Оқыту әдістері/дәріс түрі : кӛрнекі-түсіндірме, талдау-жинақтау/ақпараттық



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#131135
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
ұйымдастырушы көшбасшы, 
уақытты бақылаушы (тайм-кипер), үйлестіруші (дəлел келтіру, дəйектеу, т.т.) 
бағалаушы немесе сыни сараптамашы, хаттамашы, т.б.
Бұл тұста оқушыға негізделген 
рӛлді нақтыланып отырады. Әрине, тап осыдан ауытқуға болмайды деген ой емес, түрлі 
жағдайға сәйкес (шәкірттердің жас ерекшелігін ескергенде, оқушылардың сұрауы 
бойынша қажет деп тапқан қызметті қосқанда немесе топтағы мүшелер саны, болмаған 
жағдайда, т.т.) қызмет мазмұны ӛзгеріп отыруы мүмкін. 


Топтық жұмыстың тұлға үшін тәрбиелік мәні – топ мүшелерінің қызмет түрлерін 
ауысып атқаруы. Қайталана берген қызмет түрі, біріншіден, ӛзге қабілеттерінің ашылмай 
қалуына себепкер болса, екіншіден, жаттандылық пен жасандылыққа жол беруі мүмкін. 
Сондықтан ұстаз топтағы қызмет рӛлдерінің ауысып атқарылуын қадағалауы керек. Бұл 
қызметтердің рӛлдік ойын есебінде де, тәжірибе жүзінде жұмыс жасауға бағдар ретінде де 
маңызы ерекше. 
Ӛзіміздің тәжірибемізде қолданылып отырған топ мүшелерінің қызметі түрлері: 
Ұйымдастырушы көшбасшы
. Кӛшбасшы келбетін қалыптастырып, барлық жағдайда 
басшылық, ұйымдастырушылық келбетін сомдауға кӛмек кӛзі – ұйымдастырушы 
қызметін атқару. Ол тапқырлық, болжам мен сенімділік, қиын жағдайда кесімді шешім 
қабылдау, т.т. қабілеттерді ұштайды. Мәселен, топқа бӛліне салғаннан-ақ, кімнің қай 
қызметті атқаратыны, ақпаратты жинақтау мен жобаны қорғау әдіс-тәсілдерін таңдауды 
ұйымдастыра білуі керек. 
Сонымен бірге, топ мүшелерінің пікірін тыңдап, әрқайсысының пікіріне қолдау 
кӛрсету, т.б. Оқушы бұл рӛлде болу оңай емес екенін біледі, алайда ол осы бӛгетті жеңе 
білгені абзал. Жауапкершілікті, зейінділік пен әрекетті назардан тыс қалдырмауды талап 
ететін қызмет осы. Ол ӛз білімін толықтырумен қатар, әр топ мүшесінің әрекетін, сонымен 
бірге жалпы топтың жұмысын, әрекеттер реті мен жұмыс қарқынын бақылап, нәтижелі 
табысқа жету кӛзін анықтауы керек. 
Уақытты бақылаушы.
Топтың табысқа жету кӛзі уақытты тиімді пайдалану мен 
мӛлшерлі кезеңнің үдесінен шығуға тікелей байланысты. Уақытты белгілеп қана қоймай, 
топтағы әр әрекеттің атқарылатын уақыт мӛлшерін бӛле білуі керек. Нәтижелі табыстың 
белгіленген уақытқа сәйкес жүзеге асырылуын болжай білуге дағдылануы керек. 
Үйлестіруші
. Айтылып жатқан пікірлердің дәлелді де нақты болуын қамтамасыз ету 
үйлестірушінің біліктілігіне байланысты. Ол айтылған жауапты (сандық деректер, нақты 
тарихи ақпараттар, мақал-мәтел, белгілі бір ғалымның не зерттеушінің пікірін келтіру 
арқылы, т.т.) дәйектеуге дереккӛздерден (баспасӛз басылымдары, ғаламтор желісінен, 
түрлі әдебиеттерден, т.б.) қажетті мәліметті тауып, ұсынуға мүдделі. Оның дәлелді 
деректері топ жұмысының мәнді де мағыналы болуымен қатар, әр оқушының белгілі бір 
дәрежеде қосымша ақпаратпен танысуына да қазмет етеді. Жауапкершілігі жоғары әрі 
қызықты қызмет. 
Сыни сараптамашы (бағалаушы)
. Тың пікір, идея, креативті кӛзқарасты бағалай 
білуді, қызығушылық пен шығармашылыққа жол ашып, ізденісті қалыптастырады. 
Әрекетті бұдан да әрі қызықты, ерекше жасауға ынталандырады. Әрине, ауыр әрі ерекше 
жайттарды тез ойлап, тапқырлықпен бағалауды қажет етеді. Сыни пікір айтып, бағалау – 
батылдықты талап ететін абыройлы міндет. Бұл қызмет, шындығында да, жауапкершілік 
пен нақтылықты, пайымды пікір мен шынайылық, әділдікті талап етеді. Оқушы бұл 
қызметті міндетті түрде ӛз басынан ӛткере білуі керек. Сыни сараптама барысында сыни 
кӛзқарас, салыстырмалы пайымдау, таңдалған жауаптың ӛміршеңдігі мен мәні, қажеттілігі 
мен маңызы жан-жақты ашылуы керек. Ол тек сараптамашы пікіріне ғана негізделген 
емес, ӛзге топ мүшелерінің де қорытынды ойлары ескерілген сипатта кӛрінуі керек. 
Мәселен, сараптамашыға кӛтерілген мәселеге байланысты қарастыруға кеңес берілді. Ал 
оқушылар ӛз кезегінде оны толықтырады. 
Айтылған пікір, ұсыныстың маңыздылығы мен қажеттілігі. Ол тыңдағанға 
(оқығанға) қалай әсер етеді? Ерекшелігі неде? Неліктен қабылданбауы (қабылдануы) 
мүмкін? Ол тиімді ме? Салыстырып қарап, тиімділігін (тиімсіздігін) нақтылау. Бәлкім, 
келесі ұсыныс қолайлы болар? Әр ұсыныстың ӛз салмағы бар. Сырт кӛрініс қалай? Ол 
солай болуы міндетті ме? Ол ізденіске бастайды ма? Шығармашылық ұшқыны бар ма? 
т.с.с. 
Хаттамашы
- топтағы ойлардың жазылып, айтылған пікірлердің жинақталып 
отырғаны абзал. Хаттамашы мүмкіндігінше осы міндетті орындауы қажет. Осылай 
нақтыланған үлгі ұсынылғаннан кейін толғамды ойды тиянақтап жеткізуші шешеннің 


(спикердің) міндетін осы топтағы кез келген оқушы алып шыға алады. Бұл рӛлді бір ғана 
оқушы орындай бермей, шешеннің әр тапсырмада, әр мезгілде ауысып отыруы - міндетті 
әрекет. Топ алдында және топ үшін есеп беруге әр оқушы үйренуі – басты шарт. 
Белгілі ғалым А.Әлімов «Дәстүрлі сабақтарда оқушылардың тапсырманы орындауы 
мұғалім тарапынан қатаң талап қою арқылы жүзеге асатынын, ал бірлескен топтық 
жұмыста оқушылардың тапсырманы орындауы кеңес, сұраныс, ұсыныс арқылы 
орындалады. Топ мүшелерінің барлығы дерлік белсенділік танытады. Бірлескен жұмыс 
барысында шағын топ мүшелерінің барлығы да ӛзара қарым-қатынасқа негізделген 
интербелсенді әрекеттерді атқарады (мәселен тыңдай білу ӛз пікірін ұтымды және дәлелді 
түрде жеткізе білу ортақпікір қалыптастырып бір мәмілеге келу, бірлесе шешім қабылдау) 
– деп топтық жұмыстың маңыздылығын атап кӛрсеткен. 
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы мынандай мақсаттарға қол жеткізуге 
болады: 
- оқушылар бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнатады; 
- оқушылар арасында сенім атмосферасы қалыптасады; 
- ӛз ойын айтады, ӛзгенің ойын тыңдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет