Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесіндегі осындай инновациялық әдістерді қолдана оқытудың жаңаша сабақ үлгілері.
1. Дәстүрлі сабақтар
2. Дамыта оқыту сабақтары
3. Телесабақтар
4. Интерактив сабақтары
5. Іскерлік ойын сабақтары
6. Мультимедиалық сабақтар
7. Электрондық сабақтар
8. Интернет сабақтар
9. Жобалау сабақтар
10. Білімді тексеру және тест сабақтары
Иновоциялық технологиялар негізінде құрылған мұндай сабақтар мектептен шыққан оқушының теория мен практиканы ұштастыра алатын, болашақ маман ретінде жаңа кәсіби міндеттерді шеше алатын, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастырады.
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады. Қазақ тілін оқытуда нәтижеге қол жеткізуге бағытталған жаңа оқыту технологияларының ішінде Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясына, тілді үйренуде қолданылатын стратегияларға және «ақпараттық-коммуникативтік технологияларына (АКТ)»тоқталғым келеді. Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясына оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.
1.Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
2.Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3.Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4.Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Тіл үйренуде стратегияларды қолданатын оқушылар жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Бұндай стратегиялар оқудың тамаша құралы болып табылады.дейді кейбір зерттеушілер (Рубин,1975; О’Малли және Чамот, 1985; Макаро, 2006; Оксфорд , 2011).
Жалпы стратегиялар – оқушыға тіл үйретудегі тиімділікті қамтамасыз ететін әрекеттер жиынтығы, яғни ақпаратты оқуға, табуға, сақтауға және пайдалануға комектеседі.
Оқуға байланысты стратегиялар
Оқудың алдында мен…
- орындайтын тапсырмаларды түсенетіндігімді тексере аламын;
- мәтіннің /суреттердің / кестелердің/ сызбаоардың аттарымен жіне тағы басқа сілтемелермен таныса аламын;
- осы мәтінде пайдаланылуы мүмкін сөздерді ойластыра аламын;
- өзім игерген энциклопедиялық білімдерді қолдана аламын (мәтіннің мазмұнын алдын ала болжау)
Оқып отырғанда мен…
- мәтіннің түрін анықтай аламын (тарих, жаңалық жіне т.б);
- мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсіне аламын;
- мәтін кім үшін жазылғанын түсіне аламын (нысаналы аудитория);
- автордың мақсатын, анықтай аламын (сендіру, хабардар ету, суреттеу);
- егер мәтіннің жеке бір бөліктерін түсінбесем, үрейленбеймін, бұл қалыпты жағдай;
- таныс емес сөздерді елемей қалдыра аламын;
- грамматикалық құрылымдарда (шақ, сөздердің орны) сілтеме орната аламын;
- логиканы пайдалана аламын;
Оқығаннан кейін мен…
- нәтижені талдап, ненің сәтті шыққанын анықтай аламын;
- оларды сөйлегенде,жазуды пайдалану үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін теріп жаза аламын;
- пайдаланылған стратегияларды талдай аламын;
- анағұрлым тиімді стратегияларды сыныппен талдай аламын;
Жазып отырғанда мен…
- сөздікті пайдалана аламын;
- синонимдерді келтіре аламын;
- жазылып қойған сөйлемдерге қайта оралып, оларды тексере аламын;
- жұмыстың шимай нұсқасын жазып, оны түзете аламын;
Жазып болғанннан кейін мен…
- жазған шығармамды дауыстап оқып шыға аламын (оның қалай естілетінін талдай аламын);
- грамматикалық құрылымдардың дұрыс қолданылуын (шақ, бастауыг пен баяндауыштың үйлесімі, сауаттылығы және т.б) тексере аламын;
- шығармаға тғы қандай әдемі сөздер мен сөз тіркесін қосқым келетінін ойластыра аламын;
- өажет болса, жұмысқа өзгерістер енгізе аламын;
- жоғарыда айтылған кезеңдерді бірнеше күннен кейін іске асыра аламын.
Жазуға арналған тапсырмалар:
1.Бірлесіп жоспарлау
Мұғалім оқушаларға ұсынылған тақырып бойынша идеяларды, ойларды, тірек сөдерді және құрылымдарды жазу туралы немесе оны кейіннен талқылап, бағалау үшін шығарма жазу туралы алдын ала тапсырма береді.
2. Мұғалім тапсырмаларды құрастырады және оларды бүкіл сыныппен бірлесіп орындайды.
Жаңа лексикалық бірліктернді оқуға бағытталған стратегиялар
- жаңа сөздерді бұрын үйренген сөздермен байланыстырып ,оларды жүйелеп жазып отырыңыз;
- сөздерді жақсы есте сақтау суреттер пайдаланыңыз;
- сөздердің қолданылуы мүмкін жағдайларға байланысты есте сақтауға тырысыңыз;
- сөздерді санат бойынша топтаңыз;
- “қара-жап-айт-жаз-тексер” техникасын қолданыңыз;
1.сөзге қараңыз
2.оны жауып тастаңыз
3.оны ауызша айтып шығыңыз
4.оны есте сақтауыңыз бойынша жазыңыз
5.жазғаныңызды тексеріңіз
6.егер қате жіберсеңіз,жоғарыда жазылған тізім бойынша қайталаңыз;
- сөздерді есте жақсы сақтау үшін, үнемі қайталап отырыңыз;
- сөздерді mp3 жазып, оларды бос уақытыңызда тыңдап отырыңыз;
- жаңа сөздердің тізімін жасап, оларды ылғи өзіңізбен алып жүріңіз, бос уақытыңызда қайталап отырыңыз;
- сізді біреу жүйелі тексеріп тұруын отырыңыз;
- мнемотехника мен ұйқасты ойластырыңыз;
- жаңа сөздермен ойен ойлап табыңыз;
- жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз;
Жаңа сөздерді есте сақтау үшін пайдаланатын тапсырмалар:
1.жаңа сөздерді үйде оқып келуге тапсырма беріңіз;
2.келесі сабақта оқушылардан осы тапсырманы қалай орындағандарын сұраңыз;
3.пайдаланылған стратегиялардың тізімін жасау;
Сөйлеу стратегиялары
|
Қолданылды: 14/2/12
|
Қолданылды: 2/3/12
|
Қолданылды: 25/3/12
|
“Қара-жап-айт-жаз-тексер” стратегиясы
|
|
|
|
Басқа стратегиялар (оқушыларға өздерінің оқу стратегияларын қосуға мүмкіндік беру керек)
|
|
|
|
4.оқушылар жаңа сөздермен жұмыс жасауда пайдаланғысы келетін стратегияларды таңдау, оларды қолдану және тиімділігін талдау;
5.басқа стратегияларды іздестіріп, жоғарыда көрсетілген кестеге қосу.
Сондай-ақ қазіргі кезеңде әр мұғалім үшін көмек болатын тағы бір иновоциялық технологияның түрі «ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ)» деп айта аламын. Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.
Ақпараттық технологияның жедел қарқынмен дамуына байланысты түрлерінің қызметі де өзгеруде. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты әлемдік ақпараттық кеңістікке ену. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін интернет желісіне қосылу және пайдалану қажет.
АКТ оқыту мақсаты
бағдарламалау дағдыларын дамыту;
мәтіндік редактор, электрондық кесте басқа да тәжірибе қосымшаларды пайдалануға үйрету;
желіден, СВ-КОМ-нан ақпарат іздеуге үйрету, т.б.;
желі көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі –электрондық оқулық. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдар арқылы оқыту, т.с.с. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есіндежақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.
Қазақ тілін оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |