Оқыту психологиясы жоспар


Оқыту мен даму ұғымдарының өзара байланысы проблемаларын шешу бағытындағы ағымдар



бет11/13
Дата03.10.2023
өлшемі52,08 Kb.
#112863
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Оқыту психологиясы-engime.org (1)

Оқыту мен даму ұғымдарының өзара байланысы проблемаларын шешу бағытындағы ағымдар:


  • Оқыту мен даму ұғымдарының өзара байланысы проблемаларын шешу бағытындағы ағымдар:

  • Психологиялық даму ішкі өзіндік заңдылықтары бар дербес, тәуелсіз процесс (У. Джеймс, Ж. Пиаже, З.Фрейд)

    • Бала дамуы табиғат заңдарына бағынышты және толысу барысында жүзеге асырылатын процесс;

    • Оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс ретінде қарастырылады;

    • Оқыту дамудың сыртқы ерекшеліктеріне ғана әсер етеді, ол психологиялық өзгешеліктерімен жүйелілігін өзгертпестен дамудың заңды кезеңдерін тездетуі немесе тежеуі мүмкін.

  • Психикалық даму табиғи тұқым қуалаушылық, әлеуметтік, тәрбиелік факторлардың өзара байланысының нәтижесі ретінде (Б.Г.Ананьев).

    • Оқыту және тәрбиелеу психологиялық функциялар мен жеке адам қасиеттерінің байланысын реттейді, өзінің кезеңдері мен сипаты бар коррелятивтік (ара қатыстық) тәуелділікті басқарады.

  • Психикалық даму – нақты-тарихи әлеуметтік табиғаты бар процесс. (П.П.Блонский, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов).

    • Тәрбие мен оқыту – бала психикасын дамытуға қажетті жалпыға бірдей форма;

    • Интеллектуалдық даму кезеңдері мен олардың психологиялық ерекшеліктері нәтижесінде индивид қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдау құралдары мен оны ұйымдастыру жүйесін меңгереді. Ойлау әрекетінің барлық формалары мен ерекшеліктерінің қарым-қатынас процесінде меңгерілетін объективті қоғамдық талапқа сәйкес үлгілері болады.

Л.С. Выготскийдің оқыту және дамыту концепциясы


  • Л.С.Выготский (1896 - 1934) бала психикасы дамуының заңдары қатарын қалыптастырды:

  • Бала дамуының өзіне тән ритмі және темпі болады, ол бала өмірінің әрбір жылдарында өзгеріске ұшырайды (нәрестелік кездегі бір жыл жеткіншектік кезеңдегі бір жылға тең емес);

  • Даму бұл сапалы өзгерістердің тізбегі және бала психикасының ересектер психикасынан сапалы негізде өзгешелігі бар;

  • Бала дамуының біркелкі дамымау заңы: бала психикасының әрбір жағының өзіне тән қолайлы даму кезеңдері бар;

  • Жоғары психикалық функциялардың даму заңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет