Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет83/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

  1. Ж. Әбиев. С. Бабаев. А. Кудиярова Педагогикалық қызметтің инновациялыкбағыттылығы.- Алматы 2004 ж.

  2. К. Бұзаубақова "Педагогикалық жаңа технологиялар зертханасы"-Қазақстанмектебі №12. 2004 ж.

  3. 3. Таубаева Ш.Т., Лактинова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования. -Алматы: Ғылым, 2001.- 296 с.

  4. Тәжiбаев Т. Жалпы психология. Оқу құралы. - Алматы, 1993.- 240б.



ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ

ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Данешова А., Аманшеева А. (Ақтөбе)
Адам естіп білгені арқылы ғана жетілмейді,

еңбек пен іс- әрекет үстінде қалыптасады.

А.Эйзенштейн
Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.

Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады.

Бүгінгі таңда оқытудың мектептен тыс білім сияқты эмоциональдық күшке ие болуы аса маңызды. Білім беру үрдісінде оқытудың өзектілігі - өзіндік сана, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектісі сияқты сапаларды дамытумен ерекшеленеді.

Атақты ғалым Л.С. Выготский: өзінің психологиялық үрдістерін түсіну және игеру «ғылыми ұғымдардың есігі арқылы келеді» деген еді. «Ойлау үрдістерін өз бетімен ұйымдастыру ең алдымен бірлескен оқу әрекетінде пайда болады. Оқушы әрекеттің мақсаттары, құралдары мен шарттарының арасындағы қатынасты біртіндеп түсіне бастайды» деген сөзімен мен толық келісемін. Себебі, оқушылар топтық жұмыс істеу барысында ортақ шешімге келіп, әртүрлі идеяларды талқылап, яғни топтық талқылау барысында өз идеяларын нақты қажеттіліктермен толықтырып отырды. «Мүмкін сіз сәтсіздікке душар болғаныңыз үшін көңіліңіз қалған болар, бірақ одан шығуға әрекет етпесеңіз - өз өміріңізге балта шапқаныңыз» - деп Беверли Силлз айтқандай, осы кемшіліктері жоюға әрекет ету мақсатында оқушылардың қызығушылығын арттыратын әртүрлі қызықты әдіс тәсілдерді қолдануға тырысамын.

Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетті көрсеті үшін зерттеуге дайындау және оқу жетістіктерін есепке алу мақсатында портфолиосын жинақтау қажет. Зерттеу-дарынды балаларды оқыту негізі. Онсыз баланың потенцилады қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Ендеше, мектепте оқушыны іздегушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесетін әдістің бірі-жобалау технологиясы.

Жоба әдісі педагогикалық тәжірибедегі жаңа әдіс емес, бірақ ХХІ-ғасырда педагогикалоық технологиялар қатарында жоғары қарқынмен өзгеріп жатқан ортаға бейімделу іскерлігін қалыптастыратын әдіс ретінде оқыту үрдісіне қайта қосылып отыр.

Жобалау әдісі – белгілі бір проблеманың шешу жолын табуға бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті. Жобалау әрекетінің негізінде – оқушының танымдық қызығушылығын дамыту, өз білімін өз бетінше құрастыруға дағдыландыру, ақпарат әлемінде бағдарлана алу, сыни тұрғыдан ойлау жатыр. Жобалау технологиясын күрделі тарауларды жинақтауда, модульдік оқыту технологиясын қорытындылау бөлімінде қолдану тиімді. Қорытынды сабақта қарастырылатын жоба тақырыптары кіріспе бөлімдегі оқу модулінің құрылымымен таныстыру барысында ұсынылады. Жоба тақырыбының бірнеше нұсқалылығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Оқушыдан тақырып негізінде жоба тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады, әрі шығармашылыққа баулиды. Ал жоба қорғау сабағында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Жобаға сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп, сараптама жасайды:


  • Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі.

  • Болжам қоя білуі.

  • Ғылыми ізденісі, жаңалығы, шығармашылығы.

  • Талдай білуі, көрнекілік қолдануы.

  • Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті.

Жоба қорғау барысында оқушылардың өзара қойған сұрақтары да, мұғалім тарапынан қойылған бағыттаушы сұрақтар да аса маңызды. Жобалау технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушы тұлғасының іс-әрекет барысында қалыптасуына жағдай жасайды.

Жоба қорғау жағдаяттар негізінде жүзеге асырылады. Жағдаят –белгілі бір уақытта ұйымдастыруға тигізген әсері жоғары бағаланған, нақты фактілер жиынтығы. Ситуациялық ойлау арқылы оқушы нақты мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қажетті әдістер мен тәсілдерді түсіне алады.

Жаңа технологияларды қолдану негізінде қол жеткізетін жаңалықтар:


    • ақпараттық-технологиялық құзыреттілік компонентері анықталады;

    • оқушылардың білім сапасы артады;

    • оқушының зерттеушілік мәдениеті сатылы қалыптасады;

    • оқушылардың зертеушілік, эвристикалық, әлеуметтік ұстанымдарына негізделген педагогикалық жүйе жасақталады;

    • жоғары сынып оқушыларының зерттеу мәдениетін анықтаушы өлшемдік-диагностикалық аппараты анықталады.

Білім беру жүйесінде жобалау әрекеті неге қажет?

Жобалау әрекеті:



  • оқушыларды өз бетінше сыни ойлауға үйретуді, ақпаратпен жұмыс жасауға дағдыландыруды;

  • ғылымның фактілеріне сүйеніп ойлауға және қорытынды шығаруға үйретуді;

  • өз бетінше аргументті шешім қабылдауға үйретуді;

  • әр түрлі әлеуметтік ролдерді орындай отырып, топта жұмыс істеуге үйретуді қажет етеді.

Жобалау әдісінің негізгі жетістігі ретінде оқушылардың жоғары деңгейдегі ізденімпаздағы мен өзбеттілігін айтуға болады. Топтық әрекет негізіндегі оқушылардың әлеуметтік дағдылары дамиды, балалар ғылыми-зерттеу әрекетіне үйренеді, пәнаралық білім, білік, дағдылар кіріктіріледі. Жалпы жобалау әрекеті оқушы тарапынан оқытуды белсендетеді.

Жобалау әрекеті білім берудің басқа облыстары мен әрекет түрлеріне көшіруге болатын құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушылар алған білімдерін өзінің танымдық, ал келешекте кәсіби қызметінде қолдануға үйренеді. Жобалау әрекеті проблеманы бір жағынан даму үстінде қарауды, екінші жағынан нәтиже шығаруды көздейді. Жобалау әрекетін ұйымдастыру мұғалімнің арнайы дайындығын қажет етеді.

Жоба бойынша жұмыс жеке немесе топтық болуы мүмкін. Топты қалыптастыруда тұлғаның төмендегідей сапаларына назар аудару қажет:

1. интеллектуалдық дамудың белгілі бір деңгейі (оқушы проблеманы шешу барысында болжам жасай алуы, сонымен қатар басқа қатысушылардың болжамдарын талдау және жетілдіре алатындай болуы керек)

2. пән бойынша белгілі бір құзыреттілік деңгейі (стандартты емес есептерді шешуде білім, білік, дағдылардың өзара байланысы мен бар тәжірибесі)

3. танымдық белсенділігінің деңгейі (білуге құштарлығы, қоршаған ортаға қызығушылығы, жаңаны ашуға деген қажеттілігі).

Біріншіден, жобамен жұмыс бастауда жобалау әрекетінің негізі болып табылатын проблеманы анықтау керек. Ол оқушыларға дайын күйінде берілмей, әр түрлі әдістер мен тәсілдер, көрнекі құралдар арқылы балалардың өздерін проблеманы анықтауға және оны шешу болжамдарын ұсынуға әкелу керек.

Проблемалық жағдай-проблеманы талқылаудың проблемалық міндеттері: бұл жобалау әрекетін ұйымдастырудағы амалдар тізбегі.

Проблемалық жағдай берілгеннен кейін мұғалім оқушыларға проблеманың пайда болуына не себеп болғанын айтуғы мүмкіндік береді. Оқушылардың жауап нұсқалары талқыланады. Әр оқушы өзінің ұсынысын нақты деректемелерімен дәлелдеуі керек. Осындай талқылау барысында бірнеше болжам пайда болады да, соның ішінен негізгісі анықталады. Мұғалім проблеманы шешуін іздеудің барлық этаптарына қатысады, қажет болғанда консультациялар береді. Жобалау әрекеті балалардың өз бетінше әрекет етуіне негізделген.

Жалпы айтқанда, жоба әдісі дегеніміз белгілі бір проблеманы оқушылардың өздігінен немесе ұжыммен бірге отырып шешуге бағыттайтын, міндетті түрде жұмыс нәтижесін ортаға жария етуге мүмкіндік беретін оқу-танымдық тәсілдер жүйесі.

Жобалау іс-әрекетінің мақсаты: тәжірибе жинақтау, қалыптастыру, дамыту, қамсыздандыру.

Жобамен жұмыс жасаудың қызықты да маңызды кезеңі оны қорғау. Жобаға қатысушылар өз әрекетінің нәтижелерін баяндама, сызба, эскиз т.б. түрінді бере алады. Бұл жерде мұғалім координатор рөлінде болады. Дегенмен жобалау әдісі – барлық күрделі дидактикалық талаптарды бірден шеше алмайды. Ол жалпы жеке тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесіне енуі тиіс.

Осындай жан-жақты жұмыстардың нәтижесінде баланың жеке тұлға болып қалыптасуында шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарының жетістігін көрудеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет