Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет567/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   563   564   565   566   567   568   569   570   ...   668
Литература

1. Бордовская Н. В., Реан А. А. Педагогика-учебник для вузов, Санкт-Петербург., Питер, 2000

2. Выбор методов обучения в средней школе./Под ред. Ю.К. Бабанского. М., 1981.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ МОТИВАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАУ
Дағарова А.Ш. (Ақтөбе)
Бүгінгі таңдағы елімізде жүріп жатқан экономикалық – әлеуметтік дамулар келешек ұрпаққа білім берудің мақсаттары мен мазмұнын түбірімен жан – жақты қайта ойластырылып жаңа сапаға жету міндетін көздейді. Сондықтан да білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлға қалыптастыруға, оқу үрдісіне тиімді әдіс – тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталуы тиіс. Қазіргі практика көрсетіп орырғандай , мектептегі оқыту үрдісінде оқушының танымдық іс – әрекетін тиімді ұйымдастыру арқылы шығармашылық әлеуетін дамытуды өзекті мәселеге айналдыру қажет. Оқушылардың танымдық іс – әрекетін дамытуда көзделетін мүдде – білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігін ұғындыру. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалануы болып табылады, яғни оқушының алған білімі өзіне қызмет етуі тиіс. Оқыту барысында оқушының іс – әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.

Я.А.Коменский дидактикалық принциптерді ұсына келіп, танымдық белсенділікті дамытуда мұғалімнің ролі туралы жазған болатын. Таным бастамасы – сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой – өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек.

Негізгі дидактикалық мақсат білімді, материалды беру түсіндіру емес, өздерінің тәжірибесі негізінде оқыту, тума қабілеттерінің дамуына жағдай жасау керек. Ы.Алтынсарин: «Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлесу, әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан – жақты, білімді, өз ісінің шебері болу қажет» - дейді.

Ы.Алтынсарин оқытудың жеке әдіс - тәсілдеріне мыналарды жатқызады:

а) оқыту әдісі – бұл оқушының білімге құштарлығын оятатын, алған білімін тереңдетуге, өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;

ә) сабақта оқушының белсенді ой – әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы - оқушыныңы өз бетінше ойлана білуі ...»

Сонымен, таным – обьективтік шындықты адамның ойына бейнелейтін және қайта жаңаратын, қоғамдық іс – әрекет барысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   563   564   565   566   567   568   569   570   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет