нк, нг, кс, ск, кл, нкт, кль, брь, бль, кт сияқты дауыссыз дыбыстардың тізбегіне
аяқаталатын сөздерге жіңішке қосымшалардың жалғану себебі осындай дауыссыздар
легіне біткен орыс тілі сөздерінің қазақша айтылуында (естілуінде) і дауысты дыбысының
қосылып естілуіне (айтылуына) байланысты. Яғни олар нгі – митингі, нкі – банкі,кіс –
бокіс, нкіт – пункіт,кіл – бинокіл,бір – октябір, біл – ансамбіл, кті – факті болып
айтылады да, негізгі тұлғаларға жіңішке буынды қосымшалар жалғанады: митинг-і-ге,
банк-і-ге, бокс-ші, пункт-ке, бинокль-ге, октябрь-ге, ансамбль-ге, факт-і-ге.і дауысты
дыбысының дәнекерлік қызметі осындай сөздердің бір тобына қосымша жалғанғанда,
емледе де сақталады: митингіден, киоскіден, банкіге, фактілер т.б.
Орыс тілінен енген –нд дыбыстарына бітетін сөздерге де қазақ тілі қосымшалары екі
ыңғайда жалғанады: бір тобы ы дәнекері арқылы: фонд, фонды-ға, фонд-ы-сы, раунд,
раунд-ы-ға, раунд-ы-сы, ал голланд, исланд, таиланд, секунд сөздеріне қосымша тікелей
жалғанады: голланд-қа, голланд-ы; секунд-қа, секунд-ы. Соңғы қатарға жататын сөздер
саны көп емес, олардың дәнекер дыбыстарсыз қосымшалармен түрленуі сөздіктерде, оқу
құралдарында, ғылыми әдебиеттерде тұрақталып орнықты.
3. Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды түбір сөздердің вариант
қосымшаларды қабылдауы күрделі терминдердің құрамындағы анықтауыштардың
жазылуында да байқалады. Қазіргі жазу практикасында орыс тіліндегі документальный,
экспериментальный, профессиональный, дифференциальный сын есімдері қазақ тіліне
аударылғанда, бірнеше орфограммада беріліп жүр: документті – документалды –
документальді; экспериментті – эксперименталды – экспериментальді; профессионалды
– профессионал т.б.
Орыс тіліндегі –альн, -льн қосымшалары арқылы жасалған термин сөздердің қазақ
тілі қосымшаларымен түрленуіндегі варианттылық терминологиялық сөздіктерде де
кездеседі. «Математика-физика терминдерінің сөздігі» (Алматы, 1959) –альн, -льн
қосымшалы термин сөздер төмендегіше берілген: дифференциальный – дифференциалдық
теңдеулер
3-қосымша
Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы
1
2
3
4
5
б, в, д дыбыс-
тарына аяқта-
латын сөздер
к, п, х дыбыста-
рына
аяқталатын
сөздер
қосарлы дауыс-
сыздарға аяқта-
латын сөздер
рк, нк, ск, кс,
нт, кт, мб, фт,
мп
дыбыстар
тізбегіне
аяқталатын
сөздер
ст,
вт
дыбыстар
тізбегіне аяқ-
талатын
сөздер
клуб, клуб-қа,
клуб-ы
штаб, штаб-қа,
штаб-ы
архив, архив-
ке, архив-і
завод,
завод-
қа, завод-ы
блок, блогы
механик,
механигі
полковник, пол-
ковнигі
принцип, прин-
ципі
тип,типі
телескоп, телес-
копы
альманах, алма-
нахы
шах, шахы
штрих, штрихі
металл,
металдың,
металмен
класс, класқа,
клас-ы
грамм, грам-ға,
грам-мен
ватт, ват-тың,
ват-қа
парк,
парк-ке,
парк-і
танк, танк-ке,
танк-і
киоск, киоск-іге,
киоск-і-сі
бокс,
бокс-ке,
бокс-і
винт,
винт-ке,
винт-і
пункт, пункт-ке,
пукнт-і
антракт,
антракт-і-ге,
антракт-і-сі
проспект,
проспект-і-ге,
проспект-і-сі
ромб, ромб-ы-ға,
ромб-ы-сы
шрифт, шрифт-і-
ге, шрифт-і-сі
штамп, штамп-
ы-ға, штамп-ы-
сы
текст,
текс-
ке, тек-сі
бюст, бюст-
ке, бюс-і
альпинист,
альпинис-ке,
альпинис-і
космонафт,
космонав-қа,
космонав-ы
терапевт,
терапев-ке,
терапев-і
6
7
8
9
10
нд, зд, рд, нг,
дждыбыстары
тізбе-гіне
аяқаталатын
сөздер
-ость,
-арь,
-ерьдыбыстарын
а біткен сөздер
-оид
дыбыстарына
біткен сөздер
-ер дыбыстарына
біткен сөздер
-ий
дыбыс-
тарына біткен
сөздер
фонд, фонд-ы-
ға, фонд-ы-сы
стенд, стенд-і-
ге, стенд-і-сі
бірақ:
голланд,
голланд-қа,
голландтар
исланд,
исланд-қа,
исландтар
таиланд,
таиланд-қа,
таиландтар
поезд, поезд-
ға, поезд-ы
минтинг,
минтинг-іге,
митинг-і-сі
лорд, лорд-қа,
лорд-ы
колледж,
колледж-ге,
колледж-і
коттедж,
коттедж-ге,
коттедж-і
ведомость, ведо-
мосқа, ведомос-
ы
секретарь,
секре-тарь-ға,
секретар-ы
календарь,
кален-дарь-ға,
календар-ы
гиперболоид,
гиперболоид-
ке, гиперболид-
і
целлулоид,
целлулоид-ке,
целлулоид-і
металлоид,
металлоид-ке,
металлоид-і
дирижер,
дирижер-ге,
дирижер-і
модельер,
модельер-ге,
модельер-і
шофер, шофер-
ге, шофер-і
шахтер, шахтер-
ге, шахтер-і
репортер,
репортер-ге,
репортер-і
санаторий,
санаторий-ге,
санаторий-і
лекторий,
лекторий-ге,
лекторий-і
сценарий,
сценарий-ге,
сценарий-і
11
12
13
14
-аль
дыбыстарына
аяқталатын
сөздер
-оль
дыбыстарына
аяқталатын
сөздер
-уль
дыбыстарына
аяқталатын
сөздер
-ель
дыбыстарына
аяқталатын
сөздер
медаль,
медаль-ға,
бірақ: медал-і
мораль,
мораль-ға,
бірақ: морал-і
фестиваль,
фести-валь-ға,
бірақ:
фестивал-і
февраль,
февраль-ға,
бірақ: феврал-і
гастроль,
гастроль-ге,
гастрол-і
пароль, пароль-
ге, парол-і
король, король-
ге, корол-і
модуль,
модуль-ге,
модул-і
циркуль,
циркуль-ге,
циркул-і
патруль,
патруль-ге,
патрул-і
акварель,
акварель-ге,
акварел-і
артель, артель-
ге, артел-і
гантель,
гантель-ге,
гантел-і
системасы, дифференциал лампа, дифференциаль шағылысу; ортогональный –
ортогональді регрессия, үштік ортогональды система; фундаментальный –
фундаменталь система, фундаменталды группа, фундамент анықтауыш; потенциальный
– потенциалдық қисық сызық, потенциалық энергия және т.б.
Жалпы –ист, -изм, -щик, -чик, -ер, -щина, -тура, -ант, -ив қосымшалары арқылы
жасалған термин сөздердің ұлт тілдеріне қабылдануында мынадай заңдылықтар бар.
Көпшілік жағдайда бұл қосымшалар арқылы жасалған сөздер аффикстерімен бірге
қабылданады, ал егер түбір сөздің өзі қабылдаушы тілде жеке тұрып та қолданыла алатын
болса, онда орыс тіліндегі орыс тілі сөз тудырушы қосымшалары ұлт тідеріндегі (-чи/-чі,
-шы/-ші, -лық/-лік т.б.) эквиваленттерімен беріледі
47
. Және де -ист, -изм -ер, -щина, -вед,
4-қосымша
Бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы
1
2
акр, акр-ға, акр-ы
акт, акт-і-ге, акт-і-сі
альт, альт-қа, аль-ты
бант, бант-қа, бант-ы
бинт, бинт-ке, бинт-і
бюст, бюс-ке, бюс-і
вальс, вальс-ке, вальс-і
верфь, верфь-ке, верф-і
винт, винт-ке, винт-і
вист, вист-ке, вис-і
вуаль, вуаль-ға, вуал-і
гимн, гимн-ге, гимн-і
гонг, гонг-і-ге, гонг-і-сі
диск, диск-і-ге, диск-і-сі
жест, жес-ке, жес-і
князь, князь-ға, княз-ы
лорд, лорд-қа, лорд-ы
матч, матч-қа, матч-ы
нерв, нерв-ке, нерв-і
пост, пост-қа, пос-ы
ткань, ткань-ге, ткан-і
тост, тост-қа, тос-ы
факт, факт-і-ге, факт-і-сі
ферзь, ферз-і-ге, ферз-і-сі
фильм, фильм-ге, фильм-
і
фунт, фунт-қа,
фунт-ы
шарф, шарф-қа,
шарф-ы
шарж, щарж-ға,
шарж-ы
шах, шах-қа, шах-ы
цех, цех-қа, цех-ы
-ив, -ант арқылы жасалған сөздердің беретін терминдік мағынасына нұқсан келмейтін
жағдайда ғана бұл қосымшалар ұлт тілдеріндегі тиісті формаларымен ауыстырылады.
Мысалы, коммунист, турист, материалист, машинист, фигурист және тракторист –
тракторшы, штангист – штангашы, репортер, монтер, модельер, шахтер және
комбайнер – комбайыншы, боксер – боксші, спортсмен – спортшы, рекордсмен –
47Баскаков Н.А. Көрсетілген еңбек, 63-б.
рекордшы және конгрессмен, бизнесмен; прогрессивный – прогресшіл, флективный –
флексиялық,экспрессивный – экспрессиялық т.б. Осы заңдылықтар ізімен жазуда әр
түрліліктер мен жарыспалылықты болдырмас үшін -альн, -льн дыбыстарына аяқталатын
сөздердің емлесін екі ыңғайда топтастыруға болады: документті – документальды –
документальді вариантарының алғашқысы – әдеби норма; экспериментті –
эксперименталды – экспериментальды қатарларының біріншісі – әдеби доминант сөз
және т.б.; өйткені бұл лексикалық единицалардың түбірлері жеке қолданылып, қазақ
тілінің сөз тудырушы, сөз түрлендіруші морфемаларымен өзгере алады. Ал
дифференциалды, профессионалдық, натуралды, коммуналды, универсалды тәрізді сын
есімдердің түбірлері де (дифференциал, универсал, натурал, коммунал)
колданылатындықтан, сөз соңында жіңішкелік белгісі жазылмайды; яғни
диффенренциальды емес, дифференциалды; натуральды емес натуралды; коммунальды
емес, коммуналды және т.б.
§ 4. Қысқарған сөздердің жазылуы. Күрделі атауларды ықшамдап қысқартып
қолдану – тіл дамуындағы жаңа құбылыстың бірі. Бірқатар зерттеулерде қысқарған
сөздердің тілдің қазіргі қоғамдық-әлеуметтік қызметіндегі аса сайлы, қажетті элементтер
екендігі дәлелденіледі
48
. Шындығында да коммуникативтік актіде сөздерді қысқартып
қолдану амалының тиімді тұстары бар; негізінен ғылыми стильде, ресми-
публицистикалық материалдарды, газет-журналдар мен радио-телевизия тілдерінде
қолданылатын қысқарған сөздер айтар ойды нақты, тұжырымды етіп беруге, сонымен
бірге орын, уақыт үнемдеуге де әсер етеді. Мысалы, «Қазақ Совет Энциклопедиясының»
1-томын жасауда күрделі атауларды қысқартып жазудың көмегі арқылы 300 000 таңбадай
орын үнемделіп, соның нәтижесінде том жаңа, үстеме мағлұматтармен байытылған; ал
«Социалистік Қазақстан» газетінің бір нөмірінде 9 000 таңбадай орын үнемделген, бұл
қзге материалдардың жариялануына мүмкіндік туғызған
49
.
Қазақ тілінде күрделі атаулар төрт түрлі жолмен қысқаратындығы мәлім
50
. Жеке сөз,
дара лексикалық единица болғандықтан, қысқарған сөздердің жазылуы, олардың
қосымшалармен түрленуі белгілі бір қағидаларға сүйенілуі тиіс. Қазіргі қазақ жазуында
бұл жайт нақтыланып, қалыптасып бір арнаға түсті: күрделі атаулардың бастапқы
дыбыстарынан қысқарған сөздер бас әріппен, бірге жазылады (мысалы, КПСС, ВЛКСМ,
ЭВМ); күрделі атаулардың құрамындағы сөздердің бірінші буындарының (және күрделі
атаудың екінші сөзі толық алынған жағдайда да) ықшамдалуынан жасалған өысөарған
сөздер біркелкі, кіші әріптермен бірге жазылады (мысалы, совхоз, пединститут,
интербригада); оларға қазақ тілінің қосымшалары соңғы буынға үндесе жалғанады.
Қазіргі жазу тәжірибесінде әріптік аббревиатуралардың қазақ тілі қосымшаларымен
өзгеруінде орфографиялық ағаттықтар байқалады. «Негізгі ережелерде» сөздердің басқы
дыбыстарынан алынған қысқарған сөздерге қосымшалар соңғы дыбыстың айтылу әуеніне
қарай жалғанып, дефис арқылы жазылатындығы көрсетілген, бұл – қысқарған сөздердің
айтылу, оқылу, жазылу заңдылықтары толық ескеріле отырып жасалған қағида. Бірақ
жазба тіл үлгілерінде ҚазТАГ-тың – ҚазТАГ-тің; ГДР-дегі – ГДР-дағы; ҚырғызССР-
ының – ҚырғызССР-інің т.б. тәрізді әр түрлі орфограммалар беріліп жүр. Бұл жағдай
негізінен қысқарған сөздердің айтылу ерекшеліктерін ескермеуден туады.
48Алексеев Д.И. Аббревиатуры как новый тип слов // Развитие словообразования современного
русского языка. М., 1966; Словарь сокращений русского языка / Под руководством Д.И. Алексеева.
М., 1963.
49Жексенбаев Т. Қысқарған сөздер және олардың орфографиясы мен орфоэпиясы // Өрелі өнер.
Алматы, 1976. 63-64-б.
50Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1974. 130-б.
5-қосымша
Қысқарған сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғану үлігісі
АЗТМ, -нің, -ге
АДК, -ның, -ға
АКЭЛ, -дің, -ге
АҚШ, -тың, -қа
АПН, -нің, -ге
БКП, -нің, -ге
ВАСХНИЛ, -дің, -ге
ВЛКСМ, -нің, -ге
ВЦСПС, -тің, -ке
ГДР, -дің, -ге
КПСС, -тік, -ке
ООН, -ның, -ға
СССР, -дің, -ге
ФИФА, -ның, -ға
Алматы ауыр машина жасау заводы
Алматы үй құрылысы комбинаты
Еңбекші халықтың прогресшіл партиясы
(Кипр)
Америка Құрама Штаттары
Жаңалық баспасөз агенттігі
Болгар Коммунистік партиясы
В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл
шаруашылық ғылым академиясы
Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік
Жастар Одағы
Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық
Советі
Герман Демократиялық Республикасы
Совет Одағы Коммунистік партиясы
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Советтік Социалистік Республикалар
Одағы
Халықаралық Футбол Федерациясы
Әріптік қысқарған сөздердің екі түрі бар: бірі – әріптердің атауы бойынша оқылатын
аббревиатуралар, мысалы: СССР, айтылуы – эс-эс-эс-эр; БКП, айтылуы – бе-ка-пе; ЭВМ,
айтылуы – Э-ве-эм т.б.; екіншісі – әріптердің дыбысталуы бойынша оқылатын қысқарған
сөздер, мысалы, ТАСС, айтылуы – тасс; ГРЭС, айтылуы – грэс т.б.
Әріптік аббревиатуралар қазақ тілі қосымшаларымен түрленгенде, осы ерекшеліктер
ескерілуге тиіс. Яғни әріптердің аттары бойынша оқылатын қысқарған сөздерге қосымша
соңғы әріптің аты бойынша жалғанада, мысалы, СССР-дің, өйткені айтылуы – эс-эс-эс-эр-
дің; ЭВМ-ге, өйткені айтылуы – э-ве-эм-ге; ГДР-ге, өйткені айтылуы – ге-дэ-эр-ге. Ал
әріптердің дыбысталуы бойынша оқылатын қысқарған сөздерге қосымша жуан, не
жіңішке болып, құрамындағы дауысты дыбысқа үндесе жалғанады: ТАСС-тың, СМУ-ға,
СЭВ-ке, БАМ-ға, ВАСХНИЛ-ге, МАГАТЭ-ге (5-қосымша).
Қысқарған сөздердің орыс тілінен өнімді түрде енуі төл қысқарған сөздердің
жасалуына да әсер етті. «Ауатком», «аупарком» тәрізді сіңісті атаулармен бірге жазу
дәстүрінде ТТТ (түрлі-түсті телевизия), мультжинақ (мультфильмдер жинағы) т.б. жаңа
үлгілер де қолданылып жүр. Ал аударма әдісімен жасалған СОКП, БЛКЖО, СОТА (КПСС,
ВЛКСМ, ТАСС аббревиатураларының қазақша толық атауларынан қысқартылған) тәрізді
үлгілер тілдің қоғамдық-әлеуметтік міндеттеріне сай бола алмады, өйткені
аббревиатуралар – интернационалдық, ресми сипаттағы сөздер, сондықтан да олар барлық
тілде мүмкігінше бірдей таңбалануға тиісті. Бұл тілдік, сондай-ақ информациялық қарым-
қатынасты жеңілдетеді.
2. АРАБ-ПАРСЫ ТІЛДЕРІНЕН ЕНГЕН СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАФИЯСЫ
Қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамында шығыс халықтары тілдерінен
ауысқан болып есептелетін (араб және иран тілдерінен енген және түркі, монғол тілдеріне
ортақ сөздер
51
) бір топ қабат бар. Бұл топтағы сөздер ішінде қазақ тіл білімінде әсіресе
араб-парсы тілдерінен енген сөздер көбірек зерттеліп келеді; соңғы жылдардың өзінде
бірнеше түсіндірме сөздіктер
52
және ғылыми еңбек
53
жарық көрді.
Басқа түркі тілдерімен салыстыра қарағанда, қазақ тілінің сөздік құрамында араб-
парсы элементтері онша көп емес. Зерттеуші Л.З. Рүстемов қазіргі қазақ әдеби тілінде
әдеби нормаға түсіп қалыптасқан және активті қолданылатын араб-парсы сөздерінің саны
небәрі 15 процентке жуық екенін айтады
54
.
Түркі тілдерінде араб-парсы тілдерінің мейлінше ықпал еткен кезеңі – өткен ғасырлар.
Ал өткен ғасырларда түркі халықтарында қарым-қатынас жасауда тілідің ауызша сөйлеу
формасының ролі жоғары болғандығы белгілі. Сондықтан да түркі тілдерінің көпшілігінде
араб-парсы тілдеріне тән сөздер фонетикалық та, графикалық та түрін өзгертіп,
қабылдаушы тілдердің дыбыстық-фонетикалық заңдылықтарына бейімделіп қалыптасқан.
Бұл сипат қазақ тіліне де тән; көне жазба ескерткіштерінде, қисса-дастандарында, өзге де
жазба тіл нұсқаларында кездесетін араб-парсы сөздерінің өзі «қазақ тіліне онша сіңісе
қоймағанымен»
55
, түпнұсқа қалпын, араб-парсылық графикасын толық дәрежедесақтамай,
қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес, айтылу-естілу ерекшеліктеріне қарай
қалыптасқан.
Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының да араб-парсы елдерімен тікелей
немесе жанама қоғамдық-мәдени байланыстары өткен кезеңдерде ғана болып, қазір
тоқталғандықтан, сөз ауысу процесі де бәсеңдеп, саябырлады.
Ал қазақ әдеби тілінің сөздік құрамындағы байырғы араб-парсылық сөздер – тілдің
қарым-қатынас жасау қызметіндегі аса активті элементтердің бірі. Әсіресе, оқу-ағарту.
Білім, мәдениет, салаларында қатысты терминдік атаулардың жасалуында немесе төл
сөздердің айрықша стильдік реңкті синонимдік қатары болып жұмсалуда да бұл қабаттың
мүмкіншілігі мол. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің қазақ тілінде ір түрлі
дыбысталуы нәтижесінде пайда болған вариант қатарлардың кейбір үлгілері
семантикалық дифференциафиялану процесіне ұшырап, жеке-жеке ұғымдардың,
түсініктердің, қоғамдық-саяси атаулардың баламасы ретінде қалыптасып орнықта,
мысалы, өкімет (власть) – үкімет (правительство), өкіл (представитель) – уәкіл
(уполномоченный), ілім (учение) – ғылым (наука), қазір – әзір, хал – әл, ауа – әуе т.б. Осы
ізбен уәде – уағда (алғашқысы бейтарап мағынада, ал екінші сыңары уағдаластық,
уағдаласу сияқты қоғамдық-саяси мәндегі терминдердің жасалуына негіз болып отыр),
мәлімет – мағлұмат, оқиға – уақиға варианттары да дара мағыналарымен сараланып
келеді. Сондай-ақ араб-парсы тілдеріндегі бір сөздің жекеше-көпше тұлғаларының қазақ
тіліндегі қатар қолданыстарының бір тобы ір түрлі мағыналармен ажыратылса (мысалы,
хал – ахуал (қоғамдық-саяси термин), хабар – ақпар, ғалым – ғұлама, лұғат – ұлағат,
тарап – атырап, рай – арай), енді бір тобы төл сөздермен синонимдік қатар түзеп, сөз
байлығын толықтыруға қатысады; мысалы, ишара, ишарат, нышан, нышана т.б. Араб-
51Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі: Лексика, фонетика. Алматы, 1975. 96-б.
52Оңдасынов Н. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. Алматы, 1969; Сонікі. Парсыша-қазақша
түсіндірме сөздік. Алматы, 1974; Бекмұхамедов Е. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. Алматы,
1977.
53Рүстемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 1982.
54Сонда. 21-б.
55Сонда. 155-б.
парсылық –нама, -паз, -хана, сөз-жұрнақтары қазақ тілінде жаға сөз, термин жасау
процесіне өнімді араласады.
Ауызекі сөйлеу тілі арқылы енгендіктен, араб-парсы сөздері графикалық та, дыбыстық
түрлерін өзгертіп, ауызекі тілде айтылуы бойынша жазылады. Жалпы, қазақ тіліндегі бұл
қабатқа топтастырылатын сөздер емлесінде басқа түркі тілдерімен салыстыра қарағанда,
қиындықтар мен ала-құлалықтар жоқ
56
.
Дегенмен, қазіргі жазу практикасында бірнеше түрде жазылып жүрген фонетикалық
варианттардың негізгі дені араб-парсы тіледрінен ауысқан сөздер екенін көруге болады.
Арнайы сөздік-құралдардың өзенде де екі не үш түрлі жазылған сөздер саны едәуір
(мысалы, «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» атты кітапта фонетикалық варианттар 130-
дан асады, ал «Парсыша-қазақша түсіндерме сөздікте» олардың саны – шамамен 75-ке
жуық.
Мейлінше дамыған, әдеби нормалары айқындалған, орфографиясы кемелденген тілдің
өзінде де варианттылық құбылысы кездеспей қоймайтындығы белгілі. Варианттылық –
жеке бір тілдің тарихына және оның даму ерекшеліктерін байланысты құбылыс,
сондықтан оларды нормалауда, реттеуде осы жайт ескеріледі.
Жарыспалылық, әсіресе фонетикалық варианттар – тілдің әдеби нормасына, орныққан,
қалыпты емлесіне нұқсан келтіретін, кедергі тудыратын фактілердің бірі. Бұл құбылысты
реттеуде статистикалық әдіс ұсынылып жүр, бұл әріптің балуан-палуан тәрізді дыбыстық
варианттармен бірге, лексикалық, морфологиялық дублет қатарларды саралауда үлкен
көмегі бар. Жазба тілде қолданылу жиілігі жоғары варианттарды есепке алу арқылы,
сонымен қатар, белгілі бір стильдік реңкі байқалатын, сондықтан да әдеби тіл кәдесіне
асатын сөздерді де айқын ажыратуға мүмкіндік туады. Тіл тәжірибесінде жиірек
жұмсалып жүрген сыңарларын тіркеп, ескерудің нәтижесінде, мәселен, «Қазақ тілі
орфографиялық сөздігінің» алғашқы басылымында (1963) берілген түп төркіні араб-
парсылық дублет сөздердің емлесі сөздіктің кейінгі басылымында (1978) бірқатар
түзетілді: алғашқы басылымында гіл, ғибадат, ғадет түрінде жазылған сөздер кейінгі
басылымда кіл, әділет, әдет (ғадет емес) болып жазылып, дұрыс ұсынылған. Егер
фонетикалық варианттардың бір сыңарын қолданыс жиілігіне қарай нормаға айналдыру
мүмкін болса, онда аталған сөздіктің екінші басылымында норма ретінде берілген ажуа,
аумесер, әзезіл, бәдеуи, жадыгөй сияқты араб-парсы сөздерінің қазіргі жазба тіл
үлгілерінде әжуа, әумесер, әзәзіл, бәдәуи, жәдігөй сияқты варианттарының жиі
қолданылатыны да ескерілуі тиіс.
Жазу практикасында және арнаулы нормативті құралдарда әлі де болса қатар
жұмсалып жүрген сөздер бар. Олардың ішінде абжад – әбжад, парапар – барабар,
батсайы – патсайы, пейіш – бейіш, бейсауат – бейсеубет – бейсауыт (және бей –
префиксі арқылы жасалған өзге де элементтер), зәрезап – заразап – зәрезеп, жады – жәді,
дихан – диқан, сұхбат – сұқбат, пайым – байым, қадім – қадым, кібісе – кәбиса, қазірет –
әзірет, қасірет – қасырет, тақсірет – тақсырет, қаріп – кәріп – қарып – ғаріп, нәсіп –
несіп, фәни – пәни, кәусар – кәусер тәрізді варианттар легінің алдыңғы сыңарларының
жұмсалу жиілігі жоғары екендігі байқалады. Ал мақсат – мақсұт, заман – замана, дәрі –
дару қатарлары стильдік өрістерге қарай (бірі – бейтарап стильде, екіншісі – көтеріңкі
стильде) топтасып, сараланса, қадам – адым, ынсап – нысап, разы – ырза – риза, ризық –
ырзық – рызық, лағынет – нәлет, зирек – зерек параллельдері синонимдік қатарлар құрап,
тең дәрежеде қолданылып келеді.
Қазақ тіліндегі араб – парсы тілдерінен енген сөздердің емлесін қалыптастыру, әдеби
тілге қажетті, ұтымды сыңарларын талғау немесе мағыналық айырыммен, белгілі бір
стильдік бояумен жұмсалуға икемділерін саралау ұзақ мерзімді және мұқияттылықты
талап етеді.
56Сыздыкова Р.Г. Вопросы развития казахского правописания // Вопросы казахской филологии.
Алма-Ата, 1964. С. 89.
Қазақ тіліндегі негізгі төркіні араб-парсылық сөздерді жинақтап көрсететін жоғарыда
аталған сөздіктерде вариант сөздерді нормаландыру принципі көзделмейді. Соның
нәтижесінде, мысалы, «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» сөздігінде екі сыңары да әдеби
норма ретінде танылатын фонетикалық варианттармен қатар (тозақ-дозақ, балуан –
палуан), әдеби тілде толық орныққан сөздің бейәдеби екінші сыңары (олар көбінесе
жергілікті жерде немесе ауызекі сөйлеу тілінде жұмсалады) да берілген. Мысалы, айла –
ила, ақық – ахық, араб – гараб, еш – һеш, нөкер – көгер, раушан – рәушан, рақым – рахим,
тайпа – тайфа, жақұт – якут, ізет – іззет, сүре – суре, қасірет – ғасірет, ділда – ділдә,
әділет – ғадалат – ғаділет, пенде – бенде – бәнде, әмісе – һәмиша т.б. Бұл қатарлардың
соңғы сыңары қазіргі әдеби тіл қолданысында жоқ екендігі, ал алдыңғы сыңарларының
тұрақты әдеби норма екендігі ешбір дау туғызбайды.
«Парсыша-қазақша сөздікте» де осындай жайттар бар. Бұнда батсайы – патсайы,
аждаһа – айдаһар, апырай – япырай тәрізді екі сыңары да тұрақталған жарыспалы сөздер
дұрыс көрсетіле отырып, орфографиясы жағынан сұрыпталған, жазылуы толық орныққан
дублеттердің бейәдеби түрі де беріледі: патша – патса, парша – барша (мата), пұшайман
– пышайман, палау – балау, болат – полат, пешене – пышана – бешене, бесін – песін,
дұшпан – дұсман, биқасап – биқасам, дегдар – текдар, қожа – хожа, талшын – даршын
т.б. Бұл параллельдердің екіншілері жырлар мен эпостарда, өткен дәуірлердегі жазба тіл
нұсқаларында кездеседі, кейбірі диалектизм ретінде қазір де қолданылуы мүмкін. Бұндай
жағдайда арнаулы сөздіктерде жарыспалы элементтердің стильдік белгілермен
ажыратылып көрсетілуі орынды.
Қазақ тіліндегі фонетикалық дублеттердің жасалу себептері шығыс тілдерінен ауысқан
сөздердің ауызекі тіл арқылы енгендігімен байланысты. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне
тән емес араб-парсылық ﺝ (дж), ﻩ, (аһ)ﺰ (ф), ﺀ (хамза), ﺡ (х), ﻉ (әйн) дыбыстарының
қазақша айтылуда өзгеруі және қабылдаушы тілдің төл дыбыстарымен берілуі – заңды
құбылыс. Араб-парсы тілінде фонемалық ролі күшті дауысты дыбыстардың (қысқа және
созылыңқы дауыстылар) ерекшеліктері де қазақ тіліне енген сөздердің бірнеше вариантта
айтылуын туғызды.
Ауызекі сөйлеу тілі арқылы еніп, бірнеше тұлғада айтылып және жазылып жүрген
варианттардың жасалу себептерін былайша топтауға болады:
1. Араб-парсылық дыбыстар қазақ тілінің айтылу заңдарына қарай бейімделгенінде, төл
тілдегі сол дыбыстарға жуық бірнеше фонемалармен алмасады, олардың ішінде б – п, қ –
Достарыңызбен бөлісу: |