Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл


синкопа                                                                           эпитеза



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата22.12.2016
өлшемі481,92 Kb.
#60
1   2   3   4   5   6   7   8

синкопа                                                                           эпитеза

машинист – машиниске, машинистер               абстракт - абстрактіге

ориенталист – ориенталиске, ориенталистер   такт - тактіге

асбест – асбеске, асбестер   киоск – киоскіге 

съезд – съезге, съездер                                          фонд – фондыға

поезд – поезға, поездар                                        стенд – стендіге

шрифт – шрифтіге

митинг – митингіге

Бұл   типтес   сөздердің   кейбірі   бірде   синкопа   түрінде   жазылса,   бірде   эпитеза   түрінде

жазылып   жүр:  космонавт   –   космонавтыға   –   космонавқа,   аэронавт   –   аэронавтыға,



аэронавқа, аргонавт – аргонавтыға – аргонавқа т.б. Қазіргі жазу тәжірибемізде –вт, -зд,

-ст  дауыссыдар   типіндегі   атауларды   қосымша   жалғанғанда   (пост   –   постыға,   тест   –

тестіге тәрізді бір буынды бірер сөзді еске алмағанда) синкопалық вариант түрінде жазу

дағдыға айнала бастады.

Сөз аяғындағы дыбыстық құбылыстың бірі – апокопа. Сөз аяғындағы дауыстыны

түсіріп   немесе   түсірмей   қолдануға   байланысты   әр   түрлі   жазылып   жүрген   сөздер   бар.

Солардың біршама толық тізімі мына тәрізді:

алхоры – алхор            зәндемі – зәндем                      

сағана – саған  

әзірейлі – әзірейіл       зәуі сайтан – зәусайтан          

сигарета – сигарет 

бекзат – бекзада           кешене – кешен                      

таразы – тараз

бордақы - бордақ         қажы – қаж (діни)                   

тәңірі – тәңір  

бағана – баған             конотора – контор                    

түгілі – түгіл

бидайы – бидай          көке мылжың – көк                  

уағза - уағыз

(жастықтың               мылжың      шабдалы - шабдал

бидайысы)                                       

шілтері – шілтер 

дабыра – дабыр           қайны – қайын                            

шаштаразы - шаштараз

дағара – дағар    қақа басы – қақ басы                 

ерсілі қарсылы –         қары – қар (қолдың қарысы, қары)

ерсіл-қарсыл                қаса сұлу – қас сұлу

ертегі – ертек               қодыға – қодық

зейне – зейін                құры – құр (құры босқа, құр босқа)

замана – заман             нәсібе – нәсіб

нысана – нысан

нышана – нышан 

Осы параллельдерді, сырттай көз салғанның өзінде, бір ғана дыбыстық құбылыстың

шеңберінде қарауға болмайды. Бұл параллельдердің пайда болуы кем дегенде төрт түлкі

құбылысқа саятын тәрізді. 

1.Тәңірі, ертегі, бидайы  (жастықтың бидайысы),  алхоры, шабдалы, шілтері  тәрізді

сөздердің  тәңір,   тәйір   (<тәйірі<   тәңірі),   ертек,бидай(жастықтың   бидайы)  алхор,

шабдал,   шілтер  түріндегі   вокалсыз   вариантының   пайда   болу   себебі   ашық   буынның

шектен тысшоғырлануынан «қашу»  тенденциясына байланысты болуы мүмкін. Әсіресе

тәуелдік   жалғау   қосылғанда,   мысалы,  тәңірісі,   шабдалысы,   алхорысы  сөздегі   ашық

буынның   саны   көбейіп,   сөйлеуші   үшін   біршама   физиологиялық   қолайсыздық   туғызуы

ықтимал. 

2.Бұл параллельдердің ішінде  бағана – баған, көке мылжың – көк мылжың  тәрізді

түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздер бар. Көкемарал (немесе маралоты) сөзіндегі көке де

монғол элементі. Мұндағы  көке, бағана  монғол тілінен ауысқан. Олай дейтін себебіміз

олар   дыбыстық   жамылғысы   жағынан   монғол   сөзі   пішіндес.   Түркі-монғол

параллельдерінде дауыстымен келетін сөздер монғол тіліне, ал дауыстысы жоқтары түркі

тілдеріне тән. Салыстырыңыз: 

ерік – erke «күш, үстемдік»  өң – öηgge «өң-түс»

берік – ßerke ßß«мықты»боз – ßoru 

бар (бар нәрсе) – ßaraγa  жүрек – jireke 

мең– meηgge    көк – köke 

аяқ – ajaγa «ыдыс»

ер – ere «ер жігіт»


3.Жоғарыда   айтылған   жарыспалы   бұл   сыңарлардың   ішінде   өзге   тілден   екі   түрлі

тұлғада   енген   сөздер   бар.   Мысалы:  заман   –   замана  (азмэне  парсы   тілінің   көптік

тұлғасындағы сөз), нысан – нысана, нәсіп – нәсібе, бекзат – бекзада парсы тілінен жарыса

енген параллельдер. 

Жоғарыда   көрсетілген   параллельдердің   кейбірі   қазіргі   әдеби   тілде

кодификацияланып,   семантикалық   дербестікке   (ертегі  «сказка»,  ертек  «сказание»,



шаштараз  «парикмахерская»,  шаштаразы  «парикмахер»,  дабыр  «у-шу»,  дабыра

«даурықпа сөз» т.б.), стильдік реңкке ие бола бастағандары   да бар (уағза  көне:  уағыз

бейтарап;  замана  поэтикалық,  заман  бейтарап т.б.). Ал  қодық – қодыға, зейін – зейне,

шілтер   –   шілтері  тәрізді   параллельдердің   дауыстымен   айтылатын   сыңарларына

орфографиялық сөздіктердің басылымдарында регламент қойыла бастады. 

4.Орыс   тілінен   енген   кейбір   сөздердің   екі   түрлі   қолданылуы   да   апокопа

құбылысымен  байланысты.  Мысалы:  контор  – контора,  сигарет –  сигарета,  гитар  -



гитара, папах – папаха, фанер – фанера, наград – награда, идиом – идиома  т.б. Осы

типтес   жарыспалы   сөздердің   жазылуын   бір   ізге   салу   үшін   алдымен   бұл   құбылыстың

себебіне назар аудару қажет тәрізді. 

Орыс   тілінен   енген   кейбір   сөздердің   соңғы   дауыстысын   қазақ   тілінде   сөйлеуші

түсіріп айтуы ықтимал. Мысалы:  координата – координат, диет – диета, арматура –

арматур, анкета – анкет, идиома – идиом, карьера – карьер  т.б. Ал кейбір сөздердегі

соңғы   дауыстыны   түсіріп   айту  мүмкін   емес:  кафедра,   плита,   шкала,   тайга,   техника,



галифе  т.б.   Бұл   сөздердегі   соңғы   дауыстының   қазақ   сөзінде   (в   речи)   апокопаға

ұшырамауының   өзіндік     себебі   бар.   Орыс   тілінің   дыбыс   заңдылығы   бойынша   екпін

түсетін дауыстыдан кейінгі дауысты (заударный гласный) басқаларға қарағанда сапалық

редукцияға   көбірек   ұшырайды.   Міне,   сондықтан   қазақ   тіліне   ертеректе   ауызша   канал

арқылы енген  минута, секунда, газета, цифра, контора сөздері минут, секунд, газет,

цифр,   контор  түрінде   қалыптасты.   Ал   жазба   тіл   каналы   арқылы   игерілген   ғылыми-

техникалық, қоғамдық-саяси терминдерді, номенклатуралық атауларды  (екпіннен соңғы

дауыстының   редукциялануына   қарамастан)   вокалды   вариант   түрінде   қолдану   тіл

тәжірибесінде   дағдыға   айнала   бастады.   Мысалы:  амплитуда,   планета,   директива,



фонема, фраза, акула т.б.

§19.   Тіл   –   жүйелі   құбылыс.   Әдеби   тілдің   нормасы,   оның   ішінде   жазу   нормасы,

алдымен   тілдік   жүйеге   негізделеді.   Алайда   жүйе   бар   жердің   бәрі   бірдей   әдеби   тілдің

нормасы бола бере ме? Кейбір жағдайларда тілдік жүйенің өзі екі немесе үш түрлі болып

жарыса қолданылуы ықтимал. Олардың қайсысы әдеби тіл нормасына лайық деп танылуы

керек?


Мәселен,   кейбір   түбір   мен   қосымшаның   жігінде  л/д  дыбыстарының   алмасу

құбылысы л және д варинат түріндегі екі түрлі жүйеге саяды.  



7-қосымша

«а» тобы


«ә» тобы

«д» вариант

«л» вариант

«л» вариант

«д» вариант

ақтаңдақ 

айда: нәсіп айдаса

аңда


аңды

дуадақ


көңді 

маңдай


меңді

мұңдас


мұңды

оңды


өңді

ақтаңлақ 

айла: нәсіп айласа

аңла


аңлы

дуалақ


көңлі 

маңлай


меңлі

мұңлас


мұңлы

оңлы


өңлі

ақшалай 


барлы-жоқты

бірлі –жарым

екіншілей

ескілей


жылылай

жаңалай


кәрлен

қаралай


ақшадай 

барды-жоқты

бірді –жарым

екіншідей

ескідей

жылыдай


жаңадай

кәрден


қарадай

паңдық

сандық


сіңді

таңдай


таңда

теңдік


теңде

теңдеу


түңдік

тыңда


шыңда

шаңды


паңлық

санлық


сіңлі

таңлай


таңла

теңлік


теңле

теңлеу


түңлік

тыңла


шыңла

шаңлы


немқұрайлы

өлілей


пісілей 

тірілей


ұшты-күйлі

шикілей


ыссылай

немқұрайды

өлідей

пісідей 


тірідей

ұшты-күйді

шикідей

ыссыдай


Жалпы халықтық тілдегі осы  екі түрлі жүйенің қайсысы  әдеби тілдің нормасына

лайық? Басқаша айтқанда, қай жүйе тіл дамуының объективті заңдылығын бейнелейді? Л

және  д  вариант   түріндегі   екі   түрлі   жүйенің   әдеби   нормаға   лайықтысын   талғап   алуда

қандай негізге сүйенеміз?  Олардың  қайсысы  әдеби тіл нормасына лайық  деп танылуы

керек?   Нормалаушы   сөздіктерде   (ондай   сөздіктің   бірі   –   қазақ   тілінің   орфографиялық

сөздіктері) негізінен  «а» тобындағы  сөздердің «д» варинаты  берілген (саңлақ – саңдақ

тәрізді бірер сөзді еске алмағанда). Қазақ диалектологтерінің зерттеулерінде

23

 осы топтағы



«л» вариант (маңлай, таңлай т.б.) әдеби тілге, өзге диалектілерге қарама-қарсы қойылып,

оңтүстік-шығыс   диалектісіне   тән   деп   көрсетілген.   Әрине,   бұл   жүйені   тек   диалектизм

болғандықтан,   әдеби   тілдің   нормасына   жатпайды   деуге   болмайды.   Егер   тілдің   даму

тенденциясына лайық болса, кез келген жүйе, диалектизм екендігіне қарамастан, әдеби тіл

нормасына айналуы ықтимал. 

Ал «ә» тобындағы сөздер – «а» тобындағы сөздерге кереғар. 

Нормалаушы   сөздіктерде   «д»   вариантқа   қарағанда,   «л»   вариант   сөздерінің   саны

басымдау  (жылылай,   ақшалай,   екіншілей  т.б.).   «Ә»   тобындағы   «д»   вариант   сөздердің

(ақшадай,   барды-жоқты,   бірді-жарым  т.б.)   таралу   шегі   «а»   тобындағы   «л»   вариант

(маңлай, таңлай, түңлік т.б.) сөздердей айқындылы қоймаған. Бұл топтағы  л/д  алмасуы,

бәлкім, жалпы халықтық тілдегі құбылыс болуы мүмкін. 

«Ә» тобындағы сөздер орфографиялық сөздікте (1978) әркелкі берілген. Сөздіктен

«д» вариантты да, «л» вариантты да ұшыратамыз:  жылылай, шикілей, тірілей, қарадай,

кәрден (кәрлен емес), тірідей т.б.

Тілдің ішкі даму тенденциясына қай жүйенің («л» немесе «д» варианттың) сәйкес

келетіндігін анықтап, нормалаушы сөздіктерде тиянақтай түсу үшін мынадай заңдылыққа

назар аудару қажет. Лингвистика тарихында младограмматиктердің тіл дамуында аналогия

заңының айрықша мәнін ашқандығы мәлім. Бұл заңдылық бойынша тілдегі аса өнімді

модель   өнімсізге   ықпал   етіп,   бірдейлестіріп   отырады.   Тіл-тілде   кейбір   құбылыстар

аналогия заңдылығы арқылы айқындалатындығы да белгілі. 

Қазақ   тілінде   сөздердің   көптік   қосымшамен   түрленуі   –   аса   өнімді   әрі   көне

модельдердің бірі.

«Қолданылу аясы, дистрибуциялық ерекшелігі мен білдіретін мағыналарының сипаты



–лар аффиксінің морфологиялық элемент ретінде дамудың ұзақ жолынан өткендігін және

негіз  тілдің  өзінде  болғандағының ешбір  даусыз  екендігін  көрсетеді  деп,  үзілді-кесілді

айтуға болады

24

».



Әрі  өнімді,  әрі  көне  модель  көптік  қосымшасы   варианттарының  жалғану жүйесіне

назар аударып көрейік. Бұл қосымша дауыстылар мен р, й, у дыбыстарынан соң -лар, -лер

23Досқараев Ж. Кейбір фонетикалық құбылыстар жайында // Қазақ тілі тарихы мен 

диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1963. 5-шығуы. 141-144-б.; Омарбеков С. Халықтық 

тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы, 1978. 103-134-б.


(балалар, қарлар, сайлар, баулар),  үнділерден соң  -дар, -дер (күндер, шамдар, жолдар,

тұздар т.б.), қатаңдардан соң -тар,-тер (аттар, кітаптар т.б.) түрінде жалғанатындығы

белгілі.   Әрі   сөз   тудырушы,   әрі   форма   тудырушы  -лық,   -лік  қосымшасының  -ла,   -ле

аффиксінің жалғану жүйесі осы тәрізді. Бұлар да аса өнімді, абстракциялау қасиеті жоғары

қосымша.   Бұндай   өнімді   қосымшалардың   «л»   вариант   және   «д»   вариант   түрінде

саралануы, қатаң жүйеге түсуі бірден пайда бола қойған жоқ. Бұл – тілдің ұзақ уақыт

барысында   пайда   болған   ең   бір   ықпалды   жүйе.   Алдымен   көптік   категориясы

көрсеткішінде,   өнімді   қосымшаларда   (-лық,   -лік)   саралана   түскен   осы   модель   жалғану

өрісі   шектеулі   аффикстерге   де   аналогия   заңы   бойыншы   ықпалын   тигізе   бастаған.

Ассимиляцияның   бұл   түрі   қосымшалардың   жалғану   жүйесіндегі   негізгі   бағытты

байқатады. Осы бағыт арқылы л/д дыбыс алмасуына байланысты екі түрлі жүйенің әдеби

тіл   нормасына   лайықтысын   сөздіктер   арқылы   тиянақтай   түсуге   болады.   Олай   болса,

жоғарыда   аталған   «а»,   «ә»   тобындағы   сөздерге   аффикстердің   дауыссыздардан   соң   «д»

вариант, дауыстылардан және  р-дан соң «л» вариант түрінде жалғануына артықшылық

беру қажет. Мысалы, а) аңды (аңлы емес), меңді (меңлі емес), оңды (оңлы емес), түндік



(түңлік емес), саңдақ (саңлақ емес) т.б. ә) ақшалай (ақшадай емес), бірлі-жарым (бірді-

жарым емес), жылылай (жылыдай емес), тірілей (тірідей емес), ұшты-күйлі (ұшты-

күйді емес), кәрлен (кәрден емес), немқұрайлы (немқұрайды емес) т.б.

Осы арада кейбір сөздің де жазылуын да айқындап алу қажет. Баспасөз беттерінде



түңдік, түндік  делініп  әркелкі жазылып жүр. Орфографиялық сөздікте  түндік  делініп

берілген.   Бұл   сөзді   дыбысталуы   жағынан   ұқсас  түн  сөзіне   теліп,  түндік  түрінде

берілуінің   дұрыс   еместігі   байқалады.   Өйткені   жоғарыда   келтірілген   мысалдарға,   «а»

тобындағы сөздерге назар аударсақ,  л/д  алмасуы тек мұрын жолды  ң  дыбысынан кейін

болатын құбылыс (маңдай-маңлай, саңдақ-саңлақ  т.б.). Ал  н  сонантынан соң  л/д  дыбыс

алмасуына тілдік факт жоққа тән. Басқаша айтқанда н-нен кейін л/д дыбысының алмасуы

системада жоқ.  Л/д  дыбыстары  ң  сонантымен іргелес  келгенде алмасатын (оңды-оңлы,

теңдеу-теңлеу  т.б.) ерекшелігін ескерсек,  түңдік (түндік  емес) түрінде жазылуы тілдік

жүйеге сәйкес келеді. 

Кейбір түбір сөздердің жазылуы  (айтылуы  да), сырт қарағанда, жоғарыда айтылған

жүйеге қайшы келеді. Мысалы,  сіңлі, қаңлы  (ру аты) сөздері  л/д  дыбыстарының алмасу

ерекшелігі бойынша сіңді, қаңды түрінде қолданылуға тиіс тәрізді. Бірақ осы сөздердегі ң

мен л-дың аралығында селбеспе қысаң дауысты бар: сіңілі, қаңылы. Екі сонанттың (ң мен



л дыбысының) аралығы қысаң дауыстылардың абсорбцияға ұшырауына өте қолайлы.

Сонымен,   жоғарыда   айтылғандардың   тілдік   система   тілдік   нормаға   арқау

болатындығын байқадық. Бірақ тілдік система мен тілдік норманың арасын тепе-теңдік

белгісін   қоюға   болмайды.   Өйткені   система   мен   тілдік   норма   бір-бірімен   қаншалықты

тығыз байланысты болғанымен, өз алдына дербес құбылыстар. 

БІРІККЕН СӨЗДЕР МЕН ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ

Қазақ орфографиясында шешімін таппай келе жатқан қиындықтардың бірі – құрама

сөздердің бірге я болмаса бөлек жазылуы. Орфографиядағы өзге қиындық бір басқа да,

құрама   сөздердің   жазылуына   байланысты   қиындық   бір   басқа   деуге   болады.   Мысалы,



бозторғай, қараторғай, қарабидай, желбау, уықбау, ауылшаруашылық т.б. толып жатқан

сөздер   әр   түрлі   басылымдарда   әркелкі   жазылып   жүргендігі   жиі   байқалады.   Тіпті

лингвистикалық сөздіктердің (орфографиялық, түсіндірме сөздік, орысша-қазақша сөздік,

терминологиялық сөздіктер т.б.) өзінде кейбір сөздер бірге жазылса, сол сөздердің кейбірі

бөлек жазылған. Мұндай фактіні, жасыратыны жоқ, жиі кездестіруге болады. Орфография

мәселесін   сөз   еткен   мақалаларда,   рецензияларда   көбіне   сөздердің   бірге   не   бөлек

жазылуына байланысты ала-құлалықтар сынға алынып жүруі де орынсыз емес. Бір ғана

24Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков. Л., 1997. С. 83.



мағынаны   білдіретін,   бір   ғана   заттың   атауы   болып   саналатын   екі   сөз   неге   бөлек

жазылады? Екі сөз бірігіп барып бір ғана мағынаны, бір ғана ұғымды білдіретін болса,

ондай сөздер бірге жазылмай ма? Мысалы,  тасбақа, құрбақа, көлбақа  т.б. сөздердің бір

заттың атауы екендігі де, бір ғана мағына білдіретіндігі де рас. Сондай-ақ сүйір тұмсық



көл бақа, қызыл аяқ бақа, бақылдауық бақа дегендер де бір ғана заттың (бақаның белгілі

бір түрінің) атауы бір ғана мағынаны білдіреді. Осы типтес құрама сөздер бірге жазыла ма,

әлде бөлек жазыла ма? Мысалы, ит қонақ (тимофеевка), ат қонақ (бор, могар), сорқаңбақ

(поташник),  май  қаңбақ  (верблюдка)   т.б.   сөздер   бір   ғана   мағынаны   білдіреді,   бір  ғана

заттың (өсімдіктің) атауы болып жұмсалады. Алайда  қара өрік  – слива,  тікендіошаған –

репейничек, құм тары – росичка, түйме шетен – пижма, сары тұңғиық – кубышка, қара



ырғай – кизильник, бал шытыр – медуница, бөрі бұршақ – люпин, атбасбұршақ – бобы,

сиыр бұршақ  – лобия,  майлы бұршақ,  кептер бұршақ  т.б. дегендер де бір ғана заттың

атауы,   бір   ғана   мағынаны   білдіреді.   Осы   типтес   құрама   сөздердің   сыңарлары   бірге

таңбалана ма, әлде бір-бірінен бөлек таңбалана ма?

Мұндай сұрауға үзілді-кесілді жауап беру қиын. Дегенмен құрама сөздердің жазылуын

сөз   етпес   бұрын,   алдымен   олардың   өздеріне   тән   белгілері   мен   ерекшеліктеріне   назар

аудару   қажет   тәрізді.   Құрама   сөздер   –   жалпы   тіл   білімінің   же,   жеке   тіл   білімінің   де

(ағылшан, орыс) аса бір қиын саласы. 

Өйткені құрама сөздердің жалаң сөздерден, еркін сөз тіркесінен, фразеологиялық сөз

тіркестен жігін, шекарасын айыру жағдайда оңай бола бермейді. 

§ 20. Қазақ сөзі өзінің құрамы жағынан мынадай топтарға бөлінетіндігі белгілі.

I.

Жалаң сөздер:  ағаш, үй, бала, шаруышылық, мұхит, ай, жыл, сана, дәуір, мектеп, кітап,

қағаз т.б.

II.

Құрама сөздер немесе күрделі құрама сөздер (проф. К. Аханов) төрт топқа 

бөлінеді.

1. Күрделі сөздер. А) күрделі зат есім: ауыл шаруашылығы, ауыз әдебиеті, аса таяқ, соқпақ

жол, ата мекен, қалбағай омыртқа, кіндік шеше т.б.; ә) күрделі сын есім: ақ боз (ат), ал

қызыл  (орамал),  қызғылт қоңыр  (тас),  ақ шаңқан боз, ақ сары  (адам),  сары шұбар,  қара

ала, күйік сары, құрым  сары, көк ала, ақ сұр  т.б.; б) күрделі етістіктер:  келе  жатыр,

кешігіп қала жаздады, қайнап кетті, бұрқ ете қалды, жалп ете түсті  т.б.; в) күрделі

үстеулер:  түс әлетінде, түс ортасында, түс кезі  т.б.; г) күрделі сан есімдер:  он тоғыз,



қырық бір, бір бүтін оннан екі, жиырма бес, төрттен екі, үштен бір, бір мың тоғыз

жүз, сексен алты т.б.

2. Қос   сөздер:бала-шаға,   қоян-қолтық,   үйме-үй,   тау-тау,   жекпе-жек,   бақ-дәулет,   бес-



алты, он-он бес, бірлі-жарым.

3. Бірікккен   сөздер:  өнеркәсіп,   балабақша,   кәсіподақ  (кәсіпшелер   одағы),  жаужұмыр

(өсімдік),  қолғап,   қосаяқ  (тышқан),   кезқұйрық  (құс),  итарқа  (шатырдың   түрі),  алөкпе

(ауру), өнертабыс, шамшырақ, ешкім, ешқандай, әлдекім, әлдебіреу т.б.

4. Қысқарған сөздер: ауатком, әскерком, агроөнеркәсіп, автодүкен, т.б.

Міне,   осындай   қысқаша   мысалдың   өзінен-ақ   құрама   сөз   құрылымының   әлдеқайда

күрделі және жазылуының әр түрлі екендігін (бөлек, бірге, сызықша арқылы) байқауға

болады. Дегенмен құрама сөздердің бәріне ортақ басты-басты белгілер бар. Құрама сөздің

қай-қайсысы  болсын,  мейлі ол кұрделі  зат есім  (ауыл шаруашылық, кіндік шеше, ата

мекен  т.б.),  күрделі  сан  есім  (қызыл  қоңыр,  қара  барқын, ақ  сары,  құрым  қызыл  т.б.),

кұрделі сан есім (қырық бір, он тоғыз, төрттен бірі) болсын, қос сөз болсын (тау-тау,



үлкен-кіші,   үйлі-баранды,   ыдыс-аяқ,   қып-қызыл  т.б.),   біріккен   сөз   болсын   (өнеркәсіп,

қолбасшы,   арасалмақ,   бұзаубас  т.б.),   қысқарған   сөз   болсын,   олар   белгілі   бір   заттың

(өлшемнің, түр-түстің, іс-әркеттің) атауы (номинациялық қызметі) болып, бір мағынаны

білдіріп   (семантикалық   қызметі),   сөйлемнің   бір   ғана   мүшесі   ретінде   (синтаксистік

қызметі) қызмет атқарады. Қазақ орфографиясының тәжірибесіне сүйенсек,  құрама сөздің

бір   ғана   заттың   атауы   болуы,   бір   ғана   мағынаны   білдіруі,   сөйлемнің   бір   ғана   мүшесі

ретінде   жұмсалуы   олардың   бірге   не   бөлек   жазылуына   таяныш   бола   бермейді.   «Егер



құрама сөз бір ғана заттың атауы болып жұмсалса, бір ғана мағынаны білдірсе, бір ғана

синтаксистік қызмет атқарса, оларды  неге бірге жазуға  болмайды?» деген заңды  сұрау

туады (мысалы,  жиырма сегіз бір  ғана өлшемнің,  қызыл қоңыр  бір ғана түстің,  қалып

калды бір ғана қимылдың атауын білдіреді). 

Бұл  аталған  үш  белгіге (триадаға)   сүйенсек,  қас   пен  көздің  арасында;  көзді  ашып



жұмғанша деген фразеологизмдерді де біріктіріп жазған болар едік. Өйткені бұл тіркестер

де   «тез,   тым   шапшаң»   деген   бір   ғана   мағынаны   (ұғымды)   білдіріп,   бір   ғана   қимыл

амалының атауы  болып тұр.  Бірақ жазу тәжірибеміз  мұндай  сөздерді біріктіріп жазуға

ырық бермейді. Себебі осы аталған фразеологизмнің сыңарлары тілдік бірлік (единица)

ретінде өз дербестігінен айырылған жоқ. Күрделі сан есім, күрделі сын есім, күрделі зат

есім   сыңарларының   бөлек-бөлек   таңбалануының   қазақ   орфографиясында   дәстүрге

айналуы олардың тілдік бірлік ретінде өз дербестігін сактауына байланысты деуге болады.

Сонымен   құрама   сөздердің   бәріне   ортақ   үш   белгіден   басқа   жеке-жеке   белгілер   де

болуы тиіс. Сол жеке белгілер құрама сөз титерін (күрделі сөздер, қос сөздер, біріккен

сөздер, қысқарған сөздер) бір-бірінен өзгешелеп тұрады. Мысалы, құрама сөздің бір типі –

күрделі сан есім, күрделі сын есім, күрделі зат есімдердің әр сыңары тілдік бірлік ретінде

біршама   өз   дербестігін   сақтауы   –   осы   аталған   сөздер   тобына   тән   жеке   белгілердің

( частные признаки) бірі. Осыған орай олардың әр сыңары бөлек-бөлек тұлғаланады. 

§   21.   Құрама   сөздердің   екінші   бір   типінің   сипаты   бұлардан   (күрделі   сөздерден)

басқаша.   Бұл   топқа   белгілі   сыңарларының   мағынасы   кқмескіленуі,   контаминацияға

ұшырауы арқылы дербестігінен айрылған құрама сөздер жатады. Құрама сөздердің бұл

типі   біріккен   сөздер   деп   аталады.   Мысалы,  жаужұмыр,   сайгүлік,   ендігәрі,   қолғап,

жаушымылдық  (пион),  ашудас,   белбеу,   күздігүні,   қозмалдақ,   жаздыгүні,   әумесер,

қыстыгүні т.б.

Бұл типтегі құрама сөздердің бірге жазылуына олардың дыбыстық контаминацияға

ұшырауы   тәрізді   жеке   белгілері   сүйеу  болады.   Бірақ   бұл   белгі   өте   шектеулі,   санаулы

сөздерді ғана қамтиды. 

§   22.   Құрама   сөз   сыңарларының   өз   дербестігінен   біршама   айырылуының   тағы   бір

жолы   бар.   Құрама   сөз   сыңарларының   мағыналық   контаминацияға   ұшырауының

нәтижесінде,   үшінші   біртұтас   мағына   пайда   болады   да,   біріккен   сөзге   айналады.   Бұл

аталған жеке белгі де құрама сөзді біріккен  сөз деп тануға  мүмкіндік береді де, тұтас

тұлғалауға   таяныш   болады.   Мысалы:  тоқтыбалақ  (құс),  тауқұдірет  (құс),

өнеркәсіп,ақжаулық  (этн.),  қызойнақ,  атжалман,   бірқазан  (құс),  сушықара  (құс),

тазқара,   тастүлек,  қолбала,   қалыңмал,   беташар,   есепшот,   кәсіпорын,   көрсары,

маубасбұқа (құс), несібелдібайқасқа (құс), сукөз (бүркіттің тұқымы) т.б. Осындай тәсілмен

біріккен сөз әсіресе өсімдік атауларында жиі кездеседі: қазтабан (өс.), желімбасақ (өс.),



жөтелшай  (өс.),  аюқұлақ  (өс.),  балықкөз  (өс.),  бөрібұлақ  (өс.),  ботакөз  (өс.),  бозкілем

(өс.),  томарбояу  (өс.),  бетіқышақ  (өс.),  аққой  (жуаның   түрі),   бисемшек  (өс.),  аққайың

(шөптің   түрі),  жерсабын  (өс.),  кәріқыз  (өс.),   кермексабын,  (өс.   «ушастый»),  күйіксары

(өс.),  қазықұрт  (өс. «жабник»),  көзсабақ  (окулировка),  қаратұяқ  (өс.),  қозықұлақ  (өс.),



қозықұйрық  (өс.),  қоңырбас  (өс. «мятник»),  қосбас  (өс. «двукисточник»),  қораматау  (өс.

алаботаның   түрі),  алабота  (өс.),  құлынембес  (өс.),  қоянсүйек  (өс.   «песчаная

акация»),құлқайыр  (өс.   «мальва»),   құлаңқұйрық  (өс.),  құртқашаш  (өс.),  қызылбояу

(«подмаренник»),  қызылқұрт  (өс.   «волосатик»),  қырықбуын  («хвощ»),  қасқыржем  (өс.

«спаржа»),  қырыққұлақ  (өс.),  майқара  (өс.   «полынь   пустынная»),  майракебіс  (өс.

«свербига»),  нариген,   отсабын,   өгізкөз  (өс.   «пупавка»),  өгізтіл  (өс.   «анхуза»),



саңырауқұлақ  (өс.),  сиырқұлақ  (өс.),  сиякөк  (өс.),  жұпар сиякөк  («льнянка душистая»),

сіргеқара, сіпсебас  (өс. «метлица»),  тасшүгін,таумасақ  (өс.),  тайтұяқ  (өс.),  текесақал

(өс. «додарция»),  теңгебас  (өс. «сусак»),  түйесіңір  (өс.),  түйеқарын  (өс.),  түйеқұйрық

(өс.),  түйетабан  (өс.),  уқорғасын  (өс.),  үшқат  (өс.   «жимолость»),  үпілмәлік  (өс.),

шашақбас  (өс.   «качим   метельчатый»),  шоңайна  (өс.   «лопух»),   шөңгебас   (өс.

«толтоголовник»);  балтажұтар  (құс),  ақсазы  (құс),  ақиық  (құс),  аққабақ  (бүркіттің бір



түрі),  ақсары  (құс,   «сарыч»),  ақшегір  (қыран   құстың   бір   түрі),     алыпқара  (құс),

балтатұмсық (құс), бұқатана (құс), аққұйрық арлан (құс) т.б. 

§   23.   Осы   сөздердің   қатарына   құрама   сөз   сыңарының   «бүтіннің   бөлшегі»   ретінде

жұмсала   келуі,   біртұтас   мағынаға   ие   болғандарын   да   жатқызуға   болады:  қосауыз

(мылтықтың түрі),  қосаяқ  (тышқан),  бізқұйрық  (құс),  кезқұйрық  (құс),  бізтұмсық  (құс),



шөгелтабан (бүркіттің бір түрі), қаратамақ (құс), қарабауыр (құс), көкмойын (құс) т.б.

Бірінші   сыңары   өсімдікке,   ал   екіншісі   мүлде   басқа   бір   затқа   қатысты   атаулардан

жасалған   құрама   сөздерді   біріккен   сөздің     қатарында   қарап,   тұтас   тұлғалауға   болады:

арпабас, гүлтәжі, долантопшы, бұршаққын, гүлсидам, гүлсерік (околоцветник), гүлсағақ

(цветоножка), гүлзардақ, құртқашаш (өс.).

Құрама сөдің дыбыстық, мағыналық контаминациясы нәтижесінде пайда болған бұл

тобын біріккен сөз деп тану пәлендей дау туғызбайды. Өйткені бұл сөздердің жеке сыңары

мағыналық   жақтан   тұтаса   келіп   үшінші   бір   лексикалық   мағынаны   білдіреді.   Мысалы,

егеуқұйрық, өгізтіл (өс.) атауын қазақ тілінде сөйлеушілер «егеу» және «құйрық» немесе

«өгіз» және «тіл» деп дербес сөзге бөле жара қарамайды. 

§ 24. Құрама сөздердің ішінде біріккен көз қатарына қосып, бірге жазуға болатын тағы

бір жеке белгіні атап айтуға болады. Ол, мысалы, құрама сөз сыңарының бүтіннің бөлшегі

ретінде   жұмсалып   барып,   бір   бүтінге   айналуы.   Мысалы,  гүл,   жапырақ,   тамыр  деген

сөздер   белгілі   бір   заттың   атауы   болғанымен,   олар   нақты   бір   ғана   өсімдікке   мысалы

шырғанаққа   ғана   тән   емес.   Олар   көптеген   өсімдікте   кездесетін   вегетативтік   органдар.

Сондықтан бүтіннің бөлшегі ретінде бұл сөздер (гүл, тамыр, жапырақ  т.б.) белгілі бір

сөздің сүйемелі арқылы нақты өсімдіктің атауы болып жұмсалады. Бұл тәсілмен жасалған

біріккен сөздер әсіресе өсімдік атауларында жиі кездеседі. Олардың бірінші сыңары әр

түрлі   сөздерден,   ал   екінші   сыңары   өсімдіктің   белгілі   бір   мүшесінің   атауы   болып,

лексикалық бір бүтін болады. Ондай мүшелер көбіне а) көбею органдары: тамыр, мұрт,



сабақ, жеміс, қат, жидек; ә) транспирация органдары: жапырақ, сабақ, мұрт; б) жер үсті

органдары:  гүл, тікен, бұта  т.б. Осы аталған «бұтіннің бөлшегі» (гүл, жапырақ, тамыр

т.б.)   құрама   сөздің   тұрақты   сыңары   ретінде   қайталанып   отырады.   Бұл   құрама   сөздер

сөйлеу кезінде тіркестірілмей, дайын күйдегі тіркес ретінде қолданылады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет