§ 2. Айтылуы бойынша жазылатын сөздер. Орыс тілінен ауысөан сөздердің ішінде
қазақ тілінің айтылу заңдылықтарына негізделіп, өзгерген түрінде жазылатын бір топ
лексикалық единицалар бар. Бұндай сөздердің емлесі Негізгі ережелерде көрсетілген:
«Дыбысталуы өзгеріп енген сөздер өзгерген күйінше жазылады: жәшік (ящик емес),
бәтес (батист емес), теңге (деньги емес), сот (суд емес), бәтеңке (ботинки емес), минут
(минута емес), газет (газета емес), сиса (ситец емес) т.б.» Дәстүрлі түрде, қазақ тілінде
айтылуы бойынша таңбаланатын, негізгі төркіні орыс тілі болып саналатын бұндай
сөздердің қазақ әдеби тілінің сөздік құрамындағы жалпы саны 70-тен асады.
Совет дәуіріне дейінгі кезеңде орыс тілінен ауысқан сөздердің көпшілігі – күнделікті
тұрмыстық сөздер мен шаруашылық, кәсіп пен құрал-жабдық атауларын беретін
лексикалық единицалар. Негізгі қарым-қатынас функциясында ауызекі тілдің ролі басым
болған кезеңдерде енген мұндай сөздердің түпнұсқа тілдегі графикасын да, айтылуын да
сақтау қажеттілігі болған жоқ, керісінше, ауызекі сөйлеу тілінің әсерімен дыбыстық
жағынан өзгерген түрлерін пайдалану түсінікті, әрі тиімді болды. Сондықтан алғашқы
қазақ жазба тіл үлгілері – тұңғыш баспасөз беттерінде де қазақ тілінің дыбыстық
жүйелеріне сәйкестендірілген тұлғаларын жазу орын алады. Түрнұсқа тіл мен
қабылдаушы тілдің дыбыстың фонетикалық айырмашылықтары әсерінен апокопа (болыс-
волость, облыс-область), синкопа (бөрене-бревно), протеза (үстел-стол), эпентеза (сүрек-
срок, бөрене-бревно, күршек-крючок) тәрізді тілдікқұбылыстарға ұшыраған осындай
сөздердің жазылу емлесі қазақ тілі емлелік сөздіктерінде айқын беріледі. Және де бұндай
сөздерде жарыспалылықтың болуы да – заңды құбылыс. Сондықтан жазу практикасында
олардың емле ережелерінде, сөздіктерде көрсетілген үлгілерін басшылыққа алу орынды
(1-қосымша).
Айтылуы әсерінен өзгертіліп жазылатын сөздердің келесі бір тобы – соңы –а
дыбысына аяқталатын сөздер. Олардың емлесі туралы қағида Негізгі ережелерде
көрсетілмегенімен «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайындағы анықтағышта»
арнайы ұсынылады: «Орыс тілінен енген бірқатар сөздердің соңғы дауысты дыбысы
түсіріліп қалыптасқандықтан, сол ықшамдалған түрінде жазылады: газет (газета емес),
минут (минута емес), пар (пара емес), секунд (секунда емес), аптек (аптека емес),
гранат (граната емес), координат (координата емес), цифр (цифра емес), террас
(терраса емес)»
46
.
Қазіргі жазу практикасында бұндай сөздер қатары бірде соңғы –а дыбысынсыз, бірде
1-қосымша
Айтылуы бойынша жазылатын сөздер
1
2
3
абақты
ауылнай
банды
барқыт
бәтеңке
бәтес
божы
болыс
болыскей
бөкебай
бөрене
бөтелке
бөшке
газет
көпене
кәшек
кереует
керзі
конфиске
конфискелеу
көзір
көпес
көшір
кірпіш
күршек
қамыт
қарбыз
қашауа
пеш
пүліш
резеңке
самаурын
сәтен
сиса
сом
сот
сіріңке
тәрелке
теңге
учаске
үстел
үтік
46Сыздықова Р. Көрсетілген еңбек. 26-б.
галош
дога
жәрмеңке
жәшік
жемпір
жеребе
картоп
кастрөл
кәмпит
кәрзеңке
қожайын
қорап
лашық
мәнер
мәрмәр
минут
нөмір
облыс
ояз
пәтер
пәуеске
шай
шайнек
шана
соңғы дыбыс сақталып, немес соңғы –а дыбысы қысаң ы, і дыбыстарымен
алмастырылып, бірнеше варианттарда жазылып жүр (мысалы, аптек-аптека, диет-
диета, штанга-штангы, лампа-лампы, мода-моды т.б.). Соңы а дыбысына бітетін
сөздердің сөздіктерде берілуі де әр түрлі. «Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің» бірінші
басылымында соңғы дауыстысыз, ықшамдалып жазылған орыс тілі сөздерінің саны
едәуір: анкет, аптек, арматур, диет, газет, контор, координат, котлет, лампы, моды,
наград, цитат т.б. Сөздітің екінші басылымында бұл сөздердің бір тобы бұрынғыша
анкет, банды контор, координат, газет, минут түрінде, ал көпшілігі орыс
орфографиясына сәйкес жазылып ұсынылған: аптека, арматура, гитара, диета, лампа,
лигатура, награда, цитата, бірақ: диетасхана, наградтау. «Қазақ тілінің көп томдық
түсіндірме сөздігінде» мұндай сөздер бірнеше варианттарда беріледі: анкет – әдеби
норма, анкета – «сөйлеу тілі» деген белгі арқылы, аптека - әдеби норма, ал аптек, әптек
- сөйлеу тілі элементі ретінде, диета – норма, диет - «сөйлеу тілі» деген белгі арқылы.
«Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің» екінші басылымына сөз соңында –а дыбысы бар
300-ге жуық лексикалық единицалар енгізілген. Олар – қазіргі қазақ әдіби тілінің барлық
функционалдық стильдерінде, көркем әдебиетте және ауызекі сөйлеу тілінде активті
қолданылатын сөздер. Сөздікте олардың жазылуы ұш түрлі беріледі: бір тобы түпнұсқа
тілдегі қалпын сақтап жазылады; бұлар негізінен жазба тіл арқылы енген перспектива,
директива, коллега, декада, дидактика, спартакиада, серенада, логика, формула,
поэтика, графика т.б. тәрізді термин сөздер. Екінші тобы – соңғы –а дыбысы түсірілір,
айтылуы бойынша жазылады: газет, минут, секунд, цифр, котлет; ал үшінші тобы кысаң
–ы, -і дыбыстарының көмегі арқылы таңбаланады: банды, моды т.б.
–а дыбысына аяқталатын сөздердің жазылуындағы бұндай әр түрлі жайттар жеке
сөздердің қазақ тілі сөздік құрамына ену жолдары мен ауысу кезеңдерінің ерекшеліктеріне
байланысты. Мысалы, газет, минут, секунд сөздері мен логика, формула, графика,
директива типтес единицалардың қазақ тіліне қабылданған кезеңдері де, соған
байланысты ауысу жолдары да әр түрлі. Алғашқы сөздердің өткен ғасырларда негізінен
ауызекі сөйлеу тілі арқылы еніп, қабылдаушы тілдің айтылу нормаларымен
қалыптасқандығын олардың алғашқы баспасөз беттерінде, Абай шығармаларында
жұмсалғандығы дәлелдей түседі. Сондықтан да бұл сөздердің соңғы дауысты дыбысының
түсіп қалуында қазақ тіліндегі екпін құбылысының әсері бар. Қазақ тілінде екпін тұрақты
түрде соңғы буында ғана байқалатын болғандықтан, түпнұсқа тілде ортаңғы буынға екпін
түсетін газета, минута, секунда сөздерінің соңындағы екпінсіз –а дыбысының бәсең
айтылып, естілуіне, айтыла келіп түсіп қалуына себепші болады. Лампа, штанга, майка,
марка, мода тәрізді сөздер соңындағы дауыстының қысаң ы, і дыбыстарымен
алмастырылуы да бұд сөздердің орыс тіліндегі айтылуы екпініне байланысты. Түпнұсқа
тілде алғашқы буындарға түсетін екпін қазақ тіліне қабылданып естілуінде соңғы
дыбыстың көмескеленуіне әсер етеді. Алайда қазақ тілі үшін сөз соңының бірнеше
дауыссыз дыбыстар тізбегіне аяқталуы тән емес болғандықтан, бұл сөздерді айтқанда, ы, і
дыбыстары қосарланып естіледі де, айтылудағы осы заңдылық аталған сөздердің
жазылуында да байқалады. Сөйтіп, орыс тілінен енген бір топ сөздердің айтылуы
бойынша жазылуы олардың, негізінен ауызекі тіл арқылы еніп, дәстүрлі сипат
алғандығына байланысты. Өткен ғасырларда енген, сөйлеу тілінің ықпалымен
дыбысталуы да, жазылуы да қалыптасқан бұндай сөздердің емлесі Негізгі ережелерде,
басқа да арнаулы құралдар мен сөздіктерде көрсетілген. Дегенмен, қазіргі жазу
практикасында жергілікті тіл ерекшеліктерінің әсерінен жасалатын фонетикалық
варианттар мен орыс орфографиясына сәйкес жазылған тұлғасын қатар қоладну (мысалы,
самаурын – самауыр – самовар; кереует – керует – кровать) фактілер кездеседі. Жазу
нормаларына кедергі келтіретін мұндай ауытқушыларды болдырмас үшін қазақ тілі емле
сөздіктеріндегі ажзылу үліглері жазу практикасында басшылыққа алынуы қажет.
Ал соңғы –а дыбысы түсіріліп жазылатын минут, секунд, цифр, газет, пар сияқты
сөздердің ықшамдалып жазылуы – қазақ әдеби тілі үшін, жатық, дағдылы норма. Бұл
сөздердің бірнеше тұлғаларда жазылуы, яғни орыс орфографиясы бойынша газета,
минута, секунда, цифра, пара болып жазылған қатарларының жазба тіл үлгілерінде мүлде
кездеспеуі осыны айқындай түседі. Осындай бірқатар сөздердің әсерінен алғашқы емле
құралдарында қысқартылып немесе жартылай өзгертіліп (ы, і дыбыстарының көмегі
арқылы) жазылған сөздердің саны бірашма мол болғанымен (аптек, арматур, диет,
гитар, лигатур, мандолин, наград, цитат, моды, лампы т.б.) кейінгі сөздіктерде олардың
орыс орфографиясына толық сәйкестендірілген түрлері ұсынылады (аптека, арматура,
диета, гитара, литура, мандолина, награда, цитата, мода, лампа); бұл жайт жазу
практикасында да қалыптаса бастады. Әсіресе ғылыми және публицистикалық стильдерде
бұл типтес сөздер бірыңғай, түпнұсқа тілдегі графикалық-фонетикалық тұлғасынан
өзгеріссіз жазылып келеді. Ал бұл стильдер – қазіргі қазақ әдеби тілінің дамуында
жетекші рольге ие болып отырған және көп жағдайда лексикалық-грамматкиалық,
орфографиялық құбылыстарды реттеп, нормаландыратын доминант салалар; сондықтан да
кодификациялау жұмыстарында бұл тармақтар маңызды қызмет етеді.
Сөйтіп, жазу практикасында бірізділікті қалыптастыру, әрі қазақ орфографиясын жетік
де жеңіл ету мақсатында бір табиғаттас цитата, кантата, арена, вокабула, тирада,
касета, координата, терраса және лампа, марка, мода, анкета, аптека, диета т.б.
термин сөздерді өзегріссіз, түпнұсқа тілдегі қалпын сақтап жазуды қалыптастыруға
болады. Бұл ретте жазу нормасын бірыңғайландырудың орфоэпиялық нормаларға нұқсан
келтірмейтінін де атау қажет. Ресми сөйлеу актісінде немесе күнделікті тұрмыстық ауызекі
сөйлеу тілінде бұл сөздер бірнеше варианттарда немесе ықшамдалып та айтыла береді
(мысалы, аптек/ /әптек/ /аптека; диет/ / диета; координат, кассет, террас, цитат); бұл
жайт – ауызша тіл үшін норма. Ал сөздердің айтылу нормасы мен жазылу нормасы
араларында елеулі айырмашылықтар бар екендігі, олардың әрдайым бірімен-бірі дәл келе
бермейтіндігі белгілі (2-қосымша).
2-қосымша
Соңы –а дыбысына аяқталатын сөздердің жазылуы мен айтылуы
§ 3.
Орыс
тілінен енген
сөздерге
қосымшалар
жалғану
ерекшеліктері. Қазақ орфографиясының негізгі принциптері бойынша қосымшалар сөзге
буын үндестігі заңдылығымен жалғанатыны мәлім. Қазақ тілінің төл сөздерінде бұл
Жазылуы
Айтылуы
анкета
анкеталық
аптека
арена
аренда
арматура
арматурашы
база (ауыл шар. термині)
банды
банка
газет (газета емес)
гитара
гитарашы
грамота
диета; бірақ: диетасхана
контор
контрабанда
координата
котлет
лампа
майка
мандола
мандолина
манжет
марка
минут
мода
награда, бірақ: наградтау
плацкарт
планета
секунд
сигара
сигарета
терраса
фаза
фанера, бірақ: фанерлеу
фара
форма
цитата
цифр
анкета//анкет
анкеталық//анкеттік
аптека//аптек//әптек
арена
аренда
арматура//арматур
арматурашы//арматуршы
баз
банды
банкі
газет
гитара//гитар
гитарашы//гитаршы
грамота
диета//диет
контор
контрабанды
координат
котлет
лампы
майкі
мандол
мандолина
манжет
маркі
минут
мода
наград, наградтау
плацкарт
планета
секунд
сигар
сигарет
террас
фаза
фанер, фанерлеу
фар
форма
цитат
цифр
заңдылық мейлінше сақталады (мысалы, оқушылар, оқушылар-ға, мұғалім-ге, мұғалім-нің,
кітап-қа, кітап-тың т.б.); араб-парсы тілінен енген сөзердің қазақ тілі қосымшаларымен
түрленуі де осы заңдылыққа бағынады, бірлі-жарым өзгешеліктер араб-парсылық сөз-
жұрнақтардың жазылуында ған кездеседі (әсем-паз, өнер-паз, әуес-қой т.б.).
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» көрсетілген орыс тілі сөздерінің
қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі туралы қағидаларады былайша топтауға болады:
1. Орыс тілінен енген түбір сөздерге қосымшалар қазақ тілінің төл сөздерімен бірдей
дәрежеде жалғанады, яғни соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай, буын
үндестігі бойынша, я жуан, я жіңішке болып жазылады: пионер-лер, институт-тар,
самолет-тер, пленум-да, Кремль-де, секретарь-ға, секретар-ы, бюллетень-дер т.б.
2. б, в, г, д әріптеріне біткен орыс тілінен енген сөздер айтылуда қатаң п, ф, к, т
дыбыстарына айналатындықтан, бұндай сөздердің қосымша.
3. шалармен түрленуі «сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, дауыссыздан басталатын
қосымшаның басқы дыбысы да қатаң... болып жалғанады» деген қағидаға негізділеді:
клуб-қа, парад-тан, коллектив-тен, архив-тен, археолог-тар.
4. Қосарлы дауыссыздарға аяқталған сөздерге қосымша жалғаудың мынадай ерекшеліктері
бар:
а) қосарлы рк, нк, кс, кт дыбыстар тіркесіне қосымшалар жіңішке жалғанады: парк-
ке, банк-і-ге, бокс-ке, пункт-ке.
ә) нд, мп, кт, нг, мб, ск, фт дыбыстар тіркесіне біткен сөздерге қазақ тілі
қосымшалары жалғанғанда, қысаң ы, і дыбыстары дәнекерлік қызмет атқарады: фонд-ы-
ға, фонд-ы-сы, штамп-ы-лау, штамп-ы-сы, проспект-і-ге, проспект-і-сі, ринг-і-ге, ринг-і-
сі, ромб-ы-ға, ромб-ы-сы, киоск-і-ге, киоск-і-сі, шрифт-і-ге, шрифт-і-сі.
б) сс, лл, тт, кк тәрізді қосар дауыссыз дыбыстарға аяқталатын жалпы есімдерде
дыбыстардың бірі түсіріліп жазылады: прогресс-прогрес-шіл, класс-клас-қа, металл-
металдың; ал жалқы есімдерде қосарлы дыбыстар сақталады; Донбасс-Донбасс-қа; бірақ
дәл сол дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, олардың бірі түсіріледі: Донбас-сыз
(Донбассыз емес).
в) ст, сть, зд сияқты дыбыстар тізбегімен аяқталатын сөздерге қосымша жалғанғанда,
соңғы дыбыстар түсіріліп жазылады: текст-текс-ке, ведомость-ведомос-қа, поезд-поез-
бен т.б.
г) –аль әріптеріне біткен бір буынды сөздерге қосымша бірыңғай жіңішке түрде
жалғанады: роль-ге, рольдің, руль-ге, руль-дің.
Сонымен қатар, орыс тілінен енген сөздерге қосымша жалғаудың «Негізгі ережелерде»
көрсетілмеген, бірақ жазу практикасында ескерілуге тиісті тағы да бірнеше ерекшеліктері
бар:
1) к, қ, п дауыссыз дыбыстарына аяқталатын қазақ тілі сөздері дауысты дыбыстан
басталатын қосымшалармен түрленгенде, бұл дауыссыздардың ұяңдап, ғ, г, б быдыстарын
айналатыны мәлім. К дыбысына бітетін орыс тілі сөздері де қазақ тілі қосымшаларын
қабылдағанда осы заңдылықққа бағынады: гудок-гудогы, кубок-кубогы, механик-механигі,
блок-блогы, полковник-полковнигі.
Ал соңында п, х дыбыстары бар сөздер де осы өзгеріске ұшырауға тиісті болғанымен,
бұл заңдылыққа бағынбайды. Мысалы, укроп – укропы, принцип – принципі, окоп – окопы,
тип – типі, шуруп – шурупы, сироп – сиропы, штрих – штрихы, цех – цехы, альманах –
альманахы, шах – шахы. Мұндай ерекшелік басқа да бірлі-жарым сөздерде кездеседі.
Мысалы, айтуға хақі бар дегенді хақ соңындағы қ дыбысы айтылуда да, жазылуда да ғ
болып ұяңдамайды.
Негізгі ережелерде –ль әріптеріне аяқталатын бір буынды сөздердің жіңішке
қосымшалармен түрленетіндігі аталған. Ал нақ осындай әріптермен бітетін көп буынды
қосымашалар самолеттер, пленумда, активті т.б. тәрізді сөздерге арналған қағида
бойынша жуан не жіңішке болып, соңғы буынға үндесуіне қарай жалғанады: бір буынды
сөздер – роль, роль-ге, роль-і, ноль, ноль-ге, ноль-і; бірнеше буынды сөздер – гастроль,
гастроль-ға, гастролы, король, король-ға, корол-ы. Жоғары аталғанындай жазу
тәжірибесінде гастроль, пароль, король, бандероль типтес бірнеше сөздерге жіңішке
қосымша жалғанып жазылуы жиі ұшырасады: гастроль-ге, гастрол-і, король-ге, корол-і.
Шын мәнінде ноль, роль, руль және король, гастроль, пароль сөздерінің арасында қазақ тілі
қосымшаларын қабылдауда ешбір айырмашылық болмайға тиіс; бірнеше буынды
сөздердің бастапқы буындары қосымшалардың үндесуіне ықпал жасай алмайды.
Сондықтан соңғы –ль әрпінің жіңішке айтылуына орай бұл сөздерге жіңішке буынды
қосымша жалғанады; яғни гастроль-ге, гастрол-і, пароль-ге, парол-і, король-ге, корол-і.
Осы айтылғандарға байланысты фестиваль, мораль, магистраль, медаль, педаль,
госпиталь тәрізді сөз соңындағы –аль дыбыстар тізбегі бар сөздерге қосымша
жалғанудағы ерекшеліктер де назар аудартады. Нақты қағидаларға сүйенетін болсақ, бұл
сөздерге соңғы буындағы а дыбысына үндесетін жуан буынды морфемалар жалғануы тиіс.
Тіл қолданысында бұл ретте бірнеше варианттар кездеседі. Бұнда екі түрлі заңдылық
байқалады: фестивальға, моральға, госпитальға, магистральға, моральға болып барыс
септігі формаларының үндесе, үйлесе жалғануы соңғы буындағы а дыбысының тікелей
әсерінен болса, тәуелдік жалғауларымен түрленгенінде фестивалы емес фестивалі болып,
медалы емес, медалі болып, магистралы емес, магистралі болып өзгеріп кетуі (жіңішке
қосымшаның жалғануы) соңғы –ль дыбысының жіңішке айтылуымен байланысты.
Бұндай бірқатар ерекшеліктер қабылдаушы қазақ тілінің өз табиғатында да бар; куә, куәға,
куәдан, бірақ: куәлік; Күләш-тің, бірақ: Күләш-қа тәрізді құбылыстар қазіргі қазақ әдеби
тілі үшін орфографиялық норма болып саналады. Сондықтан да қазақ тілінің айтылу
нормаларына сәйкес қалыптасқан жазу үлгілерін норма ретінде тұрақтандыруға болады:
яғни фестиваль, фестиваль-ға, бірақ: фестивал-і, фестивалінде; мораль, мораль-ға,
мораль-дық, бірақ: морал-і; медаль, медаль-ға, бірақ: медалі.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінің» өзгертулер мен толықтырулар
енгізіліп қабылданған жаңа редакциясында өзгертіліп берілген қағидалардың бірі – соңғы
буындары ог, уг дыбыстар тіркесіне бітетін сөздерге қосымшалардың жалғануы.
Қалыптасқан қағида бойынша ог, уг дыбыстарына аяқталатын сөздер төл сөздерге
қосымша жалғану заңдылықтарымен бір ыңғайда қарастырылып, яғни соңғы буындағы
дауысты дыбыстың әуеніне қарай, буын үндестігіне сәйкес жазылып келген болатын-ды:
педагог-тар, педагог-қа. Бірақ осы тұста да жазу практикасында бірге педагогтар, енді
бірде педагогтер түрінде екі түрлі жазылып, варианттылық байқалды.
Негізгі ережелерде бұндай сөздерге қосымша жалғану жеке қағидамен бөлініп берілді:
«Соңғы дыбыстары ог, уг, болып келген сөздер мен рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль,
брь, бль сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар әрдайым жіңішке
түрде жалғанады: педагог-тер, педагог-тік, геолог-тер, геолог-ке, округ-тік, парк-тен,
парк-ке, парторг-тер, киоск-і-ге, факт-і-ге, полк-ке, пункт-тер, октябрь-ге, ансамбль-ге,
бинокль-дер.
Негізгі ережелерде өзгертіліп берілген бұл қағида бірнеше заңдылыққа негізделеді. Ог,
уг дыбыстары тіркесіне аяқталатын сөздердің ( геолог, археолог, диалог, монолог, биолог,
педагог, округ, аншпуг т.б.) соңғы буындары қазақ тілінде г дыбысының жіңішке
дыбысталатындығына қарай жіңішке айтылады. Және де о дыбысы қазақ тілінде көп
буынды сөздердің соңғы буынында кездеспейді. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары
үшін де сөз соңының г дыбысына аяқталуы – тосын жайт.
Төл сөздерде ұяң г дыбысының жіңішкелік сипаты, сондықтан да тек жіңішке дауысты
дыбыстармен тіркесетіндігі (көгал, гауһар деген сөздерден басқа) орыс тілінен енген
сөздердің дыбысталуына да әсерін тигізеді, яғни соңында ог, уг дыбыстар тізбегі бар
сөздерге қосымша г дыбысының ерекшелігіне орай жалғанады. Округ сөзіне жіңішке
буынды қосымшаның жалғануы сөз соңындағы г дыбыстардың ұяң дауыссыз екендігімен
қатар, көрші дыбыстардың әсеріне қарай у дыбысының да өзгермелі (бірде жуан, бірде
жіңішке) болып отыратын табиғатына қатысты.
Ал ак, аг, ок, ук, дыбыстарына аяқталатын сөздер бұл ережеге бағынбайды. Оларға
қосымша жуан түрде жалғанады, яғни казак, бак, бурлак, аншлаг, универмаг, кубок, гудок,
блок, станок, бамбук, галстук сияқты сөздердің соңғы буындары жуан болғандықтан,
олар қазақ тілі қосымшаларының жуан варианттарын қабылдайды.
Казак, бак, бурлак, гамак және аншлаг, универмаг сияқты сөздерге сөз соңындағы к, г
дыбыстарының дауыс қатысына қарай бірі қатаң, бірі ұяң екендігіне қарамастан, жуан
буынды қосымшалардың жалғануы (казак-ға, бак-қа, аншлаг-қа, универмаг-қа,
универмагы) соңғы буынындағы а дауысты дыбысының қазақ тілінде барлық позицияда,
соңғы буынға дейін сақталатындығына байланысты. Мұндай дыбыс заңдылығы соңғы
дауысты дыбыстары жіңішке секретарь, токарь, январь және мораль, фестиваль тәрізді
сөздердің қазақ тілі қосымашаларымен түрленуіне де әсер етеді. Бұларда да соңғы
жіңішкелік белгісіне, яғни л, р дыбыстарының жіңішке айтылуына қарамастан,
қосымшалардың жуан варианты қабылданады: секретарь-ға, токарь-ға, токарь-лық,
январь-ға, январь-да, мораль-дық, фестиваль-ға, фестиваль-дық (соңғы сөздерге дауысты
дыбыстан басталатын тәуелдік жалғаулары жіңішке жалғанады). Өйткені мұнда соңғы
буындағы а дыбысының қазақ тілі үшін универсалды позицияда болатын сипаты үлкен
роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |