Дидактикалық компонент – процестің дидактикалық мазмұнын жалпылайды, олар оқытудың мақсат, мазмұн, түр, әдіс, құрал, тәсіл, формалары т.б.
Гносеологиялық компонент – оқытушының басшылығымен оқушылардың объективті шындықты, табиғат пен қоғам фактілері мен заңдарын, өзін-өзі танумен анықталады.
Психологиялық компонент – оқыту процесінде оқушының ішкі психологиялық танымдық әрекетінің аумағын қамтиды.
Кибернетикалық компонент – оқыту процесіндегі байланыс түрлерінің көптігі, мәліметтік ағымдар циркуляциясы, мәліметті меңгеруді басқару.
Әлеуметтік компонент – оқыту процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасын бейнелейді. Мұнда оқушы мен оқытушының арасындағы байланыс қана емес, олардың әлеуметтік ортамен байланысы, оқытудың әлеуметтік маңызы енеді.
Ұйымдастырушылық компонент – оқытуды және оқытушы еңбегін ұйымдастыру, оларды материалды-техникалық жабдықтау, өнім шығару, рентабельділік.
Оқыту мен психикалық даму проблемалары:
Оқыту мен психикалық даму проблемалары:
Даму мен оқыту ұғымдарының өзара қатынас проблемалары;