3.9. өңірлЕргЕ КөрсЕтілЕтін
қызмЕттЕрдің әлЕумЕттіК-
ЭКономиКАлық мәнділігі
Бүгінде пошта байланысы келешегі мол, серпінді
дамып келе жатқан Қазақстанның ең әлеуметтік
маңызды салаларының бірі. Компания еліміздің ба-
рынша шалғай аудандарын қамтитын кең желіге ие.
пошта осы кезге дейін еліміз тұрғындарының, әсіресе
пошта бөлімшелері ақпараттық орталық болып табы-
латын ауылдық жерлердегі халықтың сенімінен шығып
келді. пошта саласына «халық өкілеттігін» қайтару -
жақын арадағы стратегиялық міндеттердің бірі.
Компанияда
ауылдық
жерде
пошта-қаржы
қызметтерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені
«электрондық үкімет» қызметінің қарқынды енгізілуіне
қарай ауылдық пошта бөлімшелерінің ғаламтор пай-
даланушылары қатары өсетін болады.
Ауылдық жерлердегі пошта-қаржылық сектордың
одан әрі дамуына қарай оның кез-келген тұрғыны
«нақты» жөнелтімді жөнелте алады немесе ала ала-
ды, «электрондық үкімет» сервисімен мәселені шешіп,
электрондық сауда-саттық порталы арқылы тапсырыс
бере алады.
осы арқылы мемлекет ішкі саясатта маңызды мәнге
ие ауылдық жерлердегі барлық қажетті қызметтерге
кепілдік береді. осылайша, мемлекеттің әлеуметтік
миссиясы орындалады, яғни ауыл тұрғындары
еліміздегі ірі қалалардың тұрғындарына қолжетімді
мүмкіншіліктерге ие болады.
Компания әлеуметтік жауапкершілікті көтеру
мақсатында шалғайдағы ауылдарға бара алатын және
сол жерлерде қызметтердің барлық спектрін көрсете
алатын пошта байланысының арнаулы жылжыма-
лы бөлімшелерін енгізді. Бұл шалғай ауылдардағы
көптеген
қаржы
институттарының
шектеулі
қолжетімділігі жағдайында Компанияның маңызды
әлеуметтік мәнін одан әрі растайды.
2012
жылы
Компания
«Халықтық
IPO»
бағдарламасының операторы болды, бұл республика
халқының Қазпошта бөлімшелерінде ұлттық компа-
ниялар акцияларын сатып алуына мүмкіндік берді.
Компания тармақталған филиалдық желісінің
арқасында тек байланыстың базалық және әмбебап
құрылымына айналып қана қоймай, халыққа
мемлекеттік қызметтердің кең спектрін көрсетеді, мы-
салы зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша.
пошта бөлімшелерінде «электрондық үкімет» порта-
лынан ресми басып шығарылған және куәландырылған
құжатты: анықтама, сұрауға жауап, сот шешімін және
тағы басқаларды алуға болады.
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
Ауылдық жерлерде әлеуметтік маңызды қызметтерді
көрсетуді одан әрі жақсарту үшін Компания-
да «Мобильді Postman» жобасы енгізілуде, жоба
көрсетілетін қызметтердің жұмысына бақылау мен
сапаны көтеруге, шабармандардың атқарымдық
мүмкіндіктерін
кеңейтуге
негізделеді.
Жоба
міндеттерінің бірі ауылда тұратын әлеуметтік
қорғалмаған тұрғындар үшін ең жоғары азық-түлік
желісін ұсыну болып табылады. Қашықтық мобилді
қызмет көрсету қызметтерін пайдалану клиентке
қолайлылық пен уақыт үнемділігін қамтамасыз етеді,
өйткені операцияны жүргізу үшін пошта байланы-
сы бөлімшесіне барудың қажеті болмайды. Клиент
қосымша қаржылық және уақытша шығындарсыз,
өзіне ыңғайлы форматта және орында пошталық
және банктік қызметтердің қажетті жиынтығын ала-
ды. Қызмет көрсетудің осындай түрін енгізу қатысу
нүктелерін дамыту міндетін шешуге көмектеседі және
қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
3.10. сАлАның рЕттЕуіш
ортАсынА шолу
пошта қызметі саласындағы негізгі заңнамалық
актілері:
1) Қазақстан республикасы Конституциясы;
2) Қазақстан республикасының «почта туралы»
заңы;
3) Қазақстан республикасының «Байланыс тура-
лы» заңы;
4) Қазақстан республикасының «Акционерлік
қоғамдар туралы» заңы;
5) Қазақстан республикасының «Табиғи монополи-
ялар және реттелетін нарықтар туралы» заңы;
6) Қазақстан республикасы үкіметінің 31.12.2003
жылғы № 1386 «Қазақстан республикасының
Ұлттық пошта операторы туралы» қаулысы;
7) Қазақстан республикасы үкіметінің 20.12.1999
жылғы № 1940 «республикалық мемлекеттік
пошта байланысы кәсіпорны мен оның еншілес
мемлекеттік кәсіпорындарын қайта құру тура-
лы» қаулысы;
8) Қазақстан республикасы үкіметінің 16.01.2012
жылғы № 72 «пошта байланысы қызметтерін
көрсету және пошта жөнелтімдеріне пошталық
мөрқалып басу қағидаларын бекіту туралы»
қаулысы.
3.11. лицЕнзиялАр турАлы
АқпАрАт
Компания қызметі келесі негізгі лицензиялармен
регламенттеледі:
- 2006 жылғы 27 ақпандағы келесі банктік опе-
рацияларды ұлттық және шетел валютасында
жүргізуге: жеке тұлғалардың банктік шоттарын
ашу және жүргізу, депозиттерді қабылдауға
берілген № 14 лицензия;
- 2006 жылғы 12 мамырдағы трансфер-агенттік
қызметпен айналысуға берілген № 001 лицен-
зия;
- 2004 жылғы 03 ақпандағы атаулы ұстаушы ретінде
клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен
бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік
қызметпен айналысуға берілген № 0401200704
лицензия;
- 2011
жылғы
28
қаңтардағы
сериялы
есуастандырғыш заттар айналымына байланысты
қызметпен айналысуға берілген PV № 000001/11
мемлекеттік лицензия;
- 2011 жылғы 28 қаңтардағы прекурсорлар айналы-
мына байланысты қызметпен айналысуға берілген
P № 000577/10 сериялы мемлекеттік лицензия;
- 2011 жылғы 28 қаңтардағы есірткі заттар айналы-
мына байланысты қызметпен айналысуға берілген
NS № 000001/11 сериялы мемлекеттік лицензия.
3.12. мЕншіК жәнЕ ұйымдық-
құқықтық нысАн сипАты
Компания Қазақстан республикасы үкіметінің 1999
жылғы 20 желтоқсандағы № 1940 «республикалық
мемлекеттік пошта байланысы кәсіпорны мен оның
еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта құру ту-
ралы» қаулысына сәйкес құрылды.
Компания акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық
нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады
және Қазақстан республикасы заңнамасына, Ком-
пания Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексі
ережелеріне және ішкі құжаттарға сәйкес өз қызметін
жүзеге асырады.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік
қоғамы Жалғыз акционер болып табылады.
18/19
Аты
тіркелген орны
негізгі қызметі
иелену үлесі
2012
2011
«Электронпост.kz (кз)»
ЖШС
Қазақстан
республикасы
полиграфиялық және баспа
қызметі
100%
33,3%
«Kazpost GmbH» БК ЖШҚ
германия
федеративтік
республикасы
пошта - логистика қызметі
50%
50%
4.1. Директорлар кеңесі
4.1.1. Директорлар кеңесі мүшелерінің қызметтік тізімі
4.1.2. Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін іріктеу критерийі
4.1.3. Директорлар кеңесінің 2012 жылғы мәжілістері
4.1.4. Директорлар кеңесінің жұмысы туралы есеп
4.1.5. Директорлар кеңесінің комитеттері
4.1.6. Жалғыз акционердің пікірін Директорлар кеңесінің есепке алуы бойынша қабылданған шаралар
4.2. Ішкі аудит қызметі
4.3. Басқарма
4.3.1. Басқарма мүшелерінің қызметтік тізімі
4.3.2. Басқарма төрағасын іріктеу критерийі
4.3.3. Басқарма жұмысы туралы есеп
4.4. Директорлар кеңесі мен оның Комитеттерінің, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің қызметін бағалау
4.5. Жоғарғы басшылыққа сыйақы беру
4.6. Жанжалдарды басқару
4.7. Сапаны басқару
4.8. Тәуекелді басқару
4.9. Ішкі бақылау жүйесі
4.10. Мүдделі тұлғалармен өзара іс-әрекет
4.11. Ақпараттық саясатты іске асыру
КорпорАтивтіК
бАсқАру
4
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
КоМпАНИяНың КорпорАТИВТІК БАСҚАру ДЕңгЕйІ
ӘЛЕМДІК ТӘЖІрИБЕгЕ ЖАҚыНДАй ТүСТІ. КоМпАНИяДА
оНы ӘрІ ҚАрАй ЖЕДЕЛ ДАМыТу үШІН БАрЛыҚ ЖАғДАй
ЖАСАЛғАН. КорпорАТИВТІК БАСҚАруДың ӘЛЕМДІК
СТАНДАрТТАрғА ЖАҚыНДығы КоМпАНИяНың ДАМу
СТрАТЕгИяСы МІНДЕТТЕрІНІң БІрІ БоЛып ТАБыЛАДы.
{
20/21
Соңғы
жылдары
Компанияда
корпоративтік
бақылауға зор көңіл бөлінуде. Әсіресе, тәуелсіз
директорлар институты күшейтіліп, Компанияның
тәуелсіз директорларының құрамына үш тәуелсіз
директор кіреді, Компанияның Директорлар
кеңесінің үш комитеті – Аудит жөніндегі комитет,
Стратегиялық инновациялық даму жөніндегі коми-
тет, Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі коми-
тет құрылды.
Корпоративтік басқару деңгейі әлемдік тәжірибеге
жақындай түсуде, Компанияда оны әрі қарай жедел
дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
Компанияның атқарушы органымен өзара іс-
қимыл кезінде маңызды құжаттарды келісу, бекіту
мәселелері бойынша, көкейтесті проблемаларды
шешу мәселелері бойынша Компанияның Директор-
лар кеңесі тиісті корпоративтік басқару ұстанымдарын
басшылыққа алады. Қр «Акционерлік қоғамдар ту-
ралы» заңында, сонымен қатар «Қазпочта» АҚ
Жарғысы мен Корпоративтік басқару кодексінде
Компанияның әрбір басқару органының құзыры
нақты белгіленген.
Директорлар кеңесінің құзырына қызметтің ба-
сым бағыттарын анықтаудың, қысқа мерзімге
бюджеттендірудің, сонымен қатар орташа және ұзақ
мерзімге бизнес-жоспарлаудың барлық мәселелері
жатады. Директорлар кеңесі Басқарманың сандық
құрамын анықтайды, оның төрағасы мен мүшелерін
сайлайды, қажет болған жағдайда олардың өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтатады, орталық аппаратта да,
филиалдар мен өкілдіктерде де жұмыскерлердің
штаттық санын бекітеді.
Басқа мәселелер, әсіресе операциялық қызметті
басқару Компания төрағасының құзырына жата-
ды. осындай құзыретті бөлу Директорлар кеңесі
мен Басқарманың үшінші тұлғалармен, бизнес
серіктестермен,
үкіметпен,
министрліктермен
және басқаларымен қарым-қатынаста өз әрекетін
үйлестіруге және тығыз өзара іс-қимыл жасауға
тура келетін мәселелер қатарын негіздейтіні
сөзсіз. Компания акционерлік қоғамның ұйымдық-
құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып
табылатындықтан, өз қызметін заңнамаға, Ком-
пания Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексі
ережелеріне және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес
жүзеге асырады.
Аталған
құжаттармен
Директорлар
кеңесі
төрағасының және Басқарма төрағасының лауазым-
дарын қоса атқару қарастырылмайды.
Қазіргі таңда Компанияда корпоративтік басқарудың
барлық буындарының тиімді келісім жүйесі жолға
қойылған. Қарастырылған кезеңде Компанияның
корпоративтік басқару жүйесінің әлемдік үздік
тәжірибесіне сәйкестік көрсеткіші 2010 жылы 56,8%-
ға, 2011 жылы 63,4%-ға айтарлықтай жақсарды.
2012 жылы Компанияның корпоративтік басқару
жүйесінің диагностикасын Компанияның ішкі аудит
қызметі жүргізді.
Корпоративтік басқарудың әлемдік үздік тәжірибесіне
сүйене отырып, Компанияда өз қызметі үдерісінде
Компания ұстанатын корпоративтік басқару
ұстанымдары көрініс табатын Корпоративтік басқару
кодексі әзірленіп, бекітілді. Корпоративтік басқару
жүйесін енгізу және жетілдіру жөнінде жоспарлар
әзірленіп, іске асырылуда, орталық аппарат пен
филиалдар деңгейінде негізгі іс-шаралар өткізіліп,
Корпоративтік басқару кодексінде бекітілген
қағидаттарды ұстану туралы есептілік енгізілді.
4.1. дирЕКторлАр КЕңЕсі
Жалғыз акционердің айрықша құзырына жататын
мәселелерді шешуді қоспағанда, Компания қызметін
жалпы басқаруды Директорлар кеңесі жүзеге асыра-
ды.
Директорлар кеңесінің қызметі парасаттылық,
тиімділік, белсенділік, адалдық, шынайылық,
жауапкершілік, нақтылық, кәсіби шеберлік, сақтық,
әділдік, тұрақтылық ұстанымдарына негізделеді.
директорлар кеңесінің құрамы
№
Аты-жөні
Лауазымы
1
Бишімбаев Қуандық уәлиханұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы
2
Саудабаев Серік Болатұлы
Жалғыз акционердің өкілі – «Самұрық – Қазына» АҚ
коммуникациялық активтерін басқару жөніндегі директоры,
Тағайындаулар мен сыйақылар туралы комитеттің мүшесі
3
Стейплтон Найджел Джон
Тәуелсіз директор, Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы
«қАзпочтА» Ақ-ның 2012 жылғы ЖыЛДыҚ ЕСЕБІ
4.1.1. дирЕКторлАр КЕңЕсі
мүшЕлЕрінің қызмЕттіК
тізімі
Директорлар кеңесінің төрағасы – Қуандық
уәлиханұлы Бишімбаев 1980 жылы 11 сәуірде
дүниеге келді. «Қазақстан даму банкі» АҚ-да бас-
шы лауазымында қызмет атқарды, 2002–2003 жыл-
дары Қазақстан республикасының Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігінде, «Ұлттық
инновациялық қор» АҚ, «Маркетингтік және тал-
дамалы зерттеулер орталығы» АҚ, Қр премьер-
Министрінің канцеляриясында, «Сауда-саттық саяса-
тын дамыту орталығы» АҚ, Қр Индустрия және сауда
министрлігінде, Қр президентінің әкімшілігінде, Қр
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігінің басқармасында,
Қр Ұлттық банкі басқармасында, Қр Экономикалық
даму және сауда министрлігінде әртүрлі басшылық
қызметтер атқарды.
2011 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа
дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының
орынбасары, «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің
төрағасы.
Жалғыз акционердің өкілі - «Самұрық – Қазына»
АҚ коммуникациялық активтерін басқару жөніндегі
директоры Серік Болатұлы Саудабаев 1977 жылы
8 қарашада дүниеге келді. 1999 жылы Абай
атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірді.
«республикалық телекоммуникациялық трафик
биллингі орталығы» рМК филиалында жұмыс істеді.
2003-2006 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-да басшы
лауазымдарын атқарды.
2010 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа
дейін «Самұрық – Қазына» АҚ, коммуникациялық
активтерді басқару жөніндегі директоры.
Тәуелсіз директор – Стейплтон Найджел Джон 1946
жылы 1 қарашада дүниеге келді, Ұлыбритания және
Солтүстік Ирландия Бірлескен корольдігінің азаматы.
1968 жылы Кембридж (Ұлыбритания) университетін
аяқтады. Әртүрлі жылдарда Unilever plc, ВоСМ
Silcock, Unilever plc (кеңсесі Солтүстік Америкада),
Unilever United States, Inc., Reed International plc,
Hundred Group, Reed Elsevier plc, Reed International
plc, Reed Elsevier plc, Veronis Suhler International Ltd
компанияларында басшы қызметтерін атқарды. 2004
жылдан бастап осы уақытқа дейін - Postal Services
Commission of the U.K., үкіметтік емес ұйымның по-
шта қызметтерін көрсету жөніндегі комиссиясының
төрағасы.
2009 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін –
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз ди-
ректоры.
Тәуелсіз директор – Калле Тариен 1961 жылы 14
қарашада дүниеге келді, Эстония республикасының
азаматы. Тарту университетінің (Эстония), заң
факультетін бітірді, заң ғылымдарының кандидаты.
Әртүрлі жылдарда Эстонияның Таллин қ., Inpass
Estonia Ltd., Visa International CEMEA Region (Лондон
қ.) компанияларында басшы қызметтерін атқарды.
2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін: 1) Estonia
Post Ltd Certification Centre Ltd Visa International
Vneshtorgbank, пошта бизнесі, сандық қолтаңбаны
дамыту, төлем карточкалары және банктік іс
саласындағы басқарушы лауазымдарында; 2) Хель-
синки қаласындағы «Itella» корпорациясының даму
жөніндегі директоры; 3) Estonian Electronpost Ltd,
Кеңес төрағасы болып қызмет атқарып келеді.
2009 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін –
«Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры.
Тәуелсіз директор – Эдриан Иан Хоуинк, 1957 жылы
29 қарашада дүниеге келді, Нидерланды азаматы.
1983 жылы гронинген (Нидерланды) университетін
бітірді. Әртүрлі жылдары ABN AMRO банкінде
және Шотландия Корольдігі банкі Plc (Шотландия
корольдігі банкі, Лондон, Амстердам) басшылық лау-
азымдарында қызмет атқарды.
Қосылу және жұтылу, қайта құрылымдау, шығындар
мен табыстарды басқару, басқарушылық есептілігін
дайындау мәмілелеріне, бюджеттеу және болжамдау
мәселелеріне мамандана отырып, ірі халықаралық
компанияларда қаржы директоры болып жұмыс
істеді.
2011 жылдан бастап Omega Thinktank мүшесі. «Feel
Power» серіктесі.
22/23
директорлар кеңесінің құрамы
№
Аты-жөні
Лауазымы
4
Калле Тариен
Тәуелсіз директор, Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі
комитеттің төрағасы
5
Эдриан Иан Хоуинк
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры,
Стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі комитеттің
төрағасы
6
Арыстанов Аркен Кеңесбекұлы
«Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы
2012 жылғы 7 тамыздан бастап осы уақытқа дейін
«Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры.
Басқарма төрағасы – Аркен Кеңесбекұлы Арыста-
нов 1966 жылы 7 наурызда дүниеге келді. М. Ломо-
носов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін
аяқтады, экономикалық ғылымдар докторы. Сыртқы
экономикалық ұйымдарда – «Қазақстан коммерция-
сы» рСЭА, мемлекеттік құрылымдарда – Қр Ұлттық
банкінде, Қр Экономика министрлігінің жанындағы
шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттікте,
банк саласында – Алматы сауда-қаржылық банкінде,
Қр Халық банкінде, 2006-2011 жылдары Қазақстан
республикасы Алматы қ. Өңірлік қаржы орталығы
қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы болып
жұмыс істеді.
2011 жылғы сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін
– «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар
кеңесінің мүшесі.
4.1.2. дирЕКторлАр КЕңЕсінің
жАңА мүшЕлЕрін, тәуЕлсіз
дирЕКторлАрды жәнЕ КомитЕт
мүшЕлЕрін іріКтЕу КритЕрийі
Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін тағайындау
заңнамамен қарастырылған тәртіпте және ресми,
қатаң, ашық рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Келесі тұлғалар Директорлар кеңесінің мүшесі болып
сайлана алмайды:
- өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте
алып тасталмаған сотталғандығы бар;
- жоғары білімі жоқ;
- белгіленген тәртіпте банкрот болып танылған
басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату неме-
се акцияларды мәжбүрлеп сатып алдыру неме-
се тоқтатып қою туралы шешім қабылданғанға
дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын басқа
заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы,
бірінші басшы (басқарма төрағасы), басшының
орынбасары, бас бухгалтері болып табылса;
- өзге қаржы ұйымдарында басшы қызметкер ла-
уазымында аталған тұлғаның қызмет атқарған
кезеңінде
басшы
жұмыскер
лауазымына
тағайындау туралы келісімі кері алдырылған
тұлға.
Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттар мен
Директорлар кеңесінің мүшелері Жалғыз акционер
мен Компанияның мүддесіне Директорлар кеңесінің
тиімді жұмысын ұйымдастыру және оның міндеттерін
орындауға қажетті іскерлік және салалық ортада
оң жетістіктерге және мінсіз беделге, тиісті жұмыс
тәжірибесіне, білімге, біліктілікке ие болуға тиіс.
Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі басқа
ұйымдардың бесеуден асатын Директорлар кеңесінің
(бақылау кеңестерінің) құрамына кіре алмайды.
Қазақстан республикасының «Акционерлік қоғамдар
туралы» заңының талаптарына сәйкес Директорлар
кеңесіне Директорлар кеңесі мүшелерінің кем дегенде
үштен бір бөлігі болуға тиіс тәуелсіз директорлар сай-
ланады.
Директор тәуелсіз болып танылуы мүмкін, егер:
- соңғы бес жыл ішінде Қоғамның немесе оның
еншілес және тәуелді ұйымдарының жұмыскері
болып табылмаса;
- Директорлар кеңесі мүшесінің сыйақысын
қоспағанда, Қоғамнан қосымша сыйақы алмаса;
- басқа ұйымдар немесе органдарда осындай лауа-
зымды атқармаса, басқа ұйымдар немесе орган-
дарда осындай қатысулар арқылы Директорлар
кеңесінің басқа мүшелерімен маңызды байланысқа
ие болса;
- Жалғыз акционерді немесе мемлекеттік басқару
органдарының мүддесін білдірмесе;
- қатарынан тоғыз жылдан аса Директорлар
кеңесінің мүшесі болып табылмаса.
«Қазпочта» АҚ тәуелсіз директорлары есепті кезеңде
тәуелсіздік критерийлеріне толық сәйкес келді.
4.1.3. 2012 жылғы
дирЕКторлАр КЕңЕсінің
мәжілістЕрі
2012 жылы Директорлар кеңесінің 10 мәжілісі
өткізілді.
2012 жылғы директорлар кеңесінің мәжілістері
№
Аты-жөні
Мәжілістер
саны
Мәжілістерге
қатысуы,
саны
Мәжілістерге
қатысу %
Ескерту
1 Бишімбаев Қуандық
уәлиханұлы
10
10
100%
-
2 Найджел Стейплтон
10
10
100%
-
3 Калле Тариен
10
10
100%
-
4 Сәрсенов С.С.
5
2
40%
Қызметтік қажеттілікке байланысты
үш ашық жиналысқа қатыспады.
5 Саудабаев С.Б.
10
10
100%
-
6 Арыстанов А. К.
10
10
100%
-
7 Эдриан Иан Хоуинк
5
5
100%
-
|