«Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану» «Lesson study»


Бірінші Lesson Study-ды талқылау, екінші Lesson Study-ды жоспарлау



бет2/3
Дата14.10.2023
өлшемі22,03 Kb.
#113781
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану

Бірінші Lesson Study-ды талқылау, екінші Lesson Study-ды жоспарлау.
Бірінші Lesson Study-ды талқылау барысында озат оқушы Салпеков Олжастан күткен үмітіміз ақталды. Оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгеріп, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. Орта деңгейдегі оқушы Арыстанбек Сезімнің сөздік қоры аздау, бірақ тапсырмаларды толық көлемде меңгереді деп күткен едік, үмітіміз артығымен орындалды. Топтық жұмыс бұл оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының артуына алып келді. Ағылшын тілінде жақсы сөйлейді. Орта деңгейдегі оқушы Сезімнің сөздік қоры аздау, бірақ тапсырмаларды толық көлемде меңгереді деп күткен едік, үмітіміз артығымен орындалды. Топтық жұмыс бұл оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының артуына алып келді. Сабақта «Пицца», «Ашық микрофон», «wordwall» әдістерін қолданды, оқушылар ерекше белсенділік танытты. Постер жасауда ерекше белсенділік танытты. Төмен деңгейдегі оқушы Сарыбай Нұрәлі сабақ барысында сабаққа қатысып отырды. Оның сабаққа ынтасының көтерілгені көрініп тұр. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындап отырды.


Ауызша айтылған айғақтар негізінде диалогтық тапсырмаларын орындауда топпен ақылдасу тапсырманы шешуде ерекше маңызға ие болды.


Бұл кезеңде бірінші Lesson Study кезінде анықталған кемшіліктер жойылды. Оқушылардың нәтижесін жақсарту үшін Lesson Study –де шығармашылық жұмысқа көбірек көңіл бөлу, оқушылардың өзіне айтқызу, кез-келген ситуациядан өздігінен шығу, сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, тапсырмаларды диалогтық оқыту арқылы бағыттап беру деген мәселелер ескерілсін деген пікірлер айтылды. Бұл пікірлер екінші Lesson Study-де өткізілетін сабақ жоспарына енгізілді.


Екінші сабақ: «Қазақстан тарихы» Пән мұғалімі: Ж.Мукашева
 Тақырыбы : «"Үйсіндер туралы жазба деректер"


Екінші Lesson Study-ды талқылау, үшінші Lesson Study-ды жоспарлау.


Екінші Lesson Study барысында В деңгейіндегі оқушы Арыстанбек Сезім ерекше белсенділік танытты. Барлық сұрақтарға жауап беріп, өз тобының көшбасшысы қабілетін байқатты. Ол өзінің еңбексүйгіштік қасиетін көрсете білді. Топ сенімін ақтай алатындығына барлығының көзін жеткізді. Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын топпен орындау оқушылардың қиялын ұштауда ерекше роль атқарды. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлаудың бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация секілді дағдыларын шебер қолдана білді.


Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша тапсырмалар орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылды. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды. С деңгейіндегі оқушы Сарыбай Нұрәлі сабаққа белсене қатысты. «Кубизм» әдісі бойынша берілген тапсырманы дұрыс орындап шығып, жобаны қорғады. А деңгейіндегі оқушы Салпеков Олжас өзінің көшбасшы екенін көрсетті. Қандай сұрақ қойса, тез жауап беріп тапсырманы тез орындап отырды. 
Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды.
Бұл кезеңде екінші Lesson Study-де жіберілген кемшіліктерге талдау жасалып, олар түзетілді. Әр оқушының ойын жеткізуіне мүмкіндік туғызу, оқушы ойының дамуына қолдау көрсету, алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу секілді мәселелер үшінші Lesson Study-де қамтылуы керектігі айтылды. Бұл пікірлер үшінші Lesson Study өткізілетін сабақ жоспарына енгізілді.
Үшінші нәтиже сабақ: «Қазақ тілі» Пән мұғалімі: Д.Мақұлбекова Тақырыбы: «Ғажайып планета»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет