Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет44/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Кіндік кесу. Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен 
байлайды, түбіне күл себеді. Кіндік кескен балтаны өзге нәрсеге 
пайдаланбай, сақтап қояды. Байланған кіндік үш-төрт күнде 
түседі. Ер баланың кіндігін ырымдап, «үй күшік болмасын» деп 
қырдан асырып лақтырып жібереді, ал қыз баланың кіндігін 
«үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді. 
Сонымен қатар, бала кіндігін оқымысты болсын деген ырыммен 
кітап арасына сақтап қоятын, ат құлағында ойнасын деген 
тілекпен аттың жалына байлайтын ырымдар да бар. Тіліміздегі 


109 
«кіндік кескен жер», «кіндік қаны тамған жер» деген қадірлі, 
қасиетті сөздер осы дәстүрге байланысты қалыптасқан. 
Сәби келді. Сонымен бала іңгалап жерге түсісімен сырттағы 
екі көзі төрт болып отырған әкеге, қалған еркектерге желаяқ 
әйелдің бірі барып қыз болса – «кестеші», ұл болса – 
«жылқышы» деп хабарлайды, шүйінші алады. Ауыл-аймақ бұл 
күні бір жырғайды, өте-мөте әйелдер жағы. Шүйінші қолма-қол 
бермесе, барасала жұлып алған тымақ пен кимешек-шылаушты 
қашан аларын алғашында бермей, ата-енені тоқырайтып қояды. 
Осы күні бір әйел балаға кіндік шеше болады да, ол босанған 
әйелге қалжа әкеледі, жарыс қазанның бір жағында оның да 
қазаны қайнап сол күнгі күтімін бір жағын сол көтеріп жатады. 
Алдыдағы шілдехананың жүгіне де ол ортақ болуға міндетті. 
Баланың әке-шешесі мұның есесіне қалағанын береді.
Жарық дүниеге келген сәбиді емізбестен бұрын, 
қайнатылған таза суға малынған қасқырдың немесе сырттанның 
жүнімен ауыздандырады. Жаңа туған ңәрестені бірінші рет 
сабындап шомылдырады. Шомылдырар алдында тілін жұтып 
қоймауы үшін баланың тілін тартады. Алдымен баланы 
төбесінен бастап, жуады, одан соң судан шошынып қалмас үшін 
екі аяғын батырып, денесін үйретеді. Алғаш суға түсірілгенде
су тимеген жері қалмай, таза жуылуы қатты ескеріледі. 
Шомылдырған соң кіндік түбіне қойдын майын жағып, байлап, 
құндақтап анасының жанына жатқызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет