139
№ 1(134)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Педагогика. Психология. Социология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Pedagogy. Psychology. Sociology Series
тудың танымдық және метатанымдық стратегияларын қолданудың қаншалықты тиімді екендігін зерт-
теу. Бұл мәселені шешу үшін мақалада зерттеушілер ұсынған жоғары деңгейлі танымдық және метата-
нымдық стратегиялардың кең топтамалары, оқушылар қолданатын әртүрлі ауқымды стратегиялардың
түрлері, таным мен метатанымның заманауи үлгілері, сонымен қатар когнитивті және метакогнитивті
стратегиялардың оқу үдерісіне негізделген зерттеу нәтижелері қарастырылған. Мұғалімдер оқушылар-
дың проблемалық тапсырмаларды түсініп, сәтті аяқтап, қойылған мақсатқа жетуі үшін, оқушылардың
танымдық және метатанымдық стратегияларын сәтті игеруін көздеп егжей-тегжейлі және жүйелі тре-
нингтер жүргізуі керек. Метакогнитивті стратегиялар таңдалған когнитивті стратегияларды бақылау
үшін, тапсырмаларды орындау барысында бүкіл танымдық оқу процесін реттеуде және алынған білімді
жаңа оқу мен өмірлік жағдайларға ауыстыруда өте маңызды. Сонымен қатар, мақалада мұғалімдердің
стратегияларды оқыту барысында туындаған мәселелері және оларды шешу жолдары көтерілген. Осы
мәселелердің негізгі шешімі ретінде когнитивті, метакогнитивті және әлеуметтік-аффективті стратеги-
ялардың оқу процесіне интеграциясы бойынша қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігі айқындалған,
өйткені оқушылардың академиялық білімдерін де, функционалды құзіреттілігін де жақсарту үшін әле-
уметтік
өзара әрекеттестік,
ынтымақтастық, ынталандыру мен өзін-өзі реттеудің маңыздылығы аса зор.
Түйін сөздер: танымдық, метатанымдық стратегиялар, оқыту стратегиясы, жеке және бірнеше стра-
тегиялар, оқуды түсіну процесі,
стратегияларды оқыту моделі
Достарыңызбен бөлісу: