Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ІЗДЕНІСТЕР



бет627/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ІЗДЕНІСТЕР
Тажигутова А. (Ақтөбе)
Тарихи дамудың әрбір кезеңінде қоғам уақыттың өзіне тән ерекшелігін көрсететін, мамандарды даярлауға қоятын айқын талаптармен алға жылжып отырды. Бүгінде түлек дайындау оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейімен айрықшалануы қажет. Бәсекеге қабілеттілік еңбек жолын жаңадан бастаған жастардың бірінші, ең маңызды сипаттамасы болып қалыптасуда. Өмірдің қарқынды өспелі динамикасы оқыту мен тәрбиелеуден бәсекелестік әрекетке қатысатын және бәсекелестікті өркениетті әдістермен жүргізе білетін, өзін-өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлға талап етіп отыр.

XXI ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу – баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиялогиялық тұрғыда болады. Қазіргі жағдайда жоғары мектеп дамуында уақыт талабына сай жоғары білікті маман даярлайтын оқыту әдістерін өңдеу, болашақ педагогты тәрбиелеу мәнді болып отыр. Болашақ педагогтарға қойылатын мақсат – міндеттердің күннен – күнге өсуі жоғары оқу орындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін үлкен ізденіс пен шығармашылық қалыптасу жолын талап етеді.

Педагог үшін баланың қызығушылығы, бейімі, қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшелікті ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Осы міндеттерді педагогтардың біліктілігі мен психологиялық мәдениетін көтеру көтеру арқылы ғана тиімді жүзеге асыра аламыз. Яғни, бүгінгі ұстаздар қауымының алдында тұрған маңызды істің бірі – оқушылардың оқуға деген ынта – жігерін күшейтіп, ақыл – ой әрекетіндегі белсенділіктерін арттыру болып отыр. Мұғалім өзінің ғана іс – әрекетін ұйымждастырып, тек соның орындалуымен қанағаттанбай, сонымен қатар оқушылардың танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуы тиіс. Мұның өзі оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық мәселе.

Білім беру парадигмаларының өзгеруіне байланысты оқытудың приоритеттері де өзгеруі тиіс, яғни педагогикалық іс – әрекет бағыттары да өзгереді. Қазіргі күні мектеп оқушыларын белгілі бір білім көлеммен қамтамасыз ету жеткіліксіз, бұл таңда оқушыларды оқуға, білім алуға үйрету міндетіне көп мән беріліп тұр, ал бұл психологиялық тұрғыдан – оларды білім алғым, оқығым келеді деуге үйрету. Қазіргі білім беру жүйесінде педагогтар көбіне баланы еркінен тыс оқыту, бағаны саудалау, жазамен қорқыту жолдарын көп іздейді. Республикамызда білім беруді дамыту қазіргі кезде оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауысатын өтпелі кезең «инновация» ұғымы соңғы жылдардың ішінде білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасауы, меңгеруі, қолдануы және таратуға байланысты бір бөлек қызметі тұрғысынан түсіндіріледі. Қазіргі уақытта педагогикада инновация – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталған. Көптеген педагогтер инновация ұғымына мынадай қорытынды шығарады: инновация - жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі, өзгеріс, жаңа құрал, жаңа әдіс.

Қазіргі қоғамның сұранысын қанағаттандыру мұғалімнен жоғары мәдени –адами құндылықтар мен сенімдердің қалыптасқан жүйесін, кәсіби белсенділік пен өзін-өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысты талап етеді.Осыған байланысты мұғалім тұлғасын үнемі шыңдап отыру қажет. Еркін әрі белсенді ойлауға, оқу тәрбие үрдісін модельдеуге, жаңа идеяларды өзі туындатып, іске асыруға қабілетті мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін көтеру проблемасы – қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайда өзекті проблемалардың бірі болып табылады.

Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылдығын дамыту құқығын мойындайды. Мұғалім шеберлігіне төмендегідей талаптар қойылады:



  1. Мұғалімнің өз білімін жетілдіруі, өз бетінше оқып ізденуі (өзінің жеке оқу бағдарламасын құруы,өзін дамытумен дербес айналысуы,белгілі бір тәжірибені пайдалана білуі);

  2. Ізденушілігі (Әр түрлі базалық мәліметтерді іздей білуі, таңдай білуі, талдай білуі);

  3. Бейімделуі,жаңа шешімдер таба білуі, өзгеріске икемділік танытуы (технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге икемділігі);

  4. Ынтымақтастықта болуы (ұжымда,топта шарт жасай білуі және оны орындауы, тілектестік және ынтымақтастық танытуы, әр түрлі көзқарас тұрғысында көрегендік танытуы);

  5. Өзіндік жауапкершілік және өз жұмысын ұйымдастыра білуі.

Педагогикалық қызметке әсер етуші негізгі жеке тұлғалық факторлар төмендегідей:

Көптеген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық қабілет – педагогикалық іс-әрекет талаптарына жауап беретін және оны тез орындау арқылы жоғары көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Педагогикалық техника - өзін-өзі басқара білуі, мұғалім қызметін ұйымдастырудың ерекше формасы.

Педагогикалық шеберліктің келесі бөлігі – педагогикалық қабілет дегеніміз мұғалімнің дидактикалық,ұйымдастырушылық, эмоционалдық көңіл-күйі мен сөйлеу техникасын басқара білу дағдысы.

Кез-келген деңгейдегі педагогтардың кәсіби деңгейін көтерудегі негізгі міндет әдіснамалық сауаттылықты меңгеру болуы тиіс /ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мәдениеті/.

Зерттеуші В.В.Краевский ұсынған педагог ізденісін қалыптастыру қағидалары төмендегі бағыттарды қамтиды:



  1. Біліктілікті көтеру –бұл базалық мамандық бойынша қосымша білім алу және алған білімі негізінде өз қызметін дамытуда кәсіптік біліктілігін жетілдіру.

  2. Біліктілікті көтерудің уәждемелік проблемалары әлеуметтік жағдайда болады.

  3. Педагогтарды әдістемелік, әдіснамалық рефлексия негізінде оқытудың өзектілігі.

Осылайша педагогикалық менеджмент негізгі мектеп басшыларының мұғалімдердің құзырлылық пен белсенділігін және дамыту үшін тұлғалық факторларды ескере отырып, жағдай туғызудағы дамытушылықты басқару болып табылады.

Осы айтылған талаптарды ескере отырып, өмірде проблеманы өз бетінше шеше білетін шәкірттерді тәрбиелеу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуді жоспарлаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет