Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет83/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Жақсылықты көре білу 
Үйдің берекесін қашырып, айрандай ұйыған бірлігін 
ірітіп жүрген себептердің қатарына ерлі-зайыптылардың бір-
бірінің жақсылығын бағалай алмауын жатқызуға болады. 
Өкінішке қарай, үйленгенге дейін жақсы болып келген жас 
жұбайлар аз ғана уақыттың ішінде бір-бірінің ұнамсыз 
қылықтарын көбірек көре бастайды. Бір-бірінің мінін түзеу үшін 
сын керек те шығар. Алайда оның да жөні мен реті бар.
Мысалы, «жұбайымды дұрыстау» ниетімен «сен ондайсың», 
«сен мұндайсың» деген ескертпелерді үйіп-төге берудің 
пайдасынан гөрі зияны көп екенін көп адам байқай бермеуі 
мүмкін. Күн сайын сын сөздерді ести берген адамның еті өліп, 
өз кемшілігін жоюға әрекет те етпей қоюы ғажап емес. Ол аз 
десеңіз бұрынғы жақсы қылықтары мен әдеттерін де азайтып 
жіберуі мүмкін. «Мен бұған қанша жақсылық жасауға 
тырысамын. Бұл оның бірін де көрмейді. Көретіні менің 
қателіктерім ғана» деп кім болса да ренжиді. Солай емес пе? 
Анығында, ер де, әйел де үйдің үй болуына шамасы келгенше 
әрекет етіп жүр. 
Бір күні сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір топ қыз-
келіншектерге: «Сендер жақсылық жасаушыларыңның қадірін 
білмей жүрмеңдер» деп өсиет етті. Сонда Әсмә деген әйел: «Уа, 
Алланың елшісі, жақсылық жасаушының қадірін білмеу деген 
не?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кейде бір әйел 
күйеуге шыға алмай, ата-анасының үйінде ұзақ уақыт отырып 
қалады. Содан соң Алла оған бір күйеу нәсіп етіп, одан 


185 
нәрестелі болады. Сол әйел бір күні күйеуіне ашуланып, оның 
қадірін білмей «Мен сенен не жақсылық көрдім» дейді. 
Жақсылықтың қадірін білмеу деген осы», – деп жауап берді. 
Қазір ойланып көрейікші, ерлі-зайыптылар күніне неше 
рет бір-біріне «Рахмет! Алла саған разы болсын!» деп айтады? 
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде кім өзіне жақсылық 
жасаушыға: «Алла саған қайырлы қарымта сый берсін!» деп 
айтса, оған деген рахметін ең жақсы түрде білдірген болады», - 
дейді. Қасиетті Құранның да тәлімі осындай. Қасиетті 
аяттардың бірінде былай делінген: «Шын жақсылықтың жазасы 
тек қана жақсылық» («Рахман» сүресі, 60-аят). Байқадыңыз ба, 
Жаратушы Иеміз бұл дүниеде жақсылық жасаушының сыйы 
жақсылық (яғни, мәңгілік жұмақ) екенін білдіруде. Алланың 
мінезімен мінезделіңдер деген қағидаға сүйенсек, өзіміз 
өзгелерден, әсіресе, өмірлік серігімізден көріп жүрген 
жақсылығымыз үшін жақсылық қайтару адамдық міндетке 
жатады. Бірақ біз көбінесе жылы, жұмсақ сөзімізді өз 
зайыбымыздан аяп қаламыз. Тіпті, «әйелді еркелете берсең, 
есіріп кетеді, мойныңа мініп алады» деген сияқты өтірік 
қағидалар да әр жерде айтылып қалады.
Егер расында да, жағдай осындай болғанда, Алланың 
елшісі (с.ғ.с.) ол туралы хабар берер еді. Олай еткен жоқ. 
Керісінше, «ең жақсыларың – әйеліне жақсы қарағандарың» 
деді. Осының өзі талай жайдан хабар берсе керек. Әрине, айту, 
түсіндіру, уағыз айту, білмегенді білдіру – керек нәрсе. Бірақ 
бұл өзгенің жақсылықтарын жоққа шығар деген сөз емес. 
Мысалы, әйел тәрбиесі ақылмен, хикметпен, мейіріммен жүзеге 
асады. Дініміздің де негізгі тәлімі осы. Әйелін дұрыстап 
тәрбиелегісі келген ер Ислам дінінің құндылықтарын түсіндіруі 
керек. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің тағы 
бірінде былай дейді: «Адамдарға алғыс білдіре алмаған кісі Ұлы 
Аллаға да шүкіршілік ете алмайды» (Ахмад ибн Ханбал). 
Міне, бұл айтылғандардың бәрі кісінің бойынан 
жақсылықтарды көре білу де өнер екенін байқатады. Кез келген 
адамның бойында кейбір кемшіліктер болумен бірге көптеген 
жақсылықтар болады. 


186 
Қысқарта айтқанда, ерлі-зайыптыларды бақыт пен берекеге 
жетелейтін маңызды сырлардың бірі – жақсылықтарды көре 
білу, «Алла саған разы болсын!» деген сөзді көбірек айту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет