Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет38/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   97
«көңіл аулау» некесі. Бұл некенің түрі жомарттық, батылдық іс 


95 
көрсеткені үшін көңілін аулап оған өз әйеліне жақындасуына 
рұқсат еткен, сый ретінде ұсынған.
Бұл айтылғандардан да басқа бір туған қарындасын өз 
бауырына некелеу бар еді. Әкесі өлсе, ұлдарының бірі өгей 
шешесін ала беретін. Бұл жөнінде ереже болатын: әкесі қайтыс 
болған соң, өгей шешесін алуға алуға ең бірінші үлкен ұл 
құқылы. Ол үйленгісі келсе, белгі ретінде бір киімін шешесінің 
үстіне тастауы керек. Бұл белгі бойынша өгей ана қалың мал 
немесе сыйлық дәметпестен, сол ұлдың әйелі болады. Егер 
үлкен ұл алғысы келмесе одан кейінгі ұлдардың қайсысы 
алғысы келсе, сонысы ала берген. Тек олар қалың мал төлеп, 
сыйлық беріп, той жасауға міндетті болған. Мұндай неке 
арабтарда сирек те болса кездесіп тұрған, бірақ мұны «сүйкімсіз 
неке» деп атап, осы некеден туған баланы «жексұрын» деп 
атаған. Бізде де кедей-кепшіктер арасында осындай жағдайлар 
өте сирек болса да кездескен.
Арабтарда құл ұстау, оны адам төзгісіз ауыр жұмыстарға 
жегу бар болатын. Күңдерін жезөкше етіп ақша табатын. Ислам 
діні ғана бұл дәстүрлермен ашық күресіп, тыйым салды. Көп 
әйел алушылық арабтарда да болды. Сол сияқты біздің ата-
бабаларымыздың көп әйел алғаны белгілі. Көп әйел алудағы 
негізгі мақсат: көңілдің қалауын қанағаттандыру болса, 
жақынынан қалған баланың тегінен аулақ кетпеуі, жесір әйелдің 
мал-мүлкін басқаға жібермеу болатын. Ислам көп әйел алуды да 
шектеді. «Кімде кім рухани күш және дәулеті жағынан мықты 
болса, төрт әйелге дейін алуға құқылы. Үстіне әйел алуға әйелі 
рұқсат берген жағдайда және барлық әйеліне бірдей қарап, 
тұрмыс жағдайын әділетті шешкенде ғана мүмкін болады. Бұған 
шамасы келмегендер бір әйелді қанағат тұтуы тиіс. Алла 
тағаланың өзі Адам Атаға жалғыз-ақ Хауа ананы жаратқан. Егер 
төрт әйелге үйленіп, бірінен-бірін кем тұтса, не некелі әйелінің 
рұқсатынсыз басқаға үйленсе, онда ең ауыр жазаға душар 
болады делінген» . 
Ғалым Н.Өсерұлы Ислам діні келгенге дейінгі арабтардың 
некесі мен отбасылық өміріне қатысты мәселелерді қазақтардың 
әдет-ғұрпы, 
салт-санасымен 
салыстыра 
отырып 


96 
мұсылмандықтың шариғат заңдарының отбасы мен некеге 
қатысты жақтарын зерделеп ашып берген. 
Қазақ халқының отбасылық өмірі, әдеп-ғұрпы туралы сөз 
еткенде ислам дінінің заңы – шариғатқа және оның әдет-
ғұрпымызға тигізген әсеріне соқпай өту мүмкін болмас еді. 
Әрине, шариғат заңдарының көптеген ғасырлар халқымыздың 
тұрмыстық өмір-салтына ықпалын тигізіп, ұлттық мәдениеті 
мен отбасы тәрбиесінде өзіндік із қалдырғаны белгілі. 
Мәдениеттанушы, дінтанушы, философия ғылымдарының 
кандидаты М. Бұлұтай Ислам дініне дейінгі арабтардағы некенің 
небір жиіркенішті де сорақы түрлерін тізіп айтады да әйел 
затының соншалықты қорланып келгенін көрсете отырып, 
Ислам діні әйелдер құқығын ала келген дін дейді.  
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ұсынған некелесудің шарттары: 

Қыз баланың тегіне, әсемділігіне, мүлкі мен ұстанған 
дініне көңіл бөлу; 

Неке қиярдан бұрын екі жас бір-бірін көріп, білуі шарт; 

Күйеу бала болашақ жарына мәһр (сыйлық) беру т.с.с.
Қазақ халқы тарихында сан ғасырлар атадан балаға мирас 
болып келе жатқан тағылым – отбасы тәрбиесі арқылы ықпалды 
болып, әулет, ру, тайпа, этнос бойынша әдет-ғұрыптық сипат 
алып, ұлттық деңгейде қалыптасты. Сондықтан да қазақ халқы 
өз ұрпағын отбасын құруға және жұбайлық өмірге даярлауында 
өзіндік педагогикалық мәдениеті болған деп айта аламыз.
Алайда, еліміз соңғы ғасырда ұзақ жылдар орыс халқының 
ықпалында 
болса, 
егемендік 
алғалы 
бері 
дамыған 
мемлекеттердің жаңаша сипат алған өмірлік салты да қазақ 
жастарының жар таңдауына, отбасын құруына, жұбайлық 
өміріне айтарлықтай әсер ете бастады. Соның негізінде некенің: 
азаматтық неке, аралас неке, жалған неке, біржынысты неке 
деген түрлері пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет