Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл



жүктеу 0.92 Mb.

бет5/8
Дата22.12.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

-гүл, -шешек:бөрігүл, жанаргүл, көкбасгүл, наргүл, көкшегүл, қозыгүл, меруертгүл,

намазгүл, секпілгүл, таугүл (омандр), шегіргүл, ымыртгүл, ақшешек, байшешек, гүлшешек

т.б.


-тамыр:  көгентамыр,   қаратамыр,   алтынтамыр,   майтамыр,   маралтамыр,

мыңтамыр, бояутамыр т.б.

-қат,   -жеміс,   -жидек,   -бүлдірген:  бөріжеміс,   қаражеміс,   иіржеміс,   бөріқарақат,

қарақарат,  қожақат,  қойқарақат,  қызылқат,  тасқарақат,  итбүлдірген, қойбүлдірген,

тасбүлдірген, субүлдірген, итжидек, қаражидек т.б.

-жапырақ: 

айылжапырақ,   бұйражапырақ,   теңгежапырақ,   жаужапырақ,

мүйізжапырақ,   мыңжапырақ,   тасжапырақ,   тікенжапырақ,   түйежапырақ,

шүкіржапырақ т.б

-тікен:бозтікен, қаратікен, түйетікен т.б.

§   25.   Құрама   сөздердің   ішінде   біріккен   сөздердің   қатарына   қосып,   бірге   жазуға

таяныш болатын тағы бір белгі бар. Ол – құрама сөз сыңарларының, мысалы, шөп, көк,

от, құрақ, шалғын, қурай, ағаш, егін тәрізді жалпылама мәнде болуы. Дерексіз сипаттағы

бұл зат есімдер белгілі бір сөздің сүйемелімен ғана нақты бір заттың (өсімдіктің) атауы

болып жұмсалады. Сондықтан бір сыңары дерексіз сипаттағы құрама сөздердің осы түрін

де біріккен сөз деп танып, бірге жазуға болады. 



-шөп:айдаршөп, айланшөп, ащы қарашөп, әлекшөп, бауыршөп, ойраншөп, бөденешөп,

кенешөп, жебіршөп, жұлдызшөп, жұмыршөп, көкешөп, кірпішөп, қандышөп, кененшөп,

қарғашөп,   қорғасыншөп,   қояншөп,   шайшөп,   сабыншөп,   өгейшөп,   сағызшөп,   сүйелшөп,

томағашөп т.б.

-от:ақот, қараот, киікот, балықот, маралот, семізот, бақаот т.б.

-қияқ:айылқияқ, жыланқияқ, қарақияқ, өлеңқияқ т.б.

-егін, -құрақ, -балғын, -шалғын:ақегін, көкегін, балқұрақ, бозшалғын, ақшалғын т.б.

-қурай:ақбасқурай,   балқурай,   қарақурай,   сарыбасқурай,   сепсеқурай,   қызылқурай,

аққурай, талқурай (вербейник) т.б.

-ағаш,   -көк,   -тал:әулиеағаш,   қараағаш,   қандыағаш,   қызылағаш,   сарыағаш,

жаманкөк,   балдыркөк,   ашкөк,   көктал  (ива   сизая),   қаратал,   сауыттал,   қызытал,

сабаутал, жылауытал, т.б.

 Бірақ бұл қатарға изафетті тіркестің екінші түрінен (алма ағашы, өрік ағашы, сандал



ағашы)   ықшамдалып   жасалған   күрделі   атаулар  (алма   ағаш,   өрік   ағаш,   сандал   ағаш)

жатпайды.

Соңғы сыңарлары құс тәрізді жалпылама сөзбен келген құс атауларының да жазылуы

осы тәрізді: қарақұс, сарықұс, сұршқұс. 

Бір   сыңары   жалпылама   мәнде   жұмсалатын   мұндай   сөздердің   қатарына  –аралық,

-тану,   -құмар,   -жанды  тәрізді   дерексіз   ұғымдағы   сөздер   арқылы   жасалған   біріккен

сөздерді   жатқызуға   болады:  ауданаралық,   мектепаралық,   облысаралық,   қалааралық,



колхозаралық, пәнаралық; абайтану, жамбылтану, әуезовтану, шығыстану, ұйғыртану,

жаратылыстану,  қоғамтану;  дүниеқұмар,   малқұмар,   қызықұмар,   әнқұмар,   шенқұмар;

малжанды, балажанды, әйелжанды, күйеужанды т.б.

Ал   бұл   айтылғандарға   керісінше,   соңғы   сыңары   жалпылама   мәнді   сөздердің   бірі

болмай, нақты бір өсімдіктің (мия, қылша, қонақ, қаңбақ, кекіре, жусан  т.б). я болмаса

құстың (тырна, шағала, бүркіт, торғай т.б.) атауы болып келсе, олар күрделі зат есімдер

деоініп, бөлек жазылады. Өйткені нақты бір заттың атауы болып табылатын бұл сөздер

бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалатын немесе жалпылама мәнде қолданылатын есімдерге

қарағанда құрама сөз құрамындағы дербестігін біршама сақтап отырады. Сондықтан олар

біріккен сөз емес, күрделі сөздер (күрделі есімдер) деп танылады да, әр сыңары бөлек-

бөлек тұлғаланады. 

Мысалы: көк мия, ешкі мия, ақ мия; қызылтамыр қылша, тау қылша, мойнақ қылша,



бұйра қылша; ақ қонақ, ит қонақ, қарабас қонақ, тау қонақ, күріш қонақ; бал қаңбақ, сор

қаңбақ, май қаңбақ, ебе қаңбақ; түйе шетен (пижма), май шетен, гүл шетен; көк кекіре,

ақ кекіре, сары кекіре, у кекіре; ас бұршақ  (горох),  бөру бұршақ, түйе бұршақ; шағыр

жусан, құм жусан, ақбас жусан, қара жусан, сарбас жусан, бөрте жусан, мығыр жусан,

мық жусан, түйе жусан т.б. Екінші сыңары нақты бір құстың атын білдіретін күрделі құс

атаулары да осы ізбек жазылады:  сақалды тырна, ақбас тырна  (журавль красавка),  ақ



тырна; ақ шағала, өгіз шағала, байбай шағала, су шағала; су бүркіт (орлан), саржақ су

бүркіт, құм бүркіт, қыр бүркіт, шөл бүркіт, мола бүркіт, тұз бүркіт; итала қаз, сарала

қаз, қара қаз, қоқи қаз, қараша қаз, қоңыр қаз; меңіреу құр, ақ құр; су құрқылтай; кегір

үйрек, көкала үйрек, көкмойын үйрек, ақбас үйрек т.б.

Айдарлы торғай, ақбас торғай, ақкөт торғай, алақанат торғай, бұйра торғай, бұқпа

торғай, балшықшы торғай, барылдақ торғай, барылдауық торғай, боз торғай, бозша

торғай, дарылдауық торғай, дорабас торғай, жасыл торғай  (сойка),  жүрдек торғай,

жылпылдақ торғай, жыршы торғай, зіңкілдек торғай, кезеген торғай, көбелек торғай,

көкала торғай  (трясогузка белая),  көкқасқа торғай  (зәузе), қараала торғай, қарабауыр

торғай, құшынаш торғай, қара торғай, сібір қара торғайы, қожабас торғай, қотыр

торғай,   қызылбас   торғай,   қызылқұйрық   торғай,   майкөт   торғай,   мақтан   торғай,

ноғайбас   торғай,   мысық   торғай   (иволга,   немесе   сарғалдақ),   пайыз   торғай  (щегол),

сайрауық   торғай,   сарала   торғай,   сарыбауыр   торғай,   сары   торғай,   суық   торғай

(снегирь),  сұрша   торғай,   үрпекбас   торғай,   шөже   торғай,   шөжебас   торғай,   шөпек



торғай, шырша торғай, шырылдауық торғай т.б.

Бұл жерде  қарабас қонақ, ақбас жусан, суаяқ торғай, қарабауыр торғай, қожабас



торғай, қызылқұйрық торғай  тәрізді үш сыңарлы  құрама есімдердің жазылуына назар

аударуға тура келеді. Үш сыңарлы мұндай құрама есімдердің алғашқы екі сыңарын бірге

жазу тиімді көрінеді. Өйткені бірінші екі сыңарды бір-бірінен бөле-жара қарау олардың


семантикалық тұтастығына қайшы келеді. Мысалы, ақбас жусан атауын «ақ» бөліп алып

«бас жусан»,  суаяқ торғай  дегенді «су» сөзінен бөліп «аяқ торғай» деп қолдану мүмкін

емес.   Бұл   –   құрама   сөзінің   алғашқы   екі   сыңарының,   соңғысымен   салыстырғанда,

идиоматизацияланғандығын   көрсетеді.   Алғашқы   екі   сыңардың   біріккен   сөз   екендігін

мынадай   құбылыстан   да   байқауға   болады.   Үш   сыңарлы   құрама   атаудың   кей   жағдайда

үшінші сыңары эллипсиске ұшырап айтылғанмен, қалған екі сыңары бәрібір сол заттың

атауы   болып   жұмсала   береді.   Мысалы:  қарабауыр   торғай>қарабауыр,   қызылқұйрық

торғай>қызылқұйрық,   көкмойын   үйрек>көкмойын,   қодірен   бидай>қодірен,   қосауыз

мылтық>қосауыз, ақиық сұңқар>ақиық, аққұйрық арлан>аққұйрық т.б.

§ 26. Соңғы жылдарда екінші сыңары әр түрлі грамматикалық тұлғада келген құрама

сөздердің бір тобын біріккен сөз деп танып, бірге тұлғалау жазу тәжірибесінде кездесе

бастады:


а)  жатыпатар, алыпсатар, қанішер, батаоқыр, бақанаттар, ұйқыашар, жолашар,

күнқағар, тоқымқағар т.б.;

ә) көріпкел, шауыпкел;

б)   құлақкесті,   көкейкесті,   тұяқтесті,   жүрекжарды,   жұмысбасты,   ерғашты,

қағазбасты, етекбасты, шаруабасты, жолсоқты т.б.;

в) қағаберіс, кіреберіс, тастайберіс, құлайберіс, шығаберіс, жатаберіс т.б.;

г) күншығыс, күнбатыс, бетбұрыс, беталыс т.б. Бұл типтес құрама сөздерді біріккен

күйде жазуға негіз болатын белгі – етістік тұлғалардың деграмматизациялануы.

§ 27. Бір сыңары көптік жалғауымен келген құрама сөздердің бір тобын біріккен сөз

ретінде бірге жазу ғылыми әдебиетте жиі кездесіп отырады. Солардың біралуаны мына

тәрізді:

 бассүйексіздер,   баскөкіректілер,   буынаяқтылар,   түзуқанаттылар,



түзутұмсықтылар,

 

қосмекенділер,

 

ашатұяқтылар,

 

еттұмсықтылар,

мүйізтұмсықтылар,   сүтқоректілер,   тамыратпалылар,   тамыртүйнектілер,

күрделігүлділер, қосжыныстылар, шатыршагүлділер, тамыржемістілер, бүрұялылар т.б.

  Алайда  түзу   тұмсықты   құстар,   ет   тұмсықты   жануарлар   дегенді   бөлек-бөлек



жазып,   түзутұмсықтылар,   еттұмсықтылар  дегенді   бірге   жазуымыз,   сырт   қарағанда

бірізді көрінбейді. Бірақ бұлай жазуды мүлде жүйесіз деуге болмайды. Мысалы, мұндағы

заңдылық – құрама сөз сыңарының эллипске ұшырауы, тіркестің ықшам түрде айтылып,

біріккен   сөзге   айналуы;   бір   ұялы   өсімдіктер>бірұялылар.   Ал   құрама   сөздің   эллипске

ұшырамаған түрі бөлек-бөлек тұлғаланады:  сүт қоректі жануарлар, тамыр түйнекті

өсімдіктер т.б.

 Бұл жерде –лар, -лер қосымшасының грамматикалық мағынасымен бірге, тым айқын

болмаса   да,   сөз   «ұластырушылық»   қасиеті   бар   тәрізді.   Осы   екі   топтағы   (§   26,   §   27)

сөздердің   бірге   жазылуының   шегі   бар.   Оларға   сырттай   ұқсас   тіркестердің   бәрі   бірдей

біріктіріліп   жазыла   бермейді.   Бұл   жерде   олардың   этнографиялық   мазмұнда   жұмсалуы

(батаоқыр,   бақанаттар,   тоқымқағар),   терминдік   немесе   номенклатуралық   мәнде

қолданылуы   (алыпсатар,   бассүйексіздер,   тамыртапалылар  т.б.),   субстанциялануы

(көріпкел, жүрекжарды, жатыпатар  т.б.) тәрізді ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Ал өзге

жағдайда мұндай құрама сөздердің бірге жазылуына регламент қою қажет. 

Осы   күнгі   баспасөз   беттерінде

 батысгерманиялық,   шығысқазақстандық,

ортаазиялық,   оңтүстікқазақстандық,   солтүстікқазақстандық  тәрізді   құрама   сөздерді

бірге жазу дағдысы жиі кездесе бастады. Тегінде, бұлай жазу орыс тіліндегі үлгіге арқа

сүйеу тәрізді. Дегенмен тіл тәжібесінде қолайсыз болса, өзге тілдік ешбір үлгі өміршең

бола   алмас   еді.   Бұл   жерде  шығысқазастандық  деп   біріктіріп   жазу  –дық,   -дік

қосымшасының  –лар, -лер  тәрізді «ұластырушы» қасиетіне сәйкес келетін секілді. Ал  


лық, -лік қосымшасыз келген құрама сөздің бұл түрі  Орта Азия, Батыс Германия, Шығыс

Қазақстан түрінде бөлек-бөлек тұлғаланады. 

Сонымен, құрама сөз сыңарларының біріккен сөзге айналуының бірнеше жолдары бар

екендігіне назар аудардық. Олар – а) дыбыстық-семантикалық контаминацияға ұшырап

барып, біріккен сөзге айналуы: жарғанат (жарғақ қанат), ендігәрі (ендегінен әрі), білезік

(білек   жүзік),  әйтпесе  (олай   етпесе),  қайтіп  (қалай   етіп);   ә)   құрама   сөз   сыңарлары

мағыналарының   көмескіленуі   барысында   біріккен   сөзге   айналуы:  жаужұмыр,

желінсау,желтоқсан;  б) әр басқа екі сөздің тіркесе келіп, үшінші бір өзгеше мағынаны

білдіруы   арқылы   біріккен   сөзге   айналуы:  орынбасар,     оттегі,   кәсіпорын,   өнеркәсіп,



алақоржын  (тышқан).   Біріккен   сөздің   бұл   аталған   түрлері   бұрын-соңды   шыққан

зерттеулерде тиісті дәрежеде, әр қырынан қарастырылған

25

. Міне, осы айтылғандарға қоса



біріккен   сөздің   тағы   мынадай   түрлері   бар   деуге   болатын   тәрізді.   Олар,   жоғарыда

айтылғандай,   құрама   сөз   сыңарларының   жалпылама   мәнде,   дерексіз   сипатта

жұмсалуының негізінде жасалған біріккен сөздер. Мысалы: сарықұс, қарақұс, қандыағаш,

тасжапырақ  т.б.   және   құрама  сөз   сыңарының   бүтіннің   бөлшегі   ретінде   жұмсалуынан

жасалған   біріккен   сөздер:  темірқанат  (құс),  бізтұмсық  (құс),  тоқалтіс,   ақшұнақ

(тышқанның   түрі),  мұзбалақ,   кейқұйрық,балтатұмсық  (құс),  қаратамыр  (өс.),  қозыгүл

(өс.), ақсақал, қосаяқ, қосауыз т.б.

Осы   айталғандарға   құрама   сөз   компоненттерінің   деграмматизациялануы,   эллипске

ұшырауы, субстанциялануы, кейбір қосымшалар  (-лар, -лер,-лық, -лік) арқылы «ұласуы»

тәрізділерді   қоссақ,   сөздердің   бірге   жазылуы   аса   күрделі,   аса   қиын   мәселе   екендігін

көреміз. 

Бірақ  біздің  мақсатымыз  құрама  сөздердің  бұл  айтылған  типтерін  біріккен   сөз  деп

танимыз ба, жоқ па дегенге үзілді-кесілді жауап беріп, дәлелдеп шығу емес. Бұл жерде біз

құрама  сөздердің   мұндай  түрлерін,   әсіресе   соңғы  жылдарда,   біріктіріп   жаза  бастаудың

нышаны  бар  екендігіне және  бұлай жазудың  негізсіз еместігіне  назар  аударуды  мақсат

еттік.

§   28.   Ереже   бойынша   (1957   ж.)   шылау  сөздердің   жазылуы   үш   топқа   бөлінеді:   а)



шылаулар негізінде бөлек жазылады. Мысалы:  сабақтан кейін, жиналысқа дейін; қағаз

да, қарындаш та; қалам мен сия; аз ба, көп пе?, ә) ау, ай, мыс, міс, ды, ді, дағы, сынды

шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден дефис (-) арқылы жазылады; б)  ма, ме (ба,бе,



па, пе) сұраулық шылау түбір мен қосымша арасында қоданылғанда, -мы, -мі, -бы, -бі, -пы,

-пі болып өзгерген қалпында жазылады. Мысалы: келемісің, айтыппысың?

Шылау сөздердің жазылуы туралы бұл ереже Анықтағышта (1974 ж.) толықтырыла

түсті. Мысалы, Ережеде (1957 ж.) түбір мен қосымшаның аралығында келетін бір ғана ма,

ме, (ба, бе, па, пе) шылауының қалай жазылатындығы берілсе, Анықтағышта (1974 ж.) бұл

пункт толықтырылып,  да, де, -ақ  шылауларының түбір мен қосымшаның аралығындағы

жазылуы   былайша   көрсетілген:  осы   үйдің   ұлыдамын,   қызыдамын;   әңгіме   айтуға

жоқақпын  (45-б.). Сондай-ақ  сынды (Баян сынды, Төлеген сынды)  шылауы  осы Ереже

бойынша дефис арқылы жазылады делінсе, ал Анықтағышта (1974 ж.) бұл шылау негізгі

сөзден   бөлек   жазылады   деп   көрсетілген.   Күнделікті   жазу   тәжірибесінде   де  сынды

шылауының негізгі сөзден бөлек тұлғаланып жүргендігін кездестіруге болады. Тегінде,



сынды  шылауын   негізгі   сөзден   бөлек   жазудың   тиімді   жағы   бар.   Өйткені   бұл   шылау

тәрізді, секілді, іспетті  т.б. көмекші сөздермен негізгі сөзден бөлек жазылатын ұқсату

мәніндегі шылаулармен мағыналық бір топ  құрайды. 

Жалпы қағида бойынша  ақ, ай, ау  демеуліктері негізгі сөзден бөлек, дефис арқылы

жазылады:   айтасың-ақ,   барады-ау,   дүние-ай,   қызық-ай  т.б.   Ал   осы   демеуліктердің

25Жұбанов Қ.К. Қазақ тілі жөнінде зерттеулер. Алматы, 1966. 223-228-б.; Жәркешова Г. Біріккен 

сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиясы. Алматы, 1960; Аханов К. Грамматика теориясының 

негіздері. Алматы, 1972. 49-96-б.; Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. Алматы, 1974. 97-

112-б.


одағайға жалғанғандағы жазылуы  әркелкі. Мысалы, Орфографиялық сөздікте (1978 ж.)

япыр-ай, япыр-ау, япырым-ау, ойпыр-ау, апырым-ау, ал Анықтағышта (1974 ж.) бұл тәрізді

демеуліктер  япырай,   ойпырау  т.б.түрінде   жазылады   деп   көрсетілген.   Тегінде,  ай,   ау

демеулігінің  кейбір  сөздермен  бірге  жазылуының  себебі  бар. Оны   одағайдың  жеке сөз

ретінде   дербестігін   жоғалтып,   демеулікпен   ұласып   кетуіне   байланысты   деп   түсінуге

болады.   Осылардың   қатарына  әттегенай  одағайын   да   қосуға   болады.   Шындығында,

мұндағы демеуліктер негізгі сөзбен кірігіп кеткен. Япырмай, әттегенай дегендерді ешкім



иә-пірім,   әйт-деген-ай  деп   бөле-жара   қарамайды.   Біріктіріле   тұлғалануы   еш   дау

туғызбайтын  алақай,айхай,   ойбай  тәрізді   одағайлардың   жазылуының   бұл   сөздерден

айырмасы  жоқ,   бәрі  де   типологиялық  бір   типке жатады.  Ау,  ай  демеуліктерінің   кейбір

одағайлармен кірігіп кеткендігі сонша, сол демеулік шылаудың үстіне тағы бір демеулік

үстемелене   жұмсалады   (мұндай   жағдайда   соңғы   демеулік   дефис   арқылы   жазылады)

алақай-ай, ойбай-ау т.б. 

Сонымен, дербестігі жоқ, тек демеуліктермен жұмсалатын одағайлардың жазылуы бір

басқа   да   (япырай,   япырымау,   әттегенай),     демеуліксіз   де   қолданыла   беретін

одағайлардың, (мысалы,  о бәтір, ой бәрекелді  тәрізділердің) жазылуы бір басқа болуға

тиіс. Соңғы топтағы одағайлармен қолданылатын демеуліктер дефис арқылы жазылады:

бәтір-ау, бәрекелді-ай, тәңір-ай, шіркін-ай, әттең-ай.

Ай  демеулігінің   дәстүрлі   орнынан   ауытқып,   түбір   мен   қосымшаның   аралығында

жұмсалуы сөз қолданыста ара-тұра болса да кездесіп қалып отырады:

«О тәңірайшыл» кер есек,

Қулық-сұмдық не өсек.

Болмаған соң бір есеп,

Мейлі қамқа, мейлі бөз,

(Абай)

Ай демеулігінің жұмсалуына байланысты бұл ерекшелік жазу тәжірибесінде екі түрлі

таңбаланып жүр:   тәңірайшыл, тәңір-айшыл. Ал осы сөзді тәңірайшыл түрінде тұтастай

тұлғалау ай шылауының демеулік мәнінің солғындауын «бейнелейді» деуге болады. Бұл

жерде  ғана  шылауына   байланысты   бір   мысалды   еске   түсіруге   болады.   Әдетте   ғана

шылауы   негізгі   сөзден   бөлек   жазылады:  сен   ғана,   маған   ғана,   Болат   қана  т.б.   Тек   аз

сөзімен қатар қолданылған жағдайда бұл шылау бірге жазылады (азғана). Өйткені екі сөз

бірімен-бірі «кірігіп» кеткен. Оны ғана шылауының үстемелене жұмсалуынан байқауға

болады. Мысалы: азғана ғана

Тағы бір еске ала кететін нәрсе –  ғана  шылауының әдеттегідей емес, түбір сөз бен

қосымшаның аралығында қолданылуы:

Шешеке, еш алданбан мал ғанаңа,

Барамын атам қосқан жар ғанама.

Емізген ақ сүтіңді балаң едім,

Бер сана бидай салып қол ғанаңа.

                («Қозы Көрпеш – Баян сұлу»)

Әдеттегі норма бойынша бұл сөздер малыңа ғана, жарыма ғана, қолыңа ғана болуға

тиіс. Бірақ бұл, зерттеуші айтқандай, ғана шылауының байырғы мұра тіліндегі поэтикалық

қызметіне байланысты жыр ішінде «заңдасқан» қолданыс

26

. Ғана шылауының осы аталған



ерекше қолданысы да әр түрлі басылымдарда әркелкі – бірде бөлек жазылса, бірде бірге,

кейде тіпті дефис арқылы да жазылып жүр. Бұл жерде мынадай пәтуаға келуге болатын

тәрізді. Түбір сөз бен қосымшаның аралығында қолданыла беретін өзге де шылаулардың

жазылуы   (келемісің,   әншідеміз,   бишідеміз;   әнді   айтадыақсың  тәрізді   ғана   шылауы   да

мұндай   жағдайда   түбір   сөзбен   тұтастай   тұлғалануы   қажет:  малғанаңа,   жарғанама,

қолғанама т.б.

26Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. Алматы, 1987. 107-110-б.



Ма, ме (ба, бе, па, пе)  шылауы да әдетте негізгі сөзден бөлек жазылады:  бар ма?,

кітап па?, ақ па?, қызыл ма?  т.б.  Ма, ме  сұраулығы, Ережеде айтылғандай, түбір мен

қосымшаның аралығында қолданылғанда дыбыстық өзгеріске түскен күйде және дефиссіз

(бірге) жазылады: барамысың? айтамысың? Бұл – сөйлеу стиліне тән ерекшелік. 

Тағы бір ескеретін жайт – ма, ме шылауы сұрау есімдігімен (қанша, неше), сондай-ақ



осынша, сонша, мұнша, онша  тәрізді туынды үстеулермен қатар айтыла келіп, сұраулық

мәннен өзгеше реңкке көшеді. Міне, осы ерекшелік, яғни сұраулық мәннен қол үзіп, басқа

бір реңкке көшуі  ма, ме  шылауының негізгі сөзбен бірге тұлғалануына таяныш болады.

Мысалы: қаншама, осыншама, мұншама, соншама, оншама т.б.

Қазіргі қазақ тілінде  да, де, та, те  жалғаулығы сөйлеммен сөйлемді, сөз бен сөзді

байланыстырып, ыңғайластық мәнде жұмсалады: Күн жауды да, ашылып кетті; ауылда



да, қалада да, қалам да, қағаз да т.б. Бұл жерде да, де жалғаулығының негізгі сөзбен бөлек

тұлғалануы ешбір дау туғызбайды. Алайда  да, де  жалғаулығы өзінің төл мағынасы мен

қызметінен,   яғни   ыңғайластық   мағынасы   және   сөз   бен   сөзді,   сөйлем   мен   сөйлемді

байланыстыру қызметінен басқаша жұмсалғанда әркелкі жазылып жүргендігін байқауға

болады.   Мысалы,   Орфографиялық   сөздікте   (1978   ж.)  қалайда,   алайда,   қайткенде

дегендердегі  да, де-нің есімдіктерден бөлек тұлғаланбауы түсінікті. Өйткені мұндағы да

ыңғайластық   мағынада   жұмсалмай,   өзгеше   мәнге   ие   болған.   Бірақ   осы   аталған

Орфографиялық   сөздікте  қайтсе   де,   сөйтсе   де,   әйтсе   де  сөздеріндегі  да,   де  бөлек

жазылған.   Шындығында,   бұл  типтес   сөздердегі  да,  де-нің   бірге  тұлғалану мүмкіндігін

жоққа шығаруға болмайды. Өйткені да, де шылауы өзінің төл қызметі мен мағынасында

емес, өзгеше мәнде, атап айтқанда қарсылықты мағынада қолданылады. Мысалы: Күннің

жылынғанына біраз болды, әйтседе қар кете қойған жоқ; Бүгін күн ұзақ жүрді, сөйтседе

шаршаған жоқ. Оқыған жақсы, ондада тәуір оқыған жақсы. 

Әдетте тіл өзінің даму процесінде дифференциация құбылысымен қатар интеграция

басынан өткеріп отырады. Мұндай жағдайда жеке сөздер белгілі заңдылыққа байланысты

біріге келіп, шылауға, одан қосымшаға айналатындығы белгілі (бара тұрған, бара-тұғын,



баратын). Бұл тәрізді құбылыс жазуда да бейнелуге тиіс. Міне, осы тұрғыдан қарағанда,

қарсылық   мәнде   жұмсалатын  әйтседе,   ондада,   сондада  тәрізді   шылауларды   біріктіріп

жазуға   болар   еді.   Типологиялық   жақтан   бұлардың  алайда,   бірақ  тәрізді   қарсы   мәнді

шылаулардан пәлендей дерлік айырмасы жоқ деуге болады. 

Құрамында да шылауы бар, тұрақты сөз сипатында қолданылатын бір алуан сөздердің

жазылуы да әркелкі. Мысалы, Орфографиялық сөздікте (1978 ж.) ұр да жық сөзі бөлек-

бөлек тұлғаланса, тап осы тәрізді  азарда-безер  сөзі дефис арқылы жазылған. Күнделікті

жазу тәжірибесінде бұл типтес сөздердің кем дегенде үш түрлі нұсқада жазылатындығын

кездестіруге болады: ұржадық, ұр да жық, ұрда-жық. Осы типтес сөздердің бұлайша әр

түрлі жазылуының, әрине, өзіндік себебі болуға тиіс. Тегінде, да шылауының жазылуына

байланысты қиындықты оның белгілі бір жағдайда сөз бен сөзді байланыстыру қызметінің

әлсіреп, ыңғайластық мағынасының көмескіленуіне байланыстыруға тура келеді. Мысалы



ұр да жық (әпербақан, ұр да жық), ас та төк (ас та төк заман), у да шу, гу де гу, шарт

ташұрт, азар да безер, опыр да топыр, қояр да қоймай  т.б. дегендегі  да, де  шылауы

негізгі сөзге бейімделіп тұрады да, оның сөз байланыстыру қызметін, компенсация ретінде

интонация   атқарады.   Сондай-ақ   бұл   шылаудың   ыңғайластық   мәні   фразеологиялық

тұтастықпен астасып кетеді. Жазу тәжірибесінде кездесетін үш түрлі нұсқаның (мысалы,



ұр   да   жық,   ұрдажық,   ұрда-жық)   соңғысы  да  жалғауының   осы   ерекшелігін   дәлірек

бейнелейді деуге болады. Сондықтан құрамында да шылауы бар фразеологиялық тіркес

типіндегі сөздерді   аста-төк, азарда-безер, ұрда-жық, уда-шу, бірде-бір, сартта-сұрт

түрінде   жазуды   орнықтыруға   болады.   Бұл   үлгі  үйме-үй,   бетпе-бет,   қолма-қол  тәрізді



сөздердің жазылуын еске түсіреді. Мұндағы  ма, ме, па, пе  әуелде шылаулық қызметте

жұмсала келіп, негізгі сөзге телініп кеткен. 



ШЕТ ТІЛДЕРДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАФИЯСЫ

1. Орыс тілінен енген сөздердің орфографиясы

Қазіргі қазақ орфографиясы – бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік міндеттерге толық жауап

беріп отырған, кемел дәрежедегі орфографиялырдың бірі. Қазақ орфографиясы бірнеше

дүркін өзгерістер мен толықтырулардан өтті; қайта қарап, толықтырудың әрбір сатысынан

өткен   сайын   қазақ   емлесінің   жалпы   және   жекелеген   мәселелері   жеттіге,   жетіле   түсті.

Қазақ жазуы мен орфографиясының қазіргі жай-күйі оның негізгі принциптерінің ғылыми,

нақты принциптер екендігін дәлелдеп отыр. Дегенмен, тіл ұдайы қозғалыстағы, үздіксіз

даму, өзгеру процесінің құбылыс екендігін ескерсек, онда оның қалыптасқан, тұрақталған

емлелік   қағидараларының   өзінде   де   тыңнан   қарап,   жаңаша   тиянақтауды   қажет   ететін

проблемалардың туып отырантындығы – заңды жағдай. Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі

қазақ орфографиясында өзге де бірлі-жарым мәселелермен қатар, емлелік ережелері мен

жекелеген ерекшеліктерін айқындай түсуді қажет ететін тұстастардың бірі – қазақ тілінің

сөздік құрамына енген шет тілі сөздерінің жазылуы. 

«Орфографиялық ережелерде, - деп көрсетеді К.М. Мұсаев, - шет тілден, әсіресе, орыс

тілінен енген сөздердің жазылу принциптері айқын берілуі керек. Өйткені бұнда жазба тіл

мен ауызекі сөйлеу тілінің арасындағы сан түрлі айрмашылықтар көрінеді»

27

.

Шет   тілден   сөз   ауысу  процесі   –   белгілі   бір   тілдің   сөздік   құрамы   баюының   басты



жолдарының   бірі.   Бұл   процесс   –   өз   бетінше,   халықтар   арасындағы   қоғамдық-саяси,

әлеуметтік   және   мәдени   байланыстардың   нәтижесінде   туып,   сол   арқылы   дамитын,

қабылдаушы тілдің сөздік құрамын байыта отырып, оның ішкі мүмкіншіліктерінің көзін

ашатын,   жекелеген   лексикалық   единицалардың   семантикалық   мағынасының   кеңеюіне,

грамматикалық тұлғалардың активтенуіне де әсер ете алатын күрделі құбылыс. 

Қазіргі қазақ тілінің түрлі стильдік тармақтарына таралған орыс тілі элементтері екі

ыңғайда   болып   келеді.   Оның   бірі   –   қазақ   әдеби   тілінің   ажзбаша   және   ауызша

формаларында қолданылып, сөздік құрамның бір бқлшегі болып қалыптасқан лексикалық

единицалар   да,   екіншісі   –   негізінен   көркем   әдеби   шығармаларда   әр   алуан   стильдік

мақсаттарда   (мысалы,   туындының   тақырыбы   мен   сюжетіне   немесе   кейіпкер   образына

байланысты)   жұмсалынатын,   сөздік   құрамнан   тысқары   тұратын,   стильдік   қызметтегі

сөздер (вкрапления). Соңғы топтағы сөздердің орфограммасында еркіндік болады, яғни

көркем әдебиетте нақты стильдік-көркемдік мүддемен пайдаланылған орыс тілі сөздерінің

графикалық-фонетикалық тұрғыдан берілуі арнайы емлелікт қағидаларды талап етпейді. 

Ал бір  тілден  екінші  тілге ауысып,  сол  тілдің  әдеби  сөздік  құрамына  толық  енген

сөздердің   (заимствования)   лингвистикалық   статусы   төмендегі   критерийлер   бойынша

анықталады:

«а) қабылдаушы тілде шет тілі сөздерінің графикалық-фонетикалық тұрғыдан берілуі

тұрақты сипатта болуы керек; ә) қабылдаушы тілдің белгілі бір грамматикалық топтары

мен категорияларына сәйкес келуі қажет; б) семантикалық тәуелсіздігі, яғни қабылдаушы

тілде дублет, синоним сыңарлары болмауы қажет; в) әдеби тілге енетін сөз үшін – әр түрлі

тілдік   өрістерде,   термин   үшін   –   нақты   бір   терминологиялық   аяда   ұдайы   қолданылуы

керек»

28

.



27Мусаев К.М. Вопросы разработки и дальнейшего совершенствования орфографией тюркских 

литературных языков Советствого Союза // Орфографии тюркских литературных языков СССР. М.,

1973. С. 17.

28Крысин Л.П. Иноязычные слова в русском языке. М., 1968. С. 18-19.



Осындай   сипаттар   тұрғысынан   қарағанда,   қазіргі   түркі   тілдері   үшін   (оның   ішінде

қазақ тілі үшін де) шет тілден сөз қабылдау процесіндегі негізгі көз – орыс тілі болып

отыр. Ғалымдардың көрсетуінше, көптеген түркі халықтары тілінің сөздік құрамы, әсіресе

терминология саласы орыс тілінен нәр алып келеді; қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, қазақ

тәрізді тектес тілдердің лексикасындағы орыс тілінен қабылданған ғылыми-техникалық,

қоғамдық-саяси, оқу-педагогикалық және т.б. салаларға қатысты терминдердің көлемі –

70-80 проценттей

29

.



Ал бұндай  мол көлемді,  кең  өрісті  орыс тілі  сөздері  қабылдаушы   тілде  өз  алдына

оқшау   топ   болып   тұрмай,   оның   фонетикалық,   морфологиялық-синтаксистік

ерекшеліктеріне бағынады, сөз тудыру, сөз түрлендіру процестері қатысады, қабылдаушы

тілдің бірқатар ішкі заңдылықтарына байланысты графикасы мен дыбысталуы жағынан да

өзгерістерге ұшырап отырады. Сол себепті де ұлт тілдерінің де емлелік ережелерінде орыс

тілінен енген сөздердің жазылуы, олардың қосымшалармен түрленуі арнайы көрсетіледі. 

Орыс   тілінен   сөз   ену  процесі   түркі   халықтарының   тарихына,   қоғамдық-әлеуметтік

даму   кезеңдеріне   байланысты   болғандықтан,   бұл   мәселе   түркологияда   әдеби   тіл

проблемаларына,   тіл   тарихына   қатысты   зерттеулерде   көбірек   қарастырылады.   Орыс

тілінің түркі тілдері дамуына ықпалы, сөздік байлығына, морфологиялық-синтаксистік,

фонетикалық   жүйесі   мен   стильдік   тармақтарына   әсері   жеке   тағы   басқа   мәселелер

зерттелген еңбектерде

30

, сонымен қатар, орыс тілінен енген сөздердің емлесі туралы да



айтылады; зерттеушілер мұнда ену кезеңдеріне тән тілдік жіне тілден тыс факторларды

басшылыққа   алады.   Осыған   сәйкес   түркі   тілдері   орфографиясында   орыс  тілінен   енген

сөздердің жазылуы бірнеше принциптерге негізделеді; яғни түркі тілдерінің көпшілігінде

орыс тілінен енген сөздер екі түрлі жазылады: бір тобы – өткен кезеңдерде ауызекі тіл

арқылы   еніп,   қабылдаушы   тілдің   айтылу   заңдылықтарымен   өзгеріп   кеткендіктен,   сол

өзгерген   күйінде,   дәстүрлі   түрде,   айтылуы   бойынша,   екінші   тобы   –   орыс   тіліндегі

орфографиясы негізінде жазылады. Соңғы топқа түркі тілдеріне совет дәуірінде мол енген,

жазба тіл арқылы қалыптасқан терминдік сөздер жатады. 

29Вопросы развития литературных языков народов СССР в советскую эпоху: Материалы 

Всесоюзной конфедерации. Алма-Ата, 1964. С. 35.

30Боровкин А.К. Узбекский литературный язык в период 1905-1917 гг.Ташкент, 1940; Гулямова 

Н.К. Русские лексические заимствования в узбекском языке: Автореф.дис... канд. фил. наук. 

Ташкент, 1975; Хамдамов Дж. Из истории русских лексических заимствований в узбекском языке: 

Автореф.дис... канд. фил. наук. Ташкент, 1963; Хоролец Г. Фонетическое освоение русской лексики

в киргизском языке: Автореф.дис... канд. фил. наук. Фрунзе, 1953; Асланов А.А. Обогащение 

словарного состава азербайджанского языка в советский период: автореф.дис... канд. фил. наук. 

Баку, 1953; Ахунзянов Э.М. Русские лексические заимствования в татарском языке. Казань, 1968; 

Слепцов П.А. Русские лексические заимствования в якутском языке (дореволюционный период). 

Якутск, 1964; Слепцов П.А. Русские лексические заимствования в якутском языке (после 

Октябрьской революции). М., 1975; Сулейменова Б.А. О фонетическом освоении лексики, 

заимствованной из русского языке // Прогрессивное влияние русского языке на казахский. Алма-

Ата, 1965. С. 61-95; Сулейменова Б.А. Из истории лексических русских заимствований в казахском

языке // Исследования по истории казахского языка. Алма-Ата, 1965. С. 58-91; Садвакасов Г.С. 

Фонетическое освоение русских заимствований в говорах советских уйгуров // Вопросы казахской 

фонетики и фонологии. Алма-Ата, 1979. С. 221-231.


Түркі   тектес   тілдердің   сөздік   құрамындағы   орыс   тілінен   енген   сөздердің   емлесі

жайында арнайы ұсынылған еңбек толық мәлімет бере алады

31

. Бұл мәселеге жете көңіл



бөлу қажет екендігін Е.И. Убрятова да көрсеткен болатын

32



***

Қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы орыс тілі сөздерінің жазылуы –

бірқатар   нормаланған,   қалыпты   сипат   алған   мәселелердің   бірі.   Олар   негізінен,   орыс

орфографиясына   сәйкес   өзгеріссіз   жазылады.   Бірсыпыра   сөздер   айтылу   дағдысымен

өзгерген түрде жазылады. Орыс тілі сөздерінің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі қазақ

емлесі сүйенетін фонетикалық-морфологиялық принциптерге негізделеді. 

Қазақ әдеби тіліне енген орыс тілі сөздерінің емлесін қалыптастыру жұмысы 20-30

жылдардан   басталады.   Профессор   Қ.   Жұбанов   орыс   тілінен   қабылданған   терминдерді,

өзге де құрал-жабдық, аспап, зат, ұғым, құбылыс, атауларын орыс орфографиясы бойынша

жазу керектігі туралы ұсыныс білдірген болатын

33



Орыс   тілінен   енген   сөздердің   жазылуы   дұрыс   көрсетілген   емлелік   ережелердің



алғашқысы – қазақ алфавитінің орыс графикасына көшуі негізінде, жаңа алфавитке сәйкес

жасалып, қабылданған қазақ орфографиясы ережелерінің жиынтығы

34

. Осы қағидаларға



сәйкес   1941   жылы   жарық   көрген   «Қазақ   тілінің   емле   сөздігінде»   түбір   сөздер   орыс

орфографиясы бойынша жазылып, оларға қосымша жалғанғандағы бірқатар ерекшеліктер

(мысалы,   қосарлы  сс,   тт  дыбыстарына   біткен   сөздерге   қосымша   жалғанғанда,   бір

дауыссыздың   түсіп   қалуы:   ватт   –   ваттың;   екі   дауыссыз   дыбысқа   аяқталған   сөздерге

қосымшаның  ы,   і  дәнекерлері   арқылы   жалғануы   т.б.)   көрсетілген,   сондай-ақ   ауызекі

сөйлеу тілі арқылы енген сөздер айтылуы бойынша жазылған

35



Қазақ   орфографиясын   жетілдіру   мақсатында   жүзеге   асырылған   басқа   да   бірқатар



шараларда орыс тілінен енген сөздердің емлесі одан әрі реттеле түсті. Бұл мәселе жан-

жақты таратылып айтылған маңызды құрал – «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы

жайында   анықтағыш»   жарық   көрді

36

;   оқу   программасына   арналған   көмекші   құралдар



жарияланды

37

.   Ал   «Қазақ   орфографиясының   негізгі   ережелері»   1957   жылғы   5   июньде



Қазақ ССР  Жоғарғы Советі Президиумының Указымен бекітілді. 

«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» қазақ тілінің ішкі заңдылықтары мен

табиғи ерекшеліктеріне сәйкестеліп жасалған, ғылыми негіздері мен басты принциптері

дұрыс   айқындалған   емлелік   қағидалар   екендігін   оның   ширек   ғасыр   бойы   жазу

практикасында   қолданылып   келгендігі  дәлелдеп  отыр.   Осы  ережелер  жинағы   негізінде

31Орфографии тюркских литературных языков СССР. М., 1973.

32Убрятова Е.И. Вопросы графики и орфографии языков народов СССР, пользующихся 

алфавитами на русской основе // Вопросы терминологии. М., С. 92.

33Жұбанов Қ. Қазақ тілі бойынша зерттеулер. Алматы, 1966. 244-б.

34Қазақ тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавиті мен орфографиясы. Алматы, 1941.

35Қазақ тілінің емле сөздігі / Редакциясын басқарғандар: С. Аманжолов, С. Бәйішев, Ғ. 

Бұзырбаев, Н. Сауранбаев. Алматы, 1941.

36Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1974.

37Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1968.



бірнеше орфографиялық, түсіндірме және әр түрлі салалық терминологиялық сөздіктер

жасалды, оқу-педагогика жұмыстары жүзеге асырылды. 

Дегенмен, бір кезеңнің идеалды, мүлтіксіз деп танылған емлелік қағидалары қоғам

дамуының келесі бір кезеңдерінде жекелеген принциптері мен тұжырымдары жағынан тар

ауқымдылық   танытуы   да   мүмкін.   Қазақ   әдеби   тілінің   қазіргі   даму   дәрежесі,   оның

қоғамдық-әлеуметтік   қызметінің   кеңеюі,   стильдік   тармақтары   мен   терминологиялық

жүйесінің күрделене түсуі, сөз, жазу мәдениеті проблемаларына теориялық-практикалық

тұрғыдан   үлкен   мән   беріле   бастауы   тәрізді   факторлар   қазақ   орфографиясын   одан   әрі

жетілдіре,   жақсарта   түсуді   талап   етті;   сондықтан   да   «Қазақ   тілі   орфографиясы   негізгі

ережелерінің»   өзгерістер   мен   толықтырулар   енгізілген   жаңа   редакциясы   жасалып,   оны

Қазақ   ССР   Жоғарғы   Советі   Приезидиумы   бекітті

38

.   Мұның   1957   жылы   қабылданған



орфографиялық   қағидалардан   принципті   айырмашылықтары   жоқ.   Жаңа   нұсқада   орыс

тілінен енген сөздердің емлесі, бұрынғы ережедегідей, түбір сөздердің жазылуы (§ 18),

оларға қазақ тілі өосымшаларының жалғануы (§ § 35, 40, 41, 42, 43, 44) және дәстүрлі

принцип бойынша жазылатын сөздер туралы қағидалар болып бөлініп, жеке-жеке, айқын

көрсетілген.  Ал жаңа нұсқада  толық  өзгертіліп берілген қағидалардың бірі – соңы  к,г

дыбыстарына   бітетін   орыс   тілінен   ауысқан   сөздерге   қосымшалардың   жалғануы   және

толықтырылған тұс – рк, нк, рг, нг, кс, кт, лк, нкт, брь, бль сияқты дауыссыздар тізбегіне

аяқталатын   сөздерге   қосымшалар   жалғанғандағы   ерекшеліктер.   Өйткені   нақ   осы

мәселелердің өзі жазуда біршама қиындықтар тудырып келді, әрі бұған дейінгі еңбектерде,

оқулық   құралдарда   әр   қилы   ұсынылып   келді:   бірқатар   пікірлерде  педагог,   ток,   блок,



Красноводск  тәрізді сөздердің соғындағы  к, г  дыбыстарының фонетикалық табиғатына

сәйкес   қосымшалардың   жіңішке   варианттарын   жалғау   (ток-тогінің,   блок-болгінің,



педагог-педагогтік,   Красноводск-Красноводскіден)  ұсынылса,   келесі   бір   тұжырымдарда

соңғы   буынның   жуан-жіңішкелігіне   байланысты   тогының,   педагогқа,   блокқа,

Красноводскыдан   болып   жуан   буынды   қосымшалармен   түрленуі   керек   деп   айтылғаны

мәлім


39

Сөйтіп,   1983   жылы   қабылданған   негізгі   ережелердің   жаңа   нұсқасында   орыс   тілі



сөздерінің жазылу ерекшеліктері толық қамтылып, айқын көрсетілген. 

Сонымен қатар, соңғы жылдары баспасөз беттерінде орыс тілінен ауысқан сөздердің

жазылуы   туралы   жиі-жиі   сөз   қозғалып,   әр   түрлі   ой-пікірлер   айтылып   жүр.   Осындай

мақалалардың   бірінде,   мәселен,   қазақ   тіліне   жазба   тіл   арқылы   енген  станция,   спирт,



кабинет  тәрізді  сөздерді  тілдің  заңдылықтарына  бағындырып,  айтылуы   бойынша  жазу

(яғни  станса,   спірт,   кабинет)   керектігі   айтылса

40

,   келесі   бір   пікірлерде,   керісінше,



түпнұсқа   тілдегі   түрін   мейлінше   сақтап   жазу,  тіпті  металл,   грамм,   класс  т.б.   сияқты

қосарлы дауыссыздармен аяқталатын сөздерге қосымшаны дауыссыз дыбыстардың бірін

түсіндірмей (яғни  класты, металға, граммен  деп өзгертпей) түбірін толық сақтау (яғни,

классты,   металлға,   граммен)

41

,   сондай-ақ  нг,   нк  тәрізді   дыбыстар   тіркесіне   біткен



38«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінің» өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 

1983 жылғы 25 августта Қазақ ССР Жоғарғы Советі Приезидиумының Указы бойынша бекітілген 

жаңа редакциясы «Қазақстан мұғалімі» газетінде жарияланды (Қараңыз: Қазақстан мұғалімі. 1983.

23 сентябрь). Жұмыста бұл документ бұдан әрі қарай «Негізгі ережелер» деп қысқартылып 

алынады.

39Балакаев М.Б. Вопросы казахской графики и орфографии. Алма-Ата, 1952. С. 16.

40Сейдімбеков А. Тіл тәртібі // Қазақ әдебиеті. 1984. 9 ноябрь.

41Маманов Ы. Орфографиялық сөздіктегі олқылықтар // Қазақ әдебиеті. 1983. 4 февраль.



сөздерді  ы, і  дәнекер дыбыстарынсыз түрлендіру (яғни  танкіге  емес, танкке,  митингіге

емес, митингке) және басқа да өзгерістер енгізу туралы сөз болады

42

. Бұл пікірлердің өзі,



сөз жоқ, жазу практикасында кездесетін қиындықтарға, сонымен қатар Негізгі ережелерде

жеке көрсетілмеген кейбір ерекшеліктерге байланысты  туған. Демек, өзге тілден енген

сөздердің жазылу табиғатының сөз болуы бұл мәселенің әлі де болса айқынырақ белгілеп,

жеке-жеке айырмашылықтарды ескере отырып, толықтыра, нормаландыра түсетін тұстары

бар   екендігін   көрсетеді.   Мысалы,   Негізгі   ережелердің   35-параграфында   жіңішкелік

белгісіне аяқталған ноль, роль, руль типтес бір буынды сөздерге жіңішке буынды қосымша

жалғанады  делінген:  ноль-ге, роль-ге, руль-ге. Ал соңғы буыны  нақ осындай  гастроль,

король,   пароль  сөздеріне   неліктен   жуан   буынды   қосымша   жалғануы   тиіс?   Емле

сөздіктерінде  гастроль-ға,   гастролы,   король-ға,   королы,   пароль-ға,   паролы  болып

көрсетілгенімен, қазіргі жазба тіл үлгілерінде көбінесе жіңішке буынды қосымшалардың

жалғаланып   жазылуы   байқалады   (король-ге,   королі;   гастроль-ге,   гастролі;   пароль-ге,



паролі). Немесе акр, альт, бюст, вальс, вуаль, князь, нерв, пост, ткань, ферзь, тәрізді бір

буынды   сөздерге   қазақ   тілінің   қандай   қосымшалары   жалғанады?   Бұл   тұста   да   емле

сөздіктері мен жазу практикасында алшақтықтар жоқ емес: сөздіктерде  вальсқа, вальсы,

тканьдар, вуальға, вуалы болып, ал тіл қолданысында вальске, вальсі, тканьдер, вуальге,

вуалі, князьге, князі болып екі ыңғайда таңбаланып жүр. 

Сонымен   бірге,   нормативті   сөздіктерде   бір   типтес   сөздердің   қазақ   тілі

қосымшаларымен түрленуінде де варианттылықтар ұшырасады. Мысалы, «Қазақ тілінің

орфографиялық сөздігінде» («Ғылым» баспасы, 1978) төмендегідей жайттар кездеседі:

1. аэронавт, аэронавқа, аэронавы

космонавт, космонавқа, космонавы

бірақ:


терапевт, терапевтіге, терапевтісі

фармацевт, фармацевтіге, фармацевтісі

физиотерапевт, физиотерапевтіге, физиотерапевтісі

2. фонд, фондыға, фондысы



зонд, зондыға, зондысы

корунд, корундыға, корундысы

бірақ:


голланд, голландқа, голланды

секунд, секундқа, секунды

3. гиперболоид, гиперболидке, гиперболоиді



коллоид, коллоидке, коллоиді

целлулоид, целлулоидке, целлулоиді

эллипсоид,  эллипсоидке, эллипсоиді

тороид, тороидке, тороиді

бірақ:


амилоид, амилоидқа, амилоиды

дифтонгоид, дифтонгоидқа, дифтонгиоды

рубероид, рубероидқа, рубериоды

сфероид, сфероидқа, сфероиды

4. колледж, колледжге, колледжі



коттедж, коттеджге, коттеджі

бірақ: бридж, бриджіге, бриджісі және т.б.

Соңы  –аль,   -оль  дыбыстар   тіркесіне   аяқталатын   сөздер   де   күнделікті   жазу

практикасында   біркелкі   берілмей   келеді.   Мұны   төмендегі   салыстырулардан   көруге

болады. 

        Емле сөздіктерінде:

медаль, медальға, медалы       

42Нұржекеев Б. Тіл заңдылықтарын сақтайық // Қазақ әдебиеті. 1984. 12 октябрь.



мораль, моральға, моралы

магистраль, магистральға, магистралы

педаль, педальға, педалы 

және т.б.



                Жазу тәжірибесінде

медаль, медальға// медальге, медалі

мораль, моральға, моралы// моралі

магистраль, магистральға, 

магистралы//магистралі

педаль, педальға, педалі



Сондай-ақ   жазу  практикасында   соңы  –а  дыбысына  және  –ий  дыбыстарына  бітетін

және басқа да бірқатар термин сөздердің емлесінде де варианттылықтар бар:  аптека –



аптек,   анкета   –   анкет,   диета   –   диет;   санаторийде   –   санаторийда,   документті   –

документалды – документальді; экспериментті – эксперименталды – экспериментальді

т.б. Бұнда, әрине, ішінара орфографиялық қате жіберу, қажетті тұстарда емле сөздіктеріне

сүйенбеу сияқты кінәраттар да бар. Бірақ көбінесе орыс тілінен енген сөздердің тұрақты

қағидалардан   өзгеше,   бірде   жуан,   бірде   жіңішке   қосымшалармен   түрленіп   әр   түрлі

жазылуы сөздердің түпнұсқа тілдегі фонетикалық ерекшеліктері мен қабылдаушы қазақ

тілінің   дыбыстық   заңдылықтарының   айырмашылықтарына   байланысты   болатындығы

байқалады. Өзге тілден ауысқан сөздердің емлесіндегі қиындықтар басқа түркі тілдерінің

жазуында   да   кездеседі.   Мысалы,   Э.   Ахунзянов   татар   орфографиясында   орыс   тілі

сөздерінің жазылу емлесі әлі де бір ізге түсе қоймағанын, осының нәтижесінде туатын

ала-құлалықтар орыс тілін игеруге де, ұлт тілінің емле нормасын жетілдіруге де кедергі

келтіретін   факт   екендігін   көрсетеді

43

.   Сондай-ақ   азербайжан   жазуында   бірқатар   сөздер



орыс   орфографиясы   бойынша   бойынша   графикалық-фонетикалық   тұлғасы   сақталып

жазылып, екінші бір тобы айтылуы бойынша таңбаланып, ал ал бұның өзі орфограммалық

варианттар тудырып жұргендігі азербайжан тілі емлесіндегі елеулі кемшіліктер ретінде

аталып   жүр

44

.  Сол  себепті   де   бір   тілден   екніші   тілге  сөз   ауысу  процесінде   объективті



себептер   мен   заңдылықтарды   саралап,   түбір   сөздердің   ажзылуындағы,   олардың

қабылдаушы   тілдің   қосымшаларымен   түрленуіндегі   ерекшеліктерді   айқындап   отыру   –

жазу мәдениетін көтеріп, ұлт тілдері орфографиясын одан әрі жетілдіре түсудегі мәнді

жұмыстардың бірі. Сонымен бірге қос тілді – орыс тілін және ұлт тілдерін – қатар меңгеру

проблемасы жолға қойылып отырған қазіргі кезеңде бұл мәселенің маңызы айрықша зор.

§   1.  Түбір   сөздердің   жазылуы.  Орыс   тілінен   енген   түбір   сөздер   қазіргі   қазақ

орфографиясындағы негізгі қағида бойынша, орыс орфографиясына сәйкес, өзгертілмей

жазылады. 

Орыс   графикасына   негізделіп,   қосысмша   әріптермен   толықтырылған   қазақ

алфавитінің бекітілген кезінен бері қарай қолданылып келе жатқан бұл қағида бірден-бір

дұрыс ереже болып отыр. Орыс тілінен енген сөздерді осы қағида негізінде жазуды қазақ

емлесінде бұрын орын алып келген ала-құлалықтарды жойып, жазу нормаларын бір ізге

түсірді.   Және   де   қазақ   әдеби   тілінің   сөздік   құрамына   совет   дәуірінде   енген   орыс   тілі

сөздері, негізінен, интернационалдық мазмұндағы және СССР халықтарының көпшілігіне

ортақ терминдік сөздер мен сөз тіркестері; ал терминдік қабаттың ерекшеліктері үшін де

(дефинициялық дәлдігі, ортақ интернационалдық сипатта болуы т.б.) түбір сөздерді орыс

орфографиясымен   бірдей,   графикалық-фонетикалық   тұрқын   бұзбай   жазу   емлесі

орнығынуының   тиімді   жақтары   бар.   Бұл   емлелік   қағида,   біріншіден,   СССР-дегі   ұлт

халықтарының   барлығында   интернационалдық   мазмұндағы   терминдердің   жасалуы   мен

жазылуында мүмкіндігінше айырмашылықтар болмау керектігі талабына

45

  толық сәйкес



келеді. Сонымен қатар қазақ тіліндегі бұл қабатты түрнұсқа қалпын өзгертпей жазу орыс

тілінен   және   орыс   тілі   арқылы   басқа   тілден   енген   термин   сөздердің   дефинициясына

нұқсан   келтірмей  дәл   түсінуге  көмектеседі;   орыс   тілін   оқып-үйренуді,   жетік  меңгеруді

жеңілтеді; жазуда варианттылық туғызбайды. 

43Ахунзянов Э. М. Русские лексические заимствования в татарском языке. Казань, 1968. С.346

44Будагова З.И., Исмаилова Г.Г. Орфография азербайджанского языка // Орфография тюркских 

литературных языков СССР. М., 1973. С.56-57.

45Баскаков Н.А. Современное состояние терминологии в языках народов СССР // Вопросы 

терминологии. М., 1961. С. 59-60.




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал