нЕсиЕлЕр нАрығы
2012 жыл бойы несие нарығында сапалы параметрлер
туралы банктердің зерттеулеріне сәйкес корпоративтік
сектор және жеке тұлғалар тарапынан несие ре-
сурстарына сұраныс жоғарғы деңгейде сақталды.
Бұл ретте корпоративтік сектор тарапынан жоғары
деңгейдегі сұраныс қолданыстағы бизнесті қолдауға
бағытталған.
Тұтынушылық несиелерге жеке тұлғалар тарапынан
сұраныстың өсуі экономикалық жағдайдың жақсаруы,
несиелерді алу туралы өтінімдерді қарастыру
мерзімдерін қысқарту нәтижесінде халықтың төлемге
қабілеттілігін қалпына келтірумен және банктердің
несиелік саясатындағы кейбір жеңілдіктермен
түсіндірілді. Сонымен бірге, банктердің қарыз беру
қоржынының сапасы оларды жақсарту үшін банктердің
қолданған шараларына қарамастан төменгі деңгейде
сақталады.
Банктердің бағалауы бойынша несие беру
саласындағы 2012 жылғы басты оң оқиға банктер
арасында бәсекелестіктің едәуір өсуін атап өтуге
болады, нәтижесінде несиелер қолжетімділігінің
өсуі мен құнының аздап төмендеуі байқалды. Тұтас
алғанда, банктік секторда несие берудің өсуі нарықта
қолжетімді өтімділік көлемдеріне, сонымен қатар оның
пайда болуының мүмкін болатын көздеріне байланы-
сты болады.
Компания 2013 жылы негізінен жеке тұлғаларға
арналған KazСard төлем карточкалары бойынша
өзінің несиелік өнімдерін шығаруды және осылайша,
аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде
тауашаға ие болуды жоспарлайды.
төлЕмдЕр мЕн АудАрымдАр
2012 жылы еліміздегі қолма-қол ақшасыз төлемдер
көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға (13,4 трлн.
теңгеге) ұлғайып, 255,0 трлн. теңгені (1 710,2 млрд.
АҚШ долл.) құрады. оның ішінде қолма-қол ақшасыз
төлемдердің жалпы көлемінен ұлттық төлем жүйелері
(Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық
клиринг жүйесі) арқылы 170,7 трлн. теңге, Аван-
гард Plat бөлшек төлемдер жүйесі арқылы 15,7 млрд.
теңге аударылды. Жеке және заңды тұлғалардың
халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы
248,2 млрд. теңге аударылды. Қазақстан банктері
мен олардың клиенттері Қазақстан банктері арасын-
да ашылған теңгедегі корреспонденттік шот арқылы
еліміз аумағында 1,4 трлн. теңге, банктер арасында
ашылған корреспонденттік шот арқылы шетелге 81,9
трлн. теңге жіберді. Төлем карточкаларын пайда-
лану арқылы 769,4 млрд. теңге сомасында тауарлар
мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер
жүргізілді.
Нарық дамуының келешегі зор бағыттарының бірі
«Электрондық ақшалар» қызметі болып табылады.
«Электрондық ақшалар» ғаламторда тауарлар мен
қызметтерді төлеуді жүзеге асыру кезінде ыңғайлы.
Төлем үдерісі сол сәтте жүзеге асырылады, ақша
төлемшіден алушыға бір сәтте ауысады, қолма-
қол ақша ұстаудың қажеті жоқ. Сандық қолма-қол
ақша қауіпсіздік, жасырындық, жылдамдық, бөлу,
мерзімсіздік сияқты көптеген артықшылықтарға ие.
Қазақстанда электрондық ақшалар дамуының
келешегі зор, жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктермен
қатар банктік карточкамен салыстырғанда басты
бәсекелестік артықшылықтардың бірі оларды са-
тып алудың шапшаңдығы мен жеңілдігі, тауар мен
қызмет үшін төлем жүргізудің жылдамдығы және
комиссиясының аздығы.
Компанияға сондай-ақ аудан орталықтарынан
және кішігірім қалалардан төмен елді мекендердегі
электрондық коммерцияны дамытуға арналған
электрондық ақша эмитенттері қатарына кіру қажет.
трАнсФЕр-АгЕнттіК қызмЕт
Бірыңғай трансфер-агенттік желінің артықшылығы
өңірлік және қаржы орталықтарында қаржы
қызметтерін тұтынушылар үшін тең жағдай жасауды,
мәмілеге қатысушылар үлкен қашықтыққа бөлінген
кезде бағалы қағаздармен операциялық өзіндік
құнының азаюын білдіреді. Бұл жағдайда трасфер-
агенттік желілер қызметін төлеу филиалдарды неме-
се өкілдіктерді құру мен ұстау бойынша шығындарға
қатысты айтарлықтай тартымдырақ болып табылады.
Трансфер-агенттік желі Қр заңнамаларының барлық та-
лаптарын сақтау арқылы бағалы қағаздар нарығының
кәсіби қатысушылары мен оның клиенттері арасында
құжаттар мен ақпаратты тез және тиімді табыстауды
қамтамасыз ете алады.
2012 жылы Компания «Бірыңғай бағалы қағаздар
тіркеушісі» АҚ, «Асыл-Инвест» АҚ, «АТф финанс»
АҚ компанияларымен трансфер-агенттік қызметтер
көрсету туралы 3 жаңа шарт жасасты.
2012 жылы қабылданған және жіберілген бұйрықтардың/
клиенттік тапсырыстардың/шарттардың көлемі 44
680 дананы құрайды. 2012 жылы трансфер-агенттік
қызметтер көрсетуден түсетін табыс 1 329 300 теңгені
құрады.
«Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы
жылғы 6 қарашадан бастап 5 желтоқсан аралығында
«Қазақстанның қор биржасы» (KASE) АҚ сау-
да жүйесінде «КазТрансойл» АҚ жай акцияларын
бастапқы орналастыру жүргізілді.
Еліміз бойынша кең бөлімше желілеріне ие бола от-
ырып, Компания «Халықтық IPO» бағдарламасының
негізгі операторы болып табылады. Бағдарлама
шеңберінде трансфер-агенттік пункттер саны 17-ден
3049-ға дейін ұлғайды. «Халықтық IPO» бағдарламасын
іске асыруға қатысуға даярлық үш бағытта жүргізілді:
кадрларды дайындау, техникалық жарақтандыру және
ақпараттық-жарнамалық өнімдер шығару.
Ашық брокерлік шоттардың жалпы саны 20 365
шоттан тұрады. орналастыру кезеңінде Компания
«Қазақстанның қор биржасы» АҚ-ға жалпы сомасы 5
141,3 млн. теңгеге толық қанағаттандырылған 19 958
клиенттік тапсырыстар берді.
5.13. инвЕстициялық қызмЕт
Компанияның инвестициялық саясатының негізгі
қағидаттары болып табылады:
- стратегиялық мақсаттарды инвестициялық
шешімдер қабылдау үдерісіне біріктіру;
- инвестициялық
шешімдер
қабылдауда
инвестициялық бағалау құралдарын пайдалану;
- инвестициялық қызметті басқару кезінде
жобалық басқару рәсімдері мен құралдарын пай-
далану;
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
- Компанияның инвестициялық қызметі нәтижесіне
басшылардың жауапкершілігі және бюджеттік
бақылау теңгерімі;
- инвестициялық қызметтің нәтижелерін бақылау,
бағалау және талдау міндеттілігі.
Компания 2012-2015 жылдарға арналған даму страте-
гиясы шеңберінде келесі жобаларды іске асыруға 10
млрд. теңгені инвестициялауды жоспарлайды:
52/53
2012-2015 жылдарға арналған инвестициялық жобалар
Атауы
Мақсаты
Қысқаша мазмұны
Іске асыру
мерзімі
«EMS-Kazpost»
шабармандық
қызмет
филиалын бөлу
- сервисті жақсарту және жеткізу мерзімдерін
қысқарту есебінен, шабармандық және
жедел жөнелтімді жеткізу бойынша
қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру;
- шабармандық және жедел пошта
қызметтерінің табыстарын көбейту;
Нарықты өздігінен игеру
және мамандандырылған
өндірістік үдерістерді
жөнге келтіру үшін «EMS-
Kazpost» шабармандық
пошта филиалын бөлу
2012-2014
жылдары
Мобильді
Postman
- қашықтық мобильді қызмет көрсетудің
ұсынылатын қызметтерінің спектрін кеңейту
арқылы табыстылықты көтеру;
- көрсетілетін қызметтер сапасын бақылауды
жақсарту;
Ауылдық жерлерде
тұратын халыққа арналған
қызметтерді көрсету.
2012-2014
жылдары
Жылжымалы
құрам мен
автокөлік
құралдарын
жаңарту және
кеңейту
- автокөлік құралдары мен пошта вагонының
ескірген паркін кезең бойынша жаңарту;
- пошта жөнелтімдерін жіберудің бақылау
мерзімдерін сақтау;
пошта тасымалдау жиілігін
орындауды қамтамасыз
етуге, жылдамдық және
жүйелілік деңгейіне
қатысты белгіленген сапа
параметрлерін сақтау үшін.
2012-2015
жылдары
5.14. инновАциялық дАму
Қоғамның инновациялық қызметі және «Қазпочта»
АҚ 2015 жылға дейінгі Инновациялық стратегиясының
іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде есепті
кезеңде келесі құжаттар әзірленіп, бекітілді:
1. Қоғамның инновациялық-технологиялық сая-
саты Қоғам дамуына мүмкіндік туғызатын
инновацияларды құруға және идеяларды
басқаруға арналған қызмет бағыттары мен
мақсаттарының негізгі ұстанымдарын ескере
отырып жасақталатын және жүзеге асырылатын
инновациялық саясат;
2. Мақсаты шешімдер мен идея инкубаторы WEB
деңгейінде ұсыныстар жүйесін құру арқылы иде-
яларды басқару жүйесін енгізу болып табылатын
инновациялық қызмет туралы ереже.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың ережелерін
орындау мақсатында Компания келесі жұмыстарды
жүргізді:
- жұмыскерлердің
шығармашылық
әлеуетті
пайдалану мүмкіндігін алуы, өнертапқыштық
ұсыныстарды жасақтау және идеяларды туды-
ру үшін бастамалық ұсыныстар сайты құрылып,
бүгінгі күні өнертапқыштық ұсыныстар бойынша
19 өтінім түсті;
- Компанияның жеке зерттеу әлеуетін дамыту
және инновациялық инфрақұрылымды құру
мақсатында перспективалы технологиялар зерт-
ханасы құрылды.
осы зертхана 2012 жылы келесі жұмыстарды
жүргізді:
- Мұнайгаз инжинирингі және ақпараттық техно-
логиялар институты, Қазақ-Британ техникалық
университеті, М.Тынышпаев атындағы Қазақ
көлік және коммуникациялар академиясы сияқты
жоғарғы оқу орындарымен ғылыми-зерттеу
жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумдар
жасалды;
- «Самұрық-Қазына»
АҚ
ұйымдастырған
«Инновациялық Қазақстан» байқауына бейінді
технологиялық тапсырма дайындалды.
«Freephone (ұялы телефонияның қолайлы қызметі),
«Инфо-логистикалық жүйелерді қайта құру»,
«Биометриялық пайдаланушыны сәйкестендіру
жүйесін енгізу», «Электрондық құжат айналымы
жүйесі», «SMS хабарлама», «SMS арқылы сапаны
бағалау» пошта және қаржы қызметтерін жетілдіру
бойынша инновациялық жобалар мақұлданды.
5.15. тАсымАлдАу
пошта жабдықтары мен автокөлік
құралдарының паркі
Технологиялық және автомобиль көліктері паркін
жаңарту үшін 2012 жылы 269 бірлік көлік құралдары
сатып алынды, бұл 2009-2011 жж. салыстырғанда 6,4
есеге көп.
2012 жылы 2007 бірлік пошта жабдықтары сатып
алынды, бұл 2009-2011 жж. сатып алудан 2,7 есеге
(718 бірл.) көп.
республиканың жерүсті жолдары қатынасының
негізгі желісін автомобиль жолдары (93,6 мың км.)
құрайтынын ескерсек, облыс және аудан ішіндегі по-
шта жөнелтімдерін тасымалдау негізінен автомобиль
көлігімен жүзеге асырылады. Компания республиканың
логистика қызметтері нарығында бәсекеге қабілетті
болу үшін көлік құралдары паркіне қолдау көрсетіп,
жоспарлы түрде дамытуға және жақсартуға тиіс.
Технологиялық және автомобиль көліктері паркін
жаңарту үшін 2012 жылы 269 бірлік көлік құралдары
сатып алынды, бұл 2009-2011 жж. салыстырғанда 6,4
есеге (42 бірл.) көп.
пошта тасымалдау және бақылау мерзімі
Қазіргі таңда теміржол көлігі Қр магистралды бағыттар
бойынша пошта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде
басымдылық жағдайға ие. пошта жөнелтімдерінің
жұмыс істейтін паркі (60 бірлік) Астана, Алма-
ты қалалары және барлық облыстық орталықтар
аралығындағы үздіксіз күнделікті байланысты
қамтамасыз ететін 14 жол бағытында жұмыс істейді.
облыс және аудан ішіндегі пошта жөнелтімдерін
тасымалдауды 1533,4 автомобиль маршруттары
(оның ішінде, 1066 ведомстволық, 527 жалдамалы)
қамтамасыз етеді.
Ұзақ жылдар бойы хат-хабарлардың өту және мерзімді
басылымдарды жеткізу мерзімдерін қысқарту үшін по-
шта жөнелтімдерін 44 әуе жол бағыты бойынша әуе
көлігімен тасымалдау қамтамасыз етіліп келеді.
пошта тасымалдау жиілігінің белгіленген нормативі
бойынша орындау төмендегіні құрады:
- магистральды маршруттарда (облыс орталықтары
арасында) – күнделікті норматив кезінде 100%;
- облыс ішіндегі маршруттарда (облыс орталығынан
АпБТ-ға дейін) – аптасына 4 рет норматив кезінде
100%;
- аудан ішіндегі маршруттарда (аудан орталығынан
АпББ-ға дейін) – аптасына 2 рет норматив кезінде
99,3%.
01.01.2013 жылғы жағдайы бойынша тасымал-
дау жиілігі облыс орталығынан АпБТ-ға 5 рет
тасымалданған жағдайда 97,8%-ды, оф-дан ҚпБТ-ға
орташа тасымалдау жиілігі – 5,9 рет, оф-дан АпБТ-ға
– 5,5 рет, АпБТ-дан АпББ-ға дейін – 3,8 рет.
пошта жөнелтімдерінің өту мерзімін сақтау және кли-
енттер тарапынан бақылау мерзімдерінің бұзылуына
шағымданудың алдын алу үшін 2012 жылы жаңа
магистральді теміржолдарды оңтайландыру және ашу
бойынша жұмыстар жүргізілді:
- Алматы-Тараз-Шымкент-Қызылорда – пошта
вагондарының жүру жолындағы көрсетілген
облыс орталықтарынан, сонымен қатар Ақтөбе
торапты станциясынан Атырау, Ақтау, орал
қалаларына (маршрут мекеме көлігімен орында-
лады) ІгпЖ уақтылы жөнелтуді қамтамасыз ету
үшін Батысқа қарай жүретін пошта вагондарына
тиеу мақсатында;
- Алматы-Астана-Алматы – бұрыннан жүретін №
45/46 теміржол маршрутына балама;
- Астана-петропавловск-Астана
–
бұрыннан
жүретін №15/16 теміржол маршрутына балама;
- орал-орынбор-орал.
Нәтижелері автомобиль көлігін магистральді (облы-
стар арасындағы) маршруттарда пайдаланудың тиімді
екенін көрсетті, коммерциялық жүк көлемін көбейту
арқылы көлікке жүк тиеу пайызын пайдалану тиімділігі
көтеріледі, бұл ретте айрықша жүк болып пошта жүгі,
жеке және заңды тұлғалар жөнелтімдері санала-
ды. Автомобиль көлігін пайдалану жылына 10 мил-
лион теңгеге дейін пошта тасымалдауға қаражатты
үнемдеуге және пошта тасымалдау жиілігін ұлғайтуға
мүмкіндік береді.
Сондай-ақ,
Алматы-Астана-Ақтау-Астана-Алматы
маршруты (3/4, 37/38) бұрын жұмыс істеген Алматы-
Ақтау-Алматы (377/378) маршрутына баламалы түрде
ұйымдастырылды, бұл клиенттердің кетуін тоқтатуға,
«оңтүстік» АЛо, Астана қ. пББ, Солтүстік Қазақстан,
Ақмола, павлодар, Қостанай филиалдарынан және
транзиттік торап – Ақтөбе оф-дан Ақтауға дейін ІгпЖ
үздіксіз тиеу мен тасуды ұйымдастыруға және бақылау
мерзімдерінің бұзылуына клиенттердің шағымдарының
туындауын алдын алуға мүмкіндік туғызды.
Мерзімді баспа басылымдарын жеткізу мерзімдерін
қысқарту мақсатында оларды Астана-Щучинск-
Көкшетау маршруты бойынша электр пойызымен тасы-
малдау ұйымдастырылды, бұл көрсетілген қалаларда
орталық республикалық газеттерді уақтылы жеткізуге
мүмкіндік береді.
5.16. жЕКЕ жәнЕ қАрыз
КАпитАлы
Компания қауіптен қорғау мақсатында капиталдың
жеткіліктілігі деңгейін белсенді басқаруды жүзеге асы-
рады.
Компания үшін капиталды басқарудың негізгі
мақсаты акционерлік құнын көбейту және қызметті
жүзеге асыруға қажетті капиталға қатысты сыртқы
талаптардың сақталуын қамтамасыз етуден тұрады.
Компания өз капиталының құрылымын басқарады және
қызметтің түрлерін жүзеге асыратын тәуекелдер сипат-
тамаларына және экономикалық жағдайға өзгерістер
түрінде түзетеді. Өткен жылмен салыстырғанда ка-
питалды басқару мақсаттарында, саясатында және
рәсімдерінде өзгерістер болмады.
2012 жылғы 31 желтоқсандағы және 2010 жылғы
жағдайы бойынша Компанияның жеке құралдарының
жеткіліктігі коэффициенті және ағымдағы өтімділік
коэффициенті нормативтен асқан жоқ (2012 жылғы
қаржы есептілігін қараңыз).
«Қазпочта»
АҚ
инвестициялық
жобаларды
қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерден
ұзақ мерзімді қарыз алу жөнінде жұмыстар жүргізеді.
2012 жылғы екінші деңгейдегі банктерден алған ұзақ
мерзімді қарызының жалпы сомасы 1 700 млн. теңгені
құрайды.
Капитал түрі
2 010
2 011
2 012
Жеке
8 598
9 212
9 280
Қарыз
24 599
30 927
36 845
Жиынтығы:
33 197,00 40 139,00
46 125
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
5.17. сАтып Алуды
ұйымдАстыру
«Самұрық-Қазына» АҚ тобының электрондық са-
тып алу жүйесіне көшуі тауарларды, жұмыстар мен
қызметтерді сатып алу кезінде әкімшілік шығындарды
және бағаны айтарлықтай азайтуға, жеткізушілермен
өзара қарым-қатынастың айқындылығын ұлғайтуға,
сатып алуға бақылау орнатуға, сонымен қатар сатып
алуды жүзеге асыру кезінде адам факторына ықпалды
азайтуға жағдай жасайды.
Компанияның тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді
сатып алуды жүргізуі «Самұрық–Қазына» АҚ Дирек-
торлар кеңесінің 26.05.2012 жылғы №80 шешімімен
бекітілген меншік немесе сенімді басқару құқығымен
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының және
дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің)
елу және одан да көп пайыздары «Самұрық–Қазына»
АҚ тікелей және жанама түрде жататын заңды
тұлғалардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді
сатып алу қағидаларымен және отандық тауар
өндірушілер, отандық кәсіпкерлер және қызметтер мен
жұмыстарды көрсетушілер үшін белгілі бір жеңілдіктер
мен басымдықтарды қарастыратын «Қазпочта» АҚ-
да тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу
тәртібімен реттеледі.
2012 жылдың қорытындысы бойынша жасалған
шарттардың жалпы саны 2352 дананы, жеткізілген
тауарларды, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген
қызметтердің жалпы сомасы 7,9 млрд. теңгені,
жергілікті (қазақстандық) қамтудың нақты сомасы 4,5
млрд. теңгені құрайды. 2012 жылғы жасалған шарттар
бойынша Компанияның сатып алудағы жергілікті қамту
үлесі 57%-ды құрайды, 2013 жылы 59% деңгейінде
күтіледі.
жасалған шарттар құрылымы
Тауарлар
52%
Қызметтер
37%
Жұмыстар
11%
жергілікті (қазақстандық) қамту
көрсеткіштері, %
Жоспар
2012
факт
2008
Жоспар
2013
2014
2015
57
57
59
61
65
2012 жылғы қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ
электрондық сатып алу жүйесін іске қосты. 2012
жылғы 27 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ
Басқармасы бекіткен кестеге сәйкес «Самұрық-
Қазына» АҚ тобының 2013 жылдың 1 жарты
жылдығында электрондық сатып алу жүйесіне көшуі
қарастырылуда. осыған байланысты, Қоғам 2013
жылғы 31 қаңтардан бастап баға ұсыныстарын сұрау
тәсілімен электрондық сатып алуға көшуді жоспар-
лайды, 2013ж. 30 сәуірден бастап ашық тендер
тәсілімен электрондық сатып алуды жүргізу 50%-дан
кем емес көлемде, 2013 жылғы 30 маусымнан бастап
100%-ға дейінгі көлемде жоспарланған.
Электрондық сатып алу жүйесін енгізу тауарлар-
ды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде
әкімшілік шығындарды және бағаны айтарлықтай
азайтуға, жеткізушілермен өзара қарым-қатынастың
айқындылығын ұлғайтуға, сатып алуға бақылау
орнатуға, сонымен қатар сатып алуды жүзеге асыру
кезінде адам факторына ықпалды азайтуға жағдай
жасайды. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тура-
лы мәліметтер барынша ашық және айқын болады.
Есепті кезеңде қауымдастық еркіндігін пайдалануда
және ұжымдық келіссөздер жүргізуде жеткізушілерге
қатысты қауіп-қатерлер мен құқық бұзушылықтар
тіркелген жоқ.
5.18. жЕтКізушілЕрмЕн
жәнЕ мЕрдігЕрлЕрмЕн
өзАрА іс-әрЕКЕт
Жеткізушілермен және мердігерлермен өзара іс-
әрекет Сатып алу қағидасымен регламенттеледі.
Сатып алудың ішкі рәсімдерін егжей-тегжейлеу
және тауарларды сатып алып, жеткізуге қатысты
құрылымдық бөлімшелер арасында жауапкершілікті
белгілеу мақсатында «Қазпочта» АҚ-да тауарлар-
ды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру тәртібі қолданылады.
54/55
Сондай-ақ,
Компанияда
Тапсырыс
беруші
мен Жеткізушінің құқықтары мен міндеттерін
қарастыратын
тауарларды,
жұмыстар
мен
қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарттар
әзірленді.
5.19. тАриФтіК
сАясАт
қазіргі таңда Компания қызметтерді нарық
механизмдерінің бірнеше түрінде, атап
айтқанда табиғи монополиялар, монополистік
бәсекелістік
және
еркін
бәсекелістік
нарықтарында көрсетеді.
Компания табиғи монополиялар саласында жай хат-
тарды, пошта карточкаларын және бандерольдерді
жіберу бойынша жалпыға қолжетімді пошта байланысы
қызметтерін көрсетеді. Жалпыға қолжетімді пошта бай-
ланысы қызметтерінің тарифтерін Қр «Табиғи монопо-
лиялар және реттелетін нарық туралы» заңына сәйкес
Қр Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс
және ақпараттандыру комитеті тұлғасындағы уәкілетті
орган реттеп, бекітеді.
2012 жылы Компания жалпыға қолжетімді пошта бай-
ланысы қызметтеріне тарифтерді көтеру туралы өтінім
беріп, Қр Көлік және коммуникация министрлігінің
Байланыс және ақпараттандыру комитеті өтінімді
мақұлдады. осы тарифтер бекітіліп, 2012 жылғы 1
қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |