Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет82/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97
Анық мақсат 
Отбасы құру жолында анық мақсат қоя білу өте 
маңызды. Анық мақсат оған жетудің, жүзеге асырудың бағытын 
белгілеп береді. Отбасын құратын адам өмірлік серігін 
таңдаудың өзіне әу бастан мақсатты түрде кіріскені абзал. 
«Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай, Жігіті душар 
келсе, жар болғандай», - деген екен Міржақып Дулатов. Бір-
бірін дәл тапқан жас жұбайлардың алдына қойған мақсат-
мүддесі мен арман-тілегі де бір болып келеді. Енді мақсатымыз 
қандай болуға тиіс? 
Қол ұстасып мұсылманша отбасын құруға келісім 
жасасқан екі жастың мақсаты да дініне, иманына қатысты 
болатыны түсінікті. Аллаға және ақиретке иман келтірген 
мұсылман жұртшылығы үшін қайталанбас үлгі-өнеге ардақты 
Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екені мәлім. Оның әрбір сөзі, 
қылығы, мінезі, жасаған шешімдері жүрегі Алла деп соғатын 
мұсылман үшін алтын қағида саналады. Міне, сол сүйікті 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде былай дейді: 
«Үйленіңдер, көбейіңдер! Мен сендердің көптіктеріңмен 
Қиямет таңында өзге қауымдардың алдында мақтанамын». 
Міне, бұл хадистің астарында өте терең мән жатыр. 
Біріншіден, ананы-мынаны сылтауратып жүріп алмай, 
тезірек отбасын құруға асыққан жақсы. 
Екіншіден, үйленген жастар ананы-мынаны желеу етпей, 
бала санының көп болуына мән беруге тиіс. 
Үшіншіден, өсіріп-отырған ұл-қыздың тәлім-тәрбиесіне 
дұрыстап қараудың мәні зор. Өйткені, Пайғамбарымыз имансыз, 
тәрбиесіз, 
білімсіз, 
әдепсіз 
адамдармен 
Қияметте 
мақтанбайтыны түсінікті. 


183 
Міне, осы бір хадис мұсылман отбасының алдына анық 
мақсат қоюына бағыт-бағдар беретіні анық. Ендеше, Алла 
Тағалам баршамызға дұрыс мақсатта құрылған отбасын нәсіп 
етсін. 
Жақсы жар таңдау 
Шаңырақ көтеріп, тұрмыс құратын жасқа жетіп, 
үйленуді ойға алған жастардың алдынан шығатын бірінші сұрақ 
– жақсы жар таңдау. Бүгінгі таңда жар таңдаудың ұстанымдары 
біршама өзгеріп бара жатқандай көрінеді. Мысалы, жас қыздар 
тұрмысқа шықпастан бұрын таңдап отырған болашақ жарынан: 
«Көлігің бар ма?», «Баспанаң бар ма?», «Үйленген соң бөлек 
тұрамыз ба?, «Демалысқа қай жеге барамыз?» деген сынды 
сұрақтарды сұрауы мүмкін. 
Жастардың бұл кезеңде бір-бірінен сұрайтын сұрақтары 
материалдық дүние аясынан шыға алмауы, негізінен, үлкен 
қоғамдық түйткілдердің қатарына жатады. Бүл – елімізде 
отбасылар осындай солқылдақ іргетастың үстіне құрылып 
жатқанын көрсететін ащы шындық. Кезінде Абай атамыз 
үйленерде негізге алынатын бірқатар ұстанымдарды былай деп 
тізіп берген: 
«Жасаулы деп, малды деп байдан алма, 
Кедей қызы арзан деп құмарланба. 
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, 
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма», – дейді. 
Көрдіңіз бе, отбасын құрудағы негізгі мәселе өмірлік 
серіктердің байлығы немесе арзандығы емес. Олардың ар-
намысы, ақылы, ұяты басты назарға қойылып түр. Ұят бар 
жерде иман бар екенін ескерсек, ең алдымен имандылыққа мән 
берген дұрыс. Алланың соңғы елшісі, ардақты Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.) хадистерінің бірінде әйел заты төрт түрлі белгісіне қарай 
алынатынын білдіреді. Олар: әйелдің байлығы, шыққан тегі
сұлулығы мен көркі және төртіншісі – діндарлығы. «Діндарын 
таңдаған кісі бақыт табады» деп, олардың ең маңыздысын та 
атап кеткен. 
Бұрынғылардан қалған аталы сөздерге қарап, ата-
әжелеріміздің де бұл тұрғыдағы ұстанымдарын байқаймыз. 


184 
Мысалы, «Жақсы әйел басыңа қарайды, жаман әйел жасыңа 
қарайды»,- дейді. «Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ 
сырлас», деп тағы да рухани құндылыққа алдымен көңіл бөлген. 
Ақтамберді жыраудың мына бір сөзіне қараңызшы, «Мінезді 
болса алғаның - күнде сонар қызбен тең, Жаман болса алғаның - 
астыңнан өткен сызбен тең». Мұнда мінездің көркемдігіне, яғни 
рухани құндылыққа баса назар аударылған. 
Қысқасын 
айтқанда, 
өмірлік 
серік 
таңдағанда, 
материалдық емес, рухани байлық алдыңғы шепте тұратын 
таңдау болуға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет