§14. Қазіргі қазақ орфографиясындағы бірсыпыра сөздің әліптемесі ашық буынды
«азайту» тенденциясына сәйкес келеді. Мысалы: қызмет (қызымет емес), хикмет
(хикімет емес), жаднама (жадынама емес), құрмет (құрымет емес), сахна (сахына
емес), мәлғұн (мәліғұн емес), зақмет (зақымет емес), зергер (зерігер емес), мәжнүн
(мәжінүн емес). Осы аталған сөздердің қатарына орфограциялық сөздікте (1978ж.) ы, і
әріптері арқылы таңбаланып жүрген кейбір сөздерді жатқызып, қысаң дауыстысыз жазуға
болар еді. Мысалы, олар мына тәрізді сөздер:
құшынаш – құшнаш ашына – ашна
қазымыр – қазмыр базына – базна
қазына – қазна лағынет – лағнет
Әрине, бұлардың қатарына қымыран, құмыра, саңылақ, бағылан, лобылу тәрізділерді
жатқызуға әсте болмайды. Өйткені бұл типтес сөздердің сонорлы буындарын селбеспелі
16Серебренников Б.А. Вероятностное обоснования в компаративистике. М., 1974. С. 166.
дауыстысыз жазу қазақ тілінің дыбыс заңдылығымен үйлесе бермейді. «Орфографиялық
сөздікте» мақұлық, нақұрыс, сөзінің мақлұқ, нақрұс түрінде жазылмай, ұ арқылы
таңбалануын да осы заңдылыққа орай түсіндіруге болады. Бірақ осы типтес кейбір
сөздердің жазылуына келгенде «Орфографиялық сөздік» (1978ж.) бұл принциптен
ауытқып кетеді: мәкрүк (дұрысы – мәкүрік), мақлұқат (дұрысы – мақұлықат), мақрұм
(дұрысы – мақұрым), мағлұм (дұрысы – мағұлым ), мағлұмат (дұрысы – мағлұмат) т.б.
§15. Сөздің абсолют басы л, р дыбыстары үшін қолайлы позиция емес. Сондықтан
олар бұл позициядан «қашып» отыруға тырысқан. Бұл процесс, тарихи фонетика
тұрғысынан қарағанда, бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асып келген: 1) л дыбысы д-ға
алмасып отырған: лүпілде – дүпілде, лөкет (үлкен пышақ) – дөкет, лайым – дайым; 2) л
дыбысы н-ға алмасып айтылған ләпсі – нәпсі, лас – нас, лағынет – нәлет, лоқта – ноқта,
Лазым – Назым(«Пердеге жүзін салады, Пердені қолға алады, өз көркінен қыз Лазым
Талып түсіп қалады. «Қамбар».); 3) л сөздің абсолют басында түсіп қалады: лабақты –
абақты, ләшкер – әскер, лонх (он) монғ. «бөтелке», «флакон», қазақ тілі диал оңқа ( оңқа
төңкеру «банка төңкеру»); 4) л, р дыбыстары сөздің басында селбеспелі қысаң
дауыстылармен айтылған. Мысалы: лу (тибет, қытай) – ұлу, [ылашын] лашын т.б. Өзге
алмасулармен салыстырғанда соңғы төртінші тәсілді л, р дыбыстарынан басталатын шет
тілдік сөзді игерудің аса өнімді түрі деуге болады.
Бұған дейін біз селбеспелі дауыстылардың сонорлы буындары жіктерінде жазылатын
және жазылмайтын жағдайларына қатысты мәселеге тоқталдық (§13, §14, §15).
Ал селбеспелі дауыстылардың сөздің абсолют басында р, л сонорларымен жұмсалу
ерекшелігі осы айтылған мәселемен сабақтас деуге болады. сөздің абсолют басындағы
селбеспелі дауыстының қазақ графикасындағы таңбалануы екі түрлі: «л, р дыбыстарынан
басталып, одан кейін а, ә, е, у, ұ, и дыбыстары келетін түбір сөздердің басында ы, і әріптері
жазылмайды: лаж, лайық, лас, лай, леген, рай, рас, лауазым, лашын, лашық, лақа (балық),
лақап, лезде, леп, лепіру, доблу, рақат, рақым, раң, рет, ренжу, рең, реңк, ру, рух, рухани,
рұқсат, риза, рия, ризық, рәсуа.
Қалған жағдайда сөз басында р, л әріптерінен бұрын ы, і әріптері жазыла береді,
ырыс, ырым, ырық, іріт, ырыл (дау), ілік (ті)»
17
.
Ал [р], [л] дыбыстарының (әріптерінің) алдында селбеспелі қысаң дауыстыны
белгілейтін ы, і, ұ әріптерінің жазылмауына қарап, мысалы ру [ұрұу], рух [ұрұух], леп
[ілеп], лашын [ылашын], лау [ылау], лақ [ылақ], бұл орындарда қысаң дауыстылар мүлде
айтылмайды деп ойлауға болмайды. [Л],[р] сонорлары сөздің басында келгенде, барлық
жағдайда қысаң дауысты селбесіп айтылады. Бірақ олардың фонемалық реңктері р, л
дыбыстарынан кейінгі дауыстыларға тәуелді болуы ықтимал. Мысалы: р, л сонорларынан
кейін а, ә, е, ұ және дауысты + сонор дыбыс тіркесі – ұу, ый келсе, р, л-дың алдында
келетін қысаң селбеспе дауысты өзінің созылыңқылығы жағынан біршама қысқа
айтылады. Ал сөз басындағы, р, л-дан кейін қысаң дауыстылар келсе, керісінше, селбеспе
дауысты біршама созылыңқы айтылуы ықтимал. Әрине, бұл дауыстының созылыңқы
немесе қысқа айтылу реңкінің фонемалық мәні жоқ. Сырт қарағанда, біршама созылыңқы
селбеспе дауыстыны арнайы көрсетіп (ырым), ал қысқасын көрсетпей жазу (лашын) қазақ
графикасындағы кемшілік тәрізді көрінеді.
Бірақ бұл графикалық тәсілдің, бір жағынан, артықшылығы да бар. Таңбалардың
үнемі қолданылатындығын айтпағанның өзінде, бұл графикалық ерекшелік сөздің айтылу
нормасын дұрыс бейнелейді. Селбеспе дауыстының жазылуы р, л-дың алдындағы қысаң
дауыстының біршама созылыңқы айтылуын қамтамасыз етеді. Мысалы: [ырым] ырым,
[ырық] ырық,[ілік] ілік. Селбеспе дауыстының жазылмауы – р, л позициясындағы
17Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1974. 21-б.
қысаңның біршама қысқа айтылуын қамтамасыз етеді: [ырақмет] рақмет, [ыраушан]
раушан, [ылауазым] лауазым т.б. Ал р соорының алдына келетін селбеспе дауысты ұ-ның
ру [ұрұу] сөзінде таңбаланбауы мен ұру [ұрұу] сөзінде таңбалануын омофон сөздері 1.
[ұрұу] ру, 2. [ұрұу] ұру) ажырату мақсатымен байланысты деуге болады. Зат есім болып
келетін ру сөзі өзінің жазылуы арқылы [ұру] етістігінен ажыратылып тұрады.
Тарихи фонетика деректеріне қарағанда, түркі негіз тілінде (праязык) сөздің бас
шенінде әуелде қатаң дыбыстар қолданылған. Бұл позицияда бертін келе, сыртқы сандхи
құбылысына байланысты, ұяңдар да жұмсала бастаған. Н-ның сөз басында тұрақты
қолдануына бір жағынан экстралингвистикалық фактордың да әсері болды. Парсы тілінен
н дыбысынан басталатын сөздердің (нәзік, нан, наразы, нарық, нысан, наурыз, нәр,
нәресте, нама т.б.) молырақ енуі бұл процесті жеделдете түсті. Алайда сөз басындағы н
дыбысының тұрақты сипатқа ие болуы әуел баста қайшылықсыз болған жоқ. Басқы
позициядан н дыбысы қайсыбір сөздерде түсіріліп айтылды: недәуір – едәуір, немеурін –
емеурін, нәмеңгер – әмеңгер т.б. немесе өзге дыбыстарға алмасып отырды: нәпақа –
мәпақа, нану – шану, сену; нану – илану, назым – [ылазым] лазым, нәпсі – [іләпсі] ләпсі,
ноғала – доғала т.б. Бұл қазақ тілі үшін өтпелі дәуір. Өйткені [н] дыбысынан басталатын
шет тілдік сөздерді өзге дыбыстармен алмастырып айту немесе селбеспелі дауыстымен
айту бұл кезде байқалмайды деуге болады. Сөз басында консонанттардың жұмсалу
эволюциясына қарағанда л, р дыбыстырының да сөз басында қолданылу мүмкіндігі бар.
Бұл мүмкіндікке экстралингистикалық фактордың да әсер етуі ықтимал. «Тарихи
тұрғыдан қарағанда протеза құбылысын түркі тілдері үшін революцияға дейінгі кезеңге
тін деуге болады, ал қазіргі кезде бірқатар орыс сөздері мен терминдерін игеруге
байланысты түркі тілдеріндегі сөздің бас шені өзгеріске ұшырап, протеза бірте-бірте азая
түсті (ең алдымен орфографияда). Бірақ көнеден келе жатқан тұрмыс-салтқа байланысты
мықтап орын тепкен ауыс-түйіс сөздерде протеза құбылысы сақталып отырады»
18
.
Р, л дыбыстарының сөз басында қолданылу мүмкіндігі созылыңқылығы біршама
қысқа дауыстының [ырақым] рақым, [ыразы] разы, [ілебіз] лебіз, [ылашын]
лашынредукцияға ұшырауы барысында жүзеге аса бастауы ықтимал.
КЕЙБІР ДЫБЫС ҚҰБЫЛЫСТАРЫНЫҢ
ОРФОГРАФИЯДАҒЫ КӨРІНІСТЕРІ
§16. Тілдегі дыбыстық өзгерістер әр қилы. Тілдік дыбыстар сөйлеу кезінде
акустикалық, артикуляциялық жақтан бір-біріне әсер-ықпалын тигізіп отыратындықтан, әр
түрлі реңктер пайда болады. Бір дыбыс екінші бір дыбыспен алмасып, сөздің дыбыстық
құрамы жаңғырып отырады. Дыбыс құбылыстарының бұдан өзге де бірнеше түрі бар.
Олардың орфографиядағы көрінісі бірдей емес: қайсыбірі жазуда еленсе, қайсыбірі жазуда
елене бермейді. Тіпті метатеза деп аталатын бір құбылысқа қатысты сөздердің жазылуы әр
түрлі деуге болады. Мысалы, қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде (1963) тепкі, текпі,
18Дмитриев Н. К. Вставка и выпадение гласных и согласных в тюркских языках // Исследования
по сравнительной грамматике тюркских языков: Фонетика. М., 1955. Ч.І. С.281.
тепкіршек – текпіршек варианттары берілген де, шапқыла – шақпыла тәрізді варианттың
шақпыла нұсқасы берілмеген.
Әдетте сөз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмасуы метатеза деп аталады.
Мысалы: өкпе – өпке, қақпан – қапқан, қақпақ – қапқақ, қақпа – қапқа. Тіліміздегі кейбір
сөз варианттарының (дублет, синоним, жарыспалы сөздер т.б.) пайда болуын, әр түрлі
жазылуын метатезамен байланысты қарауға болады. Мысалы, ләкпе – ләпке варианттары
метатеза арқылы пайда болған. «Келгендердің бәрі де ұғындырған тәртіп бойынша сауда
қыла келді. Әр күні әр ләкпеден әр алуан ұсақ-түйек алды. Алушысы жоқ болып қаңырап
тұрған ләкпешілерге әңгіме керек» (М. Әуезов. Қилы заман).
Метатеза өзінің фонологиялық табиғаты жағынан негізінен күрделі туынды
түбірлерде ұшырайды:
19
тепкі – текпі, тебрен – тербе т.б.
Метатеза құбылысына орай пайда болған сөз варианттарын басы артық нәрсе деп
сыңар жақ қарауға болмайды. Метатезаға ұшыраған сөздердің тіл қолданысында алатын
орны әр қилы. Олардың түрлерін, шамамен, мынадай топтарға бөлуге болады.
1. Метатезаға ұшыраған сөздер әуелде жарыса жұмсала келіп, тілде тек бір ғана вариант
түрінде орнықты. Мысалы: қақпан, қақпақ, қақпа, өкпе т.б. Бұлар синхрония тұрғысынан
қапқан, қапқақ, қапқа, өпке делініп, әуелдегідей күйіндегідей ұолданылмайды деуге
болады. Себеп сөзі де осы тәрізді, бастапқы түрі әсбәб (араб сөзі). Малақай сөзінің
«маңлай» диалектизмімен метатезалық байланыста екендігін этимология жасай отырып
айқындауға
болады.
Салыстырыңыз:
мақалай
(Замахшари.
Мукаддимат)
20
<маңқалай>мақалай>қазақша малақай. Малақай сөзі маңдай, маңлай,
маңқа атауларымен тектес түбірлер болуы ықтимал.
2. Метатезалық варианттар мағыналық жақтан сараланып дербес сөзге айнлаған: уақ (уақыт)
– ауық (бір ауық), демеу (етістік) – медеу (зат есім), тебірен (әсерлен) – тербе (шайқа),
айнал (су буға айналады) – айлан (айланып-толғану).
Ш мен қ дыбыстарының орнын алмасуынан балшық (балшақ, а/ы дауыстыларының
алмасуы) және балқаш варианттары пайда болған. Кейбір түркі тілдерінде балғаш
«балшық»
21
деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде Балқаш сөзі гидроним ретінде ғана
емес, әсіресе байырғы әдебиет өкілдері шығармаларында, аға буын тілінде, жалпы есім
мәнінде жұмсалады. Балқаш, балшық (балшақ) әуелде мағыналық жақтан жарыса
қолданылғанмен, келе-келе семантикалық дербестікке ие болған. Балшық «лай», «батпақ»
деген мағынаны білдірсе, балқаш «сулы, шөбі мол жер» дегенді аңғартады:
Балқашын орып мал жеген
Аралас үйрек, қаз жеген
(Қашаған Күржіманұлы)
Метатезалық варианттардың кейбірінде стильдік айырым барлығы байқалады:
ұшпақ – жұмақ. Қазақ тілінде жұмақ стильдік жақтан бейтарап, ұшпақ көбіне сөйлеу
тіліне тән. Сондай-ақ тыпыр етпе – тырп етпе; үлпіл –лүпіл, шықырлату – қышырлату
параллельдерінің эмоционалдық, семантикалық реңкі бірдей емес.
4. Метатезалық варианттардың барлығы бірлей мағыналық немесе стильдік тұрғыдан айқын
сараланбаған. Оны мынадай салыстырудан байқауға болады:
19Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алма-Ата, 1986. С.98
20Поппе Н. Монгольский словарь Мукаддимат аль-адаб. М., Л.1938. С. 233
21Пальмбах А. А., Исхаков Ф. Г. Явления метатезы в тувинском и некоторых других тюркских
языках // исследования по сравнительной грамматике тюркских языков: Фонетика. М., 1955. Ч І. С.
295
айналсоқта – айналқоста
алпарыс – арпалыс
әлеуетті – әулетті
әпке – әкпе
әпкел – әкпел
әпкіш – әкпіш
бастығырыл – бастырығыл
бопса – боспа*
былжыра – жылбыра
дария – дайра*
долана – донала*
дорба – добра*
дөрекі – дөкір
жалаңаш – жаңалаш
жалау – аужал
жыпқыл – жықпыл
кежеге – кегеже*
кәпкір – кәкпір
күбжеңде – күжбеңде
күдері – көдіре
құптан –
қақсит – қасқит
құнерез – құнезер
қыруар – қырауыр
мегзе – мезге
моқал – молақ*
22
нысап – ынсап
сыпатта – ыспатта
шуалшын – шылаушын
шыбжалақта – шыжбалақта
шыбжыңда – шыжбыңда
Әдеби тіл мүддесі мұндай дублет сыңардың біріне артықшылық беріп отыруды
қажет етеді. Бұл жерде кейбір жарыспалы қолданыстың бірін доминанта вариант деп
айқындауда сөздің түбір тұлғасын таяныш етіп алуға болады. Нормалаушы сөздіктерде,
олардың ішінде орфографиялық сөздікте, негізінен, түбір нұсқасын беру тиімді. Мысалы:
түпкір (түкпір емес), шапқы (шақпы емес), тапқыр (тақпыр емес), әпкел (әкпел емес) т.б.
Мұндай екі ұдай қолданыстардың түбір тұлғасына сүйене отырып, негізгі вариантын
анықтаудың тиімді жағы мынадан да байқалады: түп-, теп-, шап- т.б. түбір сөздерге әр
түрлі қосымшалар жалғанып, жаңа сөз жасауға ұйтқы болады (түпсіз, теперіш, шабуыл
т.б.). Ал метатезаға ұшыраған варианттарда (түк-, шақ-, т.б.) мұндай қасиет жоқ.
Сондықтан дыбыстардың нақтылы бір фонетикалық жағдайындағы транспозициялануы
жазуда ескерілмеуге тиіс.
Жарыспалы сөздердің біріне артықшылық беруде, яғни жазуда ескеріп отыруға, тек
түбір сөзге сүйену кейбір параллельдер үшін жеткіліксіз. Мұндайда дыбыстардың
транспозициялану бағытына сүйену тиімді деуге болады. А.А. Пальмбах пен Ф.Г. Исхаков
өздерінің «Тува тіліндегі және кейбір түркі тілдеріндегі метатеза құбылысы» деген
мақалаларында В.В. Радловтың «Тілдің артқы бөлшектерінің түйісуінен кейін іле-шала
ерінді түйістіру, еріннің түйісуінен кейін іле-шала тілдің артқы бөлшектерін түйістіруден
жеңілдеу» деген пікіріне назар аударады. Сепкіл, тепкі, әпке, түпкі сөздерінің секпіл,
текпі, әкпе, түкпі түрінде ( пк>кп) айтылуын В.В. Радловтың осы пікіріне байланысты
қарастыруға болады.
Яғни еріннің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстарға (п,б) қарағанда, тілдің артқы
бөлшегінің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстардың (қ, к) бұрынырақ айтылуы
физиологиялық тұрғыдан анағұрлым жеңілдеу болуға тиіс. Сөз шенінде (п, к) дыбыстары
тіркесіп келгенде, сөйлеу кезіндегі физиологиялық қолайлылыққа байланысты [к] дыбысы
[п]-дан бұрын келуге тырысады, яғни дыбыстардың орын алмасуы [п]-дан [к] дыбысына
қарай бағытталған деуге болады. Сөйлеу кезіндегі (в речи) мұндай спонтандық
өзгерістердің түп-түгел жазуда еленуі шарт емес. Секпіл, өрекпі, жықпыл тәрізділер –
сепкіл, өрепкі, жыпқыл сөздерінің спонтандық варианты. Бұларды мағыналық жүк,
стильдік реңк алған айнал – айлан, деме – меде параллельдерімен бір деңгейде қарауға
болмайды. Дыбыстардың транспозициялану бағытына сүйене отырып, жоғарыда айтылған
жарыспалы сөздердің жазу-сызуда еленетін нұсқасын былайша көрсетуге болады: өрепкі
(өрекпі емес ), жыпқыл (жықпыл емес ), шыпқырт (шықпырт емес ), әпке (әкпе емес ).
22Жұлдызшамен берілген мысалдар мына кітаптан алынды: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
Алматы, 1974-1986. 1-10б.
Іргелес келген жағдайда жасалу орны ілгері дыбыстар жасалу орны кейінгі дыбыстардан
соң айтылуға тырысуы біздің жорамалдауымызша тек [к] мен [п] ғана емес, өзге де
дыбыстарға қатысты тәрізді. Мысалы: құптан – құтпан, бопса – боспа, күбжеңде –
күжбеңде, шыбжалақта – шыжбалақта т.б. Мұндағы [п] дыбысы [т]-ға, [б] дыбысының
[ж]-ға қарағанда жасалу орны ілгері. Дыбыстардың осындай транспозициялану бағытына
сүйене отырып, бұлардың жазылуда ескерілетін варианты құптан, бопса, күбжеңде,
шыбжалақта деуге болады.
§17. Геминацияланған дауыссыздармен келетін түбір сөздердің саны тілімізде
біршама шектеулі. Оларға мына тәрізді сөздер жатады: мүдде, күллі, махаббат, әккі,
ләззат, жаппа, ыссы, әдді, гәкку, ләббай (ләппай), жаннат (жер жаннаты), лоққы,
жаббар (жаппар), әттең, ыссы, мұттайым, қисса, әлқисса, оппа, құттықтау, құдды,
әккі, тәкаппар т.б. Гемината дауыссыздардың тіліміздегі бір алуан сөздердің құрамынан
орын тебуі сөзбен екінші сөзді ажырату қызметінде жұмсалатындығына байланысты.
Мысалы: оппа (оппа қар) – опа (опа бермеу), жаннат (жер жаннаты) – жанат (жанат
ішік), жаппа (баспана мағынасында) – жапа (жапа шегу), қисса (қисса дастан) – қиса
(етістік) т.б.
Кейбір дауыссыздардың геминациямен айтылуынан «қашұаұтауға» байланысты
молла, әмме, кәззап, алла тәрізді сөздер молда, әмбе, кезеп, алда түрінде игерілгенлігі
байқалады. Сондай-ақ [ашшы] ащы – ашты, ыссы – ыстық параллельдерінің әуелде
жасыра жұмсалуы да осы ерекшелікке байланысты деуге болады.
Бірсыпыра сөздердің геминаталар арқылы қолданылуы дыбыстардың созылыңқы
айтылуында болатын экспрессиялық мүмкіндікті пайдалануға қатысты. Мысалы,
махаббат, ләззат, мәссаған (модаль сөз), жаннат (жер жаннаты), құдды, әуппай (одағай)
т.б. сөздер дауыссыздардың эмфатикалық созылыңқылығына байланысты экспрессияға ие
болып тұратындаған аңғарамыз. Бұларды «жалған» геминаталар деп атауға да болады.
Қазақ орфографиясында шш геминатасының арнайы щ әрпімен таңбаланатын орындары
бар. Бірақ бұлардың саны тек ащы, тұщы, кеще, ищ-ай (одағай) тәрізді үш-төрт сөзбен
шектеледі.
Кейбір сөздердің геминаталарға қатысты әліптемесі жазу тәжірибесінде әр түрлі
беріліп жүр: жаппар – жаббар, тәкаппар – тәкаббар, ләббай – ләппай, тұттығу –
тұтығу, тұттықпа – тұттықпа, құттықтау – құтықтау; молла – молда; алла – алда
т.б.
Тіпті Орфографиялық сөздікте (1978ж.) ләббай – ләппай, жаппар –
жаббарварианттарының жаббар, ләббай нұсқасы берілген. Бірақ дәл осы тәрізді тәкаппар
нұсқасы негізге алынған. Осы сөздердің орфографиялық сөздікте бұлай берілуі негізсіз
емес. Бір жағынан, ұяң вариант түріндегі ләппай, жаббар сөздері, олардың қатаң түрінде
қарағанда, тұрақты қолданылатын орны, әрі жиірек жұмсалатын жері көне, кітаби
контекст деуге болады. Екінші жағынан, олар пассив лексикаға жататын көне реңкке ие
сөздер. Ал тәкаппар – реңкі жағынан бейтарап актив лексикаға жатады. Тәкаппар –
тәкаббар варианттарының реңктерін бейтараптық, экспрессияға, көнелік т.б. тұрғыдан
қарағанда, біріне-бірі қарама-қарсы сипатта деуге болмайды. Ал молла – молда, біссіміллә
– біссмілда варианттары бұл жағынан қарама-қарсы сипатта: молда – бейтарап реңкте,
молла – кітаби, көне реңкте, керісінше, алла, біссімілла, кітаби реңкте, ал біссімілда, алда
– сөйлеу тіліне тән реңкте.
[т] дауыссызының бірде геминацияланып, бірде жалаң айтылуына байланысты
сөздердің жазылуы да әр түрлі. Мысалы: құттықтау (орфографиялық сөздікте) –
құтықтау (орфографиялық сөздікте берілмеген), тұтығу (орфографиялық сөздікте) –
тұттығу (орфографиялық сөздікте берілмеген). Мұндағы құттықтау – құтықтау
вариантын кейде саралап қолдану фактісін кездестіруге болады: құттықтау
«приветствие» (приветственная речь – құттықтау сөзі), құтықтау «поздравление». Ал
тұттығу – тұтығу, тұттықпа – тұтықпа варианттарының геминациямен айтылатын
нұсқасын (экспрессиялық өң, көне реңк т.б. мақсатта жұмсауды қажетсінбеуге
байланысты) сөз қолданыстан бірте-бірте ығыса бастаған деуге болады. Сондықтан
орфографиялық сөздікте бұл сөз жалаң т нұсқасында берілген.
Геминация құбылысына байлнысты екі түрлі вариантта жазылып жүрген сөздердің
бірі – жедді – жеді (жеддінің айы, жеддінің жұлдызында; жедінің айы, жедінің
жұлдызында), мүкаммал – мүкамал. Сөйлеу тілінде жеді, мүкамал түрі ұшырағанмен,
жедді, мүкаммал нұсқасының тұрақты орын тепкен жері – кітаби, көне контекст.
Орфографиялық сөздікте бұл варианттың геминацияланған түрінің (жедді, мүкаммал)
берілуі сондықтан.
Сонымен, кебір сөздердің құрамында геминацияланған дауыссыздардың болуы
мынандай құбылысқа саяды деуге болады: а) геминацияланған дауыссыздар бір сөзден
екінші бір сөзді ажыратып тұрады. Олардағы дауыссызды геминациясыз жалаң түрде
айтуға болмайды. Ондай жағдайда сөздің тұрқы бұзылады, мысалы: әккі, күллі,
мүттайым т.б.сөздердегі дауыссыздарды геминациясыз айту мүмкін емес; ә) кей
жағдайда сөз құрамындағы дауыссызды геминацияланған түрде де (мүдде, ләззат, т.б.),
жалаң түрде де (мүде, ләзат т.б.) айтуа болады. Бірақ сөздің геминациялы вариантының
экспрессиялық реңкі басым болады; б) гемината дыбыстар сөзге көнелік реңк үстейді
(жедді, жаббар, ләббай т.б.). Экспрессиялық, көнелік реңктері актуализацияланған
мұндай варианттар нормалаушы сөздіктер арқылы кодификацияланып отырады. Алайда
зәрредей, біссімілда, алда (алла деген мағынада), жеді (ескіше айдың аты), жаппар,
ләппай тәрізді варианттардың нормалаушы сөздікке алынбауы олардағы экспрессиялық
(зәрредей), көнелік-кітаби (молла), сөйлеу тілі (жеді, алда, әмме, жаппар, ләппай т.б.)
тәрізді реңктерінің актуализацияланбауына байланысты децге болады. Ал жөппелдемеде,
іззет тәрізді геминацияланған варианттарды экспрессия тұрғысынан қажетсіну
жөпелдемеде,ізет нұсқауларына қарағанда басым деуге болмайды. Сондықтан
орфографиялық сөздікте оларды ізет, жөпелдемеде түрінде беру тиімді.
§18. Қазақ орфографиясындағы кейбір қиындық сөз аясында кездесетін синкопа,
эпитеза, апокопа тәрізді дыбыс құбылыстарымен байланысты. Әсіресе аяқ шені кейбір
дауыссыздар тіркесіне біткен ауыс-түйіс сөздердің фонетикалық игерілуі көп вариантты
болып келеді. Мысалы, бақт, тақт, дост, дәст т.б. парсы, араб сөздері қазақ тілінің
фонетикалық заңдылығына орай үш түрлі жолмен игерілгендігін байқауға болады.
1. Сөз аяғында іргелес келген екі дауыссыздың аралығына қысаң дауыстыны селбестіріп
айту: уақт – уақыт, бақт – бақыт, тәрк – тәрік, тақт – тақыт.
2. Сөз аяғында іргелес келген екі дауыссыздың соңғысын түсіріп айту: уақт – уақ, бақт –
бақ, дост – дос, тақт – тақ, дәст – дәс (дәс орамал).
3. Сөз аяғында іргелес келген дауыссыздың соңына қысаң дауыстыны қосып айту: уақт –
уақты, бақ – бақты, дост – досты, дәст – дәсті.
Үшінші тәсілмен игерілген тақты, бақты, досты, дәсті деген атау тұлғалы сөздер
көбіне байырғы мұралар тілінде жиі кездеседі.
Орыс тілінен енген қоғамдық-саяси және ғылыми-техникалық терминдердің және
кейбір атаулардың қосымшалармен түрленуінде осы үш түрлі тәсілдің «Қазақ
орфографиясының ережесі» бойынша (1957 жыл) екінші (синкопа) мен үшіншісі (эпитеза)
жиі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |