Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет73/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Конвенцияда бала өмiрi мен денсаулығы, бiлiм алуы мен 
тәрбиесi жан-жақты қаралған. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “... халық 
Аллаһына, Тәңiрiне сенiп, ертеңгi күнiн, ар жақтағы ана дүниеге 
баратын күнiн ойлап, дүниедегi мынау бүгiнгi күннiң 
күйбеңiмен жүре бермей, Пайғамбарымыз Мұхамедтiң (с.ғ.с.) 
хадистерiне сәйкес өмiр сүрсе деймiн” деген сөзiн басшылыққа 
ала отырып, мұсылман балаларына қасиеттi хадистерiмiзде де 
отбасылық өмiр мен өмiрге бала әкелiп дұрыс тәрбие беру 
мәселесi жақсы айтылғанын еске алғанымыз жөн. Ислам дiнi 
кез келген ата-анаға мынадай үш мiндет жүктейдi: Бiрiншiсi, 
балаға көркем ат қою; Екiншiсi, дiннiң әдептi тәрбиесiн сiңiру; 
Үшiншiсi, тәрбиелi отбасымен құда болып, баланы айттырып 
үйлендiру. Ер кiсi – жанұяның тәрбиешiсi. Сондықтан – ол 
отбасы тәрбиесi үшiн жауапкер. Әкенiң бұл өмiрде баласына 
сыйлайтын сыйлықтарының iшiнде ең қымбаты және баға 
жетпес асылы – көркем әдептi тәрбие (Пайғамбарымыз 
Мұхамедтiң (с.ғ.с.) хадистерiнен). 
C.Қоңырбаева.” Отбасы: бала мен ата-ана” 
 
Келін түсіру тойы 
Ұзатылған қыз күйеуінің ауылына жасаулы көшпен 
келіп кіреді. Оны ауыл әйелдері шашу шашып, ақ тілектерін 
айтып қуана қарсы алады. Ауылдың балалы, сыйлы, өнегелі бір 


166 
әйелі көшті бастап келе жатқан түйенің бұйдасын қабылдап 
алады. Ол сол жерде келінді атынан түсіріп, қасына екі-үш 
жеңгесін қосып қалдырады да, түйені бұйдасынан жетектеп, 
жасаулы көшпен ауылға енеді. Бұл әйел келін түсіру тойындағы 
«Мұрындық апа» атанады да, сый-құрметке бөленеді. Үй иесі 
оған тиесілі сыйлығын беріп, риза етеді.
Ауылдың үлкен-кішісі жұмыла жүкті көштен түсіріп 
алып, үйленіп жатқан екі жастың «Ақ отауын» тігуге кіріседі. 
Мұнда да ақ отаудың алтын шаңырағын көтеруге балалы-
шағалы, елге беделді салиқалы асыл аналардың абзалы таңдап 
алынады. Отау тігілісімен-ақ түрлі жиһаздар шығарылып, үйдің 
іші жайнатылып жиналады да, қыз-келіншектер жиналып
ауылдың шетінде хабар күтіп тұрған келіннің алдынан 
шымылдық алып шығады. Олар жас келіннің бетін 
шымылдықпен бүркемелеп, оның жүзін ешкімге де көрсетпей, 
келінді ең алдымен қайын атасының үйіне әкеліп кіргізеді. Келін 
ұлы шаңырақтың босағасын оң аяғымен аттап, ішке кірісімен 
тізесін бүгіп, үш рет атасына сәлем жасайды. Атасы: «Көп жаса, 
бақытты бол, қарағым!», - деп ақ батасын береді. Сонан соң 
әйелдер жас келінді ошақ жанындағы жұмсақ тулаққа әкеліп 
отырғызады.
Бұл – «Жаңа түскен келіннің мінезі де иленген мына 
тулақтай жұмсақ, биязы болсын!», - деген ырым, ғұрып. Сол 
кезде жас келін: «Бисмилла!», - деп отқа май құяды да: 
«Қасиетті От-Ана, қасиетті Май-Ана, шапағатыңды тигізе гөр
Жарылқа!», - дейді. Жас келінді қоршаған әйелдер қолдарын 
отқа қыздырып, «Оттай опалы бол!», - деп оны жас келіннің 
маңдайына тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет