Әдебиеттер тізімі
1. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения (Аспект преодоления неуспеваемости
школьников). Избранные педагогические труды /- М.: Педагогика, 1989.
2. Философия: Энциклопедический словарь. М.: Гардарики. Под редакцией А. А. Ивина.
3. 2004.
4. Декарт. Р. https://kk.wikipedia.org/wiki (25.09.2015)
5. Локк Дж. Сочинения в трех томах. Т. 1. – М. 1985. С. 139.
6. Морозова Т.А. Формирование педагогической рефлексии как основы
профессионального становления будущего учителя. Дисс. канд псих. наук. 19.00.07.
Тула, 2003.
7. Давыдов В.В., Зак А.З. Уровень планирования как условие рефлексии. // Проблемы
рефлексии. Новосибирск, 1987. 43-48
8. Дьюи Дж. Психология и педагогика мышления (How we think - Как мы мыслим.) М.:
“Лабиринт”, 1999. С. 192
9. Ильясов И.И., Можаровский И.Л. Рефлексия как условие формирования научно-
нормированных способов познавательной деятельности. // Проблемы рефлексии.
Современные комплексные исследования. - Новосибирск, «Наука» 1987. С. 113-118.
100
5
КЕРІ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ТРЕНЕРДІҢ
ТӘЖІРИБЕСІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ, ДАМЫТУ
Байбекова С. К.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ АҚ
Педагогикалық өлшеулер орталығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Тү
йінді сөздер: тренер, мұғалім, бағалау, формативті бағалау, суммативті бағалау,
портфолио, сындарлы пікір, кері байланыс.
Ключевые слова: тренер, учитель, оценивание, формативное оценивание, суммативное
оценивание, портфолио, конструктивные рекомендации, обратная связь.
Кeywords: Trainer, teacher, assessment, formative assessment, summative assessment,
portfolio, constructive recommendations, feedback.
Андатпа
Берілген мақалада Педагогикалық өлшеулер орталығы Кембридж университетінің білім
беру факультеті бақылаушыларының қатысуымен жалпы білім беретін мектеп педагогтері
біліктілігін арттыру курстары бағдарламасы негізінде эксперт - бағалаушылардың формативті
бағалап, ұсыныс беру арқылы тренердің тәжірибесіне қолдау көрсетіп, дамытуы туралы
жазылған. Мақалада келтірілген дәлелдемелер эксперт - бағалаушының жеке іс- тәжірибесінен,
бақылау нәтижелерінен алынған.
Аннотация
В данной статье рассматривается, как эксперт по оцениванию используя формативное
оценивание поддерживает развитие практики тренера на основе Программы курсов повышения
квалификации, разработанной Центром педагогического измерения совместно с факультетом
образования Кембриджского университета. Доказательства, приведенные в статье, взяты из
личной практики эксперта по оцениванию из результатов наблюдений, практики тренера
Absstract
This article discusses how an expert on assessment using formative assessment supports
trainer’s practice development based on the training program courses, developed by the Centre of
pedagogical measurement with the faculty of education of Cambridge University. The evidence
presented in the paper are taken from personal experience and from the results of observations of the
assessment expert.
Әлемдік білім алу деңгейіне жетудің негізгі мақсаты - оқушыларға білім беруде жаңа
стратегияларды қолдану, сабақ берудің стереотипін өзгерту, сабақ өткізу арқылы зерттеу
болып табылады. Білім беру үрдісін заманауи талабына сай жақсартудың тағы бір жолы -
инновация яғни, білім алу жолындағы жаңалықтарды үйрету, қабылдау, бағалау және қолдану
үрдісін басқару. Бұл білім беру мазмұнына, әдісіне, формасына ұйымдастыруға және басқаруға
қатысты. Педагогикалық іс әрекеттің негізгі қағидасы – оқушының дамуына қолдау көрсету.
Баланы оқыту мен дамыту үдерісінде үнемі өзгеріс болып отырады. Белгілі бір мақсатқа жету
үшін, әр адам өзін - өзі және қасындағы әріптесін бақылап, туындаған қиындықты бағалай
білуі өте маңызды. Егер оның себебін анықтап, белгілі бір жүйеге келтіріп, тәжірибесінде
қолданса, ол формативті бағалау болады [1, 4-б.]. Баланы оқыту мен дамытуды өзгерту үшін
101
мұғалімнің жаңа идеяны түсінуіне бағыт беріп, тәжірибесінде қолдануына жағдай жасалуы
керек. Бұл еңбектің жемісті болуы - мұғалім, тренер, эксперт ынтымақтаса жұмыс
істеуінің нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Бағалау – әрі қарай оқыту үшін шешім қабылдау мақсатында оқыту нәтижелерін жүйелі
қосуға бағытталған қызметке қатысты қолданылатын түсінік. Бағалау оқыту барысында
маңызды және ажырамас бөлікке ие және тек қана емтихандар, бағалармен байланысты емес.
Оқыту секілді, бағалау да күрделі процесс болып табылады және мұғалімдер оларды дамыту
және өз практикасын жетілдіру үшін қолдайтын принциптерді жақсы түсінулері тиіс [4, 23-б.].
Мақалада жаңа бағдарлама бойынша бағалау кезіндегі тәжірибемен бөлісу; бұрыннан айтылған
ойларды өз тәжірибемде тренерлерді формативті бағалауда қалай қолдандым; бұл керемет
жаңалық емес, дегенмен өз тәжірибеммен бөлісу, өз пікірімді жазамын; мақала эксперттер мен
тренерлерге арналған.
Бағалау үдерісінде тренерлердің тәжірибесін бақылап, қажеттіліктерін анықтап, олардың
білімдері мен тәжірибелерін дамыту бағытын айқындап, қажетті стандарттарға сәйкес болуға
көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі. Тренерлер тобының оқытуы мен іс-тәжірибесінің
дамуын жүзеге асыруда, сәйкесінше әдіс-тәсілдер қолданылып, тәжірибесі туралы сыни
ойлануға ықпал ететіндей, оқыту мен тәжірибені дамытуға жетілдіруге бағытталған сындарлы
пікірлер беріледі. Тренермен жүргізілген кәсіби әңгіме және оған ұсынылған ауызша және
жазбаша кері байланыстар тренердің өз тәжірибесі туралы ойлануына, әсіресе сессияны
жоспарлау және бағалау тәжірибесіне оң әсер етті деп ойлаймын. Табысты және қоғамға
қажет болғысы келген адам өмір бойы оқиды. Бүгінгі күні елімізде, Қазақстан мектептерінде
білім беруде Кембридж университеті білім факультеті бағдарламасы негізінде оқушы – мұғалім
– тренер – эксперт бағалаушылардың қатысуымен үлкен және маңызды іс атқарылуда.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының
үшінші деңгей бағдарламасының курстарын өткізу үрдісін формативті бағалаудың бірі
тренердің мұғалімдерді оқыту тренинг- сессиясын бақылау арқылы іске асырылады. Бұл
формативті бағалауда тренерлердің оқытуы мен білім беру сапасының стандартқа, талапқа
сай болуы қаралып бақыланады. Оқытатын тренердің өткізген сессиясына қатысып,
мұғалімдердің қажеттілігі, яғни басымдылық анықталады. Деңгейлік Бағдарлама мазмұнына
сәйкес мұғалімдердің білім алуы талданып, одан әрі жақсарту, жетілдіру жолдары белгіленіп,
жетістікке жету мүмкіндіктерін қарастыру да оқыту үрдісін, атап айтқанда, тренингтік
сессияларды формативті бағалау арқылы іске асырылады. Эксперт ретінде өз тәжірибемде
бағалау теориясының қағидаларын әрқашан қолданамын. Олар:
• оқу мен оқытудағы заманауи тәсілдерді қолдау үшін тиісті тренингтер мен
жаттығуларды жүргізу;
• тәжірибені бақылау, таныстырылым мен портфолионы шолу арқылы тренерлерге
кеңес беру, өз білімі мен тәжірибесін қолдап, дамыту және талап етілетін стандарттарға
сәйкес келуге көмектесу;
• тәжірибеге өзгерістерді әзірлеп, енгізу үшін тренерлердің педагогикалық тәжірибесін
формативті бақылау және сыни тұрғыдан конструктивисті пікірді қамтамасыз ету [4,
23-б.];
Эксперт – бағалаушының «бірінші бетпе–бет» және «екінші бетпе–бет» кезеңіндегі оқыту
процесіне қатысудағы басты мақсаты тренермен ынтымақтаса жұмыс істеп, формативті
бағалау, конструктивті ұсыныс бере отырып, тренердің тәжірибесіне қолдау көрсету, дамыту.
Тренерге сессияны қалай құруды үйрету емес, сессияны бақылау нәтижесінде байқалған
олқылықты талдап, алдағы тәжірибеде жөндеуге бағыт беру.
Эксперттер ПӨО-да маңызды рөл атқарады, тренердің тәжірибесін бақылап оған
формативті баға туралы хабарлайды; тренердің портфолиосын зерттеу арқылы оның оқытуы
102
5
және практикасы туралы пікір айтады; бағалар шешімдерін қабылдау уақытында тренерге
конструктивтік кері байланысты және қолдауды қамтамасыз етеді; тренерлердің мұғалімдер
портфолиосы мен презентациясын бағалауын модерациялау; барлық стандарттарға сәйкес
келетіндей сабақ беруді және практиканы жетілдіруге тренерге бағыт береді.
Мұғалімнің «бірінші бетпе – бет» кезіндегі оқытуда жаңа идеяны түсінуі маңызды,
сондықтан тренер мұғалімнің дұрыс түсінуі, білуі қалыптасуы үшін сессия кезіндегі оқытуда
стандартты басшылыққа алып, оқытудың жаңа тәсілдерін, стратегияларды қолдануы қажет.
Тренер бағдарлама идеясын оқытып, мұғалімдерді бағалай отырып, өзі де кәсіби дамиды.
«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз де үйренеміз» (Сенека Луций)
Эксперт тренермен сессияның өту барысын талдайды, басымдылықты анықтап, алдағы
сессияда мүмкіндіктерді жоспарлайды, мақсат қояды. Сессияны талдау мынадай болуы
мүмкін: әңгімелесу, кеңес беру, кері байланыс. Тренерлер сессияда белгілі бір мақсатқа жету
үшін оқытудың әр түрлі белсенді тәсілдерін пайдаланады. Күні бойы мұғалімнің ынтасын
сақтап, белсенді болуы үшін тапсырмалар орындауға қатысады. Тәсілдерге мыналар жатады:
• жеке-дара тапсырмалар, мысалы іс-әрекеттегі зерттеуді сипаттай отырып, плакат
әзірлеу;
• шағын топтарда бірлескен жұмыс орындау, талқылау;
• жеке рефлексиялық есеп жазу;
• өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және т.б.
Мұғалімдер сессияның басым бөлігін белсенді тапсырмаларды орындап, талқылайды.
Тренерлер оқуға ынталандыратын және сын тұрғысынан ойлауға ықпал ететін тапсырмалар
әзірлейді. Сонымен қатар, өзінің сессияны жоспарлауы, мұғалімдердің орындаған іс-әрекеттері
туралы өзіне кері байланыс жасайды. Тренерлер кері байланыс жасағанда сессияның өтілу
барысын, мұғалімдердің жетістіктерін, сессия кезіндегі жақсы жақтарын айтып, талдайды.
Тренерлер өздерінің жұмыс әдістерін дамытып жетілдіру үшін оқыту мен оқуды бағалауды
жоспарлайды. Бағалау тәсілдері алуан түрлі болуы мүмкін, бірақ олардың барлығы тәжірибені
дамытуға ықпал ету үшін қолданылады [9, 14-б.].
Тренердің сессиясын бақылау кезінде эксперт белгілі фактілерді пайдалана отырып
әрдайым сапаны өзінше интерпретациялауы маңызды. Сессиядан алынған мәліметтерді
анықтап, интерпретациялау үшін оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне қатысты бағаланатын
білім, позициялары критерийлер бойынша әртүрлі жетекші сұрақтар арқылы анықталады.
Бастағанда әрине, жағымды сұрақтан басталды, мысалы:
Дайындаған сабақ жоспарының Сіз үшін қаншалықты көмегі болды?
Қандай жұмыс түрлері жақсы өтті? Неліктен?
Бұл сұрақтар тренердің ойын жинақтап, нақты жауап беруге бағыттады. Талдау
кезінде жақсы жақтарын атап көрсеткеннен кейін, тренердің тәжірибесін жетілдіру мақсатында
диалогті жалғастырып, келесі ойландыратын сұрақтар берілді, мысалы:
Қандай жұмыс формасы сіз жоспарлағандай болмады... неліктен?
Сабақтың қандай кезеңіне көңіліңіз толмады?
Сіз қалай ойлайсыз, мұғалімдерге тәжірибесін жетілдіруге әріптестерінің берген
ұсыныстарының нақты көмегі бола ма?
Әріптестер ұсыныстары тиімді болу үшін неге назар аудару керек?
Ойланатын сұрақ беріп, тренерге тәлімгерлік көмек көрсетіледі. Сұрақ қою арқылы
бағалаған формативті ұсыныстар тренердің ойланып, тәжірибесін жетілдіруіне көмектесуі
керек деп ойлаймын. Ең маңыздысы тренер өзі ойланып дамуына мүмкіндік жасалады. Егер
осы сұрақтарға тренер әр сессиядан кейін өзі жауап беретін болса, яғни сессия соңында
туындаған сұрақтарды жазып отыруы тренердің тәжірибесіне өзгеріс әкеледі. Сұрау
– қателерді табу және оларды түзетуге арналған өте жақсы және жедел әдіс. Сұрақтар қою
103
мен бір-біріне жауап беру саласындағы зерттеулер тәсілдің жетістікке жетуді елеулі түрде
жақсартатынын көрсетті.
Сессияларға қатысу барысында, тренер мұғалімдерге Бағдарламаның идеяларын
оқыту үшін әртүрлі тәсілдерді қолданатынын көрдім. Дегенмен, мұғалімдердің орындаған
тапсырмасын бағалау кезінде тренер: «толықтырыңыз, ойланыңыз» деген жалпы ұсыныстармен
шектелді. Мұғалімнің тәжірибесін дамыту үшін нақты ұсыныс беру керек, ал бұл мәселе
тренерге қиындық туғызатынын байқадым. Сондықтан, сабақты талдау кезінде тренермен
«нақты, мұғалімді ойландыратын ұсыныс» беру қажеттілігі туды. Сессиясы барысында топтық
жұмыс орындалып, әр шағын топ өз постерін қорғады және бірін – бірі бағалап, пікір айтты.
Сессия соңында талдау кезінде тренерге осы тапсырма бойынша сұрақ қойдым: «Бүгінгі
(постер қорғау) топтық жұмыста қандай мақсат қойдыңыз? Қалай ойлайсыз, тапсырма
беру кезінде қойған мақсатыңызға жеттіңіз бе?». Бұл жерде әр топ постерді қорғап, бірін
– бірі бағалағанымен қорытынды пікір айтылмады және әркім өзбетінше ұсыныс айтты.
Сондықтан, мен : «Тренер көшбасшы ретінде, cоңында қорытындылап, әр топтың постеріне
сындарлы пікір айтып, әлі де ойланатын, жетілдіру қажет тұстарына сындарлы пікір айтқаны
дұрыс болатын еді», - деген ұсыныс бердім.
Кері байланыс өлшемді болуы керек. Оқып үйренушілер кері байланыс олардың
жаңа дағдыларды үйренуге немесе білетіндерін жетілдіруге көмектесетінін білуі керек. Кері
байланыстың негізгі бөлігі сыннан тұрса, бұл сабаққа қатысушылардын реніш туғызуы мүмкін,
егер кері байланысты шамадан тыс мақтап жіберсе олда дұрыс болмайды. Жағымды және
жағымысыз ескертулер жасағанда олардын өлшемі бір деңгейде болуы керек, көңіл аударатын
жағдайға байланысты. Дегенмен де өлшемді бола тұрсада әр бір сыни ескертуден кейін мақтау
айту қажет емес [7, 16-б.]. Осы жайында эксперт әріптесімнің тәлімгерлік туралы: «Тренерлерге
кері байланыс беруде өзіңіздің пайымдауларыңызға, болашақ ұсыныстарыңызға және рефлексия
жасау, ойластыру үшін беретін кеңестеріңізге тірек ретінде кәсіби стандарттарға\бағалау
критерийлеріне сілтеме жасаған маңызды. Сонымен бірге, кері байланыс кезінде тренердің
мықты жағы мен дамытатын тұстары туралы айтылғанда баланс сақтағанды ескерген жөн.
Мысалы, 4 позитивке 1 негатив және әр тренердің қажеттілігін ескерілуін назарда ұстаған
жөн» деген пікірін құптаймын және тәжірибемде қолданамын,
Эксперт бағалау кезінде қатысқан әр сессия бойынша тренердің өзгерісі, кәсіби дамуы
туралы әңгіме өткізгені қажеттілігін қанағаттандыруға көмегін тигізеді. Эксперт дайын
жауапты бермейді, тренерді дамыту үшін жауабын табуға көмектеседі. «Сіз қалай ойлайсыз,
мұны қалай шешуге болады? Мақсатыңызға қалай жететін ойыңыз бар? Деген сұрақтар қойып,
тренердің өзі ойланып,, жол табуына мүмкіндік береді.
Түпнұсқалық зерттеуде сыныптың «қара жәшік» сияқты техникалық метафорасы
қолданылған және сол арқылы оқыту үшін бағалауды қолдану қара жәшік ішіндегі жұмыс
ретінде белгілі болды. Бұл жерде сөз болып отырған зерттеу бағалау арқылы оқытуды
жақсарту бес алдамшы қарапайым басты фактордан тұратындығын көрсетті:
1. Тренермен кері байланысты тиімді қамтамасыз етуі.
2. Тренердің өзіндік оқуға белсенді қатысуы.
3. Тренердің формативті бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгертуі.
4. Тренердің өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау,
бұл өз кезегінде оқытуға шешуші түрде ықпал етеді.
5. Тренердің өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға
болатындығын түсіну қажеттігі [8, 5-б.].
Тренер бағдарламаны қаншалықты жақсы түсініп, стратегияларды тиімді қолданса,
мұғалімдерге соншалықты пайдалы, жеңіл болады. Сондықтан да бірінші және екінші
«бетпе-бет» кезінде де формативті бағалау кезеңін тренер үшін барынша пайдалы өткізуге
104
5
тырысамын. Формативті бағалау жайында алдыма қойған мақсатымды ескере отырып, осы
жолы тек тренердің түсінігі мұғалім үшін де маңызы өте зор екенін айттым. Сондықтан
«әңгімелесу, кеңес беру, кері байланыс, сабақ талдау» кезінде ойларын ашық айтып, сұрақтары
болса жауап алуға тырысуларын өтіндім. Бірінші сабақтан кейін тренингті талдап, сұрақ қоя
отырып, ұсыныстар айттым, тренерлер жағымды қолдауды сезінді, сенімділіктері артқанын
байқадым. Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын
ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге,
нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға, екіншіден келесі сабақтар
тізбегіндк өзгерістер енгізуіне, яғни оқытудың жаңа тәсіліндерін қолдануға, уақытты тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді. Кері байланыс жасағанда тренер өз сабағына сыни бағалау
қалыптасады. Өзінің оқыту әрекетін бақылайды. Өзінің қателерін тауып, жөндейді. Жұмыстың
қиындығын анықтайды. Оқу нәтижесінің мазмұнына байланысты екенін бағалау және анықтау.
Оқу кезінде жаңа тәсілді оқытуда тренердің кәсіби өсуі білуі, білімі және дағдысы кеңейеді,
тереңдейді. Енді сол алған білімін тәжірибеде тиімді қолдануы қажет.
Қорыта келе, эксперттің негізгі рөлі – оқыту барысында кеңесші болып, тренердің
тәжірибесін жақсарту үшін қолдау көрсетеді. Эксперт тренердің өз тәжірибесі жайлы ойланып,
өзін бағалауға, тәжірибесін жетілдіруге сұрақ қою арқылы кері байланыстың алуан түрін
пайдаланып, ықпал етуіне болады. Мысалы:
• тренердің сессия соңында туындаған сұрақтарды жазып отыруы;
• дайындалған постер немесе топтық жұмысты талқылап, сұрақ қоя білуге үйрету;
• сұраққа жауап іздеуге көмектесу арқылы, оқу және оқыту тәжірибесіне енгізілген
өзгерістер, сұрақтар негізінде оқытуды жүзеге асыруға болады.
Бүгінгі таңда ең алдымен білімнің мазмұнымен қоса, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы
ақпараттық технологияны пайдалана отырып, мағынасына терең мән бере оқытуды көздейтін
білім беру жүйесіне «сындарлы оқыту теориясының» енгізілуі – игілікті істердің бірі болуда.
Тәжірибені дамытуда кері байланыстың түрлері тиімді қолданылса, нәтиже өнімді болады.
«Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді» деп Н. А. Рубакин
айтқандай, адам өзі білім алып, тәжірибесін дамытуға ұмтылуы керек. Ал сындарлы ұсыныс
беру, әр адамның жетілуіне бағыт беру біздің әрқайсымыздың міндетіміз деп ойлаймын.
Әдебиеттер тізімі
1. Деңгейлік курстар экспертінің бағалау нұсқаулығы. НЗМ ДББҰ, ПӨО. А., 2015. 6-б.
2. Деңгейлік курстар тренерін бағалау үлгісі. НЗМ ДББҰ ПШО. А., 2015. 20-б.
3. TrHW3_D2_Exemplars_Формативті оқыту әдістері (электрондық ресурс). 12-б.
4. Бағалауға арналған нұсқаулық. Астана 2012. -17,22,23 б.
5. Қазақ Энциклопедиясы, 1 том. Ә.Нысанбаев. Алматы, 1998. 123-б.
6. Современные средства оценивания результатов обучения: Учебное пособие /Сост.
Е.В.Телеева - Шадринск: Изд-во Шадрин. пединст-та, 2009. С.16
7. Марсали Р. О. Сындарлы оқытуда тұлғаның дамуын педагогикалық қолдау [Текст] / Р.
О. Марсали // Молодой ученый. 2014. №1.2. С. 63-64.
8. Док-өлшем баға «Р..й функциональности. 5-б.
9. Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсының екінші «бетпе-
бет» кезеңінің үлестірмелі жадынама. Доктор Саймон Браунхилл. 2014.
105
ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ: БАҒАЛАУШЫ
ЭКСПЕРТ ПРАКТИКАСЫНАН
Байгожина М. С.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық өлшеулер орталығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: формативті бағалау, суммативті бағалау, критерий арқылы бағалау, кері
байланыс, тәлімгерлік, қолдау көрсету, эксперт пен деңгейлік бағдарлама курсы тренердің
бірлесе қызмет атқаруы.
Ключевые слова: формативное оценивание, суммативное оценивание, оценивание по
критериям, обратная связь, наставничество, поддержка, совместная деятельность эксперта и
тренера уровневых программ.
Keywords: formative assessment,
summative
assessment
, evaluation сriteria, feedback,
mentoring, support, joint working of the expert and level program trainer,
the procedure of evaluation
(
estimation procedure).
Аңдатпа
Мақалада бүгінгі күнде оқытудың ажырамас, сапалы құрамы болып саналатын формативті
бағалаудың маңыздылығы, деңгейлік курстар бағдарламасы мәнмәтінінде қарастырылатын
негізгі теориялық алғышарттары берілген. Мақаланың негізгі мақсаты: бағалаушы эксперттің
тренерді формативті бағалап, оған қолдау көрсету барысында қолданылатын кейбір тиімді әдіс-
тәсілдерді ұсыну, тренер оқытуын жақсартудың жолдарын қарастыру, сол арқылы тренердің
бағалау саласындағы кәсіби құзыреттілігін, тәжірибесін арттыру. Мақаланың негізгі идеясы:
көп тәсілді бірінен соң бірін қолдана бермей, бір-екі тәсілді нақты, қайта-қайта тәжірибеден,
ой елегінен өткізіп, нәтиже алуды көздеу.
Мақала теориялық-практикалық тұрғыда жазылған. Қазақстан Республикасы
педагогтарының деңгейлік курстарды бағалаушы эксперттерге, тренерлерге, жалпы педагог
қауымға арналған көпшілік мақала.
Аннотация
В статье рассматриваются теоретические основы формативного оценивания в контексте
программы уровневых курсов, его значимость, как о важном аспекте качественного обучения
в современном образовании. Приводятся конкретные примеры из опыта формативного
оценивания тренера экспертом с целью улучшения профессиональной компетентности
и практики тренера в области оценивания. Основной идеей статьи является применение
не многочисленных методов формативного оценивания, а систематическое применение
нескольких методов формативного оценивания, которые могут дать хорошие результаты.
Статья имеет теоретическо-практическое значение. Предназначена для широкой
аудитории педагогических работников, экспертов по оцениванию, тренеров уровневых курсов
педагогических работников Республики Казахстан.
Достарыңызбен бөлісу: |