Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


кезең, 3-цивилизациялық кезеңді – мәдениеттілік кезең



Pdf көрінісі
бет36/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97
кезең, 3-цивилизациялық кезеңді – мәдениеттілік кезең деп 
көрсетеді.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.Күнхожаев 
«Адамтану» атты еңбегінде адамзаттың қалыптасуын дарвинизм 
ілімінен байланыстырып, Ч.Дарвиннің пікіріне жүгінеді. Тарих 
ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Мүтәліпов: «Алғашқы 
қауымдық құрылыс мәдениеті қашан және қай жерде пайда 
болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, 
өйткені адамның қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау 
көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология 


91 
ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына 
байланысты туындайтын көкейкесті мәселелерге егжей-тегжейлі 
жауап бере алмайды», - дейді. 
Біздің ойымызша, адам, ол – адам. Ерекше 
жаратылыстағы болмыс иесі. Оның тағы немесе жабайы атануы 
мүмкін емес. Сондықтан, Л.Морган, Ф.Энгельс, кеңестік 
дәуірдегі күллі ғалымдар мен бүгінгі осы тақылеттес пікірде 
болған С.Ғаббасов т.б. пікірлерін салыстыра отырып, 
адамзаттың даму кезеңдерін: жетілмеген кезеңжетілу кезеңі
мәдени кезең деп қарастырғанымыз жөн. 
Адамзат өркениетінің өркендеп, жаһандану кезеңі 
алдында тұрған ХХІ ғасырда адам баласы әлі өзінің қалай, 
қайдан жаратылғанын білуде адасқан түсінікте жүрсе, 
материалистік идеяның аясында рухани әлемінен бейхабар, 
технократтық соқыр сезім орға жығары анық. Педагогика 
ғылымы басқа да дамыған ғылымдардың жетістігін мойындап, 
қатар дамып отыруы тиіс. 
Қазақ отбасы жайында айту үшін, адамзат тарихындағы 
отбасы туралы, әрине, еріксіз адамның шығу тегіне баруға тура 
келеді. ХХІ ғасыр – адамзаттың мейлінше өркендеген ғасыры. 
Адамзат тарихында адам баласының бүгінгіше өркендеп дамуы 
болған емес. Ғылыми прогресс жетіліп, адам баласы өз 
мүмкіндігін барынша дамытып, сананы өсіріп жатқан тұста әлі 
де шыққан тегіміздің маймыл екендігіне мойынсұну – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет