Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет278/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   668
Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

2. Б.Момышұлы. Шығармалар жинағы. Алматы, 2000 ж.

3. Б.Момышулы «Психология войны» Алма-Ата «Казахстан», 1990 г.

4. «Қазақстан мектебі» журналы. №5,№3,№8, 2010-2013ж.

5. «Тәрбие құралы» журналы. 2011 ж.



ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІНІҢ ІЗДЕНІС ҚАЖЕТТІЛІГІН ТУЫНДАТУЫ
Избасарова К.Н. (Актобе)
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Түсіндірме сөздікте: «Технология – істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінген. Демек, технология – шеберлік, өнерлілік,білгірлік туралы ұғым. Оқытушы алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден – меңгереді, үшіншіден – жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден – оны дамытып, нәтижесін тексереді. Жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы негізгі мақсат – баланың ашылмаған қабілетін ашу,дамыта оқыту, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Педагогикалық технология – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс-тәсілдері мен түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асырудың жолы. Әр педагог жаңару процесін жатырқамай қабылдап,күнделікті білім мен біліктілігін көтеріп, өз ісіне сыни көзқараспен қарап, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасап, оқушымен тығыз ынтымақтастықта болса педагогикалық шеберлігі шыңдала түседі. «Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде мұғалім балаларға білім жиынтығын беріп қана қоймай, ең бастысы оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек,»-деп елбасы Н.Ә.Назарбаев мұғалімдерге үлкен міндет пен мақсат қойды. Олай болса, оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің тоериялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуге, өз мамандығын барынша жетілдіруге, озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруға тиіс. Сонда ғана мұғалім қызметінің жемісі, оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің көтеріңкі талабына үн қосады. Демек, сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген сабақ –ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.

Ұлы неміс педагогы А.Дистерберг «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді,ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, оқуға үйретеді»- деген. Мұғалімнің жаңа технологияларды қолданудағы міндеті – өз ісіне сыни көзқараспен қарау,күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, ізденімпаз, жаңашыл ұстаз ретінде оқыту қызметінің әдістері мен формаларын игеріп, білім алушыларды өмір бойы ізденуге үйретуі керек. Педагогикалық технология - оқу үрдісі, оқытушы, оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілмен ерекшеленеді. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Бағдарлама элементтерін пайдалану - оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашылады. Ұстаз өзінің құзырлылығының деңгейін бағытты жетілдіріп, ой-іс бірлігін қатар дамытуы қажет. Бұл жерде басты тұлға оқушы, ал мұғалім – жетелеуші, бағыттаушы. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сабақ беретін топтарымызда сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының элементтерін күнделікті сабақ жоспарымызға енгізіп келеміз. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Жеке тұлға сапасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Бұл бағдарлама - біздің ғасырда жеке тұлғаның дамуына,ерекше қабілетін ашуына мүмкіндік беретін процесс. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар,мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген ақпараттарды өңдей отырып,осы жобаның қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдеріне кіріктіру қажет.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау» деп көрсеткен.

Жас ұрпаққа қоғамға лайықты ақпараттық білім негіздерін беруде СТО әдістерін қолданып,логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады.Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта.Бүгінгі таңда республика көлеміндегі ұстаздардың көпшілігі интерактивті тақтамен сабақ өтуде.Ақпараттық технологияны пайдалана арқылы студенттерді жаңа заман тахнологиясымен жұмыстануға үйретеміз. Мысалы, Абайдың қара сөздерін оқытуда интерактивті тақта арқылы слайдтарды рет-ретімен көрсеткен жөн. Абайдың қарасөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік т.б. жөніндегі пікірлері оның ағартушылық, демократтық көзқарасын аша түседі.

1-слайд. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде оқушыларға «Абай» бейнефильмінен үзінді көрсетіледі.Абай қарасөздерінің қайсысы болса да сол дәуірдегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелерін сөз етуге арналады.Кейбір сөздері тақырыбы, мазмұны жағынан бірін-бірі толықтырып отырады.

2-слайд. «Мағынаны тану» кезеңінде Абайдың оқырманға ой тастап,тереңнен толғаған қарасөздерін топтастырып интерактивті тақтадан көрсету арқылы топтарға жеке-жеке тапсырмалар орындату.

3 – слайд. «Ой-толғаныс» кезеңінде 3 топқа Абайдың бір-бір қара сөзінен беру: 1)Осы қарасөзде автор не айтпақшы болған? 2) Негізгі тақырыбы қандай? 3)Өз пікірің қандай? 4)Егер, автор орнында болсаңыз,осы сөзді қалай жазар едіңіз? Осы сұрақтарға жауап алумен бірге сабақты қорытындылау.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы оқушының мұғаліммен, жолдастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып қиындықты жеңуге көмектесетін технология.

Біз өз тәжірибеміздеде сын тұрғысынан ойлау жобасының элементтерін пайдалана отырып көптеген мүмкіндіктерге қол жеткіздік.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін тиімді пайдаланған кезде мынадай мәселелер шешіледі: 1)Оқушылардың неге қызығатынын білу; 2) Тақырыпты әр қырынан талдау; 3)Дұрыс болжам жасауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға және өз пікірін дәлеледей білуге үйрету.

Осы әдістерді пайдалану арқылы оқушылар мыналарға қол жеткізеді: 1)Әр нәрсеге өз көзқарасын қалыптастырады. 2)Бұрынғы білетіндерін еске түсіре отырып,салыстырады. 3)Жазу әрекеті оқушының ойлау қабілетін дамытады. 4)Өзіндік жеке пікір қалыптасады, өзгені тыңдауға,бағалауға үйретеді.

Ал мұғалім мынадай мүмкіндіктерге ие болады: 1)сабақ құрылымын жоспарлауға үйренеді; 2) жүйелі тапсырма беруге ұмтылады; 3)оқушыны басқа жақтарынан таниды; 4)оқушының жұмысын бағалайды; 5)өзі білмейтін ақпараттарға тап болады; 6)өзін бағыттаушы,жетекші ретінде таниды; 7)үйрету,оқыту арқылы ізденуге,зерттеуге үйренеді; 8)өзінің шығармашылық жұмыс лабораториясын жинақтайды.

Қорыта келгенде, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісіне енгізу мұғалімді де,білім алушыны да үздіксіз ізденуге және ой еңбегін дамытуға жетелейді. Болашақта әлемдік білім беру кеңістігінде еркін де лайықты орын алу үшін заман талабына сай жаңа технологияларды кеңінен қолданысқа енгізуді уақыттың өзі талап етіп отыр. Педагогикалық жаңа технологияны қолдану сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді.

Білімнің ең маңызды мақсаты – адамның өз болмысын тануына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет