Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Ерлерге қандай әйелдер ұнайды?



Pdf көрінісі
бет85/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97
Ерлерге қандай әйелдер ұнайды? 
Ер кісілер кімдерді әйелі ретінде көргісі келеді? Еркіндікті 
қалайтындарды ма, әлде күйеуінің айтқанын орындайтын 
қарапайым қызды ма? Өз дегенінен қайтпайтын, мансап 
қуғандарды ма, әлде отбасы-ошақ қасында жүргендерді ме? 
Батыс елдерінің әйелдері, көбінесе, өз ісінде белгілі бір 
дәрежеге жеткісі келеді, ал отбасы олар үшін екінші орында. 
Еркін жүріп-тұрғанды қалайды. Олар өздерін үй шаруасындағы 
әйел ретінде елестете де алмауы мүмкін. 
Ал, дініміздің құндылықтарын бойына сіңіріп өскен 
мұсылман қыздарымыз керісінше, отбасын бірінші орынға 
қояды. Күйеуіне бағыну, сыйлау, үйдің берекесін сақтау басты 
міндетім деп біледі. 
«Қандай әйелді жарыңыз ретінде көргіңіз келеді?» деген 
сұраққа ер-азаматтар төмендегіше жауап берген: 
- «Маған жан-жақты әйелдер ұнайды. Оларда батылдық та, 
бағына білу де, күш пен жұмсақтық та, мұз бен от та болғанын 
қалаймын». 


188 
- «Отбасында еркек өзін еркек ретінде сезінуді ұнатады. Бұл 
бастысы. Сондықтан, әйел қанша ақылды, мықты болып тұрса 
да ер адамның жанында жұмсақ, нәзік болғаны дұрыс». 
- «Күйеуінің айтқанын екі етпейтіндер – нағыз әйелдер». 
- «Мен мұсылман қыздарын пәктігі мен тазалығы үшін 
жақсы көремін және сыйлаймын. Олардың біреуі де күйеуіне 
қарсы келмейді». 
Осы 
айтылғандарды негізге ала отырып мұсылман 
қыздарының ортақ бір сипатын анықтасақ. Ол – ақылды, білімді, 
мәдениетті. Заман талабына сай өмір сүре отырып, Ислам 
дінінің құндылықтарын жоғары қоятын, ұлттық салт-
дәстүрлерімізді бойына сіңіріп өскен қарапайым, күйеуіне адал 
жар, балаларына жақсы тәрбие бере алатын ана әрі отбасының 
берекесін сақтаушы кемеңгер әйел. 
Аз сөз – алтын… 
Зерттеу бойынша, әйелдер ерлерге қарағанда 3 есе көп 
сөйлейді, ер адамдар күніне 7 мың сөз айтса, әйелдер 20 мың 
сөзді айтып үлгереді екен. Есесіне, бикештер шапшаң сөйлеп
әңгіме айтудан ләззат алатын көрінеді. 
Осы біз қандай сөздерді айтып жүрміз? Үйде, жұмыста, 
достарымыздың арасында не айтамыз? Осы туралы ойланып 
көрдіңіз бе? 
Бір хадисінде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Кімде-кім Аллаға 
және ақирет күніне иман келтірсе, игі сөздер айтсын немесе 
үндемесін» дейді. 
«Басқа пәле – тілден» деген халқымыз да тіліміздің 
өзімізге жау екенін меңзеген. Ғайбат сөйлеу, біреуді жамандау, 
менсінбеу – наданның ісі. 
Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.): 
«Адам 
айтқан 
сөзінің 
мағынасына мән бермей сөйлейді және сол бір ғана сөзі үшін 
тозақтың батыс пен шығыс аралығындай ұзақ жеріне түседі» 
деп бір ғана аңдамай айтқан сөз үшін ақиретте азап 
шегетінімізді айтқан. Сондықтан, қанша ашуланып тұрсақ та 
сабырлылық танытып, әр сөзімізді бізден бұрын шайтанның 
айтып қоюына жол бермеген жөн.


189 
Әр сөзімізді періштелер жазып, тіркеуде. Ал сол сөздің 
жақсы не жаман істердің қатарына қосылуы өзімізге ғана 
байланысты екенін ұмытпайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет