жалпыға қолжетімді пошта байланысы қызметтерінің қолданыстағы тарифтері
Қызмет атауы
Салмағы, гр. Бағасы,
теңге
Жай пошта карточкасы
10
35
Жай хат
20
60
Жай хаттың 20 грамнан аспайтын және жетпейтін әрбір кейінгі салмағы үшін
–
10
Жай бандероль
50
60
Жай бандерольдің 50 грамнан аспайтын және жетпейтін әрбір кейінгі салмағы үшін
–
10
қызметтерге тарифтерді көтеру
Қызметтің атауы
01.11.2012ж.
дейінгі тариф,
тг.
01.11.2012ж.
бастап тариф,
тг.
тарифтердің
өсуі
теңге
%
10 гр. дейінгі салмақтағы жай пошта карточкасын жіберу
21
35
6
67
20 гр. дейінгі салмақтағы жай пошта хатын жіберу
32
60
28
88
жай хаттың 20 грамнан аспайтын және жетпейтін әрбір
кейінгі салмағы үшін
10
10
0
0
50 гр. дейінгі салмақтағы жай пошта бандеролін жіберу
35
60
25
72
жай бандерольдің 50 грамнан аспайтын және жетпейтін
әрбір кейінгі салмағы үшін
7
10
3
43
Компания Қр «Бәсекелестік туралы» заңына
сәйкес қызметтер көрсетуге қатысты Қазақстан
республикасының географиялық шекарасындағы
35%-дан артық басымдық үлесімен басымдық
(монопольді) жағдайға ие мемлекеттік нарық
субъектілерінің тізіліміне енгізілген:
- мерзімді баспа басылымдарын жеткізу, тарату
және жіберу бойынша;
– елді мекендердегі кассалық операциялар;
– Қр географиялық шекарасындағы тапсырысты
хаттарды жіберу бойынша.
мерзімді баспа басылымдарын тарату, жіберу және жеткізу бойынша пошта байланысы
қызметтерінің тарифтері
Тарату
Жіберу
жеткізу
газет
журнал
газет
журнал
т/ж
әуе
т/ж
әуе
қала
аудан/
ауыл
қала
аудан/
ауыл
10,8
1,40
3,40
2,45
4,90
4,55
7,10
5,80
8,80
пошта қызметтеріне тарифтердің көтерілуі төмендегі кестеде көрсетілген:
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
56/57
Компанияның қалған қызметтері еркін бәсекелестік
жағдайында
көрсетіледі,
тарифтерді
Компа-
ния қызметтер көрсетуге және олардың бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етуге шыққан шығындар
есебімен, өздігінен белгілейді.
2012 жылы пошта және қаржы қызметтері тарифтеріне
өзгерістер енгізілді:
пошта қызметтері
1) Жазбаша хат-хабарларды жіберу бойынша:
– халықаралық жазбаша хат-хабарларды жіберу
қызметтері бойынша тарифтер көтерілді.
Төменде тарифтердің орташа салмақта дамуы
бойынша өсуі көрсетілген:
Халықаралық жазбаша хат-хабарларды жіберу қызметтері бойынша тарифтер
Түрлері
ТМД
АШ
жерүсті
әуе
жерүсті
әуе
пошта карточкасы
0%
0%
0%
0%
Жай хат
15%
23%
14%
21%
Тапсырысты хат
13%
14%
13%
14%
Құнды хат
14%
15%
14%
14%
Жай бандероль
21%
35%
21%
34%
Тапсырысты бандероль
16%
21%
16%
21%
Ұсақ пакеттер
21%
21%
21%
21%
"М" қапшық
40%
57%
36%
52%
2) Шот-хабарламаларды қабылдау және жеткізу
Шот-хабарламаларды қабылдау және жеткізу бойынша қызметтер тарифтері көтерілді (орташа көлемде
дамуы бойынша):
тарифтердің өсуі, %
Жеткізу тәсілі
Қр бойынша
облыс бойынша
Өңірдің әкімшілік
шекарасы шегінде
түйірлеп
сәлемдемемен
түйірлеп
Өз қолына
0,02
0,02
0,07
0,06
пошта жәшігіне
0,09
0,02
0,18
0,04
3) Қазақстан
республикасының
аумағында
сәлемдемелерді (жай және құнды) жіберу:
– салмақтық өсуіне өзгерістер енгізілді: ауқымы
3-ден 5-ке кеңейтілді.
– базалық тарифтері жерүсті көлігімен 31%-ға,
әуекөлігімен 9%-ға ұлғайды;
– жеке тұлғаларға арналған жеңілдік тарифтері:
жерүсті көлігімен 17%-ға ұлғайды;
– заңды тұлғаларға арналған икемді тарифтер
жеке тұлғаларға арналған жеңілдік тарифтер
деңгейінде белгіленді (айына 1 тоннадан аса
көлемімен);
4) EMS-жөнелтімдерді жіберу
– Қр аумағында ірі клиенттер үшін орташа
салмақтық өсуіне қарай тарифтер: пакеттер бой-
ынша 8%-ға; сәлемдемелер бойынша – 33%-ға
көбейді.
қаржы қызметтері
Еңбекақы төлеу бойынша өткізілген тарифтер
мониторингінің нәтижелері бойынша филиалдарда
комиссиялық сыйақы мөлшерлемесінің орташа 4%-
ға ұлғайғаны анықталды. Жеке тұлғаларға арналған
ағымдағы шотты ашу қызметінің тарифі 2 есеге өскен.
заңды және жеке тұлғаларға арналған 5000 теңгеге
дейінгі өсуде бюджеттік жіктеудің 7 кодының тізбесіне
кірмейтін кодтар бойынша бюджетке салық және
өзге міндетті төлемдерді қабылдау қызметінің тарифі
2 есеге ұлғайды. Коммуналдық қызметтерді және
өзге төлемдерді төлеу бойынша төлем құжаттарын
қабылдау және өңдеу қызметтерінің тарифтері:
– ҰоС қатысушылар үшін тегін тарифтің орнына 15
теңге көлемінде тариф белгіленді;
– жасына және мүгедектігіне қарай зейнеткерлер
үшін орташа тарифі 20 теңгені құрайтын 15-тен
30 теңгеге дейін тарифтер ауқымы белгіленді;
– жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда, барлығы
үшін орташа тарифі 56 теңгені құрайтын 30-дан
10 теңгеге дейін тарифтер ауқымы белгіленді.
Қр бойынша жедел аударымдарды қабылдау тарифі
33%-ға төмендеді. Visa төлем карточкасы бойынша
қызмет көрсетудің алғашқы жылына төлем алып та-
сталды.
6.1. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды жобалары
6.2. Жалпы адам құқығы
6.3. Ұжымдық-шарттық қарым-қатынас
6.4. Таңдау және оқыту
6.5. Кадрлық резерв
6.6. Кадрлардың тұрақтамауы және оларды тарту
6.7. Марапаттау
6.8. Мемлекеттік тілді дамыту
6.9. Мәдениет және спорт
6.10. Халықтың өз аумағында жұмыспен қамтылуы
6.11. Еңбекті қорғау
әлЕумЕттіК
жАуАпКЕршіліК
жәнЕ КАдрлАрды
дАмыту
6
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
КоМпАНИя ӘЛЕуМЕТТІК СИпАТТАғы МӘСЕЛЕЛЕрДІ
ШЕШуДЕ ТЕңДЕСТІрІЛгЕН ТӘСІЛДЕМЕНІ
ЖАЛғАСТырА оТырып, КорпорАТИВТІК ӘЛЕуМЕТТІК
ЖАуАпКЕрШІЛІК СТрАТЕгИяСыН ІСКЕ АСыруДА
ЕЛЕуЛІ ІЛгЕрІЛЕугЕ ҚоЛ ЖЕТКІзДІ.
{
58/59
Компанияда корпоративтік мәдениетті нығайту,
еңбек жанжалдарының алдын алу және реттеу,
мінез-құлық, құндылық орнату және персоналдың
адалдық қағидасын белгілеу бойынша жүйелік
тәсілдеме әрекет етеді.
Жұмыскерлерді корпоративтік әлеуметтік қолдау
Компанияда корпоративтік этиканы және әлеуметтік-
серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастырып,
қолдауға бағытталған. осы мақсатта:
– омбудсмен институты;
– әлеуметтік-еңбек жанжалдарын реттеу жөніндегі
комиссия;
– кәсіби қауымдастықтар;
– медиация институты жұмыс істейді.
2013 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ есебінен әрбір
байланыс торабында бір жұмыскерді медиативтік
дағдыларға үйрету жоспарланған, облыстық фи-
лиалдарда жанжалдарды шешу жөнінде топтар
құрылады.
Бұдан басқа, 2012 жылы Компания саясатын түсіндіру
мақсатында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
жөнінде іс-шаралар жоспарына сәйкес мобильді топ-
тар құрылды.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында
негізгі бағдарламалық құжаттар:
– «Қазпочта» АҚ корпоративтік әлеуметтік
жауапкершілік саясаты;
– «Қазпочта» АҚ 2015 жылға дейін корпоративтік
әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) стратегиясы.
осы бағдарламалық құжаттар негізгі мақсаттардан,
қызмет бағытынан және корпоративтік әлеуметтік
жауапкершілік
құрылымындағы
өз
қызметі
шеңберіндегі міндеттемеден тұрады.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі
бағыттары: әлеуметтік саладағы мемлекеттік
бағдарламаны іске асыру; қайырымдылық және
демеушілік көмектер көрсету; еңбекті және қоршаған
ортаны қорғау; жұмыскерлердің денсаулықтарын
сақтау мен жақсарту үшін жағдайлар жасау; кадр
құрамының біліктілігін көтеру болып табылады.
Келесі іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі:
– түйінді мәселелерді бірлесіп түсіну мен шешу-
ге бағытталған, әлеуметтік-еңбек дауларын
шешу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
жүргізіледі;
– орталық аппарат пен филиалдар арасында саты-
лас және деңгейлес коммуникацияларды дамыту
бойынша;
– персоналдың қатыстырылуы мен қанағаттануын
зерттеу бойынша, нәтижелері бойынша алдын
алу және түзету іс-шаралары әзірленеді.
Еліміздегі әлеуметтік тұрақтылық мемлекеттік
саясаттың маңызды басымдылықтарының бірі бо-
лып табылады. осыған байланысты, Компания
КӘЖ қағидаттарын әрі қарай ұстануды және Елба-
сы мен Компания стратегиясының бағдарламалық
құжаттарына сәйкес КӘЖ саласында іс-шараларды
іске асыруды көздейді. «Қазпочта» АҚ тиімді,
халықаралық басқару стандарттарына бағдарланған
жауапкершілікпен басқару жүйесін дамытпақ.
Қоғам корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
ұстанымдарын енгізуге, еңбек дауларының алдын
алу және шешудің тиімді механизмдерін пайдалану
арқылы әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын рет-
теуге, барлық мүдделі тұлғалармен сенімді қарым-
қатынасты нығайтуға, Компанияды әлеуметтік
тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар ауда-
ратын болады.
Жалғыз акционердің міндеттерін орындау үшін
Компанияның
бірінші
басшысына,
Басқарма
мүшелеріне және басқарушы қызметкерлеріне
тұрақты даму және әлеуметтік жауапты қағидалар
бойынша
тікелей
жауапкершілік
белгілеуді
қамтамасыз ету қажет.
Компания алдағы уақытта өзінің алдына келесі
міндеттерді қояды:
1) еңбекақыны 10%-ға көтеру;
2) Компанияның ұжымдық шартына еңбекақыға,
материалдық көмек көрсетуге, еңбекті қорғауға
қатысты толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
3) адам ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін
көтеру жөнінде жұмысты күшейту;
4) Компанияның
стратегиялық
әлеуметтік
көрсеткіштерін – персоналдың қызығушылығын
көтеру жөнінде шаралар қабылдау;
5) әрбір жұмыскердің әлеуметтік-кәсіби өсу карта-
сын жасау;
6) басшылықтың
қызметкерлермен
тікелей
байланысының тиімділігін қамтамасыз ету (жеке
блоктар, телефон арқылы «қызу желілер», ар-
наулы пошта жәшіктері);
7) орта буынды менеджерлердің рөлін күшейту,
компанияны басқару үдерісіне персоналды тар-
ту жөнінде іс-шараларды іске асыру;
8) кәсіподақ
жұмысын
дамыту
және
медиаторлардың пулын құру;
9) Компанияның мүдделі тұлғалары алдында
есептілік пен ашықтықты күшейту;
10) білім беру стандарттарын әзірлеу;
11) білім берудің қос жүйесін енгізу, еңбек ресур-
старын жоспарлаудың корпоративтік стандарт-
тарын жасақтау.
Компания кез-келген өзгерістің түп қазығы мен
кепілі адамдар екенін түсінеді. Халықаралық басқару
стандарттарын енгізу және қолдау жұмыскерлерден
өзгерістерге даярлықты және күнделікті іскерлік
тәжірибеге жаңа тәсілдемелер енгізе білуге үйрену
қажеттілігін талап етеді.
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
Кәж саласындағы қызмет көрсеткіштері
№
Атауы
2010
2011
2012
1
Еңбекақы қоры
млн. теңге
10811,3
12174,1
13694,9
2
орташа жалақы
мың теңге
48,82
52,53
64,24
3
оқыту шығындары
млн. теңге
8,5
10,2
22,9
персонал:
4
персоналдың қанағаттану деңгейі
%
-
45,1
46
5
Кадрлардың тұрақтамауы
%
18
25
22,8
сақтандыру:
6
Міндетті түрдегі сақтандыру
мың теңге
3532,2
4140,9
4 308,9
7
Ерікті сақтандыру
мың теңге
-
-
-
Еңбекті қорғау:
8
Өндірістегі қайғылы оқиғалар саны мың
адамға
%
0,84
0,74
0,60
Экология
9
Ластанған заттар шығарылымы саны
мың тонна
1,28
2,62
0,973
6.1. КорпорАтивтіК
әлЕумЕттіК
жАуАпКЕршіліКтің мАңызды
жобАлАры
Компанияда негізіне Компания серіктестігі, жеке
бизнесі мен кәсіподағы механизмдері қаланған
әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарының тиімді
үлгісін құруға, тұратын өңірлерінде әлеуметтік
тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған
корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бойынша
жобалар қоржыны бекітілді.
Компанияда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
(КӘЖ) бойынша жобалар қоржыны бекітілді, оның
ішінде:
– кадрды дамыту;
– жұмыскерлерді сақтандыру;
– қайырымдылық және демеушілік көмек;
– еңбекті қорғау;
– қоршаған ортаны қорғау;
– КӘЖ ақпараттық сүйемелдеу және медиа-
жоспарды іске асыру;
– клиенттердің жеке меншігін сақтау.
КӘЖ бойынша жобалар қоржыны әлеуметтік-бағыттау
бағдарламалары,
әлеуметтік
проблемалардың,
шарттық
қарым-қатынастардың,
әлеуметтік
серіктестіктің, экологияның басымдылығы мәселелері
бойынша жүйелік өзара іс-әрекетті қамтамасыз етуге
бағытталған.
КӘЖ бойынша «Кадрларды дамыту» жобасы жоғары
білікті кадрларды дайындау және ұстап қалу, со-
нымен қатар персоналды басқару тиімділігін көтеру
арқылы Компанияның бәсекеге қабілеттілігін нығайту
үшін персоналды дамытуды көздейді. КӘЖ бойынша
«Жұмыскерлерді сақтандыру» жобасы сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру арқылы жұмыскерлердің
еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде залал
келтірілген денсаулықтары мен өмірлерінің мүліктік
мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
КӘЖ бойынша «Қайырымдылық және демеушілік
көмек» жобасының мақсаты балалар мекемелеріне
қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету,
ұжымдық шартқа сәйкес ұйымда жұмыс істемейтін
(бұрынғы жұмыскерлеріне), Компания есебінде
тұратын тұлғаларына, Қазақстан республикасының
жоғарғы оқу орындарының, кәсіби-техникалық
мектептерінің және колледждерінің оқушыларына
атаулы шәкіртақы бөлу арқылы Компания брендін әрі
қарай дамыту және оң имидж қалыптастыру болып
табылады.
КӘЖ бойынша «Еңбекті қорғау» жобасы Компанияда
өндірістегі қайғылы оқиғаларды азайту және алдын
алуға, жұмыскерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын
жасауға бағытталған.
КӘЖ бойынша «Қоршаған ортаны қорғау» жоба-
сы қоршаған ортаға нормативтен жоғары тасталған
және рұқсат етілмеген ластанған заттардың алдын
алуға бағытталған.
КӘЖ бойынша «КӘЖ ақпараттық сүйемелдеу және
медиа-жоспарды іске асыру» жобасы корпоративтік
әлеуметтік жауапкершілік жөнінде Компания саяса-
тын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
КӘЖ бойынша «Клиенттердің жеке меншігін
сақтау» жобасы клиенттер меншігінің, материалдық
құндылықтарының және пошталық табыстарының
сақталуын қорғауды қамтамасыз етеді.
Тұтас алғанда, КӘЖ бойынша жобалар қоржыны
жобаның мақсаттары мен міндеттері, ағымдағы
жағдайы (атқарылған жұмыстар, проблемалары мен
оларды шешу жолдары), 2012 және 2013 жылдардағы
бюджеті, КӘЖ тиісті бағыттарының мониторингі мен
нәтижелілігі сияқты мәселелерді көрсетеді.
60/61
КӘЖ жобаларының назары Компанияда және
қатысатын өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты
қамтамасыз етуге, негізі Компанияның серіктестік,
жеке бизнес және кәсіподақ механизмдерінен
қаланған әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарының
тиімді үлгісін құруға бағытталған.
Әлеуметтік үдерістерді басқарудың тиімді жүйесін
құру алгоритмі әлеуметтік даму көрсеткіштері мен
стандарттарын енгізуге негізделетін әлеуметтік
жаңғыртуды іске асыруға мүмкіндік жасайды.
КӘЖ
жобаларын
іске
асырудың
барынша
синхрондылығы әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік
үдеріске қарай бағытқа көзделген, Компаниядағы
әлеуметтік қарым-қатынастардың барлық жүйесін
уақтылы түзету және әлеуметтік жаңғырту өзегі
ретінде әрекет етеді.
6.2. АдАм құқығы
Компанияда Жұмыскерлерді таңдау және қабылдау
«Қазпочта» АҚ персоналды таңдау, іріктеу және
қабылдау ережесіне сәйкес айқын байқау рәсімдері
негізінде жүзеге асырылады. Компанияда адам
құқығы, оның ішінде нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік,
діни және басқа да кез-келген кемсітушілікке жол
бермеу нормалары сақталады.
Компания Қазақстан республикасының қолданыстағы
заңнамаларына сәйкес жұмыскерлердің еңбек
жағдайларындағы алдағы өзгерістер туралы хабар-
дар етеді.
Компания өз қызметінде балалар еңбегіне, мәжбүрлеп
жұмыс істетуге жол бермейді. Компания адам құқығы,
оның ішінде нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік, діни және
басқа да кез-келген кемсітушілікке жол бермеу
саласындағы нормаларын сақтау қағидаттарын
ұстанады.
2012 жылы қауымдастықтың еркіндікті пайдала-
ну және ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығының
бұзылуы туралы фактілер, сондай-ақ байырғы және
аз халықтардың құқықтары бұзылған қандай да бір
жағдайлар тіркелген жоқ.
Еңбек даулары бойынша үш азаматтық іс қозғалып,
қуыным талаптарын қанағаттандыру туралы сот екі
шешім, қуыным талаптарын қанағаттандырудан бас
тарту туралы бір шешім шығарды.
6.3. ұжымдық-шАрттық
қАрым-қАтынАстАр
Компанияда ұжымдық шарт әрекет етеді. Барлық
жұмыскерлер еңбек шарттарын жасасу кезінде еңбек
талаптарымен, кепілдіктермен, жеңілдіктермен және
өтемақы төлемдерімен, жұмыскерлердің құқықтары
мен міндеттемелерімен, жұмыс берушінің құқықтары
мен міндеттемелерімен танысады.
Компания мен «Қазақстан байланыс жұмыскерлері
кәсіподағы» рҚБ, және «Ақпараттандыру және байла-
ныс жұмыскерлері кәсіподақтары қауымдастығы» зТБ
арасында жасалған Ұжымдық шарт еңбек өнімділігі
мен өндірістік-экономикалық қызметтің басқа
нәтижелерінің деңгейіне байланысты, Қазақстан
республикасының заңнамасына сәйкес өзінің
жұмыскерлеріне қосымша әлеуметтік кепілдіктер
береді. Құжатта денсаулық пен қауіпсіздік жөнінде
барлық мәселелер көрсетілген. Жұмыскерлердің
80%-ы ұжымдық шарт талаптарымен қамтылған.
Кәсіподақтардың өкілдері арнайы құрылған ко-
миссия немесе келісетін комиссиялар шеңберінде
аттестация өткізуге, жанжалдарды қарастыруға,
жұмыскерлердің шағымдарын қарастыруға белсене
қатысады.
Компанияның 30.12.2010 жылғы 2011-2013 жылдарға
арналған ұжымдық шартына сәйкес тиімді жұмыс
істеу үшін қолайлы талаптар жасау мақсатында
Компания жұмыскерлеріне негізгі төленбелі жыл
сайынғы еңбек демалысы және ауыр жұмыстарда,
зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс
істейтін Компания жұмыскерлері мен бірінші және
екінші топтағы мүгедек жұмыскерлерге қосымша
төленбелі жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру үшін
материалдық көмек төленеді.
2012 жылы балаларды сауықтыру лагерлеріне,
санаторий-курорттық емделуге, мәдени-көпшілік
және спорт іс-шараларын өткізуге 21,0 млн. теңге
сомасында қаражат аударылды.
Белгіленген жеңілдігі бар зейнетақы жоспарына
сәйкес ұйым міндеттемесін қамтамасыз етуге қатысты
ұжымдық шарт талаптарына сәйкес жұмыскерлер
зейнетке шыққан кезде бір лауазымдық еңбекақы
көлемінде жәрдемақы төленеді.
Балалар мекемелеріне, ҰоС қатысушыларына, по-
шта байланысының ардагерлеріне демеушілік және
қайырымдылық көмек көрсетуге, атаулы шәкіртақы
беруге 12,9 млн. теңге бөлінді.
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетуге шыққан шығындар, мың теңге
2010
2011
2012
Атаулы шәкіртақы беру
556
555
556
Қарттар күніне зейнеткерлерге қаржылық көмек көрсету және/
немесе құнды сыйлықтар беру
3926
11665
5107
ҰоС ардагерлеріне 9 мамырға қаржылық көмек көрсету және/
немесе құнды сыйлықтар беру
4533
4589
4774
Балалар мекемелеріне (балалар үйлеріне, сәбилер үйлеріне және
өзге мамандандырылған мекемелерге) қаржылық көмек көрсету
1600
1600
1488
Ұжымдық шартта Компания жұмыскерлеріне ақшалай
өтемақы қарастырылған. пошташыларға пошта,
зейнетақы (жәрдемақы), жеделхаттар жеткізу,
жаяу пошта жәшіктерінен хаттарды алу бойынша
жұмыстарды орындау кезінде жазғы және қысқы аяқ
киімдерді сатып алу үшін ақшалай өтемақы бөлінеді.
Адал еңбегі үшін мерейтойларға – 50, 60, 70 жасқа
толған жұмыскерлерге бір лауазымдық еңбекақысы
көлемінде қаражат бөлінеді. Жұмыскер Компанияда
кем дегенде бес жыл үздіксіз жұмыс өтіліне ие болған
жағдайда жасына қарай зейнетке шығу құқығы
басталғанға дейін үш жыл ішінде жұмыскерлер
санының және штаттың қысқаруына байланысты
жұмыстан шығарылмайды.
Ұжымдық шарт талаптарына сәйкес Компания
қызметіндегі айтарлықтай өзгерістерге қатысты
хабарламаның ең аз мерзімі бір айды құрайды.
Кәсіподақ өкілдерімен тұрақты кездесулер өткізіледі,
еңбекақы, материалдық көмек көрсету, еңбекті
қорғау мәселелеріне қатысты Компанияның ұжымдық
шартына толықтырулар мен өзгерістер дайындалды.
Компания
кәсіподағы
Компания
қызметін
оңтайландыру жөнінде келісілген іс-шаралар өткізуде
еңбек ұжымдарындағы шиленіскен қарым-қатынасты
реттеуге мүмкіндік береді. Қр еңбек заңнамасын
түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Еңбек заңнамасын,
белгіленген әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға, шарт
қағидаларын орындауға қатысты жұмыскерлердің
- Компанияның кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін
қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбек дауларын шешу
кезінде жұмыскерлермен келіссөз жүргізуде ұжым
мен жұмыскерлердің - Компанияның кәсіподақ
мүшелерінің
мүдделерін
білдіреді.
Жұмыс
берушінің жұмыс орындарында еңбек және техника
қауіпсіздігінің қалыпты жағдайын жасауы жөнінде
ұжымдық шарттардың, салалық келісімдердің,
қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөнінде нормативтік
құқықтық актілердің орындалуын қоғамдық бақылау
арқылы еңбекті қорғауда жұмыскерлердің құқығын
қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |