Қоғамының 2012 жылғы Қызметі туралы жылдыҚ есеп Астана қ., 2013 жыл



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата31.03.2017
өлшемі1,43 Mb.
#10689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

4.3.2. бАсқАрмА төрАғАсын 

іріКтЕу КритЕрийі

Қоғамның  Басқарма  төрағасын  Компанияның 

Басқарма  төрағасының  лауазымына  үміткерді 

тағайындауға  келісім  алған  және  Қр  заңнамасымен 

белгіленген  жағдайларда  және  Компания  Дирек-

торлар  кеңесінің  Тағайындаулар  және  сыйақылар 

жөніндегі комитетінің, Қордың кадр саясаты жөнінде 

комитетінің  оң  тұжырымдамасы  болған  жағдайда 

Қор Басқармасы тағайындайды. 

Басқарма  төрағасы  лауазымына  қойылатын  талап-

тар:

1) жоғарғы  кәсіби  білімінің  (Компания  қызметіне 



сәйкес  келетін  саладағы)  және  «магистр» 

дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) сала-

сында қосымша білімінің болуы;

2) мамандығы  бойынша  немесе  тиісті  атқарымдық 

қызмет  бағыттары  саласындағы  (жоғарғы  оқу 


«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ

орнындағы оқу мерзімін есепке алмағанда) кем 

дегенде 15 (он бес) жыл жұмыс өтілі, оның ішінде 

жыл  ұйымның  экономикалық  қызмет  бейініне 

сәйкес  саладағы  (Компания  қызметіне  сәйкес 

келетін  саладағы)  5  (бес)  жылдан  кем  емес 

жұмыс  өтілі  және/немесе  Қордың  құрылымдық 

бөлімшесінің  басшысы  ретінде  кем  дегенде  1 

жыл,  Компанияның  құрылымдық  бөлімшесінің 

басшысы  ретінде  кем  дегенде  3  жыл  жұмыс 

өтілі,  не  болмаса  шетелге  кадрлар  даярлау 

жөніндегі республикалық комиссия бекіткен ба-

сым сипаттағы мамандықтар бойынша шетелдегі 

оқуы  (магистратура)  аяқталған  жағдайда: 

жоғарғы  кәсіби  білімі,  ұйымның  экономикалық 

қызмет бейініне сәйкес лауазымдағы мамандығы 

бойынша  кем  дегенде  12  (он  екі)  жыл  жұмыс 

өтілі,  оның  ішінде  ұйымның  экономикалық 

қызмет бейініне сәйкес басшылық қызметте кем 

дегенде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі;

3) қызметтегі  тиісті  мамандандыру  саласындағы 

қарым-қатынасты  реттейтін  Қр  нормативтік 

құқықтық  актілерді,  сонымен  қатар  қызметі 

бойынша  атқарымдық  міндеттерді  орындауға 

қажетті басқа да міндетті білуі;

4) тиімді  жұмысты  ұйымдастыру  және  міндеттерді 

орындауға қажетті іскерлік және/немесе салалық 

ортадағы мінсіз беделінің және оң жетістіктерінің 

болуы; 

5) заңмен  белгіленген  тәртіпте  өтелмеген  немесе 



алып тасталмаған сотталғандығының болмауы;

6) мемлекеттік және шетел тілдерін білуі.



4.3.3. бАсқАрмА жұмысы 

турАлы ЕсЕп

2012  жылы  Басқарманың  56  мәжілісі  өткізілді 

және  Компания  Жарғысымен  атқарушы  органның 

құзырына жататын 455 мәселе қарастырылып, шешім 

қабылданды:

Компания  Басқармасы  күрделі  және  ақпараттық-

технологиялық жайластыру деңгейі бойынша сапалы 

негізде пошта-жинақтау қызметтерінің толық тізбесін 

көрсетуге  мүмкіндік  беретін  қалалық  және  ауылдық 

деңгейлерде  өңірлік  желінің  дамуын  қаржыландыру 

мәселелеріне зор көңіл бөледі. 

  Бұл  теле  және  инфокоммуникациялық  қызметтер 

есебінен  жаңадан  жайластырылған  пошта  байла-

нысы  бөлімшелерінде  көрсетілетін  қызметтер  аясын 

кеңейтуге мүмкіндік береді. 

Есепті  кезеңде  Басқарма  бейінді  бизнесті  кеңейту, 

логистикалық  атқарымдарды  күшейту  және  сыртқы 

нарыққа  шығуға  дайындық,  банктік  бизнестің 

қалыптасу,  операциялық  тиімділікті  көтеру,  IT-

әлеуетін  дамыту  және  басқа  аспектілері  бойынша 

шешімдер қабылдады.

2012 жылы Басқарма 126 ішкі нормативтік құжаттарды 

(ережелер, бағдарламалар, қағидалар, нұқсаулықтар 

және  т.б.)  бекітті;  47  ішкі  нормативтік  құжатқа 

өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Есепті кезеңде 

Басқарма  келесі  негізгі  мәселелерді  қарастырып, 

шешімдер қабылдады. 

филиалдардың  қаржы-шаруашылық  қызметтеріне 

кешенді  құжаттамалық  тексерулер  нәтижелері 

қарастырылды,  сонымен  қатар  филиалдардың  2012 

жылғы  қаржы-шаруашылық  қызметтерінің  негізгі 

қорытындылары бойынша есептері тыңдалды.

Компанияның  2011  жылғы  қаржы  есептілігі 

аудитінің  қорытындысы,  сыртқы  аудиторлық 

ұйымның  ұсынымдарын  орындау  жөнінде  іс-

шаралар  жоспарының  орындалуы  бойынша  есеп, 

басқару есептілігі жүйесін енгізу жөнінде іс-шаралар 

жоспарының  орындалуы  туралы  есеп,  сыни 

тәуекелдерді  жеңілдету  жөнінде  іс-шаралар  жоспа-

ры,  корпоративтік  басқаруды  жетілдіру  жоспары, 

Компанияның  еншілес  тәуелді  ұйымдарын  басқару 

жөнінде  есеп,  еңбекті  қорғау,  қауіпсіздік  техникасы 

және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын 

орындау жөніндегі есеп қарастырылды.

Компанияның  2013  жылға  арналған  бюджеті,  2013 

жылға арналған күрделі салым жоспары, 2013 жылға 

арналған  сатып  алу  жоспары,  мамандандырылған 

филиалдар  туралы  ережесі,  «Қазпочта»  АҚ-дағы 

ғаламтор-банкингті  енгізу  жөнінде  бизнес-жоспары, 

«Қазпочта»  АҚ  ақпараттық  қауіпсіздік  саясаты, 

«Қазпочта»  АҚ  инновациялық  саясаты,  «Қазпочта» 

АҚ 2013-2017 жылдардағы коммерциялық стратегия-

сы, «Қазпочта» АҚ қауіпсіздік тұжырымдамасы және 

басқа да бірқатар құжаттары бекітілді.

Клиенттерге  қызмет  көрсету  сапасын  жақсарту 

мақсатында  «Қазпочта»  АҚ  клиенттеріне  сапалы 

қызмет көрсету сапасының стандарттарын реттейтін 

қағида қабылданды.

Қазақстанда  тұратын  барлық  халықтардың  тілдерін 

сақтау  кезінде  ұлттық  бірлікті  нығайтудың  маңызды 

факторы  ретінде  мемлекеттік  тілдің  толық  көлемді 

қолданылуы  үшін  «Қазпочта»  АҚ-да  2012-2014 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  тілді  дамыту  және 

қолдану бағдарламасы қабылданды.



4.4. дирЕКторлАр КЕңЕсінің 

жәнЕ оның КомитЕттЕрінің, 

бАсқАрмАның, ішКі Аудит 

қызмЕтінің қызмЕтін 

бАғАлАу

«Қазпочта»  АҚ  Директорлар  кеңесінің,  оның 

мүшелерінің қызметтерін бағалау қағидасына сәйкес 

бағалау  жүргізу  туралы  шешімді  Компанияның  Ди-

ректорлар кеңесі қабылдайды. Көрсетілген шешімде 

бағалау, әдіс, ресурстар жүргізудің нақты мерзімдері 

белгіленген. Директорлар кеңесінің шешімі бойынша 

тиісті негіздеме болған жағдайда оның барлық неме-

се  жеке  түрлерін  бағалау  жылына  бір  және  екі  рет 

жүргізілетін болады.

2012  жылы  Компаниияның  Директорлар  кеңсінің, 

оның  мүшелерінің  жұмысына  бағалау  жүргізілді. 

Бағалауды  жүзеге  асыру  үшін  өзге  ұйым  тартылды. 

Бағалау кезінде келесі факторлар қарастырылды:

-   Директорлар  кеңесі  мен  құрамына  директор 

кіретін  комитеттің  жауапкершілігі  аясындағы 

мәселелердің құзыреттелігі;

30/31


-   бизнес жүргізу аясының ерекшеліктері және са-

ланы білу; 

-   кеңестің және оның комитеттерінің мәжілістеріне 

қатысу;


-   комитет  мәжілістерінде  талқылауға  қатысу 

деңгейі; 

-   кеңес  мәжілістеріндегі  белсенділігі  және  шешім 

қабылдау барысында дауыс беру сипаты, соны-

мен  қатар  Директорлар  кеңесінің  мәжілістеріне 

енгізілген материалдарды қарастыру мерзімдерін 

сақтау;

-   шешім іздеуге бағытталғандық;



-   директордың жеке мінездемесі және оның жұмыс 

тиімділігіне әсері;

-   және басқалары.

Келесі  факторлар  Директорлар  кеңесінің,  оның 

мүшелері  мен  комитеттерінің  қызметін  бағалау 

критерийлеріне айналды: 

-   Директорлар  кеңесі  жұмысын  құжаттамалық 

қамтамасыз ету; 

-   Директорлар кеңесінің құрамы мен құрылымы; 

-   Директорлар  кеңесінің,  Директорлар  кеңесі 

төрағасының рөлі мен міндеттері; 

-   Директорлар кеңесі жұмысының рәсімдері, оның 

қызметін ақпараттық қамсыздандыру

-   комитеттер  жұмысы;  Директорлар  кеңесінің 

Басқармамен өзара іс-әрекеті; 

-   Корпоративтік  хатшы  қызметі;  директорларға 

сыйақы беру саясаты.

Директорлар  кеңесінің  комитетін  бағалау  сол  не-

месе  өзге  комитеттің  қызметін  тұтас  алғанда  Коми-

тет туралы ережемен салыстыру есебімен, сонымен 

қатар  Комитет  қызметі  нәтижелерінің  Директор-

лар кеңесінің күткеніне сай келуіне бағалау жүргізу 

есебімен жүргізілді.

Қызметке  бағалау  жүргізу  кезінде  Директорлар 

кеңесінің және оның Комитеттерінің 2011 және 2012 

жылдардағы  хаттамаларына  шолу  жасалып,  Дирек-

торлар  кеңесінің  мүшелерімен  сауалнама  жүргізілді, 

сонымен  қатар  Директорлар  кеңесінің  мүшелерінен 

және Корпоративтік хатшыдан сұхбат алынды. 

Бағалау  Қр  заңнамасының  және  корпоративтік 

басқарудың  халықаралық  үздік  тәжірибесінің  та-

лаптарына,  әсіресе  ЭыДҰ  корпоративтік  басқару 

ұстанымдарына  және  Ұлыбритания  корпоративтік 

басқару кодексіне негізделген «Самұрық-Қазына» АҚ 

Директорлар  кеңесінің  қызметін  бағалау  әдістемесі 

негізінде жүргізілді. Әдістемеге сәйкес бағалау техно-

логиясына Директорлар кеңесінің барлық мүшелерінің 

сауалнамалары 

мен 

Директорлар 



кеңесінің 

төрағасымен,  Директорлар  кеңесінің  мүшелерімен, 

Басқарма  төрағасымен  және  корпоративтік  хатшы-

мен сұхбат енгізілді. 

Директорлар  кеңесінің  қызметін  бағалау  нәтижесі 

корпоративтік  басқару  тәжірибесін  әрі  қарай 

дамытудың бағытын көрсетті. Директорлар кеңесінің 

стратегиялық  жоспарлау,  жоғарғы  буын  басшыла-

рын  тағайындау  және  оларға  сыйақы  беру,  коми-

теттер  жұмысын  ұйымдастыру,  акционер  мен  ди-

ректорлар  кеңесінің  арасында  өкілеттікті  оңтайлы 

бөлу  мәселелеріне  қатысу  сияқты  бағыттары 

анықталды. Директорлар кеңесінің, оның комитеттері 

мен  мүшелерінің  қызметінің  тиімділігін  көтеруге 

бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Бір жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «Қазпочта» 

АҚ  басшы  қызметкерлерінің  қызметін  бағалау  және 

сыйақы  беру  қағидасына  сәйкес  бағалау  кезінде 

Компанияның 

қаржылық-өндірістік 

қызметінің 

тиімділігін  сипаттайтын  уәждемелік  негізгі  қызмет 

көрсеткіштері  (НҚК)  қолданылады.  уәждемелік 

НҚК-ні  жұмыс  тобы  бизнес  үдерістер/Компания 

қызметінің бағыттары бойынша нақты көрсеткіштерде 

Компанияның  стратегиялық  мақсаттарын  каскадтау 

арқылы НҚК картасы түрінде әзірлейді.

Компанияда  «Қазпочта»  АҚ  Ішкі  аудит  қызметі 

жұмыскерлерінің қызметін бағалау және сыйақы беру 

қағидасы бекітілген. 

Қызмет  жұмыскерлерінің  мақсаттарға  қолжеткізуін 

бағалау  тоқсан  сайын  жүргізіледі,  бағалау  кезінде 

мақсаттар  бойынша  басқару  жүйесі  қолданылады. 

Қызметті  бағалаудың  мақсатты  көрсеткіштері  келесі 

түрде  берілген:  тәуекелге  бағдарланған  жылдық 

аудиторлық  жоспардың  орындалу  дәрежесі;  аудит 

объектісіне,  Директорлар  кеңесіне,  Аудит  жөніндегі 

комитетке  және  Басқарма  төрағасына  есептіліктің 

уақтылы  берілуі;  аудит  объектісі  қабылдаған  елеулі 

ұсынымдар  үлесі;  Аудит  жөніндегі  комитет,  Дирек-

торлар кеңесі тарапынан қызметтің тоқсандық және 

жылдық  есептеріне  ескертулер  саны;  Компанияның 

ішкі  және  сыртқы  аудиторларының  елеулі 

ұсынымдарын орындауын бақылау.



4.5. жоғАрғы бАсшылыққА 

сыйАқы бЕру 

директорлар кеңесі

Мемлекеттік  қызметкер  болып  табылатын  және  өз 

өкілеттіктерін  лауазымдық  міндеттемелеріне  сай 

жүзеге  асыратын  Директор  кеңесінің  мүшелеріне 

сыйақы  төленбейді.  Басқарма  төрағасы  Директор-

лар  кеңесіндегі  жұмысы  үшін  сыйақы  алмайды. 

Компанияның тәуелсіз директорларына 2012 жылдың 

қорытындысы  бойынша  24,9  млн.  теңге  сомасында 

сыйақы төленді. 

Сыйақыны тек тәуелсіз директорлар ғана алады. Ди-

ректорлар  кеңесі  мүшелеріне  сыйақы  мен  өтемақы 

төлеу  талаптары  мен  тәртібі  Жалғыз  акционердің 

шешімімен белгіленеді.

Бұл  ретте,  тәуелсіз  директорлардың  ашық 

мәжілістерге  ауырып  қалуына,  еңбек  демалысын-

да,  іссапарда  болуына  байланысты  қатыспағанын 

қоспағанда,  есепті  кезеңде  «Қазпочта»  АҚ  Дирек-

торлар кеңесінің ашық және сырттай мәжілістерінің 

жартысынан азына қатысқанда белгіленген сыйақы 

төленбейді. 

Басқарма

Басқарма мүшелеріне еңбекақы төлеу және сыйақы 

беру жүйесінің тәртібі «Қазпочта» АҚ Басқарма туралы 

ережесімен және орталық аппарат жұмыскерлерінің 

еңбекақысы туралы ережемен белгіленген. 

Директорлар кеңесі Төраға мен Басқарма мүшелерінің 



«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ

лауазымдық  еңбекақысының  көлемі  мен  еңбекақы 

талаптарын  атқаратын  қызметінің,  орындайтын 

жұмысының қиындығына байланысты жеке ыңғай та-

ныту негізінде жоғарыда аталған құжаттарға сәйкес 

саралап белгілейді. 

Төраға мен Басқарма мүшелерінің еңбекақы жүйесі 

бір  жылғы  жұмыстарының  қорытындысы  бойынша 

лауазымдық жалақы мен сыйақыдан тұрады. 

«Қазпочта»  АҚ  басқарушы  қызметкерлеріне  бір 

жылғы  жұмыстарының  қорытындысы  бойынша 

сыйақы  қаржы  есептілігі  негізінде  «Қазпочта» 

АҚ  қаржы-шаруашылық  қызметінің  нәтижелері 

белгіленген  тәртіпте  бекітілгеннен  кейін  төленеді. 

Бір  жылғы  жұмыс  қорытындысы  бойынша  сыйақы 

тұрақты сипатта болмайды. 



4.6. жАнжАлдАрды бАсқАру

Компания  корпоративтік  басқару  жүйесін  жетілдіре 

отырып,  корпоративтік  жанжалдар  мен  мүдделер 

жанжалын реттеу мәселесіне зор көңіл бөледі.

Мүдделер жанжалы ұғымын, мүдделер жанжалының 

мүмкін  болатын  жағдайының  жалпы  тізбесін 

белгілейтін, сонымен қатар оларды реттеу рәсімдерін 

бекітетін «Қазпочта» АҚ корпоративтік жанжалдары 

мен мүдделер жанжалдарын реттеу туралы қағидасы 

бекітілді. 

Компанияда омбудсмен тағайындалған, оның міндетін 

Корпоративтік  хатшы  орындайды.  омбудсменнің 

міндетіне  төмендегілер  жатады:  ішкі  құжаттарды 

көкейтесті  ету  жөнінде  жұмысты  ұйымдастыру, 

қорытындыны  ұсыну,  корпоративтік  жанжалдар-

ды  қадағалау,  байланыс  арналарын  дамытуға 

көмектесуге  қатысу,  мүдделер  жанжалын  реттеу 

(құзырын  шектеу  мәселелеріне  қатысты)  және 

Іскерлік этикасы кодексінде бекітілген қағидаттардың 

бұзылу рәсімдерін қарастыру.

Компанияда  оның  ережелерін  іске  асыруға 

бағытталған  Компания  саясаты  мен  Іскерлік  этика 

кодексі ережелерінің бұзылуы туралы мәлімет құпия 

негізде  қарастырылады.  осы  тетік  мүмкін  болатын 

немесе  белгілі  алаяқтық,  қиянат  етушілік  фактілері 

және басқа да заңға қайшы әрекеттер туралы хабар-

ламамен жұмыс жөніндегі саясатта ресімделген. 

«Қазпочта»  АҚ  жұмыскерлері  мен  олардың  отба-

сы  мүшелерінің  әлеуметтік  қорғалу  жағдайларын 

жасау,  жұмыскерлердің  құқықтарын  сақтау,  еңбек 

қатынастарын  реттеу  үшін  «Қазақстан  байланыс 

жұмыскерлері  кәсіподағы»  рҚБ,  «Ақпараттандыру 

және  байланыс  жұмыскерлері  кәсіподақтарының 

қауымдастығы»  зТБ  арасында  Ұжымдық  шарт 

жасалған. 

2012  жылы  3  жанжал  тіркелді,  осы  жанжалдар 

реттеліп, тараптар өзара келісімге келді. 

4.7. сАпАны бАсқАру

Компанияда ұлттық және халықаралық деңгейде 

тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын 

сапалы және бәсекеге қабілетті қызметтерді көрсету 

үшін басқару нысандары мен әдістерін қайта құру 

және жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 



қызметтердің қолжетімділігі

Компанияда бизнес-үдерістерді сапа стандарттарына 

сәйкес келтіру жұмыстары ұлттық және халықаралық 

деңгейде 

тұтынушылардың 

сұраныстарын 

қанағаттандыратын  сапалы  және  бәсекеге  қабілетті 

қызметтерді  көрсету  үшін  басқару  нысандары  мен 

әдістерін қайта құруға және жетілдіруге бағытталған. 

2012  жылы  сертификаттау  жөніндегі  тәуелсіз  ком-

пания  Компанияның  сапа  менеджменті  жүйесінің  ХС 

ИСо 9001:2008 сәйкестігін растады.

Еліміз  тұрғындарының  қызметтерге  қолжетімділігін 

кеңейту  үшін  қосымша  өндірістік  объектілер:  Шым-

кент  және  Астана  қалаларында  2  өндірістік  объекті, 

Талдықорған және Қарағанды қалаларында 2 қалалық 

пошта байланысы тораптары ашылды.

Компанияда 

қызметтер 

сапасын 


жоғарылату 

мақсатында электрондық сауда алаңы – сатуды, сатып 

алуды  және  өткізім  арналарын  басқаруды  қосқанда, 

түрлі  салалар  үшін  электрондық  бизнес  үдерістерін 

автоматтандыруды  қамтамасыз  ететін  электрондық 

қызметтердің  кешенін  тапсырыс  берушілерге, 

жеткізушілерге  және  сауда  серіктестеріне  ұсыну 

арқылы  электрондық  сауданы  басқару  жүйесі 

құрылды.  ғаламтор-сауда-саттық  халыққа  үйге 

жеткізу арқылы бірегей тауарды сатып алу мүмкіндігін 

ұсынады.  Электрондық  сауда-саттықтың  елеулі 

артықшылықтарының бірі делдалдар санын азайтудан 

және  бизнесмендерге  реселлерлер  мен  делдал  ком-

панияларсыз тауарлар мен қызметтер өндірушілерден 

тұтынушыларға  дейінгі  тізбектегі  олардың  рөлінен 

тұрады. 


заманауи 

ғаламтор-технологиялар 

жеткізушілер мен тапсырыс берушілердің көлік және 

қойма фирмаларынан тәуелсіздігін азайтатын жеткізу 

тетігін  жетілдіруге  мүмкіндік  береді.  ғаламторда 

бизнес-үдерістерді аудару ақпараттық алмасудың ар-

зандауына әкеледі. 

Қазір  Компания  электрондық  алаң  шеңберінде  тау-

арларды  жылжыту  бойынша  толық  кезеңді  ұсына 

алады.  Бұл  ұсынылатын  тауарлар  мен  қызметтер 

туралы  ақпаратты  тұтынушыға,  тіпті  республиканың 

шалғай  аудандарына  дейін  жеткізуге,  сонымен 

қатар  таңдалған  тауарды  төлеуге  және  жеткізуге 

мүмкіндік  туғызатын  сайтта  электрондық  каталогты 

орналастыруға көмек. 

пошта 


бөлімшелерінің 

қызметкерлері 

сатып 

алушыларға ұнатқан тауарларын таңдауға көмектеседі 



және ыңғайлы төлем нысанын ұсынады. Тауарды са-

тып  алудың  осындай  тәсілі  сатып  алушылардың  да, 

жеткізушілердің де құқығын қорғауға мүмкіндік береді, 

өйткені  сатып  алу  және  төлеу  кестесі  айтарлықтай 

айқын. 

Электрондық  өтінімді  және  төлемді  алғаннан  кейін 



тауар  Компания  қоймасына  жеткізіледі,  сонан  соң 

жеткізу кепілі болып табылатын Компания тапсырыс 

берушінің тауарды алғаны туралы хабарламаны алы-

сымен, ақша жеткізушінің шотына аударылады және 

Компания қызметкерлері тауарды тапсырысқа сәйкес 

орап, соңғы тұтынушыға жеткізуге көмектеседі. 

32/33


Электрондық сауда алаңы деректері үнемі жаңарып, 

толықтырылып отырады, сайттың іздеу жүйесі қажетті 

ақпаратқа  оңай  қолжеткізу  мақсатында  жақсаратын 

болады. 


жылдамдығы

Қызметтер бойынша сапа саласындағы мақсаттарды, 

оның  ішінде  хаттарды,  сәлемдемелерді  қабылдау 

кезінде  1  клиентке  қызмет  көрсету  жылдамдығын 

бақылауды орындау қамтамасыз етілген.

пошта  жөнелтімдерінің:  жазбаша  хат-хабарлардың, 

сәлемдемелік  поштаның  өту  сапасының  белгіленген 

нормативтерін орындау қамтамасыз етілді. 

Жеткізу  мерзімдерін  қысқарту  және  шығындарды 

оңтайландыру  үшін  автомобиль  және  теміржол 

бағыттары ұйымдастырылған.

Автомобиль бағыттары

-   Алматы-Астана-Алматы – бұрыннан 

қолданыстағы № 45/46 теміржол бағытына 

баламалы

-   Астана-петропавловск-Астана – бұрыннан 

қолданыстағы №15/16 теміржол бағытына ба-

ламалы;

-   орал-орынбор (ресей) – орал.



Теміржол бағыттары

-   Астана-Ақтау-Астана-Алматы – бұрыннан 

қолданыстағы Алматы-Ақтау-Алматы теміржол 

бағытына баламалы;

-   Алматы-Астана-Ақтау-Астана-Алматы – жол 

бағытын ұйымдастыру пошта жөнелтімдері 

өтуінің бақылау мерзімдерін 2 күнге қысқартты.

қауіпсіздік

Компанияда  бүгінде  Қазақстанның  кедендік  шека-

расынан  адресатқа  жеткізілгенге  дейінгі  пошталық 

хат-хабарларын  өңдеу  жөнінде  қауіпсіз  жұмысқа 

бағытталған  сындарлы  шаралар  кешеніне  нақты 

ықпал  жасайтын  қауіпсіздік  жүйесінің  қалыптасу 

үдерісі аяқталуда. 

Транзиттік  пошта  әрқашан  ел  қауіпсіздігінің  жоғары 

назарында  болды.  Әлемдегі  соңғы  оқиғалар  және 

тұрақсыз жағдай қауіпсіздік және бақылау маманда-

ры  басқаратын  барлық  мүдделі  тараптар  желілерін 

біріктіретін  пошта  қызметінің  қауіпсіздігін  көтерудің 

қажеттілігінің айқын дәлелі. Қауіпсіздік – ұлттық по-

шта желісінің сенімділігі мен тұтастығын қамтамасыз 

етуге  мүмкіндік  беретін  Компанияның  маңызды 

құрамдас жүйесі. 

Компания  жосықсыз  бәсекелестіктен  заңға  қайшы 

әрекеттерді қорғау міндеттерін шешу тәртібі мен та-

лаптарын,  негізгі  бағыттарын  анықтауда  Компания 

көзқарасының  толық  негізделген  жүйесінен  тұратын 

қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірледі. 

пошта  желісі  кәсіпорындары  мен  өңірлік  пошта 

қауіпсіздігі  бөлімшелерін  техникалық  жарақтандыру 

жөнінде мақсатты және тұрақты жұмысты жүзеге асы-

рады. Компанияның қауіпсіздік тұжырымдамасын іске 

асыру жоспарында пошталық, қаржылық мүдделерін 

және персоналды қорғау бойынша маңызды қадамдар 

жасалады. Жұмыскерлер жеке қорғау құралдарымен 

жабдықталады, 

қауіпсіздік 

және 

қорғаудың 



техникалық  құралдарымен  орталықтандырылған 

жабдықтау  жоспарлануда,  сенімді  қорғау  жүйесі 

құрылады. Дағдарыс жағдайларын басқару саласында 

бастаманы кеңейту оң нәтижелер береді, нәтижесінде 

клиент  қауіпсіздік  толық  қамтамасыз  етілген  кезде 

жөнелтімді алатын болады. 

Ақпарат пен ақша ерекше қорғауды талап ететіндіктен, 

қазіргі  кезде  пошта  жұмысына  күрделі  ақпараттық 

технологиялар  жедел  қарқынмен  енгізіліп,  өңделген 

ақпараттар  көлемі  ұлғаюда,  алдыңғы  қатарлы 

халықаралық  тәжірибені  белсенді  түрде  меңгеруде. 

Несие  беру  және  трансфер-агенттік  қызметтерді 

көрсету жөнінде агенттік келісімді іске асыру кезінде 

Компания  тап  болатын  коммерциялық,  қаржылық 

тәуекелдерді уақтылы анықтап, азайту, ресурстарды 

пайдалану  тиімділігіне  бағытталған  филиалдардың 

қауіпсіздік  бөлімшелерінің  жұмысы  тұрақты  түрде 

талданады. 

пошташыларды  озбырлықтан  қорғау  мақсатында 

арнайы  көкірекшелер  сатып  алынды.  Аэрозоль-

ды  құралдар  –  газ  баллондары  қолданылады. 

Ұйымдастырылған іс-шаралар ішінде зейнетақылар мен 

жәрдемақыларды жеткізушілермен бірге әрекет ететін 

учаскелік  полиция  және  әкімдік  қызметкерлерінің 

айтарлықтай көмегін атап өтуге тура келеді. 

Компания  жүйесінде  құқық  бұзушылыққа  және 

қылмысқа қарсы әрекеттің нақты жолы жаңа техноло-

гиялар мен өндірістік үдерістерді жетілдіру жоспарын-

да басқа құрылымдық бөлімшелермен тұрақты өзара 

әрекеттен  тұрады.  Компания  қауіпсіздігін  ойдағыдай 

қамтамасыз ету тек қауіпсіздік проблемаларын шешу-

де кешенді ыңғайға және олардың тәжірибе жүзінде 

қалай шешілетіне байланысты. 

Қазіргі таңда Компания қауіпсіздігі мәселелерін шешу-

де  филиалдардың  объектілерін  жабдықтау  бойынша 

техникалық  қызмет  көрсету;  жабдыққа  техникалық 

қызмет  көрсету;  күзетшілердің  арнаулы  киімдерін, 

сейфтерді,  металл  шкафтар  мен  қобдишаларды  са-

тып алу; өрт сөндіру құрал-саймандарын сатып алуды 

жеткіліксіз қаржыландыру әлсіз буын болып қалады. 

пошта  саласы  жүйесінде  құқық  бұзушылықтар  мен 

жымқырудың алдын алуға бағытталған проблемалар-

ды шешпей, тиімді пошта-жинақтау жүйесін жасақтау 

мүмкін  емес.  Қауіпсіздік  саласы  өз  жұмысында 

көптеген заманауи техникалық құралдарды қолдануда, 

бірақ  Компанияның  пошта  қауіпсіздігінің  жалпы 

корпоративтік деңгейі түбегейлі өсті деп ешкім растай 

алмайды.  Адам  факторы  қауіпсіздік  жүйесінің  жал-

пы  сенімділігін  белгілеуші  болып  қалады.  Компания 

кадрларды  таңдау  кезінде  үміткерлердің  қысылтаяң 

жағдайларда  жұмыс  істеу  қабілеттілігіне,  кәсіби 

тәжірибесі мен дағдыларына, мәселелерді шешу жол-

дарын  таба  білуіне  көңіл  бөледі.  Компания  одан  әрі 

өзінің біліктілік деңгейін жоғарылатып, жұмыс тәсілін 

жетілдіретін  және  өңірлердегі  өз  жұмыскерлерінің 

біліктілік деңгейін көтеретін болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет