3) Айтылатын пікірдің ерекшелігіне, нақтылығына, дәлелділігіне кӛз жеткізе алмау,
маңыздылығына мән бермеу.
4) Уақыттың үдесіненшыға алмау, уақыттың мӛлшерін, атқарылатын жұмыстың
ауқымын болжай алмау.
5) Ұсынылатын жұмыс, айтылатын пікірге сыни кӛзқарас болмауы: бұл кӛп
жағдайда біздің жұмысымыз керемет еді, бірақ ол дұрыс бағаланбады дегенге әкеп тіреуі,
яғни бағалауды қабылдай алмау.
6) Жұмыстың
кем-кетігін қорытындылап, оның түбегейлі аяқталуына немесе
болашақта қолданыс табуына қажетті шешімнің болмауы, бақылау әрекетінің ӛз
деңгейінде болмауы.
Қалай ойлайсыз, әріптес! Біз осылай жұмысты жалғастыра беретініміз шындық емес
пе? Мұны қалай реттеуге болады?
Ең алдымен, топтық құрам, топтық жұмыстың мақсаты неде екенін нақты айту үшін,
оны ұйымдастыру міндеттерін саралап ӛтейік:
- топ құрамының топтасып та, жұптасып та жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыру:
нәтижелі болуы үшін 4-6 оқушыдан топтастыру;
- атқарылатын жұмыстың барлық топ мүшелері тарапынан талқыланып, бүге-
шігесіне дейін қарастырылуына жағдай тудыру;
- әр топ мүшесінің ӛзінің шағын ұжымдағы қозғаушы күш екеніне, ӛзінің
пікірі
маңызды да мәнді екеніне сеніп, серпілуіне ықпал ету;
- әр пікірдің әрекетке негіз әрі ұйытқы болатынына деген сенім мен шығармашылық
ізденісті қалыптастыру;
- топ мүшелері арасындағы қарым-қатынастың адами және мәдени құндылықтарға
негізделуіне жол ашу;
- топтық ортаның белгілі бір уақыт ішінде тұлғалық қабілеттерін ұштап, нәтижелі
жұмыс жасауына мүмкіндік тудыруы.
Демек, топтық жұмыс мақсаты – топтық жұмысты әр оқушының ӛз
қызметін
барынша түсініп, бойдағы қабілеттерін оятуына, уақыт ауқымында мүмкіндігінше
нәтижелі жұмыс істеуіне жағдай тудыратын нағыз шығармашылық шеберханасына
айналдыруға жағдай тудыру.
Жұмыс басталды. Топтағы әр оқушының қызметі мен міндеті қандай болмақ? Ол
ӛзіне қажет дағдыларды меңгере алады ма? Оны ұйымдастыру барысында қандай бағыт-
бағдар берген орынды?
Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында сыныптың топта жұмыс істеу
мүмкіндіктерін барынша саралап, зерделеп алу аса қажет.
Туындайтын мәселерді
былайша жүйеленеді: сыныптың жұмыс ахуалы, яғни жұмыс істеу бейімділігі, топтық
құрамы қалай қарастыратыны мен топ мүшелерінің атқаратын қызметі, топтың жұмыс
істеу жүйесі мен ӛзгешеліктері.
2. Топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру барысында топтың бӛліну
әдісі мен топ
мүшелерінің саны да назар аударуға тұратын, барынша ескерілетін жайт. Себебі топ
мүшелері арасында жедел арада әр әрекетке қатысты қызметтік рӛлдер бӛлінуі керек. Егер
біз топ мүшелері атқаратын қызметті шартты түрде алтыға бӛлетін болсақ, онда топ
мүшелері тӛртеу боп қалған жағдайда қызметтік міндеттерді қосалқы алу керек жағдай
туындайды.
Топта атқарылатын қызмет түрлеріне тоқталып кетсек:
Достарыңызбен бөлісу: