Оқыту әдістері/дәріс түрі : кӛрнекі-түсіндірме, талдау-жинақтау/ақпараттық



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#131135
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 лекция Озин Ози, топты Багалау

Бағалауды жақсарту тобы, Блэк, Мунби жəне Драхмэнмен Суэтс сынды 
ғалымдардың өзін-өзі бағалауға байланысты зерттеулерінен үзінді

1) Оқушылар ӛзінің білім алуы үшін ӛзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа 
ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне 
тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және 
оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. ( 1999). 
2) Ӛзін-ӛзі бағалау «ӛткен тәжірибені пайымдаудың үдерісі, оқылғаны және қол 
жеткізілгені туралы нақтылы түсінікті алуға талпына отырып, еске алуға және түсінуге 
ұмтылыс жасау» түрінде айқындалады (және қосалқы авт., 1989). 
3) Ӛзін-ӛзі бағалау барысында оқушылар ӛздерінің жұмысын бағалау кезінде 
қолданылатын ӛлшемдер мен стандарттарды дұрыс түсінуі, ӛлшемдердің немесе 
стандарттардың 
мәліметтеріне 
сәйкес 
ӛзінің 
жұмысы 
туралы 
пайымдауды 
қалыптастыруды шынайы ұғынуы тиіс, мұғалімнің түсініктемелерін ескерулері және 
анықталған тармақтарды алдағы уақытта пысықтаулары қажет. 
4) Ӛзін-ӛзі бағалау нәтиже әкелуі үшін оқушыларға белгілі бір стандарттарға сәйкес 
ӛз жұмысын ойластыруға мүмкіндік беру маңызды. («Белгілі бір стандарттар» дегеніміз 


жалпыға ортақ оқыту бағдарламасы немесе олар туралы сынып деп айтуға болады). 
Оқушылар ӛз қателерін және қиыншылықтарын ӛзін-ӛзі құрметтеуге деген сенімін ешбір 
тәуекелсіз тануы үшін жеткілікті қолдау кӛрсету арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. 
Қателермен жұмыс жүргізу үшін уақыт бӛлу және оқушыларға соңғы шешім 
қабылдағанға дейін түрлі шешімдердің арасынан таңдау үдерісі қарапайым әрі табиғи 
болып табылатындығын жеткізу керек. 
5) Мұғалім бағалауынан ӛзін-ӛзі бағалауға кӛшу айтарлықтай қиындық тудыратын 
қадам және ӛзінің сыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. 
Сыныптастарын бағалау маңызды рӛл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін кӛтереді, 
оқушыларға ӛз тілінде сӛйлеуге мүмкіндік береді, сынды қабылдауға ықпал етеді, ӛзіне 
және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге 
үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді (Блэк және қосалқы 
авт., 2003). 
6) Оқытудың жаңа стратегиялары басқалардың жұмыстарын мұқият зерделеу 
арқылы әзірленуі мүмкін, себебі бұл оқушыларға ӛздерінің мүмкіншіліктеріне 
айтарлықтай жан-жақты кӛзқарас қалыптастырады. Ӛзгелердің жұмыстарын зерделеу 
оқушыларға бір тапсырманы шешудің түрлі жолдарын кӛрсетеді және ӛздерінің 
мүмкіншілігін кеңейтуге ықпал етеді. 
7) Басқалар диалог барысында ӛзінің мықты және осал қырлары туралы айта 
отырып, оқушылар ӛзінің мақсаттары мен күтетін нәтижелерін дұрыс анықтай алады. Бұл 
жаңа және айтарлықтай ұтымды стратегияларды меңгеруге әкелуі мүмкін. 
8) Драхмэнмен Суэтс (1988) кері байланыс және құрдастарының ескертулері тұрақты 
нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда кӛп әсер етуі ықтимал екендігін 
айтады. Алайда оқыту үдерісі тек қана оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы 
кезеңінде ӛзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі 
туралы нақтылы сезінген кезде ғана тиімді болады. (QCA, 2001). 
9) Ӛзін-ӛзі бағалау және сыныптастарын бағалау оқушыларға ойлайтын және оқитын 
тұлға ретінде ӛзінің білімін, ағымдағы тапсырмаларды түсінуге, оқыту үдерін 
жақсартудың жолдарын сезінуге мүмкіндік бере отырып, оқыту үдерісінде жетістікке 
жетуге мүмкіндік береді. Ол ӛзін-ӛзі сыйлау сезімін, оқу үшін ӛзінің ынталануы мен жеке 
жауапкершілігін арттыруға үлесін қосады. 
10) Ұтымды ӛзін-ӛзі бағалау және сыныптастарын бағалау, оқытуды бағалауға 
бағытталған үш ӛзге де маңызды үдерістерді қамтиды: сыныпта сұрау, кері байланыс, сапа 
ӛлшемдерін айту арқылы ауызша әңгімелесуді дамыту. 
Ӛзін-ӛзі бағалау және ӛзара бағалау бойынша нұсқаулықта 
өзін-өзі бағалау жəне 
сыныптастарын бағалау стратегиясының бірнеше мысалдары айқындалған. 
Аңдатпалы мысалдарға сəйкес баға қою 
Баға қоюдағы тағы бір пайдалы стратегиясы «идеалды шешім» талаптарының 
жұмыстарына сәйкестілігінің деңгейін анықтау және ӛзара әрекет ету үшін 
пайдаланылады. Бірнеше идеалды шешімдердің мүмкіндігін атап ӛту қажеттілігін ескере 
отырып, топпен талқылау, оқушыға оның жауабын жақсарту үшін ӛлшемдерге 
сәйкестілігін ұғынуға кӛмек кӛрсетуге жұмылдырылуы тиіс. 
Жеке бағалау парағы 
Оларды бағдарламаның кейбір элементтері үшін әзірлеуге болады және 
оқушылардың жұмыстарының белгілі бір ӛлшемдерге қандай деңгейде қол жеткізілгендігі 
туралы ойлауын ӛтіне алады. Осының аясында олар нәтижені жетілдіру үшін оларға не 
істеу керектігін кӛрсетуі қажет. 
Соңғы бес минут 
Сабақтың басында мұғалім мақсатын түсінікті етіп жеткізеді және аяқталғаннан 
кейін соңғы бес минуттың барысында оқушылардың біреуі сабақта не ұққандығы туралы 
айтады. Қалған оқушылар оған сұрақ қояды. 
Материалды түсінуді жақсартуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар 


Сабақтың соңында немесе жұмыстың белгілі бір бӛлігінде оқушылар белгіленген 
ӛлшемдердің шегінде түсінулерін бағалау барысында пайда болатын сұрақтарды 
ұсынуына болады. Бұл стратегияны қолдануды жоғарыда кӛрсетілген стратегияларды 
ескере отырып, сыныптастарының үй тапсырмаларын бағалауы жолымен бастауына 
болады. 
Өткен жолы орындалған жұмыспен салыстыру арқылы өзін-өзі жетілдіруді 
тексеру 
Бірдей тақырып немесе тапсырма сабақта ӛткен материалды қайталау түрінде 
бірнеше рет кӛтерілуі мүмкін, ол оқушыларға олардың ойлау үдерісінің қаншалықты 
күрделі және қиын екендігін бағалауына мүмкіндік береді. Ӛткен тақырыптарға және 
тапсырмаларға қайта оралу, сондай-ақ қазіргі жауаптарды ӛткен жолы берілген 
жауаптармен салыстыру арқылы оқушылар ӛзінің ойлау қабілеттілігін қаншалықты 
артқандығын және ойлаудың жаңа нысандарын дамытуын бағалауға мүкіндік береді. 
Өткен жұмыстардың портфолиосы 
Оқушылар барлық сыныптың немесе қол жеткізілген нәтижелерді кӛрсететін 
жекелеген заттар арқылы портфолионы жинай алады. Оны жоғарыда келтірілген 
стратегиялардың мысалдарын пайдалана отырып, әрдайым жаңартуға болады. 
Таныстырылым 
Оқытудың белгілі бір тарауымен жұмыс жүргізу барысында сыныпқа қандай да бір 
затты кӛрсету ағымдағы үдерісті және тақырыпты түсінуді кӛрнекілікпен кӛрсетуге 
мүмкіндік береді. 
Бұл жағдайда ӛзін-ӛзі бағалау үдерісі таныстырылымға қосу және оны қалай жақсы 
ұсыну керектігі жӛніндегі шешімдерді қабылдау кезеңіне қосылады. Мұғалімнің және 
сыныптастардың ескертулері мен ұсыныстары сыныптастарын бағалау үдерісін дамытуға 
ықпал етеді. 
Топтық таныстырылымды бейне жазу 
Бұл оқушыларға ӛз білімдерін ӛзіндік пайымдаулар мен сыныптастарының арасында 
одан әрі талқылау арқылы ойластыруға және бағалауға мүмкіндік береді. 
Жоспарлау, істеу, тексеру 
Бұл үдеріс кішкентай балалар үшін кеңқұлашты жоба аясында әзірленді. Әр 
тапсырманың басында мұғалім сабақтың мақсатын анықтау үшін балалармен жұмыс 
жүргізеді. Балалар тапсырмаға кіріседі және одан кейін сабақтың соңында мұғалім ӛткен 
материалға шолу жасау үшін уақыт бӛледі. Уақыт ӛте, бұл міндет оқушылардың ӛздеріне 
жүктелуі мүмкін. 
Егер де сіз «тұйыққа тірелсеңіз» қорқынышты емес 
Оқушылар тапсырманы қиын деп таныған жағдайда, мұғалім орын алған оқиғаны 
атқару деңгейіне байланысты дағдылануы, ӛзін-ӛзі бағалаудың дағдылануын дамытуы 
маңызды элемент болып табылады. Мұғалімнің айтқаны мұндай оқиғаларға оңтайлы 
қатынастың қалыптасуына ықпал етеді және жаңа білімді меңгеру үдерісінде 
шарасыздығын сезінуге кӛмектеседі. Оны оқушыларға қалай жеткізетіндігіңізді 
ойластырыңыз. Қосымша ретінде, мұғалімдер ӛткен материалды пайымдау үшін ортақ 
сызбаны жетілдіруді қажет етпейтіндігімен қатар жақсартуды қажет ететін тармақтарды 
кӛрсете отырып, ӛз-ӛзіне деген сенімділігін дамытуға кӛмектесетіндігін анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет