Әдебиеттер
1. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002ж.
2. Жадрина М.Ж. «Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы, 2002 ж.
3. Ахметұлы.Қ., Баймолдаев.Т.«Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру жолдары. Алматы, 2003ж.
БҮГІНГІ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ МЕН ШЕБЕРЛІГІ
Сеилханова Ш. А., Халел Л.А. (Ақтөбе)
Педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеру - білім саласындағы басқару қызметі бағыттарының маңызды да міндеттілерінің бірі. Бұл қызмет төмендегідей аса маңызды әрі қажетті бірліктерден құралады:
-мұғалімдердің оқушылармен жүргізетін оқу-тәжірибе жұмыстарының формаларымен әдістерін пайдалану және қолдану шеберлігін жетілдіру,үздіксіз күрделене дамуындағы білім мазмұнын игеруді қамтамасыз ету.
-мектептегі оқу-тәрбие процесінің мүмкіндігінше жоғары деңгейде жабдықталуы мен жалпы деңгейдегі жаңашыл жасампаз іс-әрекеттердің орындалуына жағдай жасау
Кәсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық шеберлігін арнайы курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру мекемелерінде жетілдіріп отыруы міндетті. Бұл бағыттағы жұмыс мазмұны басқару ісінің сараптауы негізінде реттеледі.
Сараптау- педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды да тиімді құралы есептеледі. Сараптау мақсаты-кәсіби деңгейде көтеруге ынталандыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашыл ынта дамыту,педагогтардың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету.
Кәсіби деңгейіне сәйкес педагогтың біліктілік категогриясын тағайындау да осы сараптау қызметінің нәтижесі. Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағыты-оның нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасы есепке алынады. Ол әр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі.
Педагогикалық сарап мақсаты-бұл мұғалімдердің оқу-тәрбие қызметінің тиімділігін шынайы анықтап,оның нақты бағасын шығару. Ал мұғалім педагогикалық деңгейіне берілетін баға ол оқытып,тәрбиелеп жатқан шәкірттердің оқу іс-әрекетінің нәтижелігіне байланысты болатыны әбден түсінікті. Осыдан мұғалім бағасы мен шәкірт тәлім-тәрбиесіндегі нәтижелік көрсеткіштері ажырамас,бір процестің екі тармағы. Бірінші-негізгі сабақ болған білім беру, оқыту процесінің тиімділік деңгейі.екіншісі-нәтиже, яғни оқушының оқудағы үлгерімі мен тәртіптік дәрежесіне берілетін баға.
Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім мен ептіліктер игеру және кәсіби қызметке орай жаңа мазмұн мен соны технологияларды меңгеру үшін кәсіби қайта дайындық оқулары ұйымдастырылады.
Педагогты даярлау жүйесіндегі басты алынар нысана – мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі. Мұғалімдердің жаңашыл тәжіребиесін зерттеу, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты.
Тәжірибе дегеніміз-педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық,педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде меңгерген шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжіребиесі. «тәжірибе» және «практика» ұғымдарының мәні тереңірек, өйткені онда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының озат тәжірибесі жинақталуы мүмкін.
Басқа адамның педагогикалық тәжіребиесін толық зерттеу- үлкен жауапты жұмыс. Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, жалпы педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу, сабақтарға, оқулықтарға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме және тағы басқа іздену шаралары педагогты даярлау жүйесіндегі педагогикалық тәжірибенің негізгі қайнар көзі.
«Мұғалімді білікті етіп даярлауда балалар ұжымымен жұмыс істеген жөн»-деген педагог А. Макаренко. Яғни ол ұжымды төрт бөлікке бөліп қарастырады.олар. педагог, сынып ұжымы, қосалқы ұжымдар сыныбы, жалпы мектеп ұжымы.
Педагог осы төрт ұжыммен тікелей байланыста болып, өзінің тәжірибесін қалыптастырып дамытады. Мұғалім даярлаудағы мұндай бағыттың қажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген. Оған қоса ғалым педагог Ю.К.Бабанскийдің ойларымен қарағанда педагогтың тәжірибесі былай болуы керек деген;
- біртұтас тұлғаны қалыптастыру проблемасын,біртұтас педагогикалық процесстің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес.
- мұғалім іс-әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағыттаушылықпен жету мүмкін емес.
- оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы және тәжірибесі және оның негіздерімен даму заңдылықтары жөніндегі біртұтас түсініктің болуы. Осы іс-әрекеттерді бойына сіңіру арқылы педагог өзінің тәжірибесін арттырады.
Теориялық талдау барысындағы ұстаз іс-әрекеті нысанасының ерекшеліктері мен оның кәсіби даярлығына қажетті элементтерінің өзара байланыстылығын анықтау негізінен іс жүзінде бұл элементтерді қандайда болмасын тиісті білім орындарының контингентінің құрамы мен жас ерекшеліктеріне байланысты түзетумен ұстаздың кәсіби даярлығының өлшемі деп санауға болады.
Ұстаздың іс-әрекетінің нысанасы-біртұтас педагогикалық процесс пен ұстаздың кәсіби даярлығы өлшемдерінің өзара байланыстылығының өзара ерекшеліктеріне тиісті талдау жасау тұрмыстық, төмен кәсіби, ситуативтік, модельдеу алдындағы және модельдеуші деңгейдегі даярлықтарының айырмашылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Берілетін пән бойынша жақсы білім болған жағдайда мектеп ұстаздарының кәсіби міндеттерінің орындауда ұстаздар түсініктері бірдей бола бермейді.
Тұрмыстық деңгейде-мағыналы ойға сүйену. Бұнда ұстаздың барлық назары берілетін пәннің мазмұнына сәйкестікте болу керек деген талабы жұмыста жақсы еәтижелер беруі мүмкін олардың ойынша бұндай болмаса, онда мұғалім-кінә оқушылардан, олар дұрыс талпынбайды,дайындықтары нашар, қабілеттері шамалы деген қорытындыға келеді. Бұндай ұстаз, заң бойынша оқу материялының мазмұнын толық бере алмайды, бұны оқушылардан талап етеді.
Оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру мәселесі бұндай ұстаздың ойына да келмейді. Өзінің әрекеттерін мұғалім оқу материялдардың мазмұнына және оқушыларды бақылаудың кейбір бөлшектеріне сүйене отырып ұйымдастырады. Бұндай ұстаз үшін оқушылардың өзара әрекеттері тиімді, біртұтас педагогикалық процесс мәселе ретінде қарастырылмайды.
Төменгі кәсіби деңгейдегі ұстаз кейбір жеке педагогикалық құбылысарды ғана көре алады,бірақта ол олардың арасындағы байланыстарды анықтау қажеттігін түсінбейді. Сондықтан бұндай деңгейдегі мұғалімдер оларды себеп ретінде қабылдайды және оның педагогикалық ықпал ету құралын қате қолдануы мүмкін. Төменгі кәсіби деғңгейдегі ұстаздар өз әрекеттерін жеке педагогикалық құбылыстар туралы көбінесе бақылау тәсілімен алынған толық емес мәліметтер негізінде ұйымдастырады. Оқушылар әдеттегідей жоғарыда көрсетілген деңгейдегідей репредуктивтік тапсырмаларды орындайды, өзара әрекеттерді ұйымдастыру элементтері көрінбейді.
Профессионалдық кәсіби дайындықтың моделдеуші деңгейіндегі ұстаз үшін қандай да болмасын оқиға өте сирек оның назарынан тыс қалады. Ұстаз бұл ситуацияның өткен оқиғамен байланысын таба алады,оның педагогикалық процестегі орны мен рөлін бағалай алады,оның тек қана себеп-салдарын ғана емес,басқада байланыстарын айқындай алады. Бұл ұстазға педагогикалық пайда болған қайшылықтарды шешуге арналған педагогикалық ықпал ету құралдарын дұрыс таңдап алуға және осыған сай педагогикалық процеске қатысушылардың қажетті белгілі бір нақты нәтижеге бағытталған іс-әрекеттерін, яғни оқушыларды,тұлғаның өзгеруіне байланысты іс-әрекеттерін ретке келтіруге көмектеседі.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында ұстаз-ұстаздармен, оқушылардың бір-біріне әрекеттігіне кеңінен сүйенеді. Бұндай ұстаздардың оқушыларының барлығыда оқу және оқудан тыс жұмыстарда жоғары белсенділік танытады, ата-аналары оқу орнының істеріне ризашылықпен қатысады. модельдеуші деңгейдегі кәсіби дайындығы бар ұстаздардың басшылығымен оқушылар ұжымы өте тиімді қалыптасады.
Сонымен, теорияны терең түсінуді белсенді педагогикалық қызметпен үйлестіруге негізделген оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық бақылау- педагогикалық практиканың алғашқы күнінен бастап-ақ жетекші міндеттердің біріне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |