Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет37/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97
ғылым ақиқаты ма әлде атеистік сананы жеңе алмауымыз ба? 
Соншалықты адам баласына сенім болып ұялаған 
дарвинизм нақты дәлелденген ғылыми жетістік емес, тек қана 
теориялы түрдегі болжам ғана. Теория ғылыми дәлелденгенде 
ғана теориялық болжамнан шығып ғылым болары заңды. 
Дарвинизм теориясынан бастау алған «адам маймылдан пайда 
болды» деген пікірі бір ғасырдан астам уақыт өтсе де ғылыми 
нақтылық деңгейіне көтеріле алмады. Оған дінтанушы-теолог 
ғалымдардың соңғы кезде шығып жатқан ғылыми дәлелдері 
жетерлік. Бұл жөнінде көптеген мысалдар келтіруге болады. 
Бірақ, біз тақырыбымыздың аясынан шығып кеткенді жөн 
санамадық. 


92 
Сонымен, атеистік ойларды басшылыққа алатын 
Ф.Энгельс еңбектері гуманизмге негізделуімен ғана құнды. 
Отбасын құруда некеге де осы деңгейде талап қояды. «Өзара 
жыныс махаббаты мен жұбайлардың нағыз ықтиярлы 
келісіміне негізделмеген неке атаулының адамгершілік емес деп 
танылғаны сияқты ережедей мызғымас берік орныққан еш 
нәрсе қағаз жүзінде де, теория жүзіндегі моральда да, 
поэзиялық бейнелеуде де болған емес. Қысқасы, махаббатқа 
негізделген неке – адамның правосы...» деп ой қорытады 
пролетариат көсемі. Бірақ, мұның келісетін де, келіспейтін де 
жақтары бар. Әрине, махаббат – ұлы сезім. Қазақ тілі 
терминдерінің 
салалық 
ғылыми 
түсіндірме 
сөздігінде 
«Махаббат (Любовь) – бүкіл адамзатқа тән сезімнің жоғары 
түрі. Бұл кең мағынада қолданылатын ұғым. Оның негізгі 
көрініс беретін жерлері - ... еркек пен әйелдің арасындағы 
махаббат, балаларына деген сүйіспеншілік және т.б. Бұлардың 
әрқайсысының өзіндік психологиясы бар екендігі белгілі». Екі 
жыныстың ортасында махаббат сезімі болып қосылса, 
отбасылық одақтың мықты болуы, ерекшелігі болуы мүмкін. 
«Махаббатқа негізделген неке – адамның құқығы» болуы заңды. 
Бірақ, махаббат – отбасын құрудың негізгі өлшемі емес, бір 
факторы ғана. Ал, отбасын құру - әлеуметтік қажеттілік.
Отбасы некеге қарағанда қарым-қатынастың күрделі 
жүйесін мойнына алған, сондықтан да жұбайларды ғана емес, 
олардың балаларын да, сондай-ақ басқа да туысқандарын немесе 
жұбайына жақын жандарды біріктіруге тиісті.
Педагогика ғылымындағы отбасы тәрбиесі және жұбайлық 
өмірге жастарды дайындау мәселелерімен айналысқан орыс 
ғалымы И.В. Гребенников «Отбасы – қоғамның ажырамас 
бөлшегі және оның маңызын төмендету қиын. Бірде бір ұлт, 
бірде бір қандай да өркениетті қоғам отбасысыз болмайды. 
Қоғамның болашақ бейнесін де отбасысыз елестету мүмкін 
емес. Отбасы әрбір адам үшін – бәрінің бастауы. Бақыт 
ұғымын тіпті әрбір адам ең бірінші отбасымен 
байланыстырады. Кім де кім отбасында бақытты болса, шын 
мәнінде бақытты – сол» дейді


93 
Халқымыздың өмір салты мұсылмандық талаптарға 
негізделген. Шариғатта да неке қию мәселесінде ердің де, 
әйелдің де некеге тұруға ризалығын сұрайды. Және де некеде 
бақытсыз болып өмір кешуді қаламайды. Ажырасу мәселесі де 
қарастырылған. 
Бұл 
жөнінде 
Құран 
кәрімде 
арнайы 
“Талақ”сүресі бар. 
Неке” – арабтың “никах” сөзінен шыққан. Неке сөзінің 
қазаққа сіңісті боп енуінің өзі әділетті де гуманды 
қабылданғандығының дәлелі болса керек. Дін – өмір сүру 
мәдениеті, 
сондықтан, 
Ислам 
діні 
де 
– 
біздің 
этномәдениетіміздің 
құрамдас 
бөлігі, 
басты 
құндылықтарымыздың бірі. 
Алғашқы қауымдық құрылыстың құрып бітуі нәтижесінде 
идеологияда да ірі өзгерістер болып, мәдени дамумен қатар
қалыптасқан діни көзқарастар пайда бола бастады.
Адамзат – материалдық және рухани болмыс иесі. Оның 
отбасылық өміріне діннің де ықпалы зор болды. Діндегі әйелдер 
мен еркектердің өмірдегі, отбасындағы әлеуметтік рөлі, орны 
наным-сенімдеріне байланысты әр түрлі болды. Үнділердің 
дінінде әйелдер мүлік қатарында қаралып, ерлердің жеке 
меншілігіне саналды. Сати атты заң нормаларында өлген ерімен 
бірге әйелдері де өртелген. Мұндай өлім қасиетті, еріне шын 
берілу тұрғысында саналғанымен, кімнің өлгісі келеді? Болса да 
оларды күшпен өртеп отырғаны талассыз. Оның үстіне жесір 
қалған әйелдерге тұрмыс құруға тыйым салынған заңы тағы бар. 
Индустар арасындағы бұл тағылық заң тек ХІХ ғасырдың 
ортасында ғана жойылды. Үнділердің ежелгі заң білімдары 
Ману шығарған заң нормалары бойынша әйелдер мұрагерлік 
түгіл, әке-шешесі, ерінің мүліктеріне иелік етуден махрұм 
қалған еді.
Ал, иудейлерде әйелдер «пәк емес» зат есебінде қаралды. 
Тауратта әйелдерді шайтанның дем берушісі ретінде, Адам-
Атаның пейіштен қуылуы әйелінің күнәсінен деп санайды. 
Иудейлер заңында да әйелдер құқықсыз, өз әке-шешесі үйінде 
де күң іспеттес болған, әкесі өлсе, ұлдары зат есебінде қыз 


94 
балаларды сата алған. Қыздар мирасқорлық ете алмаған. 
Христиандар да мұнан кем түспеген.
Басқа елдерде де мысалы, жапон елінде әйелдерге көпшілік 
табынатын орындарда табынуға тыйым салған. Қытайда да 
храмдарға әйелдерді енгізбеген. Риз заңы бойынша әйел еріне 
басыбайлы болып, өзіне тиісті дүние-мүлікке ие бола алмаған, 
куәлік те бере алмаған. Ұл не қыз асырап алуға құқы болмаған. 
Әйелдер жасаған келісім қағаздар қажетке жарамаған. Мұның 
бәрі рас.
Ал, Ислам енгенге дейінгі араб қоғамындағы әйелдер 
құқықсыздығын айтып жеткізу өте қиын. Олар құрметтен тыс 
қалып, пәк емес, арам жаратылыс есебінде қаралған. Әйел ерінің 
не әкесінің мүлкі есебінде саналып, сатуға да, өлтіруге де, 
алмастыруға да бола берген. Ең сорақысы туған қыздарын 
тірідей көмген.
Ежелгі арабтар тайпа-тайпа болып көшіп-қонған. Тұрмыс-
тіршілігі, тағдырларында біздің қазақ қоғамына ұқсастық болды. 
Ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары бойынша арабтарға 
некелесу не ажырасу да неше түрлі болған. Некелесіп тұрмыс 
құрудың бірінші жолы – ер жағы қыз жағының үлкендеріне елші 
жіберіп, келісіп, қалың мал, тойлық әр түрлі сыйлықтар 
дайындау арқылы құда түскен. Бұлай некелесудің жолы 
қазақтарда да болды. Сондықтан да қазақтар «құда – мың 
жылдық, күйеу – жүз жылдық» деп құдаласуға ерекше мән 
берген. Басқа тайпалармен құдалық жасаған. Кейінгі кезде 
қазақтарға ұқсаған алыстан құда болу дәстүрінен арабтар 
айырылып, өз жақын қандастарымен құда болып, қыз беріп, қыз 
алып жатыр. «Бұл, әрине, қолдауды қажет етпейтін дәстүр», - 
дейді арабтанушы-ғалым Н.Өсерұлы талдау жасай келе.
Исламға дейінгі арабтарда құдаласып некелесуден басқа, 
некелесудің екінші түрі – кейбіреулер қыз жағына біршама мал 
төлеп, белгілі бір мезгілге дейін некелесіп тұра беретін. Мұндай 
некені «көңіл ашар» немесе «уақытша неке» дейтін. Үшінші 
бір түрі: біреу өз әйелін екінші біреудің әйеліне ауыстыратын. 
Мұндайды «айырбас неке» деп атаған. Төртінші сорақы түрі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет