ОҚыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата03.03.2017
өлшемі1,27 Mb.
#5594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 
 
 
УДК 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖЫР ЖАНРЫН ОҚЫТУ  
 
Жұмақаева Б.Д. – п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  ҽдебиет  пҽні  бағдарламасында  қамтылған  
ҽдеби жанрлардың бірі – жыр. Жыр (кҿне түркі тілінде - иыр) кең мағынада, поэзиялық 
шығармалардың  жалпы  атауы.  Кҿне  түркі  тіліндегі  "иыр"  сҿзі  де  қазіргі  "поэзия" 
терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дҽл осы мағынада қазіргі қарақалпақ, 
қырғыз,  ноғай,  татар,  қарашай,  башқұрт,  тағы  басқа  түркі  тілдерінде  ҽлі  күнге  дейін 
қолданылады. 
Кез-келген  жанрдың  туып  қалыптасуына    уақыт  керек.    Сонымен  қатар  ҽдеби 
жанрдың  халық  арасындағы  ҿміршеңдігі  сол  халықтың  ҽлеуметтік  жағдайы  мен 
этникалық ерекшелігіне, тұрмыс жайына икемді келіп, сол халықтың рухани дүниесіне 

23 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
біте қайнасып кету қасиетті де себепкер болады. Жыр – қазақ халқының жанына жақын 
жанр.  Поэтикалық  тіл  мен  табиғы  ҽнге  рухы  жақын  қазақтай  халықтың  ҽдебиетінде 
жырдың  рҿлі  жоғары.  Бесік  жыры,  ҽңгіме-жырлар,  ҽдет-ғұрып  жырлары:  ау-жар, 
беташар,  тойбастар,  жоқтау  т.б.  ҿлең-жырлар  халық  ҿмірінің  туғаннан  жер  қойнына 
енгенге  дейінгі  бар  ғұмырындағы  рухани  серігі.  Ел  батырын  мадақтаса  батырлар 
жырын жырлап, махаббатты дҽріптесе  ғашықтық жырлардан азық алған  ҿткен кезеңде 
жыр  жанрын ҿзінің айнымас серігі еткені де  жанрдың халық жадына жайлылығы мен 
қажеттілігінен туындаса керек. 
Жырдың  қазақ халқындағы жанрлық табиғанын тарата айтар болсақ, ол  – қазақ 
халық  поэзиясындағы  7  -  8  буынды  ҿлең  ҿлшемі,  поэзиялық  шығарма.  Қазақ  ауыз 
ҽдебиетіндегі  батырлар  жыры,  лиро  -  эпостык  жырлар,  тарихи  жырлар,    жыраулар 
поэзиясы,  толғаулар,  термелер,  тағы  басқа  түгел  дерлік  поэзияның  осы  ҿлшемдегі 
үлгісіне  құрылған.  Қазақ  жазба  поэзиясында  жыр    үлгісі  кеңінен  қолданылады.  Ҿлең 
ҿлшемінде  жыр  үлгісі  қара  ҿлеңмен  қатар  жарыса  жүреді.  Жыраулар  поэзиясынан 
бастап  қазіргі    ақындар  шығармаларында  жыр  үлгісі  молынан  ұшырасады.  Абай  да  
жыр  үлгісін  еркін  қолданған.  Буын  санын  тұрақтандыра  қолданған.  «Патша  құдай 
сыйындым»,  «Интернатта  оқып  жүр»,    «Ғылым  таппай  мақтанба»,  «Жаздыкүн  шілде 
болғанда», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Бҿтен елде бар болса», «Ішім ҿлген, сыртым 
сау», «Болыс болдым, мінеки», «Сҽулең болса кеудеңде»,  «Ҿзгеге кҿңілім тоярсың» т.б  
шағын ҿлеңдер мен аудармаларында жыр үлгісін қолданады. Абайда да жыр үлгісінің 
ҿлшемі    түрленіп  қолданылады.  Абайдан  бергі  жазба  ҽдебиетінде  де  жыр  үлгісінің  
байырғы ҿлшеміне ҿзгерістер енген. Аузы ҽдебиетіндегі жыр ҿлшеміне аралас буын тҽн 
болған. Мұндай ҿлшем қазақ халкының толғауларында, ноғай халқының йырларында, 
башкұрт  халқының  қобайырларында,  қырғыз  халқының  санатында  сақталған. 
Тармақтарындағы  буын  саны  7-ден  15-ке  дейін  ұшырайтын  болған.  Аралас  буынды 
үлгілер батырлар жырында да кездеседі. Тыңдаушысына ауызша жететін жырда аралас 
буын санын қолдану мақсатты түрде болатын сыңайлы. Бұл да бір тыңдарманды еліту, 
жалықтырмау мүддесінен туындайтын болар. 
Поэзияда  ҿлең  жолдары  тұтасып  келіп,  шумақ  құрайды,  ал  жыр  тармақтары 
тирада  түрінде  шоғырланады.  Ғалымдардың  пікірінше  тарихи  генетикалық  тұрғыдан 
тирада  үлгісі  шумақтан  бұрын  қалыптасқан.  Яғни  жыр  ҿрнегі  ҿзге  ҿлшемдерге 
қарағанда ҽлдеқайда ерте туған. Жырдағы тирада үлгісіндегі тармақ пен ұйқас мҿлшері 
жҽне олардың арақатынасы қатаң сақталмай, жиі ҿзгеріп, құбылып отыратын болған. 
Мҽселен, «Алпамыс батыр»  жырында: 
Кеуделері кепедей, 
Мұрындары тҿбедей, 
Күрек тісі кетпендей
Кеңірдегі перғауынның кҿріндей, 
Отырған орны алты қанат үйдің тҿріндей, 
Құлақтары қалқандай 
Мұрындар сығымдалған талқандай, 
Кҿздері терең зындандай
Басқан ізі от орнындай, 
Аузы ошақтай, 
Мұрын тесігі үңгірдей, 
Иегі  сеңгірдей  болды[1,8].    Бұл  мысалда  барлық  тармақтағы  ұйқас  теңеу  бір 
тҽсілімен  жасалған,  ал  буын  саны  ҿзгеріп  келіп  отыр.  Тағы  бір  мысал  Байсары  байға 
Кҿкеманның айтқанынан: 
Лағлы маржан садақты, 
Дұшпанға еттік ҽдепті 
Арада жаушы жүрмектік –  
Кет – құдалардан қалған ҽдеп-ті. 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
24 
 
Қарағайдан найза ту байлап, 
Тігіп бҽйге келгенмін, 
Ақ кіреуке кҿз ойнап, 
Сҽлемдікке келгенмін... 
 
Сізде қыз бар, бізде – ұл, 
Қызыңа келген жаушымын. 
Біреуге  жалын ҿресің, 
Қоңыратттан шыққан тҿресің. 
Тайшадан келген тоғызбыз. 
Патша десең – Тайшаға, 
Батыр десең – Қаражанға 
Ықтиярың Байсары, 
Баршыныңды  бересің...  [1,10].    Аталған  тираданың  ішінде  ырғақ  бірнеше  рет 
құбылып ҿзгертіліп келіп отыр. Бұл – тирада пішініне тҽн ҿзгешелік. «Жырдың ұйқасы 
дара ұйқас (монорифма) жҽне аралас ұйқас (полирифма) болып бҿлінеді. Аралас ұйқас 
негізгі ұйқас пен қосымша ұйқастардан тұрады» [2].  
Жыр  жанрының  осындай  ҿзіндік  ерекшеліктері    аталмыш  жанрды  оқытуда  да  
басты  назарға  тұтатын  мҽселелер.  Жылпы  білім  беретін  қазақ  мектептерінің  6-
сыныбынан  бастап    батырлар  жыры  оқытыла  бастайды.  5-сыныпта  ауыз  ҽдебиетінің 
тұрмыс-салт жырлары, аңыз, ертегілерінен бастап ҽдебиетттің барлық  дерлік жанрын 
қамтитын    жалпы  білім  бағдарламасы  бойынша  лиро-эпостық  жырлар  7  сыныпта, 
жыраулар поэзиясы 8 сыныпта оқытылады. Демек, жырды орта буын сыныптарда 10-14 
жас  аралығындағы  оқушыларға  оқыту  жоспарланып  отыр.  Оқушының  таным 
деңгейінен  қарағанда  да  физиологиялық  ерекшелігінен  де  аталмыш  сыныптар  дұрыс 
таңдалған.  Себебі  қазақтың  құнарлы  тілін,  мол  сҿздік  қорын  қамтитын  жырлар 
оқушыларға  дер  кезінде  сіңіріліп,  тілдік  қоры  мен  таным  деңгейін,  рухани  болмысын 
қалыптастырады деген ізгі мүддеден туындап отыр. 
 Ата  -  бабамыздың  дҽстүрінде  немесе  аға  буын  ұрпақтың    тҽжірибесінде  жырды 
сағаттап  тыңдау,  жадында  тұту,  сол  арқылы  рухани  жетілу  болғандығы  мҽлім. 
Бүгінгідей  арнаулы  мектеп,  оқулық,  техникалық  құралдардың  болмаған  кезеңінің 
ҿзінде  жырды  меңгеру  дҽрежесі    бүгінгіден  артық  болған  сияқтанады.  Оған  дҽлел 
ауыздан-ауызға  таралып  бүгінге  жетуі  ҽрі  бір  ғана  жырдың  ҿзінің  бірнеше  вариантқа 
түрленуі,  молаюы  деуге  болады.    Біздің  ҿз  тҽжірибемізде  де  жырды  тыңдау, 
отбасындағы  қам-қарекет  үстінде  де  күй  табақтарды  қойып  қайталап  тыңдау,  кейбір 
қызық  тұстарын  айтысып  талқылау,  жаттау  болды.  Мҽселен,  «Айман-Шолпан» 
жырындағы  Айманның  Кҿтібарға  айтқан  уҽждері,  батырлардың  алдынан  шыққан 
Теңгеге  айтқан  ұтқыр  сҿздері  шешендік  пен  шеберлік  үлгісіндей.  Сүйсіне  тыңдап 
жадқа тұту болған.  
Ал бүгінде жырды жаттаған оқушыны кездестіру қиын. Тіпті батырлар жырының 
сюжетін  білетіндері  де  сирек.  Бұл  –  жырға  деген  қызығушылықтың  тҿмендеуі.  Ал, 
қызығушылықтың  тҿмендеуін  бірнеше  мҽселе  тҿңірегінен  іздеуге  болады:  Жалпы 
кҿркем  ҽдебиетке  оқырмандықтың  тҿмендеуі,  ақпарат  ағымының  молдығы,  интернет 
желісінің дҽстүрлі білім кҿзін ығыстыруы т.т. 
Дегенмен,  жырға  оқушы  қызығушылығының  тҿмендігін  тікелей  оқу  үдерісінен 
іздеген  абзал  болар.  Бүгінгі  мектепте  жыр  жанры  қалай  оқытылып  жүр  деген  заңды 
сұрақ  туындайды.  Біріншіден,  мектеп  бағдарламасына  сҽйкес  жазылған  оқулықтарда 
жырдың  қысқаша  үзінділері  берілген.  Жырдың  сюжетінің  ширегі  қамтылған 
үзінділерді  ұсынуда  шығарманың    желісінің  сақталуы,  бірізділік  айтарлықтай  сҽтті 
емес. Онсыз да  қызығушылығы тҿмен оқушы ондай шығарманы оқуға құлықты емес.  
Екіншіден,  тұрмыс,  тіршілік,  ҽлеуметтік  жағдай,  ҿміртанымдық  дүние  бүгінгі  мен 

25 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
кешегіне  салыстырғанның  ҿзінде  ҿте  алшақ.  Бұл  да  ҿз  кезегінде  қызығушылықты 
тҿмендетеді.  Үшіншіден,  жырдағы  тілдік  қабат  қою,  сҿздік  қор  аса  салмақты.  Ұстаз 
тарапынан кҿп ізденіс пен іс-тҽжірибені қажет етеді. Оқушының тілдік қорын молайту 
үздіксіз,  сатылы  шеңбер  түріндегі  оқыту  ұстанымын  талап  етеді.  Яғни,  5  сыныптағы 
ертегідегі оқыған ұғымдар, тұрмыс-салт жырларында қайталанып, батырлар жыры мен 
лиро-эпостық  жырларда  дамыта  қайталануы  қажет-ақ.  Сонымен  қатар  рухани  ҽлемге 
тарту, қызықтырудың басқа да ҽдістерін (рҿлдік ойындар, іскерлік ойындар, оқытудың 
замануи ҽдістерін) пайдалануды барлық мұғалім бірдей атқара бермейтінін ескермеске 
тағы болмайды.  
Осындайда  оқытудың  ең  қарапайым  жолын  еске  алмайтынымыз  таңдандырады. 
Мҽселен ата-бабамыз жырды қандай жолдармен меңгерді деген заңды сұрақ туындаса 
керек-ті.  Ҿткен  ғасырда  жырды  қазіргі  біз  сияқты  қағаз  бетіне  түсіріп  оқыды  десек, 
адам иланбас еді. Ондай мүмкіндік те, қажеттілік те болған жоқ. Жыр – ол музыкалық 
шығарма.  Жыр  жанры  ҿз  кезегінде  жыршыны,  жырауды  туғызды.  Жыршы    жырды 
ҽуезбен, кҿркем мақаммен қобыз, домбыра сияқты аспаппен жеткізген. Ал музыкалық 
шығарманы аспаппен, үнмен қабылдау заңдылық. Сонда ғана ол ҽсер туғызады. Ал ХХІ 
ғасырда  отырған  біз  жырды  сол  компоненттерінен  жалаңаштап,  қағаз  арқылы 
қабылдатқымыз келеді.  
Қабылдаудың  үш  тетігі  бары  мҽлім,  олар:  тыңдау  арқылы,  кҿру  жҽне  ұстау  
арқылы.  Барлық  поэзиялық  шығармаларда  тыңдау  қабылдаудың  алғашқы  сатысы 
болуы шарт. Себебі поэзия – сезімдік шығарма. Ол тыңдалуы, үн арқылы сезімге ықпал 
етуі  керек.  Ал  жыр  онсыз  да  музыкалық  шығарма  болуы  себепті  жырды  ең  ҽуелі 
тыңдату  бұлтартпай  орындалатын  ҽрекет-тҽсіл  болуы  керек.  Ҿкінішке  орай,  оқулық 
құрастырушы  авторларымыз  осы  бір  қарапайым  нҽрсені  ескермейтіні  таңдандырады. 
Олай  дейтініміз,    6-сыныптың  да,  7-сыныптың  да    ҽдебиет  оқулығында  жырдың 
үнтаспасы  оқулыққа қосымша ретінде ұсынылмайды. Қолында құралы жоқ мұғалімнен 
нҽтиже  талап  ету  ретсіз.  Яғни  мектепте  жыр  жанрын  оқыту  кезеңінде    жыр 
тыңдалмайды  деген  сҿз.  Жыр  ҽуені  оқушы  құлағына  сіңірілмейді.  Ҿз  уақытында, 
оқушы  жасының  дер  кезінде  тыңдалмаған  жыр  есейген  тұста  құлаққа  жаттық  етеді. 
Бүлдіршін  шағында  естімеген  жырға    бала  құлағы  тасырқап,  ҿз  тҿл  мҽдениеті  мен 
музыкасына да ҿгейлік жасауға итермелейді. Сондықтан болар, жастар арасында жыр, 
термелерге,  кейіндеп  халықтың  дҽстүрлі  ҽн-жырларына  деген  де  қызығушылық 
тҿмендеген. 
Сонымен,  мектепте  батырлар  жырын  оқытуда  ең  ҽуелі  жырды  тыңдатудың 
қаншалықты  маңызды  екенін  баса  айтқымыз  келеді.  Жырдың  мазмұнын  меңгертуге 
арналған  алғашқы  сағаттағы  сыныптық  жұмыс,  сыныптан  тыс  үйге  берілетін 
тапсырманың  да  денін  жырды  тыңдатуға  арнау  керек.  Жырдың  тирадалық  түйдектері 
де тыңдау кезінде айқын танылады. 
Жыр  сюжетті  шығармалар  қатарына  жатады.  Оны  оқыту  мен  талдау,  саралау 
жұмыстарында  тақырып  пен  идеяға,  образдар  жүйесіне,  тілдік  ерекшеліктеріне, 
жанрлық  ерекшеліктеріне  баса  кҿңіл  бҿлінеді.  Шығарманы  оқу  мен  талдау  үдерісінде  
басты  нысан  жырдың  мазмұндық,  жанрлық,  кҿркемдік  сипаты  болып,  ол  оқушы  мен 
мұғалімнің  ынтымақтасқан  шығармашылық  жұмысының  ҿзегіне  айналса,  қазақтың 
ҽдеби-музыкалық  құндылығы  болып  саналатын  жырды  тану,  бағалау  дҽрежесі  де  
кҿтерілер еді. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1.Батырлар жыры. Алматы: Жазушы, 1986. 
2.Қазақ ҽдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Аруана,  ЖШС, 2010. 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
26 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются  проблемы обучения  жанра поэзий в казахских 
общеобразовательных школах.  
 
SUMMARY 
The article deals with the problems of teaching genre of poetry in Kazakh classes. 
 
 
 
 
УДК 
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ 
 
Жүнісова М.Ҽ.- ф.ғ.к., доцент, Танбетова Н.Қ. -1-курс магистранты 
(Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазіргі  таңда  еліміздегі  барлық  жоғары  оқу  орындары  білім  берудің  кредиттік 
жүйесіне  кҿшуде  [1,  15].  Кредиттік  жүйемен  оқытудың  басты  ерекшелігі  -  ҽлемдегі 
білім берудің ең үздік  технологиялық  тҽжірибелерін қолдана отырып елімізге қажетті 
мамандарды  сапалы  дайындап  шығару[2,  19].  Мұнда  бұрыннан  қолданылып  жүрген 
оқытудың  ҽдіс-тҽсілдерімен  қатар,  студенттің  ізденуіне,  жаңаша  кҿзқарас  тұрғысынан 
келіп,  сапалы  білім  алуына  жағдай  туғызу.  Кредит  сҿзінің  мағынасы  –  сенім,  яғни 
студентке сенім білдіру арқылы оның білімін кҿтеруіне, ҿзіндік ізденісіне, ҽрбір ҿтілген 
тақырыпты  шығармашылықпен  меңгеруіне  жол  ашу.  Оқытушы  ҽрбір  ҿтілетін 
тақырыпты  жіктеп,  жіліктеп  түсіндіріп,  студенттен  сол  материалдарды  қалай 
меңгергенін  сұрау  арқылы  оның  білімін  бағалауды  мақсат  етпейді.  Ҽрбір  ҿтетін 
тақырып  тҿңірегінде  сол  тақырыптың  ерекшелігі  жайлы,  студент  аталған  тақырыптан 
қандай  мҽселелерді  меңгеруі  керектігі  жҿнінде  бағыт-бағдар  береді.  Ал  студент  сол 
ұсынылған  бағыт,  түсінік  негізінде  қажетті,  білуге  тиісті  материалдарды  ҿзі  ізденіп, 
алынатын  білімді  толық  меңгеруі  қажет.  Оқытушы  ҿзі  дайындаған  силлабуста 
студентке  берілетін  білім  мазмұнын,  ҽрбір  модульдік  бақылау  барысында  студенттің 
нені  білу  қажеттілігін  жҽне  кҿрсетілген  тақырыптар  бойынша  пайдаланылатын 
ҽдебиеттің тізімдерін жан-жақты кҿрсетеді. Бір сҿзбен айтқанда, студент үшін силлабус 
білім алудың, ізденіс жұмыстарын жүргізудің басты бағдарламасы болмақ. 
Білім беру жүйесінде ҽр пҽннің ҿзіндік ерекшеліктері, ҿзіне тҽн қиыншылықтары 
болады.  Студенттің  сапалы  білім  алуына,  сол  пҽннен  алынатын  міндетті  білім 
дағдыларын  меңгеруіне  дұрыс  бағытта  жол  ашу  үшін,  ҽр  пҽн  оқытушысы  сол  пҽннің 
ҿзіне  тҽн  ерекшеліктеріне,  сол  пҽнге  тҽн  оқытудың  принциптеріне  баса  кҿңіл  бҿлгені 
жҿн.  Оқу  орыс  тілінде  жүретін  топтарда  қазақ  тілін  оқитын  студент  ҿзіне  таныс  емес 
тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, 
оның  грамматикалық  құрылысын  игеруге,  ойын  еркін  жүргізуге,  басқаның  сҿйлеуін 
түсінуге,  жеткілікті  дҽрежеде  сҿздік  қорын  меңгеруге  тиісті  жҽне  қазақша  сҿйлеуге 
жаттығып,  қазақ  тілінде  қарым-қатынас  жасай  алуы  қажет.  Тыңдаушыны  мұндай 
дҽрежеге жеткізу үшін, оқытудың ҿзіндік тҽсілдері мен амалдары, жолдары бар. Басқа 
ұлтқа қазақ тілін оқыту ҽдістемесі қазақ тілін оқитын адамның ана тілінің ерекшелігін 
ескере отырып, оны үйретудің тиімді жолдарын кҿрсетудің маңызы зор. Бұл ана тілді 
оқыту  ҽдістемесінен  екінші  тілді  оқыту  ҽдістемесінің  ҿзіне  тҽн  ерекшеліктері 
болатынын дҽлелдейді. Алайда орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқыту ҽдістемесімен, 
орыс тілін басқа ұлт ҿкілдеріне үйрету ҽдістемесімен шет тілдерін оқыту ҽдістемесімен 
тығыз байланысты жақтары да күшті.  Сондықтан олар бір-бірінен нҽр алып, толығып 
отырады.  Тілдерді  оқыту  ҽдістемесінің  байланыстылығы,  жалпы  ортақ  мҽселелердің 

27 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
кҿптігі  соңғы  кезде  лингводидактика  ғылымын  туғызды.  Қазақ  тілін  орыс 
аудиториясына  оқыту  ҽдістемесінің  ғылыми  тұрғыдан  зерттелу  тарихы  ұзақ  емес. 
Сондықтан  оқыту  ҽдістемесі  бұрыннан  қалыптасқан  шет  тілдерді  оқыту,  орыс  тілін 
оқыту ҽдістемелерінен оқып, үйренеріміз кҿп [3, 35]. 
Қазақ  тілін  басқа  тілді  аудиторияларда  оқыту  барысында  қазақ  тілінің  ҿзіндік 
басты  ерекшеліктерін  назарда  ұстауымыз  қажет.  Қазақ  тілі  сҿз  жасау  жағынан 
жалғанбалы (агглюнативті) тілдер тобына жататындығы бҽрімізге белгілі. Сол себептен 
де қазақ тілінде жұрнақ түрлері кҿптеп саналады, сонымен қатар тҿрт түрлі жалғаудың 
беретін  ҿзіндік  мағынасы,  сҿзге  жалғану  кезіндегі  варианттары  да  жеткілікті.  Қазақ 
тілін  оқытуда  жақсы  нҽтижелерге  жету  үшін,  біздіңше  мынадай  басты  бағыттарда 
жұмыс  түрлерін  жүргізген  тиімді.  Ең  бастысы,  студенттің  қазақ  тілінен  тілдік  қорын 
молайту.  Ол  үшін  сҿздік  жұмыстарын  үнемі  жүргізу.  Қазақ  тіліндегі  сҿздер  кҿп 
мағыналы  жҽне  синонимдер  мен  омонимдерге  бай.  Сҿйлемде  осындай  сҿздердің 
мағынасын  ажырата  білуге,  оларды  тиімді  қолдана  білуге  үйрету  студенттің  тілдік 
қорын байытуда оң нҽтижелер береді. 
Екінші,  қазақ  тілінде  сҿйлемде  сҿздердің  орын  тҽртібі  тұрақты  екенін  ескеріп, 
берілген сҿздер арқылы сҿйлем құрап үйренуге баулу қажет. 
Үшіншіден,  жалғау  түрлерін,  олардың  сҿзге  беретін  мағынасын  меңгеру  арқылы 
сауатты түрде ҿз ойын ауызша жҽне жазбаша жеткізе алу дағдыларын қалыптастыру. 
Төртінші,  қазақ  тілінде  сҿйлемді  тиянақтап,  айтылған,  ойды  тұжырымдап 
тұратын  сҿйлем  мүшесі  –  баяндауыш.  Баяндауыш  негізінен  етістіктен  болады. 
Сондықтан  студенттерге  етістіктің  шақтарын,  оның  жасалу  жолдарын  меңгерту 
олардың ҿз ойын жүйелі түрде жеткізе алуына негіз болады. 
Басқа  тілді  студенттерге  қазақ  тілін  үйретуде  пҽн  бойынша  жүргізілетін 
студенттің  ҿзіндік  ізденіс  жұмыстарын  тиімді  ұйымдастыра  білудің  де  маңызы  зор. 
Қазақ  тілінен  ізденіс  жұмыстарын  ұйымдастыру  студенттің  білімін  тереңдетуге,  ой-
ҿрісін  кеңейтуге,  олардың  тілді  үйренуге  ынтасын,  құмарлық  сезімін  оятуға 
кҿмектеседі,  олардың  жан-жақты  қабілеттігі  мен  шығармашылық  күшін  дамытады 
жҽне алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жҽрдемін тигізеді. 
Тіл  үйренуші  аудиториядағы  сабақ  үстінде  ғана  білім  алып  қоймайды,  ҿзіндік 
ізденіс жұмыстарын орындау арқылы да қазақ тілінен білім деңгейін кеңейтіп отырады. 
Студенттің  ҿзіндік  ізденіс  жұмыстарын  ұйымдастыру  мынадай  мақсаттарды  жүзеге 
асыруды кҿздейді. 
Біріншіден,  студенттердің  қазақ  тілінен  алған  теориялық  жҽне  практикалық 
білімдерін бағдарламадан тыс материалдармен толықтыра, жетілдіре түсу. 
Екіншіден,  қазақтың  ҽдеби  тілі  туралы,  оны  жасаған  халықтың  тарихы  туралы 
қосымша ҽдебиеттермен таныстыру. 
Үшіншіден,  қазақ  тілі  пҽнінен  түрлі  үйірме,  пҽн  апталығы,  конкурстар 
ұйымдастыру жҽне студенттерді ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар 
жасату арқылы олардың тілді үйренуге деген белсенділігін арттыру. 
Студенттердің  ҿздік  жұмысын  жүргізу  барысында  мынадай  білімділік  дағдылар 
іске асады: 
1.
 
Қазақ тілінен ҿткен материалдарды бекіту, нығайту; 
2.
 
Студенттердің қазақ тілінен білімін кеңейту жҽне тереңдету; 
3.
 
Студенттердің логикалық ойлауын дамыту, жазбаша жҽне ауызша сҿйлеу тілін 
қоса дамыту; 
4.
 
Орфоэпиялық,  орфографиялық  жҽне  пунктуациялық  білімдерін  қалыптастыру, 
тілді үйрену қабілетін дамыту; 
5.
 
Орыс тілді студенттерге тілдік орта жасау, тілдік ситуациялар туғызу, олардың 
қазақша сҿйлеуіне толық жағдай жасау; 
6.
 
Студенттердің  қазақша  тілін  дамыту,  сҿйлеу  белсенділігін  арттыру,  қазақша 
сҿйлеу дағдысын қалыптастыру. 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
28 
Студенттердің  ҿзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  кезінде  берілетін  тапсырмалардың 
тҽрбиелік мҽні де күшті болуы қажет. Онда мынадай міндеттер қарастырылады: 
1.Қазақ  мҽдениеті,  салт-дҽстүрі,  ҽдебиеті  жайлы  берілетін  тапсырмалар  арқылы, 
олардың қазақ халқына сүйіспеншілігін ояту, қазақ халқын сыйлауға тҽрбиелеу; 
2.Қазақ  тілінің  байлығын  таныстыру  арқылы  тілге  деген  қызығушылығын  арттыру, 
тілге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, оны қалыптастыру. 
Қазақ тілі пҽні оқытушысының тілді үйрету ынтасы, тапқырлығы студенттің ҿздік 
жұмысын  дұрыс  ұйымдастыруға  кҿмектеседі.  Студенттерге  ҿздік  жұмыстарының 
тақырыптарын  іріктеп  беруде  оны  сҿйлесіп  үйренуге  қажетті  тілдік  материалдармен 
байланыстыруға  ұмтылу  қажет.  Сонымен  бірге  студенттердің  сұранысын,  қабілетін 
есепке алып отыруға тиіс. 
Студенттердің  ҿздік  жұмыстарын  ұйымдастыруда  мынадай  жұмыс  түрлерін 
жүргіземіз. Оқу жылының басында, студенттердің тілдің білу деңгейін анықтаған соң, 
олардың тілді меңгеру дҽрежесіне қарай ҽр түрлі тапсырмалар ұсынылды. 
  Ҿзіміз  дайындаған  силлабуста  аудиториядан  тыс  жүргізілетін  студенттердің 
ҿзіндік  жұмыстарының  тақырыптары  берілді.  Бұл  тақырыптарда  қазақ  халқының  ұлы 
тұлғалары,  олардың  ҿмірі  мен  шығармашылық,  қазақтың  салт-дҽстүрлері,  қазіргі 
қоғамымыздың даму бағытындағы ҿзгешеліктері жайлы бағыт ұсталынды. Алайда бұл 
тақырыптарды  тілді  бастауыш  деңгейде  білетін  студенттердің  орындауы  қиындық 
келтіретіні  даусыз  еді.  Сондықтан  бұл  тақырыптар  тілді  біршама  меңгерген,  бірақ 
сҿйлеу  жҽне  жазбаша  тілінде  кемшіліктер  кездесетін  студенттерге  берілді.  Тапсырма 
тақырыптарын  таңдауда  студенттердің  ҿз  қалауында  болды.  Бұл  жұмыс  түрін 
ұсынудағы  негізгі  нысана:  белгілі  бір  тақырыптарды  зерттеу,  саралау  барасында 
студенттердің қосымша ҽдебиеттермен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру, ҿз 
ойын тиянақты, тұжырымды жеткізе білуге үйрету. Мұнда тапсырманы міндетті түрде 
реферат,  шығарма  түрінде  жазу  кҿзделген  жоқ,  тіпті  болмаған  жағдайда  сол  тақырып 
бойынша  ҽдебиеттерден  конспект  жазу,  тезис  жаза  білуге  үйрету  мақсатты  басты 
нысана  болды.  Бұл  жұмыстың  нҽтижесі  кҿрсеткендей  студенттер  күрделі,  кҿркем 
шығарма жаза алмағанмен, сол тақырып туралы түсінігі қалыптасты, қазақ тілінің сҿз 
оралымдарына кҿзі  үйреніп, сҿйлемдегі  сҿздердің қолдану мағынасы жайлы білімдері 
кеңейді.  Қазақ  тілін  біршама  меңгерген  студенттер  берілген  тақырыпты  жақсы  аша 
біліп,  ҿздерінің  ҽдебиетпен  жұмыс  істей  алу  қабілеттерінің  қалыптасқанын  кҿрсете 
білді. 
Студенттерге  ҽр  түрлі  тақырыпта  қазақ  мақал-мҽтелдерін  жаттатып,  оның  орыс 
тіліндегі  ұқсас  нұсқасын  тапқызып  үйрету  олардың  тіл  байлығының  қалыптасуына  ҿз 
ықпалын  тигізеді.  Бҽрімізге  белгілі  бір  тілдегі  фразеологизмдер  басқа  тілге  сҿзбе-сҿз 
аударылмайды.  Сҿзбе-сҿз  аударылған  тұрақты  тіркестер  мҽн-мағынасынан  айрылады. 
Оның  басқа  тілдегі  (орысша,  ағылшынша)  баламасын  дұрыс  таба  білген  студенттің 
есінде сол тіркестер сақталады да жҽне оны ҿз сҿзінде орынды қолдана алады. 
Тілді  нашар  білетін  студенттерге  арнап  оқу  жылының  басында  қосымша 
түрлерінің орнына кҿп нүкте қойылған мҽтін түрлері берілді. Бұл тапсырманы  орындау 
барысында  студент  мҽтін  мазмұнын  түсінуге  ұмтылады,  мҽтін  мазмұнын  түсінбей 
сҿздерді байланыстыратын қосымшаларды кҿп нүктенің орнына қоя білу мүмкін емес. 
Мҽтінді түсіну үшін, оны ҿзі білетін тілге аудару қажет. Бұл жағдайда студент білімін 
екі жақты жетілдіреді. Біріншіден, қазақ тіліндегі сҿздің ҿзі білетін тілдегі баламасымен 
танысса, екіншіден қандай қосымшаның қандай мақсатта қолданылатына кҿзі жетеді. 
Студенттің  жазбаша  сҿйлеу  тілін  дамытуда  екі  тілге  аударылған  мҽтін  түрлерін 
салыстыра  отырып,  оны  ҿз  сҿзімен  қазақ  тілінде  жеткізуге  дағдыландыру  ҽдісін  де 
қолданамыз.  Бұл  орайда  студенттерге  Абайдың  қара  сҿздерін  ұсынамыз.  Абай 
шығармаларының жинағында бұл қара сҿздер қазақ тілінде де, орыс тілінде де берілген. 
Екі тілде бұл сҿздерді салыстыра оқыған студент, сол сҿзден алған түсінігін ҿз сҿзімен 
беруге  ұмтылады.  Ҽрине,  жазбаша  ойын  жеткізуде  қателіктер  болады,  оқытушы  бұл 

29 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
қателіктерді  түзетуге  дер  кезінде  ақыл-кеңес  беріп  отырса,  студент  келесіде  ондай 
қателіктерді қайталамайды. 
Студенттің ҿзіндік ізденуіне викториналық сұрақтар ойынын ұйымдастыру да ҿз 
ҽсерін тигізеді. Сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін студенттің кҿп оқуы, ізденуі қажет. 
Себебі бұл – жарыс. 
Викториналарды ҽр түрлі ҿткізуге болады. 
1.Сұрақтарды ертерек беріп қойып, соған студенттердің жазбаша түрде жауап беруі. 
2.Сұрақтар ауызша қойылады да, студенттер сол арада жауап береді. 
3.Сұрақтар жазбаша беріледі де, сол арада жазбаша жауап береді. 
Мазмұнына қарай викториналық сұрақтар екі түрлі болуы мүмкін. 
1.Пҽн бағдарламасы бойынша, ҿтілген материалдар бойынша сұрақтар. 
2.Оқу бағдарламасынан тыс танымдық сұрақтар. 
Мұнда  студенттің  логикалық  ойлау  қабілеті  шыңдалады  ҽрі  ҿз  ойын  шапшаң 
жеткізу үшін сҿздерді, сҿз тіркестерін тиімді пайдалану дағдысы дамиды. 
Студенттердің  ҿзіндік  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыруда  басқа  да  жұмыс  түрлерін, 
білім берудің кҿптеген ҽдіс-тҽсілдерін қолдануға болады. Бұл үшін қазақ тілін ҿзге тілді 
аудиторияда жүргізетін оқытушының шеберлігі, ізденімпаздығы, ең бастысы, ҿз тіліне 
деген сүйіспеншілігі басты орында тұруы қажет. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1.Назарбаев  Н.Ҽ.  Қазақстан  экономикалық,  ҽлеуметтік  жҽне  саяси  жедел  жаңару 
жолында  //  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2012. – 47 б. 
2. Назарбаев Н.Ҽ. Бҽсеке қабілетті Қазақстан үшін, Бҽсекеге қабілетті экономика үшін, 
Бҽсекеге  қабілетті  халық  үшін.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы,  Астана,  2004  ж.  –  19  наурыз  //  Егемен 
Қазақстан. – 2004. – 20 наурыз. 
3.  Шешукова  Г.В.  Роль  и  место  системы  образования  в  политической  социализации 
населения современной России //Credo. – 1998. – № 4. – С. 24-26. 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  разные  методы  организации  самостоятельной  работы 
студентов в системе кредитной технологии.  
SUMMARY 
 
The article  deals with  the different methods of  organization students‘  independent 
work in the system of credit technology. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет