БАСТЫ МІНДЕТІМ – ІЗДЕНІС ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Тастанова Ж.А.(Ақтөбе)
«Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер-
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім онықалай тәрбиелесе,
Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан ұстазға жүктелген міндет- өте ауыр»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқашақарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда:
- білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттады қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылауымен байланыса түсуде;
- ақпараттың дәстүрлі әдістері ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс, интерактивті тақта – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесіндегі рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.
Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.
Сәбилер үйіндегі күн тәртібінде түрған өзекті мәселе – баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.. Баланың сөздік қорын молайтып, сөз сырына үңілуіне, балаға ана тілін женіл әрі дұрыс меңгеруінің негізін қалау. Ұжым мүшелері жаңашылдық жұмыстарды жүргізу үшін білім беру саласындағы даму стратегиясына баса назар аударып, жаңа технологияларды меңгеруде.
Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Халық педагогикасын мектепке дейінгі білім орталығында бала бойына сіңіре отырып жүрегінде иманы бар жас ұрпақты тәрбиелеу басты назарда. Өз тәжірибемдегі мақсат балаларға лайықты халық ауыз әдебиетінің ішінен жиі қолданыстағы өлендер, мақал-мәтелдер жаңылтпаштар, ертегілер, санамақтарды пайдалана отырып, болашақта ата-дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығының бүлдіршіндерін шындау.
Өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, мейірімділікке еңбек етуге тәрбиелеудегі басты құрал ойын. Сабақтарда жаңа технологияларды қолдана отырып, ойын түрінде баланың түсінуіне жеңіл тақырыптарды алу, ізденімпаздықты талап етеді. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра білу қажет. Қазіргі заман талабына сай әр тәрбиеші өзіне мынадай әдістемелік талаптарды ескергені дұрыс:
педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру.
оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы жаңа педагогикалық технологиларын зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу.
өз білімін көтеру.
балалар табыстары мониторингісін жасау және диагностика қоюдың қазіргі тәсілдерін меңгеру.
Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға болғандықтан мынадай басты мақсаттарды назарда ұстап, нығайту жолында еңбек ету.
бала өмірін қорғау, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтының негізін қалау.
халықтың салт-дәстүр негізінде ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
баланың түрлі қарым-қатынаста өзін тануына қызығушылығын арттыру.
өнерге музыкаға тарту.
Мектепке дейінгі білім орталығында педагогикалық жұмыстарды дәстүрлі емес түрде ұйымдастыру – жұмыс пен кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға мүмкіндік туғызады. Әдіскерлік жұмыстың белсенді түрлері: іскерлік ойындар, пікірталастар, білімді бірлесіп игеруге бағытталған тренингтер ұйымдастыру тиімді. Оның мақсаты:
1. Балалардың бойында өзін-өзі жетілдіру қабілетін, қызығушылығын дамыту және өзін-өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру.
2. Бала бойына заматтық тәрбиені сіңіру.
3. Бүлдіршіндерді әлем мәдениетіне бағыттау.
Тәрбиешіні қиындығы да қызығы да мол өнер өлкесінің көш бастаушысы десекте лайықты.
Сол көш бастаушы бала тәрбиесінде «Жеке тұлға» бағытын алып, сол бойынша жұмыс жүргізсе, нәтижесінде бала бойында жағымды тұлғалық қасиеттер қалыптасады.
Сонымен қатар, сәбилер үйінде өткізілетін сабақтардың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Оқыту әдісі дидактикалық негізгі бір құрамды бөлігі және оның мақсаты, мазмұнды әдістері және ұйымдастыру тәсілдерінің біртұтастығы болып табылады.
Балалардың ақыл ойын танымдық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдістерді: әңгімелеу, көрсету, суретті кітаптармен жұмыс, сөздік, практикалық, проблемалақ, көрнекілік, көркем әдебиет, өнер құралдарын пайдалану әдістері т.б. пайдалануда әдістемелік кеңес кезінде тәрбиешілердің әдіс түрлерін білудің және оны өз жұмыстарында пайдаланудың маңызы зор.
Атап айтсақ, Монтессори – саусақ санау арқылы, моншақтарды тізу, орналастыру, саусақ қимылдарын дамыту.
Глен Домана – жан – жануарлар туралы әңгіме жүргізу арқылы танымын, сөздік қорын дамыту.
Никитин – тапсырмаларды алдын – ала дайындау.
Зайцев – әр түрлі фигураларды саусақ қимылдарын келтіре отырып, дыбыс шығару, саусақ қимылдарын дамыту.
Бұл әдістеме мектепке дейінгі баланы оқуға және есептеуге жеделдетіп үйретуге арналған, мұның тиімділігі психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеруі. Әдістеме әр бір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруді, оның талабын, мүдделерін және қабілеттерін ескеруге көзделген.
Зайцев әдістемесі бойынша бала оқуды 2 – 3 жастан үйренеді.
Бұл жастағы бала оқытудың ойын түрін тез меңгереді.
Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеуге ата – аналар мен тәрбиеші – ұстаздардың алатын орны ерекше. Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда – балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Отбасы мен педагогикалық ынтымақтастықтың – баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық», - деп атап көрсеткендей тәрбие қызметін көрсетуде жаңа технологияларды еңдіру. Шығармашылықты, жауапкершілікті талап етеді. Ендеше, әр тәрбиеші жас өрендерді тәрбиелеуде жаңалықтарға ілесе алатын, ізденуші педагог деңгейіне көтерілуі қажет.
Білім беру саласындағы оңды өзгерістер әрбір тәрбиешінің өз ісіне мұқиятттықпен қарауын талап етеді. Тәрбиеші өзінің оқушымен тең дәрежеде екенін естен шығармай оны жеке тұлға ретінде қарап, оған беретін сабақты түрлендіріп, жетілдіру қажет. Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |