Саяси және әлеуметтік –оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді түрде бейімделу қабілеті.
Толеранттылық – басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылық.
Когнитивтілік – өз білімін үнемі жетілдіруге дағдылану, шешімін іздеу, түсінігін білдіру, нақты өмірдегі оқиғалардың себеп-салдарын өздігінен тану.
Дүниетанымдылық – әлем туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру, қоғамдағы әлеуметтік орнын дұрыс таба білу, отаншылдық, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрін, адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптерін құрметтеу.
Сондықтан да, Қазақстан қоғамының жаңа кезеңге шығуы, әлемдік бәсекелестік жағдайындағы елу елдің қатарында болуы, елдің экономикалық, саяси және әлеуметтік мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін негізгі механизм – бұл елдің тиімді білім беру жүйесі. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Білім беру Заңында:
«Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілігін, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған.
Демек, үздіксіз іздену – бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі – әдістеме саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта түсу бағытында әрқилы әдістер негізінде пайдалану тиімді.
«Тарих сабағында оқулық, хрестоматия, тарихи құжаттармен үздіксіз жұмыс жүргізу және сабақта карта, сызба, диаграммалар сызу, тарихи шығарма жазу, нақты бір тақырыптар бойынша жауаптар жоспарын құру, хронологиялық және синхрондық кестелерді толтыру, тарихи сөздіктерді жасау қажет. Сонда ғана пәнге деген қызығушылық, құштарлық, сыныптан тыс жұмыстарда да одан әрі жалғасын табады, пәнді меңгеруге баланың білім сапасын және жалпы дамуына едәуір ықпалын тигізеді.»
Қазақстан тарихынан даярланған шығармашылық тапсырмалар, әдістемелік, дидактикалық материалдар мұғалімге оқушылардың білімін іс үстінде тексеруге, ал оқушыларға өздерінің тарихи білімді қаншалықты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді. Соңғы уақытта педагогика, әсіресе тарих пәндерін оқытуда көп әдістемелердің ішінде сабаққа тірек сигналдар мен түрлі танымдық ойындарды пайдалану жақсы көрсеткіштерге жетіп, оқушыларға өмірлік позиция қалыптасуына көп үлес қосуда. Жаңашыл, әдіскер педагог С.Занько «Сабақты ойын түрінде түрлендіріп өткізу- оқуды еңбекпен ұштастыратын концепция» деген болатын. Сабақта қолданылып жүрген оқу танымдылық ойындарда әр түрлі көңіл көтерерлік элементтер бар. Оның тиімділігі оқушы оқу материалын қиналмай өзінің көңіл –күйі арқылы қабылдайды. Ойын ешқашан білімнің мазмұны мен құнын төмендетпейді, қайта мазмұнын толықтыра түседі, өйткені ойын барысында оқушылар бір-бірінен асып түсуге тырысады. Ең негізгісі сыныптардағы барлық оқушылардың жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалады. Ойынды сабақтың соңына қарай ұйымдастырған дұрыс. Өйткені оқушылардың материалды қабылдауы төмендеп, жалыға бастағанда ойын олардың жұмыс істеу қабілетін қайта жандандырып, ойларын жүйелеуге, қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сабақ барысында пайдаланылытын ойындар мынандай түрлерге бөлінеді: имитациялық (қимыл-қозғалыс), проблемалық (тақырыптық), сюжеттік (драма, инцинировка), ситуациялық,творчестоволық, рөлдік (ережеге бағынбайтын және ережеге бағынатын), іскерлік (басқару, экологиялық), шаруашылық (технологиялық), ұжымдық, жарыс сайыс (топтық), нәтиже көрсету ойыны, т.б.
Мұғалім – жан-жақты, білімі терең, мықты психолог, үлкен жүректі адам, байқампаз да, білікті педагог, ақпараттық технологияларда жұмыс істеу қабілеті бар жан. Мұғалімнің осындай қасиеттері сабақтың құнды, әрі тартымды өтуіне зор әсер етеді. Сабақты оқушыларға түсінікті, қызықты, әрі тартымды өткізу үшін жаңа технологиялардың элементтерін пайдаланудің орны ерекше. Сондай жаңа технологиялардың бірі – интерактивті оқыту. Интерактивті оқыту – түсіндіру мен өзара қарым-қатынас диалог ретінде топқа бөлініп оқыту әдіс-тәсіліне негізделген оқытудың түрі. Нәтижесінде оқушы жинақталған тәжірибесін сыртқа шығарып, оны өмірде пайдалана алады.
Қорытындалай келе біздің ғасыр – білім, ғылым және сапа ғасыры. Соған сәйкес, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы білім берудің несиелік технологиясы олардың жеке, өз бетімен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Мұның өзі қоғамды нарық талаптарына сай ұйымдастыру жағынан ыңғайлы болумен әр мамандықтың өзін – өзі жұмысты ыңғайлай алу мәдениетіне ие бола алуына жол ашады. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудағы пән мұғалімі бағыт, кеңес беруші рөліндегі қызметінен тұрады. Шебер ұйымдастырудағы мұғалім бейнесі, қазіргі білім беру талаптарына сәйкес құндылығымен биіктемек.
Елбасы «Әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға тиіс» деп айтқанындай елін, жерін, Отанын сұйетін ұрпақ тәрбиелеуге бұл сабақтың және модульдік технологияның берері көп.
Әдебиеттер
Н.Ә.Назарбаев қазақстан халқына жолдауы, Егемен Қазақстан. 2008ж
ҚР Білім туралы заңы, А – 2007ж
Б.Т.Берлібаев Ұлттық тарихтан білім берудің ғылыми – теориялық негіздері.
Қазақ тарихы -2010ж
Достарыңызбен бөлісу: |