«Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану» «Lesson study»


Үшінші Lesson Study-ды талқылау, Lesson Study-ды қорытындылау



бет3/3
Дата14.10.2023
өлшемі22,03 Kb.
#113781
түріСабақ
1   2   3
Үшінші Lesson Study-ды талқылау, Lesson Study-ды қорытындылау
Үшінші Lesson Study барысында озат оқушы Арыстанбек Сезім ерекше көзге түсіп, өзін нағыз көшбасшысы ретінде топ мүшелеріне көмектесіп, оларды тапсырма орындауға итермелеп отырды. Соңында өз тобының мүшелерін бағалады.
Ал төмен деңгейдегі оқушы Сарыбай Нұрәлі тапсырмаларды орындауға көп шықты. Себебі оның тобында орта деңгейдегі оқушылар болды. Берілген тапсырмаларға белсене қатысып отырды. Сұрақтарға дұрыс жауап берді.
Оқушы топтан қалып кетпеуді ойлап, барынша сабаққа атсалысуға тырысты..
Слайдтар таныстырылымы, мәтінді қалпына келтіру, суреттерге қарап әңгіме желісін құрастыру тапсырмалары оқушылардың ой-қиялын байытуда сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда ерекше сәтті шықты. Оқушылардың қазақ тілі пәнін меңгеруіне көп көмегін тигізді.
«Шығармашылық аралы» әдісінде А деңгейдегі Салпеков Олжас бұл сабақта да алдына жан салмады. Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап, қойылған сұраққа жауап беріп отырды. Ол өз сыныбының көшбасшысы екенін көрсетті. 
Үшінші Lesson Study өте сәтті өтті
Жалпы белсенділік, бәсекелестік - екіжақты үдеріс. Рефлексивтік–практик (Дональд Шон) ретінде теориялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, тәжірибе барысында диалогтік оқытуды негізгі нысанға алып, сыныпта, оқу және оқыту үдерісінде белсенділік, бәсекелестік жағынан өзгеріс енгізіп, «іс- әрекеттегі толғаныс» жүргізіп отырсақ, бұл біздің тәжірибемізге сын қарауға, неге осындай іс-әрекет жасағанымызға мүмкіндік беретініне, тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар мен сұрақтар анықтауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.
Диалогтік оқыту– белсенді, бәсекелестік атмосфера тудырудың кепілі. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ,үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға ұнайтындай әдістерді қолдана отырып сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.
Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.
Қай кезде де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.
Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жаңа форматтағы мұғалімдер қатарына жатқызуға болады, ал жаңа форматтағы мұғалім деген атқа ие ұстаз үнемі алдыңғы қатарда болуы керек, үздіксіз білім алуды, тәжірибе алмасуды мақсатқа айналдыруы тиіс.
Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.
Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.
К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет