Өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 2 Семестрі: 3


Ұйымдастыру кезеңі: 10



бет55/57
Дата26.12.2023
өлшемі0,66 Mb.
#143544
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
МІН-практика-2курс-3-сем-каз

7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)

  • Тасымалдау түрлері

  • Каталкада наукасты тасымалдау ережелері.

  • Шок жағдайындағы науқастарды тасымалдау ерекшеліктері.

  • Науқастарды жатқызып, отырғызып тасымалдау

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)
Жоспар:

  • Науқасты тасымалдау

  • Жүруге қабілеті бар науқастарды отырғыш – каталкамен тасымалдау

  • Науқасты қолмен ұстау әдісі:

  • Функционалды кереуетті қолдану.

Науқасты тасымалдау. Науқастың хал-жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесіне мамандандырылған бөлімшеге зембілмен немесе каталкамен, отырғаш каталкамен, қолмен, жаяу тасымалдау әдісін дәрігер анықтайды.


Халі ауыр науқасты каталкамен тасымалдау:

  • Каталканы кушеткаға перпиндикулярлы қояды, оның бас жағы кушетканың аяқ жағындаболу керек.

  • Үш адам науқастың жанында бір қыр жағынан тұрады; біреуі науқастың басы және жауырын астына, екіншісі жамбас және санның жоғарғы бөлігі астына, үшіншісі санның ортаңғы бөлігі және балтыр астынан қолын жақындатып ұстайды.

  • Науқасты көтеріп, онымен бірге каталкаға жаққа 90 С бұрылады.

  • Науқасты каталкаға жатқызады және оны жабады.

  • Халі ауыр жағдайдағы науқас бөлімшеге жіберілді деп хабар береді.

  • Бөлімшеге науқаспен бірге медициналық картасын жібереді.

Жүруге қабілеті бар науқасты отырғыш – каталкамен тасымалдау.



  • Мейірбике аяөөа арналған тірегішті басып отырғыш каталканы алға қарай еңкейтеді.

  • Аяққа арналған тірегішке науқастың тұруын сұрайды, сосын оны ұстап, отырғышқа отырғызады.

  • Отырғыш каталканы түпкі қалпына келтіреді.

  • Тасымалдағанда қадағалайды. Науқастың қолы отырғыш каталканыңшынтақ сүйектің маңынан шықпауы керек.

Өздігінен жүре аламайтын науқастарды бөлімшеге зембілмен тасымалдайды. Әлсіреген науқастарды, мүгедектерді, кейбір егде және кәрі адамдарды көбінесе арнайы кресло – каталкамен немесе зембілмен тасымалдайды. Науқас жатқызылған зембілді екі немесе төрт адам көтеруге болады. Медицина қызметкерлері зембілмен тасымалдағанда мына ережелерді сақтауы керек:



  1. Науқасты көтеріп салғанда бір қалыппен және бір кезде көлденең ұстап жатқызып салады.

  2. Тасушылар зембілді шайқалтпай, тербелітпей, бұрылыстарда ақырын бұрылып, аяқтарын бірдей алып жүрулері керек.

  3. Баспалдақпен көтерілгенде аяқ жағын көтеріп және тегістікте зембілдің бас жағымен алға жүреді, ал баспалдақпен төмен түскенде аяқ жағымен алға және аяқ жағын көтеріп жүреді.

  4. Арт жағында келе жатқан медицина қызметкері науқастың жағдайын бақылайды.

  5. Егер тасушылардың біреуі шаршаса, ол жөнінде міндетті түрде айтуы керек.

  6. Зембілге науқасты салғанда немесе төсекке ауыстырғанда үш адамның болғаны дұрыс.

Науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалуына байланысты оның жататын орнынның ыңғайлы әрі таза болуының маңызы зор. Емдеу мекемелерінде науқастарға арналған қарапайым және функционалды креуеттер қолданылады. Қарапайым кереуетте жартылай отыру қалпын, пациенттің басын бірнеше жастықтар қою арқылы көтеріп жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет