Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға тырысу, оқушылармен қарым–қатынасымды өзара түсінушілікке негіздеу.
Осы мақсатқа жету үшін өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру;
- жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу;
- ойлау қабілетін дамытатын әр түрлі тапсырмалар;
- қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
- шығармашылық жұмыстар беру;
- оқушылардың таным әрекетін өздігінен дамытуға күш салу;
- оқушылардың пәнге деген шығармашылық қызығушылығын ойын элементтерін және т.б. енгізу арқылы арттыру;
- әрбір тақырыптың аясында оқушыларға тәлім- тәрбие берудің мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану;
Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың танымдық құзырлылықтары қалыптасады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушының білім, білік дағдыларын меңгертумен қатар, көбіне оқушыны шығармашылық жұмыстарға баулу, ойын еркін жеткізе білу, тіл байлығын дамытуға басты назар аудару қажет. Қызықты сабақ болса, оқушының сол пәнге қызығуы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен жол табады. Құзіреттіліктерді қалыптастырудағы басты әрекет-сабақ беру. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін жаңа инновациялық әдіс –тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтиже береді. Осы мақсатта "Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту" технологиясының элементтерін қолданған сабағыма тоқталсам:
1 курста қазақ әдебиеті бойынша "Ыбырай Алтынсарин - әңгіменің шебері" тақырыбын өткен кезде алдымен оқушыдан Ы.Алтынсарин туралы не білетіндігі сұралады. Ыбырай Алтынсарин туралы не білеміз?
Бұл жерде ББҮ әдісін пайдаландым.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Балалар 5 – сыныптан естерінде қалғандарын жаза бастайды, ал «білгім келеді» бөлігіне түрліше жазады. Өмірі, шығармашылығы туралы бейнесюжет пен слайдтар арқылы түсіндіріп өткен соң, әңгімелерін оқулықтан өздеріне оқыта отырып, тақырыбы мен идеясын ашу үшін екі жақты түсіндірме күнделігін беремін. Жаңа сабақты қорытындылау кезінде «Үйрендім» бөлігін толтырады.
2. Оқушылар Ыбырай әңгімелерін меңгеріп алғаннан кейін, әңгімелері бойынша семантикалық картамен жұмыс жасайды. Әр үзіндіні қай кейіпкердің сөзі екенін сәйкестендіріп, тұсына + белгісін қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |