуацию или решить проблему. Употреблять фразы, которые способны
мотивировать тренера к уверенности в себе.
• Анализировать при общении, правильно ли воспринимает тренер предлагаемую
конструктивную критику. Стараться снизить вероятность того, что реакция будет
отрицательной.
• Стремиться не навязывать свое мнение. Уметь слушать собеседника и не перебивать
его – это важно при диалоге эксперта и тренера.
Метод «Похвального сэндвича», методика постановки эффективных вопросов, методика
«незаконченной мысли» достаточно эффективны для деятельности эксперта при формативном
оценивании практики тренера. Ниже будут рассмотрены вопросы открытого типа, которые
используются в практике формативного оценивания. Они, как правило, начинаются со слов:
«что?», «кто?», «как?», «сколько?», «почему?», «каково ваше мнение?». Открытые вопросы
важны, чтобы разговорить тренера, вызвать у него ощущение его значимости, создать ему
693
комфортную ситуацию и, опять-таки, идет обучение тренера конструктивной критике и
выработке навыков и умений использования «Похвального сэндвича». Примеры таких
вопросов:
• Что следует предпринять, чтобы изменить ситуацию в данной группе?
• Какой результат от тренинга был бы приемлемым для вас?
• Как можно сформулировать цель данного занятия?
• Что вы имеете в виду, когда говорите о…?
• Если вы примете во внимание мнение учителя по данной ситуации, то какими будут
ваши действия в дальнейшем?
Тренеры демонстрируют в ходе встречи умение формулировать свои собственные
гипотезы и вопросы, консультировать друг друга, определять цели, отслеживать полученные
результаты, экспериментировать с идеями, рисковать, понимая, что ошибки - это неотъемлемая
часть обучения тренеров на пути к совершенствованию своего профессионализма.
Таким образом, обратная связь в региональной тренерской группе дает возможность
своевременно реагировать на проблемные моменты и устранять их по мере возникновения.
Главное, после короткого периода сотрудничества устанавливается конструктивное
взаимодействие, так как тренер сам приходит к правильной мысли после собственных
рассуждений по какой-либо проблеме в преподавании или обучении через описанные выше
методы и приемы организации устной обратной связи. Обратная связь от эксперта помогает
тренеру отслеживать свои изменения в деятельности, планировать будущие шаги, испытывать
чувство удовлетворения от проделанной работы. Эксперт способен оказать положительное
влияние на работу тренера с помощью таких мер, как конструктивная критика, обратная связь,
наставничество и поддержка. Тренеры при организации экспертом качественной обратной
связи могут самостоятельно осуществлять мониторинг своего развития, основанный на
обратной связи и конструктивном отзыве эксперта.
Список использованной литературы
1. Программа курсов повышения квалификации педагогов общеобразовательных школ
Республики Казахстан — Режим доступа. — URL: http://www.cpm.kz
2. Обзор процедур оценивания уровневых курсов. – Астана: АОО «Назарбаев
Интеллектуальные школы», 2013.
3. Руководство по оцениванию. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»,
2012.
4. Рассел Т. Навыки эффективной обратной связи. /Пер. с Англ.-Спб.:Питер,2002.-176с.
5. Модель оценивания тренера уровневых курсов. – Астана: АОО «Назарбаев
Интеллектуальные школы», 2013.
6. Этический кодекс.– Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2013.
7. Электронный ресурс. — Режим доступа. — URL: http://www.openclass.ru/node/143936
694
5
ЕРЕСЕКТЕРДІ ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ
Сидегалиева А.З.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы
Педагогикалық өлшеулер орталығы
Аңдатпа
Педагогтардың біліктілігін арттыру деңгейлі курстары Бағдарламасы аясында ересектерді
оқытудың кең тәжірибесі жинақталған. Мақалада интерактивті оқыту әдістері арқылы
орындалатын тапсырмаларға сипаттама берілген. Тренер тәжірибесіндегі интерактивті оқыту
көріністерін талдау негізінде келесі қорытындылар қалыптасты: біріншіден, тренерлер алған
жаңа білімдерін тәжірибеде қолдануға ықпал ететін тапсырмалар арқылы құзіреттіліктерін
қалыптасуына жағдай жасайды; екіншіден, үйренушілермен оқытудың негізгі бағыттары, оқу
материалын жинақтау мен әдістерді таңдау, бірлесе шешім қабылдауға байланысты ойларымен
бөлісуді ұйымдастырады.
Аннотация
В рамках Программы уровневых курсов повышения квалификации педагогов был
накоплен опыт преподавания андрогогики. В данной статье описаны задания, которые
выполняются с помощью интерактивных методов обучения. Были сформулированы следующие
выводы на основе практики и анализа интерактивного обучения: во-первых, создает условия
для формирования компетенции тренеров посредством использования новых знаний на
практике; во-вторых, дает возможность организовывать коллективное решения совместно
с обучающимися по таким вопросам, как выбор методики и направлении обучения и сбор
необходимого материала.
Abstract
The experience of teaching for teens has been gained in the framework of pedagogues’ gradual
training program. This article describes tasks, which are performed by using interactive teaching
methods. Based on the practices and analysis of interactive teaching, the following conclusions have
been formulated: first of all, it helps to create conditions for the formation of the trainers’ competencies
through the use of new knowledge in practice; secondly, it gives an opportunity to organize group
decision-making processes on the issues such as choice of training direction and methods, and
collection of necessary material.
Мұғалім білімін бағдарлама бойынша жетілдіріп, тәжірбиесін толықтырудағы тренер
оқытуын ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан талдау тренер еңбегін бағалаудың
негізі.
Оқытудың табыстылығы мұғалімдердің шығармашылығынан, қажетті ақпаратты
өздігінен ала білуінен, өзінің оқыту үдерісін рефлексиялау дағдысынан байқалады.
Бағдарлама идеясын меңгертудегі тренер еңбегін ескерер негізгі тұс оның ересектерді
оқытудың ерекшеліктерін игеру деңгейі. Білім алу үдерісінде ересек адамдар оқудың ұсынылған
мазмұнын қабылдамауы мүмкін. Кейде білімнің сапалы болуын талап етеді. Осылайша ол
талғампаз және сыншыл оқушыға айналады. Сондықтан тренер андрагог педагог ретіне
ересектерді оқытуда әріптестік, өзара көмек пен қолдау сипаттағы орта жасауы қажет. Осыған
орай ересектерді оқытуда « Ересектерді оқытуда интерактивті тәсілдерді қолдану» мақаласы:
• білім берудегі инновациялық үдерістер арқылы бағдарлама идеяларының мұғалім
695
қажеттілігіне қарай берілуін анықтайды;
• мұғалімнің әрқайсысының қажеттіліктері мен өз мақсаты ескерілген, оқыту
мазмұнының логикасы сақталған бірлескен әрекетке тарту әдістерін қамтиды;
• тапсырмаларды жүйелі жоспарлау арқылы интерактивті оқыту үрдісінің міндеттерін
шешуге бағытталған;
• мұғалімді интерактивті оқытуды жоспарлауда тренердің тәжірибесін жетілдіруге
арналған.
Ересек адамда уақыт өте келе өзінің бастапқы білімінің жеткіліксіз екендігін сезіп,
қайта білім алу қажеттілігі туындайды.
Білім мазмұнындағы өзгерістер мұғалімдердің бастапқы білімдерін жаңалауды талап
етіп, елімізде сындарлы оқыту идеясын енгізу мақсатында ұйымдастырылған педагогтардың
біліктілігін арттыру деңгейлі курстары Бағдарламасы бойынша мұғалімдер білім алуда. ПШО
тренерлері Бағдарлама бойынша ересектерді (мұғалімдерді) оқытуда. Осы арада ересектерді
қалай оқыту керек? деген сұраққа бұл оқытудың ерекшелігін, теориясын түсіну үшін
педагогикалық оқыту үлгісімен салыстыра қарап, андрагогикада жетекші роль білім алушыда
екендігін білеміз [ 1, 9-б.].
Тренерлер ересек адамның кәсіби құзіреттілігін жетілдіруде мынадай ұстанымдарды
басшылыққа алу қажет:
• дербестік пен субъектілік- ересек білім алушыны оқытудың барлық кезеңінде
бастамашылдық позициясын қолдап отыру. Тек сонда ересек адам өз нәтижесіне өзі
жауап береді. Бұл оның даралығын көрсетеді;
• рефлексивтілік – өз әрекеті жайлы толғану, өзгерісін байқау мүмкіндігін көрсетеді;
• оқыту нәтижелерін өзектілендіру- қабылданған жаңа білім мұғалімнің кәсіби
қызметіне өзгеріс жасауға ынталандыруы тиіс.
Андрагог-педагог ересектердi оқыту технологиясын меңгергенде ғана бұл iс нәтижелi
болады. Оған жоғарыда аталып өткен белсендi оқыту әдiстерi мен бағалау, жоспарға коррекция
жасап өзгерiстер енгiзе алу, өз бетiнше бiлiм алу жұмыстарын ұйымдастыра бiлу сияқты
бiлiмдер керек.
Ең алдымен андрагог-педагог ол өзiн озат тәжiрибенiң, жаңа ақпараттың иеленушiсiмiн
деген ойдан арылуы қажет. Ол – кәсiби қарым-қатынасты, тәжiрибе алмасуды ұйымдастырушы,
мұғалiмдердiң кәсiби мәндi сапаларының дамуына жағдай жасаушы. Бұл андрагог-педагог
педагогикадағы әрекетiнiң мiндеттерi жағынан өзгеше жаңа мамандық деген сөз [2, 18-б.].
Оларға ең алдымен психо-андрагогикалық диагностика жүргiзiп, оның нәтижесiн
шығара алу жатады. Сондай-ақ ғылыми және әдiстемелiк әдебиеттермен жұмыс, компьютердi
пайдалана алу – негiзгi шарттардың бiрi.
Андрагог-педагогқа тән қасиет шыдамдылық, төзiмдiлiк, эмпатия, ашықтық, энтузиазм,
әдiстмелiк, әртiстiк, ұйымдастырушылық қабiлеттер, сонымен бірге өзiн-өзi жетiлдiрушiлiк
қабiлетi жатады. Адамды түсiне бiлу, оның көзқарасын сыйлау, көп пiкiрлiлiктi құрметтеу,
тең құқықтылықты мойындау сияқты гуманистiк құндылық бағыттары болуы мiндеттi. Осы
қасиет сапаларды андрогог-педагог өз бойында қалыптастыра бiлгенi жөн [4,12-б.].
Ал белгілі ғалым С.И.Змеев ересектерді оқытуда мына төмендегі андрагогикалық
ұстанымдар ескерілуі қажет деп есептейді. Олар: 1) Өз бетінше білім алудың басымдылығы; 2)
Бірлескен жұмыс ұстанымы; 3) Білім алушылардың тәжірибесін тірек ету; 4) Саралай оқыту;
5) Оқытудың жүйелілігі. 6) Оқытудың контекстілігі. 7) Оқытудың нәтижелілігін өзектілендіру;
8) Оқытудың элективтілігі; 9) Білімдік қажеттіліктерді дамыту; 10) Оқытудың саналылығы
ұстанымы [3, 245-б.].
Аталған ұстанымдар қалай тренер оқытуында көрініс тауып жүргенін зерделесек,
келесідей түйіндемелерді жасауға болады:
696
5
• таныстырылымдарды слайд арқылы түсінік беруде тек баяндау сипатында болуы,
• топтық талдау жасау және оны сындарлы талдауда таныстырылым мақсатына
сай белсенді әдістерді қамтитын тапсырмаларды орындату арқылы түсінуін
ұйымдастыруда немесе жұптық талдау арқылы үйренушілерді түгел қатынасуына
ықпал етуде тренер әдістемесінің әлсіздігі байқалып қалуы,
• тапсырмаларды орындауда әдістердің түрленбей тізбектелген төрт сессияда жұптық,
топтық талдауының бірдей тәсілде берілуі,
• сессиянның жалпы мақсатының 4 тізбектелген сабақтарда айқындалмауынан
жоспардағы тапсырмаларың жүйеленбеуі, бүтінді бөлшектеп талқылаудың болмауы,
• мұғалімдердін қажеттілігін анықтауда сессия тақырыбының мақсатымен
таныстырылуда бастапқы байланыстың тек сауалдар арқылы болуы,
• сессия барысында белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастырудың өз деңгейінде болмауы.
Топтық жұмыстарда қолданатын белсенділік әдістерден тек топтық талдау және оны
постер арқылы көрсету жиі кездеседі. Осындай кемшіліктерді саралай келе, тренер
оқытуына интерактивті оқыту әдістерін енгізуді ұсынамын. Неліктен осы оқыту
әдісін ұсыну себебімді төмендегі дәлелдемелер арқылы келтіремін.
Қазіргі білім беру үрдісінде оқытудың негізгі үш моделі қалыптасқан.
1) Енжар оқыту моделі
Мұнда субъект мен объектінің арасында осындай жалпы байланыс орнайды. Субъекті-
тренер, объекті - үйренушілер тобы. Бұл жерде тренер тек дәріс беруші ретінде, білімді
жеткізуші.Үйренушілермен арада кері байланыс жоқ. Білімді жалпы береді.
2) Белсенді оқыту
Бұл жерде де субъект мен объектілік қарым қатынас. Тек айырмашылығы әр үйренуші
объекті. Тренер әр үйренушісінің талабын ескеруге тырысады. Дегенмен, күнделікті оқытуда
үнемі осылай қамтуы мүмкін болмайтын кездері де болады.
3) Интерактивті оқыту (қазіргі жағдайда ең тиімді оқытудың түрі)
Мұнда тренер мен үйренушілер субъекті мен субъекті арасындағы қарым қатынас түрінде
697
болады. Тренер бұл арада тек ұйымдастырушы, жетектеуші ролінде болады.Үйренушінің
белсенділігін дамытуда интерактивті оқытуды түрлендіре қолданып, өздеріне оқудың мақсатын
айқындатады. Аталған оқыту үрдісі бірлескен әрекет (жоспарлау, жүзеге асыру, бағалау, ретке
келтіру) түрінде ұйымдастырылады. Ересек адамдар үшiн белгiлi бiр әрекетке дайындықты
қалыптастырғаннан гөрi, сол әрекеттi жасаудың құралдарын меңгеруге жағдай жасалынады.
Әр моделдің өзіндік оқыту тәсілі бар : енжар оқыту моделінде де тек үйрету мақсатында
болса, белсенді оқыту міндеттеу мақсатында болып, тренер әр оқыту қадамы сайын үйренушінің
алгоритмдік жүрісін көрсетіп отырады. Ал интерактивті оқытуда ынталандыру арқылы оқыту
жүзеге асады да тренер үйренушілерді бағыттап, қолдау жасап отырады.
Зерттеуші С.И.Змеевтің анықтаған ересектерді оқытудың он қағидаларынан
1. Өздiгiнен оқып-үйренудiң басымдығы.
2. .Бiрлескен iс-әрекет.
3. Үйренушiнiң тәжiрибесiне сүйену қағидалары осы интерактивті оқытуда айқын
көрініс табады.
Интерактивті оқытуда жаңа білімді диалог, полилог түрінде меңгертуді мақсат етіледі.
Ересектерге білім беру ісін интерактивті жағдайларды ұйымдастыру топ құру, проблеманы
тұжырымдау, әртүрлі пікір туғызатын мәселені анықтап алудан басталады. Алдымен
диалог түрінде кіші топта, сосын ұжымда талқыланады. Интерактивті әдістер қолдану білім
алушылардың теориялық материалдарды практикалық әрекетке айналдыруына жағдай жасап,
теория мен практиканы байланыстыруда, өзінің кәсіби дүниетанымын қайта қарауда, жаңа
тәжірибені өз бетінше жинақтауына мүмкіндік береді.
Сондықтан да ересектерді оқытуда тренердің оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында
төмендегідей кейбір әдістерді ұсынамын.
Интерактивті оқытудың кейбір әдістері мыналар
Қарастырылып отырған тақырыпқа сай басты мәселені талқылау үшін үйренушілерге үш
бағаннан тұратын кесте сызу тапсырылады. Бірінші бағанға «білемін», екінші бағанға «білгім
келеді», ал үшінші баған «үйрендім» деп жазылады.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Интерактивті дәрістің алғашқы кезеңінде дәріс тақырыбындағы түйінді мәселе жайлы
үйренушілерден не білетіндіктерін 3 минут ішінде бірінші «білемін» бағанына жазып шығу
сұралады. Бұдан соң әр адам өз жазғандарымен (білетіндерімен) кіші топ мүшелерімен бөлісіп
талқылайды, ортақ идеяларын жинақтайды. Барлық топта осындай жұмыс жүріп өткен соң,
топ атынан сөйлеушілер өз шешімдерін ұжымда жария етеді. Ал тренер тақтада барлық
идеяларды жинақтайды.
Бұл кезеңнің мақсаты – үйренушілерді белсенді ойлау жағдайына қою, идеялар туындату,
жаңа ақпаратты бұрынғы білімге сүйене отырып алу үшін танымдық әрекет ұйымдастыру,
ескі білім мен жаңа ақпарат арасында көпір жасау. Өйткені білім алушының тәжірибесінде
бар білімге негізделмеген жаңа ақпарат тез ұмытылатындығы белгілі. Сонымен қатар адам
жадындағы өрмекшінің торындай бір-бірімен байланысып жатқан ақпаратттық жүйені іске
қосу арқылы оның сыртында тұрған жаңалықты ашуға көмектесу.
Ал қатысушылардың танымдық әрекетінің алдымен жеке жұмыстан топтық жұмысқа
ауысуы топ ішіндегі ойлауды, әр адамның пікірін тыңдап олардың ең құндыларын саралай
отырып тізімге алу, өз білімдерін басқаның тәжірибесімен толықтыру, ондағы артықшылықтар
мен кемшіліктерді сезіну, жаңаны білуге деген қызығушылықтардың оянуын қамтамасыз етеді.
Бұдан кейін екінші бағанды «білгім келеді», яғни талдануға тиісті мәселе жайлы не
698
5
білгілері келетіндігі анықталады. Бұл бағанмен жұмыс та алғашқыдағыдай алдымен жеке,
топта, одан кейін ұжымда талқыланады. Осы педагогикалық әрекет нәтижесінде әр үйренуші
өзінің тәжірибесінде шешуге қиналып жүрген мәселесін саралайды, педагогикалық проблеманы
табысты шешудің тетігін табудың жолдарын белгілейді, өзінің кәсіби даму траекториясын
жасайды.
Кестенің үшінші «үйрендім» бағанын толтырмас бұрын тренер үйренушілерді
белсенді әрекетке тартатын кең ауқымды дәріс оқиды немесе дайын үлестірме материалдар
таратылады. Басқаша айтсақ жаңа ақпаратты меңгеруге бағытталған тыңдаушының жұмысы
ұйымдастырылады. Егер мәтін таратылып берілсе, олардан «V» - білемін, «+» - жаңа ақпарат,
«?» - пікіріме сәйкес емес, сұрақ туғызады деген белгілерді қойып оқу тапсырылады. Содан соң
алдымен кіші топта, кейін үлкен топта сол қойылған белгілер бойынша барлығы үшін қандай
жаңа ақпарат болғандығы, барлығы үшін не түсініксіз болғаны, немен келісетіндіктері туралы
талқылау ұйымдастырылады. Барлық «ашық» мәселелер ой елегінен өтеді, терең талданады.
Тек содан кейін ғана үшінші «үйрендім» бағанында осы жұмыстан білгені, түйгені, қалай
қолданатындығы жайлы әр қатысушыдан өз толғанысын жазып шығу сұралады.
«Планетарлық ойлау» әдісі – қарастыратын мәселе жайлы бар мәліметті тоқтамай
қағазға түсіру, алдымен тыңдаушылардың не білетіндігін анықтауға, белсенді ойлауға,
бұрынғы білім мен жаңа ақпарат арасында байланыстар құруда таптырмайтын құрал. Оның
ұйымдастырылуында да ерекшелік бар және белгілі бір алгоритм сақталады [ 4, 120-123 б.].
“Ой шабуылы”
Бұл қандай тәсіл және не үшін қажет?
“Ой шабуылы” - бұл үйренушілердің белсенділігін арттыру және идеяларды тез
қабылдауда керекті әдіс. Бұл әдіс нақты мәселені шешу немесе сұраққа жауап іздеу үшін
пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, топ “ой шабуылы” әдісімен модуль мәселесін оқып-үйрене
бастауы мүмкін. “Үкімет қандай да бір адамды азаматтығынан айыру үшін қандай желеу
пайдаланады деп ойлайсыз?”. Осы әдісті пайдалану жөніндегі кейбір ұсыныстар:
• Мәселені шешу жолын іздеу кезінде үйренушілер арасындағы туындаған қақтығысқа
байланысты “кикілжіңнен” кейін, “ой шабуылын” жүргізіп, қақтығысты бейбіт
жолмен шешудің барлық ықтимал нұсқасын беру.
• Жаңа тақырыпты енгізу кезінде үйренушілердің бұл тақырыпқа байланысты білетін
барлық ақпарат бойынша “ой шабуылын” туғызыңыз. Бұл оларда қызығушылық
тудырудың, сондай-ақ олардың нені білетіндігін анықтаудың жақсы әдісі.
• Жедел шығармашылық жаттығу ретінде. Мысалы, аяқталмаған әңгіме үшін аяқтаудың
ықтимал нұсқалары бойынша “ой шабуылын” жүргізіңіз.
Тәсіл қалай пайдаланылады?
• Қандай мәселе бойынша “ой шабуылын” жүргізгіңіз келетіндігін шешіңіз. Оны
көптеген әртүрлі жауаптар беруге болатын сұрақ түрінде тұжырымдаңыз. Сұрақты
барша жұртқа көрінетіндей етіп жазыңыз. Мысалы, “біз өз оқыту үрдісімізде қандай
жақсы өзгеріс жасай аламыз?”.
- Үйренушілерден өз пікірлерін білдіруді сұраңыз. Оны басқаларға көрінетіндей етіп
жазыңыз. Бұл жеке сөз немесе қысқа түсінік болуы мүмкін.
• Үйренушілер “ой шабуылы” кезінде олардың “шабуыл” аяқталмайынша бір-бірінің
пікіріне түсінік беруге немесе айтылған пікірді қайталауға болмайтынын түсіндіріңіз.
• Барлығының белсенділігін көтермелеңіз, алайда топты шеңбер етіп отырғызбаңыз
және оларды өз пікірін білдіруге мәжбүрлемеңіз
- бүл олардың белсенділігін тежейді.
• Өзіңіз жазып жатқан кезде пікірге баға бермеңіз. Егер мүмкін болса, оны
үйренушілердің бірінен жазып алуын өтініңіз. Өзіңіздің жеке пікіріңізді тек топ
699
белсенділігін көтеру қажеттігі жағдайында ғана ұсыныңыз.
• Егер қандай да бір ұсыныс түсініксіз болса, оны айтқан адамнан мұны түсіндіруді
немесе өз түсініктемеңізді ұсыныңыз және онымен қалғандарымен келісетіндігін
тексеріңіз.
• Әрбір жаңа сөйлемді жазыңыз. Тосын, кездейсоқ және шытырман сөйлемдер пайдалы
және ең қызықты болмақ.
Пікірлер саябырсыған кезде “ой шабуылын” тоқтатыңыз. Бүдан кейін сіз барлық
сөйлемдерді қарап шығып, үйренушілерден оларға түсінік беруін сұраңыз.
“Ортақ талқы”
Достарыңызбен бөлісу: |