Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет61/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Білетінім 
Білгенім 
Білгім келеді 
 
 
№5 практикалық сабақ: Азап тартқан алаш арулары 
Кеңестік тоталитарлық жүйенің солақай саясаты 
кесірінен «халық жауы» атанған қазақ зиялыларының жарлары 
мен қыздары ұзақ жылдар қызыл империядан теперіш көргені 
белгілі. Қуғын-сүргін көрген уақыттарда тауқыметті тағдырым 
деп көтере білген асыл жарлар, аяулы қыздар алаш 
зиялыларының атына кір жұқтырмай, шыдамдылық пен 
сабырлылықтың биік үлгісін көрсете білді. 
Студенттермен кездесу-сабақ ретінде өтетін бұл 
сабақтың барысында білімгерлер азап көрген алаш арулары 
рухының қайсарлығын сезінердей тәлім алуына төмендегіше 
сұрақтар арқылы бағыт беріледі: 

Адамның адалдығы немен дәлелденеді? 

Қиянатпен азап арқалаудағы жан жарасы 
жазыла ма? 

Адам қиын тағдырына мойымас үшін не 
істегені жөн? 

Қиындық шынықтырады дегенге өз ойымыз? 

Әділет әрдайым жеңіспен біте ме? 

Жақсы адамның ұрпағы атану қандай 
жауапкершілік жүктейді? 

Адалдықты дәлелдеу жолдары? 
Кездесуден алған әсерінен студенттер эссе жазып, ой 
қорытындылайды. 


148 
№6 практикалық сабақ: Бүгінгі абзал аналар 
Тарихтан тартылған тағылым жолы ұмытылмақ емес, 
өміршеңдігімен де әрдайым болашаққа бастайды. Оның 
белсенді кейіпкерлері қашан да әйелдер болмақ. Ананың 
ардақты бейнесі әр баланың көкірегінде сақталғанмен, әулетке, 
ауылға, қауымға, халыққа қамқор ана болған әйелдер бейнесі 
қай ортада да баршылық.
Соның ішінде жалпыға танымал, батырдың ғана емес,
халық келіні атанған Зейнеп Ахметова, өмірі мен ұлағатты ісі 
үлгі, қыз-келіншектерге тәлімді ойларымен кеңес бере білген 
Ділда Тасмағанбеткеліні, Әзілхан Нұршайықовтың «Мәңгілік 
махаббат жыры» шығармасына арқау болған Халима 
Қалиакпарқызы, Түрколог ғалым, белгілі қаламгер Немат 
Келімбетовтің зайыбы Қуаныш Тазабекқызының 12 жыл 
төсекке таңылған жарын күтіп, аяғына тұрғызып, «Қайғыдан 
бақыт жасаған», «Үміт үзгім келмейді» шығармаларының 
кейіпкері ретінде танылған бейнесі т.б. бүгінгі «ана» деп ауыз 
толтырарлық тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, ғибрат 
алар істері студенттермен бірлесе отырып өткізілетін
практикалық сабаққа негіз болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет