5
and department review procedures are now moving into their second yearly cycle and our teachers
are now much more aware of the value of the data they have created in previous years and they see
how this can have a significant impact on development planning. So, what were the most significant
revelations from our initial projects?
• The results for the initial analysis of the first stage of the curriculum mapping process
revealed that the most obvious strength of the Grade 11 curriculum is the development of
skills. Course plans are a good base but need more detail in learning objectives and levels
of knowledge such as exemplar questions.
• The department review produced almost instant data by which to judge its success. Planning
of lesson observations with department heads was excellent and the teaching and learning
feedback was completed as per the planned schedule.
• Lesson observations revealed significant trends in terms of teaching and learning and these
were able to be shaped into objectives for the departmental professional development
project and appraisal system.
• Lesson observations provided evidence that a significant percentage (if not all) of the
students are actively engaged in their learning and find it suitably challenging.
• Our analysis of lesson observations during the departmental review process evidenced a
wide variety of teaching methods. Overall, 75% of lessons were judged as Good to Excellent,
whereas only 8% required improvement.
• Departments where improvements in the quality of teaching are required have been informed
and this will form the basis of the next department review.
• We also identified a number of general trends and development areas for the school and
individual department development areas. The most significant areas of teaching in need
of development were the use of ICT by students (in evidence in only 35% of observed
lessons), monitoring and recording student achievement in evidence in only (54%) and
lesson reflections (68%).
• The appraisal process is still in its early stages and the only data we currently have in which
to judge the effectiveness of the planning is the delivery of the professional development
and the meetings with individual heads of department prior to the first phase of the cycle.
At this stage, the results seem favorable as department heads have produced their appraisal
plans and created objectives for their departments to address.
• There is a noticeable improvement in the Self-evaluation skills demonstrated by heads of
department.
In conclusion, we would have to say that we probably underestimated the scale of the project at
the outset. The introduction of new concepts, the explanation of the rationale behind self-evaluation
and the motivation of teachers to ‘buy into’ the process were all issues of which we were aware,
however each provided its own challenges in terms of overcoming them. However, by investing time,
energy and enthusiasm in our projects we ‘sold’ them to our teachers by inviting them on an exciting
voyage of discovery. This journey, we promised, would take them into dangerous waters where they
would meet unfamiliar but exciting challenges, and so it has proved. There is a refreshing openness
and willingness to identify and investigate factors that would previously not have been considered.
Self-evaluation became a living entity, constantly evolving in response to data, which we evaluated,
and deepening with the development of understanding because of consultation with our heads of
department and teachers. As a result, we are confident that we know our school better than we did
before. We can celebrate our successes and we are no longer afraid to confront those areas where we
feel we can make improvement. Our journey continues….
707
References
1. Ofsted. A New Relationship with Schools: Improving Performance through School Self-
Evaluation. 2004:http://webarchive.nationalarchives.gov.uk/20130401151715/http://www.
education.gov.uk/publications/eOrderingDownload/1290-2005PDF-EN-01.pdf
(Nov
2014).
2. NAHT: Model appraisal policy 2014:http://www.naht.org.uk/welcome/advice/advice-
home/staff-management-and-pay-advice/model-staff-appraisal-policy-2014/ (Feb 2015).
3. Hayes Jacobs H:
Mapping the Big Picture: Integrating Curriculum and Assessment
K-12 (
ASCD
, 1997).
4. MacBeath J Leadership for learning: A new relationship with schools: inspection and self-.
evaluation. September 2005 number 5 .
5. http://cft.vanderbilt.edu/services/individual/small-group-analysis/.
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ БЕЛСЕНДІ
ӘДІСТЕРДІҢ ЖҮРГІЗІЛУ ҚАДАМДАРЫ
Смағұл А. Т.
№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты
Қызылорда қаласы,
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Андатпа
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудағы инновациялық оқытудың басты басым
бағыттарын мақсатқа ала отырып –оқытуды оқушыға бағыттау және оларды практикада
қолдану басымдықтары ұсынылған.
Яғни
с
абақ барысында құрылымдарына сәйкес пайдалану жолдары мен стратегиялардың
жүргізілу қадамдары оңтайлы қарастырылып жазылған.
Жаңаша идеяларды тарих сабағында ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын
әмбебап тәсілдерді үйрену және интелелктісін дамытып, оқытудың барлық компоненттерін
пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру. Сын тұрғысынан
ойлауда өз қабілеттерін бағалай білуге үйрету.
Аннотация
Предложены приоритеты использования на практике, обучения направленного на
ученика - выбрав при этом целью развития критического мышления, основные направления
инновационного обучения.
То есть, рассмотрены и написаны оптимальные шаги использования способов и
стратегий, в соответствии со структурой проведения урока.
Своеобразно освоят новейшие идеи и информацию на уроках истории, развитие
интеллекта и использование разнообразных методов приемлимых в жизни. Дать углубленные
знания учащимся на уровне общего среднего образования, используя все компоненты обучения.
Научить оценивать свои способности в критическом мышлении.
Abstract
This article deals with the teaching direction to the students, taking the basic directions of
708
5
innovative teaching in the critical thinking development and their usage peculiarities in the practice
as the objectives.
It also considers the ways of usage and strategy steps during the lessons in accordance with
their structures.
It is peculiar to learn the latest ideas and information at history lessons, the development of
intelligence and the use of a variety of acceptable methods in life. Our goal is to give students in-
depth knowledge at the level of general secondary education, using all the components of learning
and to teach how to assess their abilities in critical thinking.
Қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда
оқу тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды
пайдалануды көздейді. Міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі,
әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Мұғалімнің міндеті - заман талабына сай өз білімін
өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласып қарым-қатынас жасатын, өз ойын еркін айта
алатын, өзіндік шешім қабылдай білетін тұлғаны жетілдіру. Ойлау оқу мен жазу, сөйлеу мен
тыңдау сияқты іс-әрекет. Ойлау -тұжырымдалған, шыңдалған, ойды айтатын құбылыс. Сын
тұрғысынан ойлаудың негізгі талаптары: Жаңа ситуацияда қолдана алатын ұтымды әрі,
ұзақ мезгілдік оқу негізінде ақпараттар мен идеялар, пікір айту; егер оқушы белсенділікпен
үйренсе, талданса, ақпараттардың соңында ой түйіндей алса, біздің іс-әрекетіміздің нәтижесі;
мұғалім ой мен тәжірибенің әр түрлілігін, мәнін түсінсе, сындарлы оқыту әрекеті жүзеге асады.
Сын тұрғысынан ойлауда қолайлы ортада нені білуі қажет?
Сын тұрғысынан ойды тудыру үшін уақыт беру, қолайлы мүмкіндік жасау; сыныпқа
ойлануға рұқсат беру; әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдай алу; үйренудегі сыныптың
екпінді ісін қолдай білу; егер оқушы бір қолайсыз ортаға түсіп қаласа, оның ешқандай әлжуас
емес екенін сендіре білу; әр бір оқушының жасаған сынына, оның сын көзімен қарау қабілетіне
сенім білдіру қажет.
Аталған қажеттілікті ұстана отырып, сын тұрғысынан ойлауды дамытудағы басты
мақсатым –оқытуды оқушыға бағыттау.Оқушыларды ойлантуға, ойын ашық айтуға мүмкіндік
беру. Жаңаша идеялар мен пікірлерді қабылдауға, үйрену барысында оқушылардың белсенді
іс-әрекетін қолдауға, кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді,
дәйекті болуына бағдар беріп үйрету. Оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып,
оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру.Сын тұрғысынан ойлауда өз қабілеттерін
бағалай білуге үйрету. Мысалы: уақыт, рұқсат, әр түрлілік, іспен айналысу,жұмыс бастылық,
бел байлау, нар тәуекел, құрмет. Яғни бағалауда жаттанды ойды емес, мәнді, маңызды, құнды
пікірлерді бағалау қажет.
Оқушы қойылатын міндеттер: Сенімділікпен жұмыс жасауға, өз ойының пікірінің
мәнділігін түсінуге; бар ынтасымен оқуға; көптеген пікірлерді тыңдап, ілтипатпен қарауға,
пікірлерді бірден айтпауға және шешімді бірден шығаруға асықпауы тиіс; өзгенің тыңдай
отырып, өз ойын дәлелді жеткізу.Осыдан туындайтын оқушының жауапкершілігін қалай
арттыруға болады? Өз пікірінің құндылын сенімділікпен айту; біледі, бөлісуге белсенділік
(пікірлесу, айту, ортаға салу,басқалармен санасу); тыңдату, өзгелер тыңдау, тыңдай отырып,
өз шешіміне өзгерістер енгізу. Сабақ барысында, сыныптан тыс жұмыста пайдалану үшін
белсенді әдістердің негізгі қадамдарының
жүргізу алгоритміне
таныстырылым жасалу қажет.
Мен өз тәжірибемді қалай пайдаланам? Сабақтың қызығушылықты ояту кезеңіде нені
басшылыққа алуға болады? Үй тапсырмасын сұрауда және жаңа сабақтың негізгі идеясына
кіру үшін оқушыға түрткі және қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың ой
еркіндігін дамыта отырып, қандай бір тақырыпқа ой қозғау арқылы жаңа тақырыпқа ене білу.
Нәтижесінде - іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы;- танымның баланы жақсы сезімге
709
бөлеуі; - іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Сабақтың
оқылым бөлімінде оқушы тақырыпттық тапсырманы мазмұндау, бір-бірін оқыту, бөлісу,
бәсекеге бейімделу, тың идеялармен таң қалдыруы арқылы сабақтың мақсатына жете алады.
Бұл кезеңде сабақта мынадай әдістерді қолданған тиімді деп білемін: І. Сиқырлы таяқша
әдісінің жүргізілу қадамдары: Тақырып ұсынылады. Тақырыпқа сай тапсырма беру. Сөздегі
айтылған ойды қайталамау. Ойды қысқа тұжырымды айту. Қалыс қалмау, ой шақыру, ой
қозғау сәттерінде қолданған тиімді.ІІ.Блумның сұрақ қою өлшемі (бір оқушы жанындағы
досына немесе сыныптасына сұрақ қояды, сұраққа жауап берген оқушы, сол сұрақты одан
жандандырып жанындағы сыныптасына қоя біледі, жауап бере алмаса, тағы сұрақ қоя
білуі керек). Бұл әдісте оқушының бір-бірінің білімдеріне сыни қөзқарастары қалыптасады,
сұрақты жүйелі қоюға дағдыланады. ІІІ.
Санадағы кинофильм әдісі. [Жұмыс жүргізудің негізгі
алгоритмі: Оқушылар көздерін жұмады; мұғалім ақпаратты оқу немесе бірнеше сұрақтар
оқиды; оқушылардан мұғалім оқып жатқан ақпаратты көз алдарына елестетіп келтіру
сұралады; мұғалім ақпартты оқуды тоқтатып, оқушылардан қойылған сұрақтардың жауабын
дамытуды сұрайды]
1
.Оқушылар өздерінің «санасындағы кинокартинадан» не болғандығы
туралы әңгімелейді. Мысалы: Мұғалім ақпаратты сұрақтар мен оқиғаны ұсынады: Біз қандай
мемлекетте тұрамыз? Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл тарихың қалай баяндай
аламыз? Ұлттық рәміздерімізге қалай сипаттама бере аламыз?Біздің тұңғыш президентіміздің
өмір баспалдақтары туралы не айтуға болады? 2014 жылы 11 қараша күні Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаев қандай жолдауды жариялады?
Жолдаудағы ең негізгі дүние деп нені айтуға болады?
Елбасы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғаныменен, Президентіміз
еліміздің рухани-мәдени мәселелері деп нені ұсынды? Осы сұрақтар арқылы оқушының ойын
дамытуға болады.
Сабақтың мағынаны тану кезінде мынадай белсенді әдістерді қолданған тиімді:
«Күн
мен түн» стратегиясы бойынша жұмыс сыныптағы І-ші топқа «Күн», ІІ-ші топқа «Түн»
тапсырма беріледі. [Жүргізілу қадамдары: Оларға ортақ сұрақ: Күн мен түн ауысқанда қандай
жағдайлар пайда болады деп ойлайысыңдар? Күн болған жағдайда... не айтуға болады?
(жақсы, жағымды жақтарын айта алды.). Түн болған жағдайда... не айтуға болады? (жаман,
жағымсыз жақтарын айта алды).]
2
Күннің түннен, Түннен күннің айырмышылығы бар ма, бар
болса қандай деп ойлайсыңдар? сұраққа: Оқушылар салыстырмалы тұрғыда ойларын айтуға,
тапсырманы топта талқылап, бір-біріне пікірлерін білдіру дағдысын дамыта алды. Оқушылар:
Түн болған жағдайда... не айтуға болады? сұраққа жауап бере алды:«Бұланты шайқасы», «Қара
сиыр» деген жерде 60 мың қазақ-қырғыз әскерлері күшімен қалмақтар талқандалды. Аңырақай
шайқасы. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, ақ мешін» апаты. Ел басынан кешкен осы
қасірет «Елім-ай» әнін туғызды. Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жерлерін тастап,
іргелес аудандарға үдере көшті. Жетісуды ойрандады оның тарихына мән беріп, ойын ашық
баяндады. Ойрантөбе шайқасында Райымбек бастаған қазақ әскерлері жоңғарларға күйрете
соққы бергендігі туралы өз ойын еркін айта алды. Түннен күннің айрмашылығы бар ма, бар
болса қандай деп ойлайсыңдар? деген сұраққа: Шапқыншылық, соғыс, халыққа қастандық,
халықты қанауы, шайқас, билік үшін талас, елді ойрандауы туралы пікір айтты. Бұл әдіспен
жасаған тапсырмалар олар үшін тиімді болды. Себебі күн мен түн тақырыппен де, өмірмен де
сабақтастығы оқушылардың сыни көзқарастары арқылы өздеріне ой сала білді.
Әңгімеге негізделген сабақ. Бұл сыныппен әңгімені оқыта отырып талқылауға бағытталған
әдіс. [Жүргізілу қадамдары: Оқушыдан тақырыпты сурет негізінде сұрау (сол кезеңдегі
адамды суреттеу, киім-киісі, тұрмыс жағдай т.б.)Әңгімені айту (сол заманда халықтың
жағдайы, өмір өткелдері қызықты етіп баяндап сипаттау).Оқушылар оқыған тақырыптың
негізгі идеясына тоқталу.Мұғалім мен оқушылар арасында сұрақ-жауап қатынасы арқылы
710
5
тақырыпты толықтыру. Тақырыпты қазіргі өмірмен байланыстарын айта білу.]
3
Бұдан шығар
түйінді ой оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, iздену қабiлеттерiн дамыту, өзiндiк
жұмыстар жасап, өз шешімдерін айту дағдысы қалаптасады.
«Ойлау карталары» стратегиясы. [Ойлау үдерісі - оқытуға арналған сегіз көрнекі
құралдан тұратын кешен. Жүргізудегі қадамадар: Тақырыптың мән мәтінін айқындау,
сипаттау, салыстыру және қарама-қарсы қою, жіктеу, бөлік, сабақтастықты анықтау, себеп пен
салдар,]
4
ұқсастықтарды пайдалану арқылы олар ойлаудың көрнекі тілін көрсетеді, танымдық
дағдыларды егжей-тегжейлі үйрену үшін пайдаланды, мазмұнды қалай оқу керек екендігін
үйренді. Әр түрлі деңгейде пікірлерін ортаға салады.(Ойлау карталарын доктор Дэвид Айрль
әзірлеген). Сыныпта оқушылар шеңбер болып орналасып отыру арқылы тақырыптың әрбір
қадамдары жеке пікірлер айтылады.
Нәтижесі: Оқушылар өз пікірлерін 1731 ж. ақпанда Әбілқайырхан Кіші жүздің
Ресейдің қол астына кіруде Императица Анна Иоаннованың Кіші жүздің Ресейге қосылуы
туралы нұсқауға қол қоюы. Ең басты мақсаты- Батыстағы көршісі Ресеймен сенімді байланыс
орнатып, бар күшті ойраттарға қарсы күреске жұмылдыру болды. Патша үкіметі қазақ жерін
тірек ретінде пайдаланып, Ресейден алшақ жатқан Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтарына жорық
ұйымдастыруды көздеді. Берілген тапсырманың саяси мәніне көңіл бөлген. Ойы шашыраңқы
баяндалды.Осы тұста ойын жинақтап айтуға тақырыптан оқиға сен үшін маңызы не ойлайысын?
Сұрақ аясында көп ойланбастан нақты жауап берді.Оңтүстік Қазақстандағы қазақ руларының
бір бөлігі Ресей бодандығын өз еріктерімен қабылдаса, бір қатар аудандары әскери күштер
қысымымен қосылды. Әбілхайыр бүкіл қазақ даласына аға хан болуға лайықты дара тұлға
ретінде көрінді. Ұсынылған тапсырманың негізгі ойын оқушы бұл жерде жақсы дәлелдемелер
айта білді. Бұл тапсырма аясында оқушылардың бойында белсенділік, қызығушылық таныта
білді.
Сабақтың ой толғаныс кезеңінде: Миграция (Көші-қон) әдісі арқылы шағын топ жұмыс
жасауда сыныпты І-топ. Кіші жүз, ІІ-топ: Орта жүз, ІІІ-топ: Ұлы жүз деп үш топқа бөлуге
болады. Оқушылар бір-біріне көшу арқылы сұрақтар қоя отырып, тақырыпқа сәйкес берілген
сұрақтарға сыни тұрғыда жауап бере біледі.Миграция (Көші-қон) әдісінің жүргізілу қадамдары:
Төмендегі сұрақтар арқылы үш жүз бір-біріне [қайда, неге, мақсаты не еді, қандай ақпарат
қажет болады, қашан және қайда көшуді кімнен біледі?]
5
деген жетелеуші сұрақтар арқылы
топ өз жауабын таба алады. Бұл стратагияда оқушының ой еркіндігі, шешендік шеберлігі,
көшіп отыру арқылы кедергілер мен қиыншылықтарын, жағымды және жағымсыз тұстарын
айқындап жеткізе алу дағдысын қалыптасыра алады. Қазақ жерінің Ресей империясының
қол астына өтуі кезінде Ұлы, Орта, Кіші жүздер келіс сөздерден кейін қайда көшеді? Ұлы,
Орта, Кіші жүздер неге көшеді? Мақсаты не еді? Алдағы тапсырмаларды Ұлы, Орта, Кіші
жүздердегі үрдістің жүру барысында сізге қандай ақпарат қажет болады? Қазақ жерінің
Ресей империясының қол астына өтуі кезінде Ұлы, Орта, Кіші жүздер қашан және қайда
көшуді кімнен біледі? деген сұрақтар арқылы «Ұлы жүз» тобына тапсырма беруге болады.
Бұл сұраққа Ұлы, Орта, Кіші жүздер тобы көшіп келушілердің сұрақтарына нақты жауап
берді. Жақсы кейіпкерге ене алды. Ұлы, Орта, Кіші жүздер тобындағы достарына көмектес
отырып, Ұлы, Орта, Кіші жүздер көшіп келіп сұрақтар қойғанда барлық сұрақтарға шешімді
ойын еркін айтады. Оңтүстік Қазақстандағы қазақ руларының бір бөлігі Ресей бодандығын
өз еріктерімен қабылдаса, бір қатар аудандары әскери күштер қысымымен қосылды - деп өз
ойын айта алды. Жалпы бұл әдісте оқушыларда еркіндік, көшбасшылық пайда болды. Сыни
көзқарастарын сұрақтар арқылы бір-біріне қоя білуі, жауаптарын назардан тыс қалдырмай
талқылау жасауымен құнды болды.
Сөз тізбегі бойынша логикалық тапсырмасын сабақты бекіту кезінде қолдануға болады.
Мысалы: Ноғай Ордасы туралы Ш. Уәлихановтың зерттеудегі пікірі туралы сөз шығады.
711
Тапқырлықпен таныса біл!
А
Т
С
О
Д
А
Д
Н
Ы
С
Л
Ы
Й
А
Ғ
О
Н
Н
Е
Ұ
Ғ
Қ
Л
К
Е
Ы
Д
Р
Г
Т
А
Қ
А
І
Р
О
Н
А
Р
К
Ш
А
Р
Т
Д
А
А
Т
Ү
Е
Қ
Т
М
У
Ы
С
Қ
Қ
С
Б
Ы
Ы
Е
Н
Қ
А
З
А
Р
І
Қ
Н
А
С
Т
А
Ө
М
І
Н
А
З
А
Қ
Х
А
Н
Ы
Ж
Ә
( Жауабы: Алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар
мен қазақтарды екі туысқан Орда)
Оқушылармен «Үш қадамнан тұратын сұхбат» әдісі бойынша жұмыс жасау барысында:
А-сұрақ қоюшы мұғалім: Біз – Мәңгілік Қазақтың пер зенті міз! Сұрақ аясындағы негізгі
идеясы мен басты мақсаты не деп ойлайсыздар? В-жауап беруші оқушы. Негізгі мақсатымыз
– туған ел мен жердің көсегесін көгерту. Бас ты идеямыз және арман-аң сауымыз – Мәңгілік
Ел идеясы. Ойшыл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзімен айтсақ: «Алаш туы астында
күн сөнгенше сөнбейміз. Енді Алашты ешкімнің қорлығына бермейміз». Елбасы Жолдауының
өзегі осы: бақытты ел болуды көксеген ата-бабаның арманы орындалған, Мәң гілік Елдің іргесі
қаланған ке зеңде бүкіл ғасырларымыз бен дәуір леріміз ту көтерген тілекті жү зе ге асыруға
білекті сыбана кірісу деп ойлаймын. А-сұрақ қоюшы : Бізге, мәңгілікке бет бұрған еңселі елге,
ең әуелі керегі не деп білесіздер? В-жауап беруші оқушы. Дамы ған елдер жүріп өткен жүз
жылдың экономикалық-техно логиялық ұлан-ғайыр жетіс тігін шапшаң игеру – аса күрделі мін-
дет. Президент сендіріп отырғанындай, бұл – қазіргі Қазақстанның қолынан келетін шаруа.
Бізге, мәңгілікке бет бұрған еңселі елге, ең әуелі керегі – осы сенім, Елбасының төл ұлты мен
сол ұлттың жарқын келешегіне деген қылаусыз сенімі. Содан кейін қазаққа деген, жеріңе деген,
алаштың әр баласына деген сүйіспеншілік, ұлттық сезім мен рухқа суарылған бауырмалдық
деп білемін.С-сұрақ, жауаптарды жазып анализ беруші сынып басшысы. Нәтижесінде
сұрақтарға жауап берген кезде оқушылар сыни көзқарастарын сол замандағы оқиғаны қазіргі
кезбен байланыстыра мәнді сөйлеуі басымырақ болды. Көріністерде болжамды ойлар арқылы
сөйлете білді. Бір –біріне талдау жасау арқылы өздерінің кемшіліктері мен нақты, әрі ұтымды
тұстарын тексеріп, өздеріне баға беруді үйрене алды.Сабақта оқушыларды бағалау парағы.
Сабақ барысында түрлендіріп отыруға болады
Оқушы
аты-жөні
Қалыптастырушы бағалау
Ішкі жиынтық баға
Ой қозға
у бойынша
Сиқыр
лы т
аяқша
арқылы жұмыс
1 ба
лл
Қызығушылықты о
ят
у.
Маз
мұнды баянда
у
5-10 ба
лл
Мағынаны т
ану
.
«Күн мен түн» әдісі арқылы 5-10 ба
лл
Логик
алық
та
псрым
алар арқылы 1 ба
лл
Д
еңг
ейлік т
апсыр
ма,
Ке
стелер
мен жұмыс 15 ба
лл
ІЖБ
ұпай
жиынтығы
(ұпай қосу)
ІЖБ
ұпай бойынша
мұғалім бағасы
(ең жоғары
ұпайдан
бастапөлшемдер
арқылы бағалау)
712
Достарыңызбен бөлісу: |